15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала:"Жарқын болашаққа бастаған Ұлт Көшбасшысы"
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығына келген алғашқы сәттен бастап айрықша ерекшелігі бар өзгеше бір халықаралық және ұлтаралық мәселелер шиеленісінің шешуін асығыстыққа салмай, арандататын пікірлердің ығы мен ырқына жығылмай, әліптің соңын баға сабырмен, уақыттың талабына, қазақстандық жолдың ерекшелігіне үйлестіре, жан-жақты мүдделердің түйісу нүктесін таба біліп шешудегі даралығымен бірден әлем назарын аударды. Елбасы өзінің қол жеткізсем-ау деген саяси және ұлттық биік мақсаттарын әрдайым есінен шығармауымен бірге, оған жету үшін де жалаң ұран көтеріп, жақсы атақ алуға да қызықпады. Қандай мәселеде болсын қолдан келетін нақты мүмкіндіктерді ғана қолданып, эволюциялық жолмен тұрақты ілгері жылжи бергенді дұрыс санады. Дамудың қазақстандық жолын іздестірді, өзіндік бағытты тандады. Сол қазақстандық даму жолынан өзге даму жолдарының ешқайсысын да, тіпті бірде-бірін жоққа шығарған емес, керісінше, өзге даму жолдарының қажеттісін алып та қолдана білді. Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен бастап ұлтаралық келісімді, ел бірлігін мемлекет саясатының басты қағидаты ретінде белгіледі. Көшбасшымыз тәуелсіздіктің бет бұрысты кезеңдерінде Мемлекет басшысы ретінде, әсіресе, экономикалық және саяси дамудың үлгілерін талдау мәселесіндегі біліксіздікке қатаң қарсы тұра білді. Н.Ә. Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы екендігін Парламент қабылдаған Конституциялық заңнан көп бұрын-ақ халықтың өзі мойындап та қойған болатын. Қазақ елі тәуелсіздігінің көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған Тұңғыш Президентіміздің аз жылдың аясында туған елін әлемдік қоғамдастыққа танытқандығына өзгелермен бірге өзіміз де қайран қалып, тамсанамыз. Тарихтың қилы бір кезеңдерінде елге Нұрсылтан Назарбаевтай Көшбасшының табылуын халқымыздың бағы деп түсінеміз. Ол кісі бүкіл қазақстандықтарды айналасына топтастыра алатын саясаткер және дара тұлға. Сонымен қатар тәуелсіз ел мүддесі үшін және оның өркенді жолмен дамуына қажетті деген өте ауыр реформаларды тиімді жүргізе білетін көреген басшы. Тәуелсіздіктің бастауында болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел ертеңін де айқындады. Ел тәуелсіздігі. Елбасы. Ел ертеңі. Үш сөз. Бір-біріне етене жақын, бір- бірін толықтыратын, өзара сабақтас сөздер. Тәуелсіздік десек ең алдымен оның бастауында болған, оны нық сеніммен алға апарған, тәуелсіз ел мемлекеттілігінің негізін қалаған Елбасы ойға келеді. Елбасы десек, қиын- қыстау кезеңде елді басқарып, оны бар қиыншылықтан алып шығып, бүгінгі өркенді дамуға жеткізген Елбасы мен ел ертеңі тағы да алдымыздан шығады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында Көшбасшымыз біртуар талант иесі екені барлығымызға мәлім және ондай жан бізге алдағы уақытта да қажет. Сондықтан да Ел тәуелсіздігі, Елбасы, Ел ертеңі ұғымдарын қастерлей де, қолдай да білуіміз парыз. Орыста интеллектуал, зиялы адам деген ұғым бар. Өз басымды қай салада болмасын Президенттің жан-жақты хабардарлығы, мол білімділігі тәнті етеді. Жұмысбастылығына қарамастан, солардың барлығын терең игергеніне таң қаламын. Алла Тағала Елбасымызға ерекше сабыр, зерде, ақыл, айрықша тағдыр берген. Қазақстандықтар Н.Ә.Назарбаевты өздері қалап алды. Таңдаудан қателеспеді. Сенім артты. Соңынан ерді. Президент етіп бірнеше рет сайлады. Қазақта «тастұғыр» деген ұғым бар. «Тастұғырың мықты ма?» деп сұрасып жатады. Қазақстанның іргесін бекітіп, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекет қатарына жеткізу- Елбасының ерен еңбегі. Жас тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің Көшбасшысы Н.Назарбаевтың қашан болса да әлемдік үдерістердің деңгейінен көрінуін жаһандық сипаттағы бастамаларды алға қоя білу қабілетін, реформатор ретіндегі батылдығымен сол мақсатты жолда табысқа жеткізетін ерік-жігерін бүкіл әлем еріксіз мойындаған-ды. Еліміздің ертеңін, болашағын күні бұрын ойлап, болжай білген Елбасымыздың ұлылығы Астананы ауыстыру кезінде айқын байқалды. Астана- жаңа Қазақстанның күш-қуаты, барлық қазақстандықтардың үміті мен болашаққа деген сенімінің символы. Астана- Елбасының қолынан шыққан туынды. Астана мен Елбасы есімі ел назарында егіз ұғым болып қалыптасты. Өйткені, жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның жаңа астанасының салынуын еліміздің Тұңғыш Президенті- Елбасының Қазақ мемлекттілігін өркенді дамытып, бүкіл әлемге таныту жолындағы дәуірлік ерлігі деп айтуға да толық негіз бар. Елбасымыз еңселеткен елорда болғандықтан, оған басқаша баға беру де мүмкін емес.Басшымыздың арқасында Астанамыз күннен-күнге, тіпті минут сайын жанданып өркендеу үстінде. Қазақстанымыз үшін Көшбасшымыз жатпай-тұрмай ерен еңбек етуде. Жыл сайынғы жолдаулары арқылы еліміз жаңа белестерді бағындыруда. Солардың бірегейіне тоқтала кетсем, «Ұлттар татулығы, тіл мәртебесі», «Нұрлы көш», «Болашақ» бағдарламалары, «Саяси тұрақтылық», «Қарқынды экономикалық даму», «Жол картасы», «100 мектеп», «100 аурухана» жолдаулары т.б. Әсіресе жастарға көптеген қолайлы жағдайлар жасалуда. Мәселен, қол жетімді баспана, жұмыспен қамтамасыз ету. Соның ішінде өз ауылым , яғни, Ақшәулідегі Елбасы тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқтала кетсем, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша «Бал Ерке» шағын балалар орталығы ашылып, заманға сай жабдықталып, жұмысын ойдағыдай жүргізіп жатыр. Мектебімізге «Дипломмен ауылға бағдарламасы» бойынша 5 жас әрі білікті мамандар келіп, жұмыстарын тыңғылықты атқару үстінде. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізілді, көшелерді жарықпен қамтамасыз ету де назардан тыс қалмады. Елбасымыздың осындай көреген саясатының арқасында ауылымыз да біршама көркейді.
Бүгінгі таңда осы бағдарламалар елімізге жемісті нәтижесін беруде. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Ұлт Көшбасшысы» деген атағын ақтап, қазақты Қазақстанда көшбасшы ұлтқа айналдыруы керек. Көшбасшылық деген билік қана емес, ол ұлттың мінезі...

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген