Қашықтықтан оқыту:
қашықтықтан оқытудың формалары мен
әдістері
Қашықтықтан оқыту
технологиясы- оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар
арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың
негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін,
оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі
барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік
беретін ақпараттық технология. Қашықтықтан оқыту-компьютерлік және
телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары
мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық
әдістер қоданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде
білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтықтан оқыту кезіндегі
білім беру үрдісінің негізін кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде
оқуға мүмкіндік болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде
бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы
оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі
бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйреншінің мақсатына
бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы
құрайды.
Қашықтықтан білім беру-жаңа
ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде
күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері
үйлестірілген ерекше жетілген түрі.
Қазіргі замандағы
телекоммуникациялық және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту
түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп
шығуға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқытуды
ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық және оффлайн
(асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі
вебинар
Онлайн режимдегі оқыту
дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта
белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды
ұйымдастыру формасы.
Оффлайн режимдегі оқыту
дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта)
мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге
мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
Вебинар дегеніміз – интернет
желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу
формасы.
Қашықтықтан оқыту тәсілі
бойынша жұмыс істейтін мұғалім оқытудың жаңа технологиясын,
оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен
іс жүргізу ісін орындау шарт.
Мұғалімдердің қашықтықтан оқыту кезіндегі
жұмысы көптеген мәселелер мен сұрақтарды шешуден тұрады –
бөлімшенің чатын құрып, сол жерде шешу орынды болады. Қарым-қатынас
қағидаларын сақтауда маңызды. Атап айтқанда: бейне және аудио
қоңыраулар кезінде микрофонның дыбысын өшіру керек; дыбысты қосу
немесе жазу арқылы сұрақтарға жылдам жауап беру; қызметкерлермен
тұрақты түрде жеке кездесулер ұйымдастыру; барлық сұрақтар мен
оларды шешу жолдарын жазбаша түрде тіркеп, ақпараттың кімге
арналғанына қарай қызметкерлердің, оқушылардың немесе ата-аналардың
чатына не поштасына жіберу; мұғалім жұмыс күні ішінде
әріптестерімен, оқушылармен және ата-аналармен байланыста болуы
керек. Мұғалімдер өздерінің тиімді жұмысы күнделікті стандартты
жұмыс форматында қолданатын құралдарына байланысты екенін есте
ұстауы керек. Сондықтан тек қана өзіңіздің біліміңіз бен
дағдыларыңызды қашықтықтан қолдансаңыз жетіп
жатыр.
Бүгін де тек Bilimland
электронды оқыту жүйесі ғана емес, білім алушылардың kundelik.kz
онлайн-мониториг құралы, Daryn.Online жаңа ғасырдың жаңа форматта
білім беретін платформасы, Google Classroom оқытуды басқару жүйесі,
Microsoft Teams жүйелері арқылы білім алшылардың білім алуларына
жағдай жасалынған. Әр жүйенің өзіндік талаптары, ерекшеліктері
бар. Мәселен, Google Clasroom платформасы оқуға арналған Google-дің
пайдалы қызметтерін біріктіреді. Платформада ұстаздар өз сабақтарын
құруға, қажетті оқу материалдарын білім алушылармен бөлісуге,
оларға тапсырмалар ұсынуға, оқушылардың тапсырмаларын бағалауға
және олардың үлгерімін бақылауға және қарым-қатынасты
ұйымдастыруға болады. Ал Daryn.оnline арқылы еліміздегі
білікті ұстаздардан білім алуға мүмкіндік жасалған. Сондықтан
оқимын деген жандарға қашанда жол ашық, мүмкіндіктер
көп.
«Қазақтың тағдыры, келешекте
ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі.
Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін
негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге
болады» - деп Мағжан Жұмабаев
айтпақшы,
жаңа форматтағы қашықтықтан
оқыту жүйесі тек ұстаздар қауымы үшін ғана емес, ата-аналар мен
оқушыларға да пайдасы бар. Еліміздің алдағы уақытта өркениетті
мемлекеттер қатарынан көрінуі, білімді әрі білгір ұрпақты тәрбиелеу
заман талабына сай білім алудан, жаңашылдықтан бастау алатынын
айтқым келеді.
Қорыта келе айтарым,
қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін
өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдер мен білім алушылар
әлемдік ақпараттармен байланысуға, білімдерін онлайн жалғастыруға,
ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат
кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауға зор мүмкіндік
алады.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Білім беру ұйымдарына
электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың
біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова
Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу»,
2013.
2. Қазақстан және ТМД
елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV
Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы (18-19 бет.38-39 бет.
118-119 бет. 460-461 бет).
3. Журнал «Мектеп» № 11(6
бет)
4. Журнал «Информатика негіздері» № 1 – 2010 ж
(11-14 б)