400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала.Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала. Латын графикасына көшу туралы. «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық» Ахмет Байтұрсұнов
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы


«Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық»

Ахмет Байтұрсұнов


Соңғы уақытта латын графикасы, латын әліпбиі жайлы біраз сөз қозғалып, түрлі ұсыныстар айтылып жатыр. Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Бұл процесс ыждағаттылық пен жүйелілікті талап ететіні айтпасада түсінікті. Себебі ол тек қана әріптер жиынтығы ғана емес бүтін бір мемлекеттік тарихы, мәдениеті. Аяқ асытынан аз уақытта бәрін өзгерте салу оңай емес, олай бола қойған жағдайда жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеуі ғажап емес.

Заңнама өз күшіне ену барысында халыққа латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы ұсынылған болатын.Әліпбидің алғашқы нұсқасына қоғам арасындағы талқылаудан кейін өзгерістер енгізіліп, 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығымен жаңа әліпби нұсқасы бекітілді.

Алғашқыда коғам екіге жарылып бірі қолдап, бірі сынап түрлі пікірлер айтылғаны жасырын емес. Осы тұста қазақ зиялылары мен қоғам белсінділері жақсы түсіндіру жұмыстарын жүргізген еді. Содан бері латын әліпбиіне көшу бұрынғыға қарағанда жаңа көзқараста. Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді.  Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз. Көп елдер КСРО тараған сәттен бастап өз шекарасын, тілін әу бастан бекітіп алды. Соның ішінде өзіміздің көрші мемслекеттер Өзбекстан, Әзірбайжан латын әліпбиіне көшкен болатын. Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын.

Бұл – ХХ ғасырдың басындағы қоғамдағы коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой болатын. Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Заман талабына сай it технологиялар дамып, күн сайын қарыштап барады. Кириллицаға қарағанда компьютермен жұмыс жасау барысында латын қаріптерін қолданған әлдеқайда оңай екенін осы тұста мойындау қажет.

Қорыта айтқанда, латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Жоғарыда айтып өткендей инновациялық техника заманында латын әліпбиін қолдану әрқашанда оңай, әрі тиімді. Халық – мемлекеттің күші мен тірегі болса, тіл-халықтың тірегі. Екеуін бірінен-бірін бөліп қарастыра алмаймыз, сондықтан бұл мәселе төңірегіндегі орынсыз пікірлерді азайтатын уақыт келгені анық. Латын әліпбиіне көшу тіл тазалығын сақтап, өз ерекшеліктерімізді сақтап қалатыны анық. Сондықтан, біздің мемлектіміздің кирриллицадан латын графикасына көшу ең ауқымды шешімі болып табылып отыр. Бұл әуелі болашағымыздың биік шыңына, бүгінгі жасалған нық қадам деп білемін.



«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

негізгі орта білім беретін №14 мектебі»ММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Нұрмұхамбетова А.Ш.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 наурыз
219
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі