жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала:"Ақыл ойы кем оқушылардың жаратылыстану сабағында ойлау қабілетін дамытудағы жаңашыл әдістемелік үрдісі."
Ақыл ойы кем оқушылардың жаратылыстану сабағында ойлау қабілетін дамытудағы жаңашыл әдістемелік үрдісі.
Адам қабылдаған ақпараттын есінде сақтап қана қоймайды, сонымен бірге ойланады, салыстырады, байланыстырады, жүйелеп қорытынды жасайды, шешім қабылдайды. Бұл танымның ұшінші сатысы - ойлау қасиетті.
"Жалпы психологияда" Ойлау─ психикалық үрдіс, сол арқылы адам шынайы қубылыстың және заттың нақты белгілерін бейнелейді және сонымен қатар,олардың арасындағы түрлі байланыстарды ашады.
Жаңа технология әдістерінде оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше ойлай білуге үйрету. Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, және басқалардың зерттеулері көрсеткендей қабілет тек ақыл-ойы кем бала жаңа білімді меңгергенде ғана емес шығармашылық мүмкіндіктерін біліммен, тұлға ретінде өзін дамыту, қалыптастыру барысында оқу-тәрбие барысында анықталады.
Даму жоспарында осы қасиетті ашуға ерекше көңіл бөлінуі керек. Қиялдай білмейтін балалардың тұлғалық мүмкіндігі шектеледі, шығармашылық ойлауы төмендейді, өнерге деген қызығушылық жойылады.
Шығармашылық қызығушылығы дамымайды. Ал ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық дамуын ұштау үшін ерекше ұйымдастыру және арнайы түзете-дамыту жұмыстары жүргізілуі керек.
Бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей қабілет арқылы психикалық үдерісте жаңа материалдарды қабылдау және тану танымдық тұрғыда іске асырылады. Қабілет тек адамға ғана тән. Ол еңбектің жемісін көрсетеді. Сурет салу не құрастыру немесе басқа да жұмыстар басталғанға дейін мүле басқаша көрінеді. Қабілет үдерісі анаметика-синтетикалық бағытта болады. Қабілет бейнесі әртүрлі элементтерді біріктіру арқылы оны жан-жақты пысықтау негізінде болады. Бір нәрсені үлкен немесе кіші әр түрлі бейнелерді көріп нақтылау жұмысы қабілетпен байланысты. Өмірдің әр қырына байланысты қабілет белсенді және белсенділігі аз болады. Бейелердің ерекшеліктері мен өз беттерінше істеуі де қабілет жетілдіреді. Сол себепті көмекші мектептегі ақыл-ойы кем балалардың қабілеті төмен деңгейде болады. Осы көмекші мектептегі ақыл-ойы кем балалардың қабілетін дамытуымызға да болады ол үшін арнайы түзету яғни коррекциялық әдіс-тәсілдерді қолдануымыз керек. Қабілет қоршаған ортаға бағытталған ерекше зияткерлік қызмет атқарады. Бейнені шындыққа айналдыру үшін тек қана көру емес, айтылған сөз де тірек болады.
Қабілет негізінен бала тәжірибесінде бір нәрсені анықтай алмайтын қиындықтардан туады. Осындай мәселелер қабілет ойды жетілдіреді. Л.С. Высотский көрсеткендей бұл екі үрдіс бір-бірімен тығыз байланысты.
Ой алған әсерді көрсетсе, қиял оны толықтырады, ойлаған тапсырманы шешуді нақтылайды, жүзеге асырады. Шығармашылық қабілет ақыл-ойы кем балалардың көрген нәрседен алған әсерлерімен тығыз байланысты.
Арнайы педагогтың педагогикалық тәжірибесі ақыл-ойы кем баланың тәжірибесін кеңейту және түзету-дамыту болып табылады. Бала мүмкіндігінше көп көріп, естіп, білсе оның қабілеті соғұрлым дамиды.
Ойлауды бірдей уақытта дамыту және белсенділендіру оқушылардың дайындау үшін қажетті шарт болып табылады.
Баланың дамуы үлкендер тарапынан үлкен назар қажет етеді. Баланың дайындалуына психологиялық жағдай жасаудың жаңа шығармашылықты бастауда қолдаудың маңызы зор. Баланың шығармашылық қадамы жайлы жақсы пікір қалыптастырып қиындықта қолдау көрсету керек. Баланы көбіне жалғыз қалдырып, өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау керек. Ата-аналар тарапынан көрсетілетін ерекше қамқорлық бала шығармашылығының дамуына кедергі келтіреді. Баланың шығармашылық мүмкіндігін ашуға жағымды жағдай тудыру қоғамдық көзқарастарды ажыратуға көмектеседі. Баланың шығармашылыққа қызығуын қолдан шығарып алмау керек. Сонымен қатар көмекші мектептегі ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда психологиялық-педагогикалық арнайы түзете-дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қолданған жөн.
Біріншіден осы технологияға тоқталсақ ол 1960 жылдардың соңында пайда болған. Модуль дегеніміз қандайда бір жүйенің анықталатын біршама дербес бөлігі. Қазір дүние жүзінде модулді оқытудың 4 түрлі жолы бар
Американдық модуль
Неміс модульі
Скавиннің орыс модульі
Алексюк пен Фурманның Украина модульі.
Модульдік оқыту технологиясынның үш бөлімнен тұратын құрылымы бар.
Кіріспе
Диалогтық сұхбат бөлімі
Қорытынды бөлімі
Ол үшін ұстаз ─ білім беруде жаңашыл әдітемелік үрдісі және оқыту технологияларды толық пайдалана білуі керек. Осы мақсатта ізденістің арқасында М. Жанпейісова ұсынған модулдік оқу технологиясымен танысып жаратылыстану сабағында модульдік оқыту технологиясын пайдаланып
« Сүтқоректілер класы » тарауы бойынша өткізген сабағымды ұсынып отырмын.
СҮТҚОРЕКТІЛЕРДІҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ. МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ.
МАҚСАТЫ: Аңдар тіршілігінің жайлы түсінік қалыптастыру, сыртқы және ішкі құрылысымен таныстыру.
Сүтқоректілердің тіршілік әрекеті, мінез-қылығын, көбеюі және дамуы жайында балалардың өз білгендерін айтқызы отырып ой - өрісін, тілдерін дамыту.
Табиғатты, сүтқоректілерді қорғауға тәрбилеу.
|
Модульқұрылысы |
Сабақ бары сы |
Сабақтың түрі мен мазмұны |
уақыты |
1 |
кіріспе |
1 |
Сүтқоркктілердің тіршілік әрекеті және құрылысы, олардың айналадағы ортамен байланысы, сезім мүшелері, көбейю және дамуы.
|
45 минут |
2 |
Диалог сабақтары |
2
3-4
|
Өткен материалды қорыту. Оқулық бойынша өз бетімен жұмыс жасау
Қарлы кесек оқыта үйрету ойыны. Ішкі құрылысы
|
45 минут
45 минут
|
3 |
Қоры тынды |
5 |
Сұрақтарға жауап беру.
|
45 минут |
1 сабақ
1. Мұғалімнін кіріспе баяндауы.
Сүтқоректілер- омыртқалы жануарлардың жылықанды, ең жоғары сатылы тобы. Бұлардың басқа жануарлардаң ерекше дамуы, дене температурасын тірідей туып, сүтпен асырау.
2. Мұғалімен оқушылардың жаңа тақырыбы бойынша тірек үлгісіне назар аударауы. Сол берілген мәліметтерді дәптерге енгіздіреді. Оқушыларға тірек үлгісін ауызша айтқызады.
1. АҢДАР.
Денесі жүн басқан жануарлар, балаларын сүтімен асырайды.
2.
3.
4.
5. Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы.
2. Бекіту кезенде.
Сұрақ бойынша жұмыс жүргізіледі. Оқушылар бірін-бірі бақылау парағы мен бақылайды.
Сүтқоректілерді басқа жануарларымен салыстыр, ерекшелігін айт (сүрет бойынша)
Берілген жануардың, дене бөліктерді атап құрастырыңдар.
Сүтқоректілер қандай топқа бөлінеді ( трек схемасынжинастырындар.)
Ішкі құрылысына не жатады?
3. үй тапсырмасы.
Жануарлар туралы жұмбақтарды дайындандар.
2.сабақ
1. Өткен сабақты қорыту.
Үй тапсырмасын тапсырмасын тексеру.
2. Оқулық бойынща өз бетімен жұмыс жасау.(топ бойынша)
1. бала - тіршілік әрекері.
2. бала - сыртқы құрылысы.
3. бала - көбеюі және дамуы.
3. Оқып, түсініп ұғымың бір біріне айту.
4. Теқсеру кезені. Бағалау.
3-4. сабақ
Қатысушыларды 3. топқа бөлу. 15 минөт шамасында оқу әдебиетті пайдалана отырып, жауап іздейді
топ - қанқа және жүйке жүйесі.
топ - қоректенуі және зәр шығаруы.
топ - тыныс алу және қан айналымы.
Дайындыққа бөлінген уақыт аяқжалған соң, оқушылар орындарынан турып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға отырады. ( 1 тур )
Топ мүшелерін тыңдап болған соң, әрбір оұушы өзі жауабы неғурлым жақсы сөлеушінің нөмірін анықтап бағыттау парағына жазып алады.
Бағыттау парағына сай орын алмастырады да 2 тур басталады.
3 тур. Қорытынды шығару.
5. сабақ
1.тест
1. аңдарды ата...
сиыр
шортан
тышқан
2. үй жануарларды ата
тышқан
мысық
шошқа
3. сүтқоректілерге жататын жануарларды ата
жылқы
қурбақа
кесіртке
4. денесі неше бөліктен тұрады?
3 бөліктен
4 бөліктен
5 бөліктен
5. тыныс жүйесіне не жататы?
өкпе
жұтқыншақ
қарын
6. зәр шығару мұшелері
бүйрек
тері
өкпе
7. қан айналымы қай жануарларға ұқсас?
жорғалаушыларға
қосмекенділерге
құстарға
8. сүтқоректілердің жүйке жүйесінің қүрделігін неден байқауға болады?
мінез-қылығынан
қоректенуден
жүрісінен
9. сүтқоректілердің баласы тұған кезде дәрменсіз болады
ит
сиыр
бұлан
10. сүтқоректілердің мойыны неше омыртқадан тұрады?
6 омыртқадан
7 омыртқадан
мойынның ұзындығына байланысты
2.
I - II топ. Сүтқоректілердің сыртқы бөлшектер сызықшыларға жазындар.
III топ . Берілген сөздерді пайдаланып дене бөлшіктерді аттандар. ( мойын, тұлға, бас, құйрық, аяқ )
3. Карточка бойынша жұмыс.
Тиісті сөздерін қойып сөйлемдерді аяқтандар.
Миы .............. ми, ортанғы ми, .............. ми,.............. және ..............мидан құралады. Алдынғы ми мен мишықтын басқа омыртқалырдан өте .............. Сондықтан олардың мінез-қылығы өте ..............
4. Сұрақ – жауап.
Қан айналысына не жатады?
Сүтқоректілердің қарын құрылысында қандай ерекшіліктер бар?
Құстармен денесін салыстыр. Айырмашылығын және ұқсастығын атандар.
Қанқасы қандай бөліктерден тұрады?
Немен қоректенеді?
СҮТҚОРЕКТІЛЕРДІҢ ТОБЫ.
МАҚСАТЫ: Сүтқоректілердің клас өқілдерімен таныстыру, білім қорын дамытып, жүйелендіру. Бұл топ жануарлардың тіршілік-әрекетін және сыртқы құрылыс түсініктерін кеңейту.
|
Модуль Құрылы сы |
Сабақ бары сы |
Сабақтың түрі мен мазмұны |
уақыты |
1 |
кіріспе |
1 |
Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы, аңдардың түрлері, ерекшілектері және ұқсастығы(дәріс сабағы)
|
45 минут |
2 |
Диалог сабақтары |
2-8
|
Кемірушілер «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны.
Қоянтәрізділер « Сен маған-мен саған » Жыртқыш ( аңшылылардың сайысы ) Бұнақденеқоректілер «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны.
Тақтұяқтылар «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны.
Жұптұяқтылар (саяхат сабағы ) Ескекаяқтылар«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны.
Киттәрізділер ( акванариум )
Хайунат бағына сапар. Қорыту және примат отрядпен танысу. |
45 минут
45 минут 45 минут
45 минут
45 минут
45 минут 45 минут
45 минут
45 минут
|
3 |
Қоры- тынды |
9 |
Қорыту сабағы. «Сынып жүлдесі.» |
45 минут |
1 сабақ
1. Мұғалімнін кіріспе баяндауы. Модульдың құрамын түсіндіру, сабақтың мақсатын, жүру барысы айту.
2. Өткен тақырыпты пысықтау.
1. Схеманы толтырындар.
2. Айырмашылығы мен ұқсастығын баяндау.
3.
Сүтқоректілердің бассүйегі және
тістерінің құрылысы.
3. Бекіту кезені.
Тірек сызбаны, кестені толтыру.
Аңдар
|
Тістерінің құрылысы |
Қоректену, ерекшілігі |
Пайдасы, зияны
|
|
|
|
|
2-8 сабақ
Құрал-жабдығы: бағыттаушы парақтар: қатусушылардың нөмірі, жазылған жетондар, үстелдерді білгілеуге арналған сілтемелер, жалпы бағалау парағы.
Материалды оқушылар өздері дербес оқып үйренгенде қолдануға болады.
Топ өкілі өз тақырыбын әңгімелейді бір біріне.( мұғалім және оқушы боп)
Мұғалім және басқа оқушылар оқу материалының қаншалықты меңгерілгендігін, сұрақтын, мәні қаншалықты жинақы, нақты, сауатты баяндалғанын бақылау отырады.
Қорытынды шығару.
3 сабақ
Қарама – қарсы отырған оқушылар мұғалім берген тапсырмаға дайындалады. 1 вариант - жалпы сипаттамасы, мекен ететін ортасы, қоректенуі. 2 вариант – көбеюі және мінез-қылығы. Берілген уақыт біткен сон бір-біріне айтып береді. Мұғалім сұрақтар қояды. Бағалайды.
Үй тапсырма: жыртқыштар туралы сұрақ бойынша дайындалады.
4 сабақ
Ортамызға бүгін қонақ әнкөс келді. Әнкөс кімді атайтыңы білесіндерме? Өз туралы айтып береді.
1 топ - Аңшылар жалпы сипаттама береді.
2 топ - мінез-қылығын, ізін.
Қасқыр аулайтың аңшы.
Түлкі аулайтын аңшы.
Аю аулайтын аңшы.
3 топ бір қызықты оқиғаны айтып береді.
Қорытындылау. Бағалау.
9 сабақ
1. Ойын кезені.
1. Саяхатшылар жарысы.
Бұл жарыста әр топтан бір оқушыдан келіп үлестірме алады. Онда аңның аты ..............., ............... сүреті берілген. Оқушы сол атауды әдеби тілмен сүреттеуге тиісті.
2. Тамақтандырайық.
Сөмкенін ішінде аңдардың сүйікті тамақтары бар. Қай жануар немен қоректенеді?
3. Төлін тап.
4. Артық зат. - қасқыр, түлкі, кірпі;
- аю, кірпі, қоян;
- түлен, морж, кит;
- бұлан, зебра, сиыр;
5. Жұмбақты шешу.
2. жаңа тақырыбы түсіндіру кезені.
Приматтар- әуел бастан ағашта тіршілік еткен жануарлар. Приматтар негізінен алғанда тропиктік аймақтарда ғана мекендейді. Олардың көздері алға қарай бағытталып орналасқан, сондықтан затты екі көзімен бірдей көріп, қашықтықты және түсті ажырата алады.Алдыңғы аяғы жақсы қимылдап, күрделі қозғалыс жасай алады. Олардың баспармағы басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан,ал саусақтарының ұшындағы тырнақтары құстар немесе жыртқышаңдардікі тәрізді үшкір емес, жалпақ болып келеді.
Негізгі қорегі-өсімдіктекті азық, кейде бунақденелілерді де жейді.
Белсенді әрекет ететіндіктен, бұлардың ми сыңарлары жақсы жетіліп, жоғары сатылып приматтардың ми сыңарларында иірімдер пайда болған. Бұлар-көбінесі топтасып тіршілік ететін жануарлар. 1-3 бала туады. Балаларын сүтпен асырайды.
Қазіргі кезде олардың 200-ден астам түрлері бар деп есептеледі.
Адам да жоғары дәрежелі прматтар отрядының бір түрі деп есептеледі.
3. Қорытыңдылау.
10 сабақ
Сурақтарға жауаптар балдық жүйемен бағаланады. Ойыны 5 бөлімнен тұрады.
1 бөлім « бәйге »
Шарты: сұраққа жылдам жауап қайтару.
- жыртқыш: қоян, түлкі, кабан, аю, қасқыр, құрбақа, сілеусін.
- арқасында инелер өскен.
- балды жақсы көреді.
- математика пәнінен сабақ береді.
2 бөлім « полиглот »
Шарты: көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемді орыс тіліне аудару.
Сүтқоректілердің денесінен байқалатын бас, ________, тұлға, ________, алдынғы және __________ __________. Басында _________, __________, _________ бар. Аяқ бөліктері тұлғаны............... көтеріп тұрады. Баласын............ қоректендіреді. Сондықтан..............деп аталады.
3 бөлім « Егер мен... болсам »
Шарты: тапсырма беріледі. Егер сіз үлкен туристік сапарға жүрсеніз, саяхаттан қандай көніліне ұнататын жануарларды ( сүтқорктілерді) әкелесіз. Неге?
4 бөлім « Кім шешен »
Шарты: өз қалауынша төмендегі тақырыптың бірін тандай алып, сол бойынша әнгімелеп береді.
Түлкі. Сиыр. Қоян. Тиін.
5 бөлім « Сүретші »
Шарты: қай топ тез унаған жануарды салады.
6 бөлім « Жас биолог » Көп нүктенің орнына төмендегі сәйкес келетін жауаптың нөмірін қояды.
I қалталылар-............... IV теңіз сүтқоректілер-........
II бунақденеқоректілер-....... V тақтұяқтылар-................
III кемірушілер-.......... VI еттұмсықтылар-................
1 Саусақтарының басын бір, не үш тұяқ қаптаған, қарны қарапаайым құрылысты.
2 Құрлықтағы өсімдікқоректі ең алып жануарлар.
3 Пішіні балыққа ұқсас, бірақ өкпемен тыныс алатын сүтқоректілер.
4 Күрек тістері өте жақсы жетілген және осы тістері өмір бойы өсіп отыратын жануарлар.
5 жақсы қимылдайтын еттұмсықшасы бар, шағын денелі жануарлар.
6 Өте кішкентай нәзік баласын шала туып, басқа сыртқы мүшесінде асырап, жеткізетін жануарлар.
Қорытыңдылау.
Ұпайларын есептеймыз! Мұғалім ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаздарды шығарып, құттықтайды. Ойын аяқталды.
ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА.
МАҚСАТЫ: оқушының теориалық білімдерін жетілдіру, жаңа төрт түлік қорын дамыту, бағып-күту, азықтық рацион жасауға көмектесу, жем-шөп беру, жаю, т.б. жұмыстарды атқаратың мағлұмат беру.
Ой-өрісін арттырып, ақыл-ойын, қиялын, өз-бетінше жұмыс істеуге үйрету.
|
Модуль құрылысы |
Сабақ бары сы |
Сабақтың түрі мен мазмұны |
уақыты |
1 |
кіріспе |
1 |
Талдау-жинақтау.дәріс сабағы.үй хайуанаттарының шығу тегі. Қазақстанағы мал шаруашылыгының негізгі бағыттары.
|
45 минут |
2 |
Диалог сабақтары |
2
3
4 |
« Тұлғаны танып - біл » оқыта үйрету ойыны. Ірі қаралар, ұсақ мал.
Жылқы мен түйе.
Марал және бұғы шаруашылығы. Шошқа шаруашылығы.
|
45 минут
45 минут
45 минут |
3 |
Қоры- тынды |
5 |
«Конференция.» оқыта үйрету, қорытындылау сабағы. |
45 минут |
1 сабақ
1. Мұғалімнін кіріспе баяндауы. Модульдың құрамын түсіндіру, сабақтың мақсатын, жүру барысы айту.
2. Сүретке назар аударындар. Сөйлем құрастырыңдар.
3. Төрт түлігіміз түгел болса.
Е. Елубаевтың " Төрт түлік "
Табиғат о басында
Төрт түлік мал таратқан.
Барлығын да расында
Адам үшін жаратқан.
Киім тоқыр жүніңнен
Жаулағанда бойлары.
Қажеттінің бірі деп
Жаратыпты қойларды.
Қуаттана түссін деп,
Сүт ішпесе қиын – ды,
Сүтін сауып ішсін деп,
Жаратыпты сиырды.
Ел көшкенде жайлауға,
Жүгін артып жүреді.
Төзімді қып айдауға
Жаратыпты түйені.
Өксітпесін өмірін
Той болғанда бір күні.
Көтерсін деп көнілін
Жаратыпты жылқыны.
Шошқа, есек төрт түлікке жатқызылмайды.
4. Шығу тегі.
5. Сабақты пысықтау. Сурақтарға жауап беріндер.
Сен қандай үй жануарларын білесін?
Саған қандай жануарлары ұнайды?
Олар туралы айтып бер.
Сенің үйінде үй жануарлары бар ма?
Сен өз үйіндегі үй жануарларын қалай күтесің? Оларды қалай деп атайсың?
Сенің жануарларың қайда тұрады?
6. Үй тапсырма.
Үй жануарлар туралы мақал-мәтел, жұмбақтар дайындандар.
2 - 3 сабақ
I. Жүргізуші ойынға қатысушыларға парақтар таратады.
1 шығу тегі.
2 пайдасы.
3 күтімі.
4 шаруашылығы.
5 қол тұқымдары.
II. Ойыншылар 3-4 адамнан топтарға бөлініп отырады. Берілген жоспар бойынша дайындалады. Топ ішінде талдау бес минуттан аспайды.
Өз командасын топтың бір-бірден қоғайды.
III. Жүргізуші сыныптағы неғұрлым толық жауап берген балаларды анықтайды.
4 сабақ
Семинарлық сабақ.
Балалар алдың-ала семинар сабағына өз тақырыбы бойынша, қосымша мәліметтерді даярлайды.
Топ - шошқа
Топ - марал
Топ - бұғы
Топ - есек
Мұғалім жаңа тақырыппен таныстырып, кіріспе сөз сөйлейді. Сызбанұсқа берледі.
Үй хайуанаттары
Шошқа Есек
Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде шошқа шаруашылығының маңызы зор.
Шығу тегі
Пайдасы
Күтімі
Сабақтың мақсаты айтылады. Оқушылар баяндама жасап, өз орындарынаң балалар толықтырады.
Семинар барысында әрбір оқушының балл жинағанына байланысты бағаланады.
5 сабақ
Сабақ барысында сынып оқушылары екі топқа бөлінеді бірінші топ - газет тілшілер , екінші топ – түрлі салалардағы мамандар. Тілшілердің сұрақтарына әр маман иелері жауап береді.
Сабақтың тақырыбы мен тақырыпшаларға байланысты көрнекілітер ілінеді. Тілшілер қосымша мақал-мәтел.
Мақал – мәтел.
Ақты төкпе, малды теппе.
Малдың басын ұрма.
Сиырдың сүті тілде.
Малы бардың назы бар.
Ат – адамның қанаты,
Ас – адамның қуаты.
Газет, журнал кесіндісін жинастырады. Сұрақтар дайындайды. Маман иелері үй жануарлардың әдет қылықтары, пайдасы туралы әңгімелейді.
Қорытындылау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген