Материалдар / Мақала."Ұрпақ тәрбиесі-бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс."
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мақала."Ұрпақ тәрбиесі-бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс."

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне бағытталған.Білім саласындағы өзгерістердің әр ұстаз үшін маңыздылығы зор екендігімен ой бөлісу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2022
331
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,- деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді: Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.
Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу - тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Сондықтан, ұстаз - мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады.
«Білім негізі – бастауышта» деген ұғымның үлкен мәні бар. Өйткені,  мектеп өмірі бастауыш сынып оқушысына жаңа әлемнің есігін ашып, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.Жоғары сынып оқушыларымен са­­лыстырғанда бастауыш сынып оқу­шы­лары үшін мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім – олар үшін үлгі ететін тұл­ға. Олар ұстазының іс-қимылына, жү­ріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, бас­қалармен қарым-қатынасына да елік­тейді. Сондықтан да, бастауыш сынып мұғалімі қызметінің жауапкершілігі өте зор. Мен негізінен бастауыш сынып мұғалімімін.Қазіргі уақытта жұмыс жоқ болғандықтан жұмыссызбын. Алайда ізденуін тоқтатқан ұстаздың ұстаздығы да тоқтайды демей ме жұмыста болмасамда білім саласында болып жатқан өзгерісті үнемі оқып, өз білімімді жаңартып отырамын. Өз балаларыма,олардың достарына өз тәжірибеммен қолдау көрсетіп,сабақтарына көмектесемін. Кез келген уақытта мүмкіндік болып жұмыс болса ел болашағы жас ұрпаққа сапалы білім беру ұстаздық міндетім деп ойлаймын.Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашылуда.Ел болашағына үлес қосу әрбір азаматтың міндеті.

Абдилсерикова Махаббат Абдилсерикқызы

Алматы обл.Кербулак ауданы

Сарыөзек кенті.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!