Авторы: Казбаева Шолпан Темиргалийқызы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік университеті, «педагогика және психология» мамандығының 3
курс студенті
Мақаланың тақырыбы: Интернет
желісін орынсыз пайдаланудағы зияндар
Бүгінгі технологияның адамзатқа сыйлап отырған мүмкіндігі
мен қоса адамзат болашағына, өміріне, денсаулығына, психологиясына
тигізер зияны да жоғары.
Алысты жақындатып отырған, әлемнің түкпір-түкпірінен бірден
хабардар етіп отырған интернет желісі – бүгінде, шектен тыс
қолданушыларын тәуелділікке ұшыратуда. Әсіресе, ең көп зиян шегіп
жатқан балалар мен жасөспірімдер. Себебі, еліміздегі соңғы жағдай-
«COVID-19» пандемиясының әсерінен ,білім беру ұйымдары, мектептер
мен ЖОО студенттерінің қашықтықтан үйде оқуы интернетке, ұялы
телефонға тәуелділікті еселеп күшейтті. Әр-түрлі пайдасыз ойындар
ойнау, онымен қоса ақша салып ойнау жиілеп барады. Ата-ананың еңбек
етіп тапқан ақшасын пайдасыз дүниелерге құртып отбасына шығын
көбейтіп жатыр. Бұл көбіне ер балаларға қатысты. Тағы да өзекті
болып отырған мәселе -корей телехикаларын көруші жас өспірімдердің
, қыз балалардың көбеюі. «Дорама» атымен танылып жастардың бар
уақытын ұрлауда. Тәлім-тәрбиесі жоқ пайдасыз дүниелер жастардың
санасын да қараңғылап жатыр. Инстаграмм әлеуметтік желісінің де
берерінен зияны көбейгендей. Жастар қажетсіз біреудің өмірін
тамашалап, сондай болсам деп соның өміріне қызығып, өз өмірін
гүлдендірмей, барына қанағатты ұмытып өзгелердей болғысы келіп
менде анау жоқ, мынау жоқ деп өз өмірінен түңіліп ақыр соңында
отбасында сыйластық пен берекенің жойылуына, ерлі-зайыптылар
арасында ажырасу себебінің өрши түсуіне өз септігін қосып жатқаны
рас. Бұның бәрі миды артық ақпаратқа толтырумен, шектен тыс желіні
қолданудан пайда болады.
Жастардың осалдығы - жалтыраған дүниеге алдануында. Ауырдың
астымен, жеңілдің үстімен жүрулерінде. Білім іздеп, кітап ақтарып
талаптанып жатқан жандар өте сирек. Кітап сүйер қауым жоқтың қасы.
Том-том кітап былай тұрсын, қарапайым кітап беттерін қызығып
қараушылар, үңіліп оқушылар жоқтың қасы. Өсіп келе жатқан ұрпақ
кітапты ұялы телефонға алмастырып алған ба қалай өзі?!
Марк Твеннің осы сөзі ойыма оралып тұр: « Жастардың
сүмірейген сиқынан артық мұңлы көрініс жоқ». Көпшілік жастарымыздың
бүгінде болмысы қалай? Еңсесі көтеріңкі, сөзі анық, бойда күші,
ойда ақылы бар , мінезі салмақты, жалындаған жастарды мен бүгінде
аз көремін, бұл әрине өкінішті- ақ. Біздің өскелең ұрпаққа не қажет
соны тізіп көрейін:
-
Виртуалды әлемнен құтқарып, шынайы өмірге шығару қажет.
Мысалы мынадай жағдай болды. Көптен көріспеген туыстар еді. Бір
туысы келесі туысының үйіне шынайы көңілмен барған болатын, ал
екінші туыс дастархан басында әңгімелесіп қонаққа құрмет көрсетудің
орнына әлеуметтік желіге кіріп видеороликтер тамашалап, инстаграмм
желісіне кіріп өзімен өзі отыра берді. Бұл жағдай барған қонақты
ыңғайсыз жағдайға қалдырды және бұл сыйластықтың жоғалуы, ең
қорқыныштысы -жақыны қаны бір бауырымен емес,мүлдем көрмеген
адамдар өмірін қарап тамсанып отыруында. Бұл туыстар арасындағы
қарым-қытынасқа кірбің түсірері анық. Шынай өмірге шынай
көзқараспен қарайық.
-
Түнде желіге қосылуды тоқтатыңыз, ал қатты қажеттілік
туындаса ол бөлек мәселе. Көпшілік жастар күн тәртібін бұзып алған.
Түнде түрлі желілерге кіреді де, күндіз селсоқ, меңіреу халде
жүреді. Бар күшін, бойдағы энергиясын желілерге жібереді де,
білімге құштарлығы азайып соңында білімсіз, надан болып шықпасына
кім кепіл?! Түнде дене демалуы керек те күндіз еңбекпен
шұғылданады, бұл қалыптасқан заңдылық. Бұл заңдылықты бұзсаңыз
әрине өзіңізге орасан зор зиянын береді. Таңғы уақыттың берекесін
ұмытпағайсыз.
-
Үлкен қауіп – мәміленің жоғалып бара жатқандығы, мені
алаңдататын мәселелердің алғашқыларына жатады. Әжелеріміздің тәлімі
мол ертегілері мен аналарымыздың әсем бесік жырын айтып баласын
тербетуіне бармайақ қоялық. Қарапайым дастархан басында бәрі
жиналып ас ішу, әңгімелерін айту, балалар жоспарын, ата-аналар
ақыл-кеңесін айту сынды қарапайым қазақ қанына, рухани болмысына
тән дүниемізден алыстап бара жатқандаймыз. Әлеуметтік желінің (тағы
басқаның да) әсерінен бауырлардың бауырмалдылығы, сыйластығы
бір-біріне қамқорлығы, сүйіспеншілігі өте төмен деңгейге түсіп бара
жатыр. Бұл өз кезегінде адамзатты аяушылық сезімінен жұрдай етпесе
болғаны.
-
Уақыт -мен үшін ең бағалы. Жаратқанымыздың өлшеп берген
уақытын бағалайықшы! Уақыт –мүмкіндік! Ойын ойнап, қажетсіз кино
көру үшін, ұрлық жасау үшін, өзгені алдау үшін , ата-ананың тілін
алмай зар қақсатып олардың жүйкесін шаршату үшін, денеңе зақым
келтіріп темекі, арақ ішу үшін берілген жоқ! Бәлкім, Алланың ең
алғашқы аятындағы «Оқы, Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деген
сөзіне құлақ асып, білім алу үшін, даму үшін, жақсылық жасау үшін ,
ата-анамыздың алғысын алу үшін, салиқалылардан болып, артымыздан
ақылы артық бала қалдыру үшін және бастысы, Алланың разылығын алу
үшін , уақыт атты ұлы нығметті, мүмкіндікті пайдамызға жаратсақ,
«адам» деген атқа лайық болар едік!
Артымда өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ,қазақтың
қызыл қызғалдақтай құлпырған қыздары, сіңілдерім, қайратты, батыр,
намысты інілерім ақылды болыңыздар! Жалтыраған дүниеге, сауық
–сайранға, нәпсінің бұйырған бұйрығына ермеңіздер! Ақылды биік
қойыңыздар, таза, адал болыңыздар, сонда өмірлеріңізде берекеге
толады. Әлеуметтік желіге кетен минуттан да, жастық шақтан да,
уақыттан да, денсааулықтан да әр бір нығметтен сұраламыз.
Ұмытпайық! Абай атамыз да:
«Адамзат бүгін адам- ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ,
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың ойлан шырақ»,-деп босқа
айтқан жоқ! Өмір-қамшының сабындай ғана бар уақытын, бар
денсаулығын бағалай білген адам қандай жақсы!
Көзіңді аш, басыңды көтер,еңсеңді тік ұста, Алла
Тағала сені, адамзатты әдемі бейнеде, ардақты етіп жаратты!
Сондықтан да адамдық қалпымызды сақтайық, сырттан келген түрлі
әсерлерден өз-өзімізді жоғалтып алмайық! Болашақ-біздің қолымызда,
артымызға ізгілік, жақсылық қалдырайық!