Мақала:Шетел тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын дамытуда ойын элементтері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала:Шетел тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын дамытуда ойын элементтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Шетел тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын дамытуда ойын элементтері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шетел тілі сабағында оқушылардың сөздік қорын дамытуда ойын элементтері.

Picture 1 Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту-басты мәселе.Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі.Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік танымдық, коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:

Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;

Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;

Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға;

Мұғалім алдымен оқушының оқуға деген қызығушылығын оятуы керек. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.

Қызығушылықты ояту үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше болады. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, жақсы меңгеруіне көмектеседі, себебі төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі саналы орындайтын болады. Ойындар жас ерекшеліктеріне қарай барлық сыныптарда сабақтың тақырыбына қарай қолданылады.

Сонымен бірге, сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс- әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сыныпта отырып ойындарды қай уақытта қолдануымыз керек? Мысалы, сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өткізген сабақты қайта еске түсіру үшін қолданған жөн.

«Bingo» ойыны. Әр оқушы бір сөйлемді таңдап, сонымен ғана жұмыс істейді. Мұғалім оқылған сөздерді бейнеленген  флэш-карталарды мөлдір емес дорбаға салады. Балалар кезек-кезек бір карточкадан шығарып, сөзді айтады. Бірақ сыныпқа көрсетпейді. Қолындағы сөзді бейнелейтін суреті  бар оқушылар өздерінің жолынан оны сызып тастайды. Жолдағы барлық сөздерді сызып тастаған бала «Bingo» деп айқайлайды. Мұғалім жаттығудың дұрыстығын тексереді. Егер сөздердің барлығы аталған болса, бұл бала жеңімпаз аталады. Қорыта келгенде, ойын әрекетін, сіз ағылшын лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі және ақыл ой күшіне қажет етеді.

« Board race» – «Тақта сайысы» ойыны. Бұл ойынның шарты: мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, ойынның шартымен таныстырады. Бұл ойында мұғалім түстер, сандар, сөздер айтады, сол айтылған сөздерді оқушылар қатесіз жазу керек. Келесі оқушы әрі қарай жалғасын жалғастырып отырады. Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды Мысалы :

P-1                                                     P-2

Red                                                   Red

Ten                                                   Ten

Бұл ойында балалар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді, өткен сабақты есте сақтай білу қабілеттері артады.

My family. Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы сөздерді есте сақтауға үйрету.
Ойын мақсаты балалар саусақтарына қуыршақтарды киіп отбасы мүшелерін атайды: This is my mother.
This is my father. This is my grandmother. This my grandfather. This is my brother. How I love them all .
Eat- don’t eat Мақсаты: Заттарды топтастыра білуге үйрету.Заттардың атауларын ағылшын тілінде атауды бекіту.Белсенді сөздікті дамыту.
Ойын барысы: педагог балаларға заттардың атын атайды. Балалар сол заттарды <<жеуге- болады>> жеуге болмайды деп топқа бөліп ажыратады.Ойынды бір біріне допты лақтырып ойнауға болады.
Алма –an apple
Нан –a break
Қияр- a cucumber
Машина- a car
Кітап-a book



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.04.2024
191
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі