Материалдар / Мақала:Білім мазмұнын жаңарту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала:Білім мазмұнын жаңарту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала:Білім мазмұнын жаңарту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2019
595
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көксу ауданы, «Р. Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жанибекбаева Шынар ӘскерқызыБілім мазмұнын жаңарту- мәңгі елдің білімді ұрпағын тәрбиелеу кепілі «Ғасырлар мақсаты- саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын,ізгіленген XXΙ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» Н.Ә Назарбаев Және тағы бір сөзінде елбасымыз «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек» деген болатын соған сәйкес жаңартылған білім беру бағдарламасына көшу бұл біздің елімізде орын алып жатқан бастамшыл үлкен тарихи оқиға.Жалпы елдің қай салада болсын дамып, алдыңғы қатарлы озық мемлекеттердің қатарынан табылуы үшін ең алдымен ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын жас ұрпаққа сапалы білім берілуіне көңіл бөлінуі керектігі айдан анық.Біз ұстаздар қазіргі қарқынмен, тасып жатқан толқын тербелісімен дамыған 50 елдің қатарында керегесі де терезесі тең дәрежеде еңсесін тік ұстап білім деген ұшан қиыры жоқ әлемде биік белестерді бағындыра алатын жас ұрпақты кәміл, жетік азамат ретінде тәрбиелеу басты борышымыз және міндетіміз.2016 жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектептерінде бастау алған жаңартылған бағдарламада дағды мен құзірет білім беру компонентері және тәрбие беру жұмыстары күшейтілмек, онымен қоса, білім беру үдерісі жаңартылып халықаралық стандарттарға сәйкестендірілмек. Жаңартылған білім беру бағдарламасын мектептерге енгізіп көздеген мақсатқа жету үшін ең бірінші кезекте сол мектептерде білім беретін мұғалімнің біліктілігін арттыру керектігі сөзсіз.Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім беру мазмұнына жаңа талаптарды алға тартуда.Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени,эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда. Қазіргі таңда бізге қойылатын талаптардың бірі- оқытудың жаңа әдіс-тәсілдердерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану.Мұғалімдер күн сайын күрделі шешім қабылдап жатады. Бұл шешімдер түрлі білім мен пікірлерге сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталған.Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиіс өзгермелі әлемге дайындауда маңызды рөл атқарады.Мысалы, бүкіл әлемдегі оқушыларға айтарлықтай әсері болатын елеулі факторлардың бірі- инновациялық технологиялардың кең таралған түрін пайдалануға байланысты білімге оңай қол жеткізудің артып келе жатқандығы.Білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі өзгереді. Алайда, бұл мұғалім рөлінің біркелкілігін білдірмейді, керісінше, мұғалімнің рөлі барынша артады және оқушылардың білімге қалай сыни қарайтындығына бағытталатын болады.Сондықтан өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда оқу бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен және пәндік салалардағы әзірлемелермен бірге дамып отыруға тиіс.Күрделі үдеріс болып табылатын оқыту шеберлігін толық игеріп шығу бүкіл ғұмыр еншісіндегі мәселе,міне, сол себепті де тәжірибеге үнемі ерекше назар аударылатын болса, мұғалімдер қызмет барысында өзін жетілдіруді жалғастыра бермек.Осы мақсатта мұғалімдердің даму түсінігімен ұштастыра оқыту,оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу,оқудағы ерекшеліктерін түсіну,көптеген тәсілдердің, тілдік және мәдени әсер мен мінез-құлық және дағдының,қызығушылық және оқыту амалдарының болатынын жете түсінуі қажет болады. 2016-2017 оқу жылы 1- сынып мұғалімдері мен оқушылары үшін ерекше оқу жылы болып табылды.Елімізде мектеп табалдырығын аттаған барлық 1-сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқыды.Отандық орта білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде қең ауқымды дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпы адамзаттық және этномәдени құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, сондай-ақ өмірдегі проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады.Білімді шығармашылықпен қолдану, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын орындау, АКТ қолдану, тілдік дағдылармен бірге қарым – қатынастың коммуникативтік тәсілдерін қолдану, топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі. Әрбір оқушы жасына да, мүмкіндігіне де қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет.Оқыту мақсаты оқушы мен мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында.Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен бастайды,ол жаңарту процесінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді.Мұғалім педагогикалық ойлау немқұрайлығын жеңуі және оқушымен бірге өзі де оқуы тиіс.Мұғалімдер оқып, болашақта қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды.Осы мақсатта арнайы курстар ұйымдастырылды. Арнайы ұйымдастырылған курстарда жаңартылған бағдарламамен сабақ берудің әдіс-тәсілдерін,мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жетілдірді.Курста өтілген әрбір күн ұстаздар үшін өте қызықты мәліметтерге толы болды.Бағдарламада басты назарда ұсталып отыратын төрт дағды оқылым, жазылым, тыңдалым мен айтылымды дамыта отырып сабақ мақсатын құру,жаңаша әдіс-тәсілдермен берілген сабақ бұрынғы дәстүрлі сабақтарға қарағанда өте тиімді деп санаймын.Сабақ берудің жетілген әдіс-тәсілдерімен жете танысып, курс бағдарламасын меңгерген ұстаздар қауымы жаңа оқу жылына тың өзгерістер мен ерекше құлшыныспен кірісуге дайын.Жаңа формата сабақ беру аясында пайдаланатын жаңа әдістер, стратегиялар және оқушылардың білімін бағалаудың критериалды жүйесінің енгізілуі ұстаздарға жаңа шығармашылық шабыт беретіндігі сөзсіз.2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында Мәңгілік ел болу біздің жарқын болашағымыз екенін және барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін атап кеткен еді. Олай болса, бүгінгі күнде біз аянбай тер төгер болсақ, ертеңгі жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде ақталады.Бүгін мектеп партасында отырған жас бүлдіршіндер ертең ел тұтқасын ұстап,ел тағдырын шешетін азаматтар.Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету- мұғалімнің ең басты міндеті. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім,ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді.Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететініні сөзсіз.Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейтіні белгілі.Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде баланың өзі оқып,ізденуімен қатар мүмкіндігін бағалайды,өзінің қол жеткізген мақсаттарын бағалай алады, жоспарлай алады.Мұғалім оқушының білім алуына жол ашу үшін әрбір оқушының жеке қабілетін, мүмкіндіктерін, қызығушылығын анықтап, сол қажеттіліктерге сай, әрбір шәкірт өзін- өзі дамыта алатындай,оқу- білім ортасын құруға міндетті десек, өз білімін шыңдаған ұстаздар қауымы осынау маңызды ұлағатты міндеттерді іске асыруға зор құлшыныспен бастап келеді деп зор сеніммен айта аламын.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!