400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Мақала.Отбасым -менің тірегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала басқа да мұғалімдерге тәжірибе алмасу үшін керек.Өзімнің сабақтағы қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімді басқа ұстаздарға уақыттарын үнемдеумен қатар өздеріне қажетті материалды пайдалануына мүмкіндік бергім келді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасым-менің тірегім.

Отан –отбасынан басталады.Отбасының құрылуы ата-анадан бастау алып,балалар дүниеге келіп,немере-шөберелер арқылы ұрпақтар жалғасын тауып өсіп, үлкен бір әулетке айналады.Отбасы дегенде айрандай ұйыған,жылулық сезімге бай,мейірімге толы ,адамдар тобы елестейді. «Отан –оттан да ыстық» дегендей оны ештеңеге айырбастау мүмкін емес.

Отбасы-мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі.Оған

«Отан отбасынан басталады» деген мақалды мысалға алсақ дұрыс болады.Әр отбасында тәрбиеленіп жатқан өскелең ұрпақ

отбасылық махабатқа бөленіп,дұрыс тәрбие алса,келешекте

отанымыздың дамуына зор үлес қосар еді.Адам бойындағы жақсы қасиеттер тек тәрбие арқылы ғана жүзеге асатыны сөзсіз.

Білім алмас бұрын адам бойында мықты тәрбие болу керек.Тәрбие мен білім екеуі егіз нәрсе.Тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті.Осыдан келіп өз өмірлерін қажетсіз дүниелерге сарыптап жүрген адамдардан «сен қандайсың?» «болашақта кім боласың?,өмірдегі орның қандай ?»-деп сұрақ

қойсаңыз, «білмеймін» деп жауап береді.Бұл аталған азаматтың өз шешімі мен ойы жоқ екенін білдіреді және қоғамға етене араласып кете алмауының да себебі осы.Қазіргі кезде жаһандану заманында отбасылық құндылықтарды қалыптастыратын негізгі

факторлар ғаламтор,ашық түрде көрсетілетін ақпараттар, бұқаралық ақпараттар құралдары мен түрлі тәрбие нысандары бар.Жан-жақты тәрбие беру арқылы баланы жақсы жаққа тәрбилей аламыз.

Ертеректе ата-бабаларымыздың айтқан үлгі –өнегелі сөздерін

өскелең ұрпаққа жеткізіп,тәрбиелеп отырсақ,олардан келешекте жақсы азамат шығатыны сөзсіз. «Тәрбие басы-тал бесік» дегендей баланы бесіктен ана сүтімен бойына ана әлдиімен сіңіру арқылы тәрбиелеуіміз керек.

Отбасы - шағын мемлекет.Оның өз мүшелері болады. Отбасын ата-ана басқарады.Олар отбасылық жоспар құрады.Отбасының құндылықтарын сақтау керек.Адам баласы өзінің отбасынан тәлім-тәрбие алып,өсіп өнеді. Отбасының құндылығы адам және олардың тәрбиесі.Анадан дүниеге шыр етіп келгенде анамыз бауырына басып,аналық мейірімін беріп,әкеміз әкелік мейірімін төгіп,тәлім береді. Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп,бекер айтпаған.Әр бала өзінің ата-анасына қарап өседі, үлгі-өнеге алады.Ата-ана бірігіп балаларын қалай тәрбие-леп өсіруді ойлайды.Олар өздерінің балаларын «Қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай» өсіреді.Отбасында ұл мен қыздың тәрбиесінде үлкен жауапкершілік жатыр.Олардың тәрбиелілігі ата-анадан тәлім-тәрбие алу арқылы, үлгі-өнегеден,сыйластықтан,әдептіліктен,мейірімділіктен,үлкенді ізет,кішіге құрмет көрсету арқылы жүзеге асады.

Әке-асқар тау,

Ана-баурайындағы бұлақ,

Бала-жағасындағы құрақ, дегендей әкенің ролінің маңызы зор.Әке отбасы-тірегі,қамқоршысы,асыраушысы болып табылады.Ана- отбасы шамшырағы.

Ананың орны бөлек.Анаға қарап қыз өседі,әкеге қарап ұл өседі.Небір ғалым,данышпандар да анадан туып,анадан тәрбие алған.Отбасында қыз бала тәрбиесінде ананың тәрбиесінің маңызы зор.Қыз болашақ-Ана.Оның тәрбиесімен ана айналысады.Адам бойындағы жақсы мінез-құлықтар мен құндылықтар,сыпайылық,кішіпейілділік,сыйластық ,қасиеттердің барлығы ата-ана тәрбиесі арқылы жүзеге асады.

Өз отбасында дұрыс тәрбие алған бала ұшқанда да,соны істейді.Сондықтан отбасы тәрбиесінің атқаратын маңызы өте зор деп білемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
23.03.2019
2531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі