Мақсат- жетістік желкені

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақсат- жетістік желкені

Материал туралы қысқаша түсінік
мақсат қоя білу, алға талпыну
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып :Мақсат-жетістік желкені

Сабақтың мақсаты: .

· оқушыларды өз болашағына деген жауапкершілікке,сенімділікке, жетістікке жете білуіне, алдына мақсат коя білуіне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер.

Сабақ түрі: әңгімелеу, пікір-талас, суретпен жұмыс
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

. Сәлемдесу. Бүгін бізде ерекше сабақ. «Жекелік таныстыруы» 
Нұқау: Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады да – өз есімінің бірінші әріпіне ұқсас бойындағы жақсы қасиетті қосып айтады. Рефлексия 
- Кім Жандостың бойындағы қасиетті есте сақтап қалды? 
- Бір-біріңнің қандай жаңа жақтары барын таныстыру? 
-
Кесінділер алады. Кесіндідегі суретті талдайды. Кесінділер бойынша топқа бөлінеді.

2. «Жолайрық» жаттығуы 
Мақсаты: өмір мен қарым-қатынас туралы түсінік қалыптастыру, ой түйгізу. 
Нұсқау: бүгінгі тренинг өмірде жетістікке жету үшін қалай өмір сүру керектігін ойластыру, түсінуге арналған. Мына сұрақтарға шынайы жауап беру керек. 
1. Біз не үшін өмір сүреміз? 
2. Сіздер не үшін мектепке барасыздар ? мектепте сіздерді неге үйретеді? 
3. Өмірде неге қол жеткізгілерің келеді? 
4. Қазіргі уақытта неге талпынудасыз? 
5.Қай пәнді қызығып оқисын?

6.Алға қойған мақсатың қандай? Жетістік дегеніміз не?

7.Жетістікке жету үшін адам қандай қасиеттер мен дағдыларды өз бойына сіңіру керек деп ойлайсыңдар?

8.Өмірлік мұратына, белгілі бір жетістікке жетуге қандай адамның мүмкіндіктері көп болады?

9. Мақсатқа қол жеткізу оңай ма?

- Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінентшыға алмайды, көксегені де орындала бермейді.Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады. Тіпті жолым байланып қалған деушілер де көптеп кездесіп жатады. Осындай көзқарастарға илеуінде кетіп, тағдырдың тәлкегіне ғана көнуді жол тұтып, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де адам тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды ағыс боымен жүзіп жатқан кеме ретінде санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа (бұрыс жолға) немесе оң жаққа (дұрыс жолға) бұрылатының таңдап, қадағай алады. Сонымен, адам таңдау жасай алады, дегенмен, жеттістікке жете алады. Ал жетістікке жету үшін оның не екенің білуі керек және оған қалай жетуге болатының білуі керек.

- Плакат берип топтар өз ойын жазады, талдайды.

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР

· Алдыңа мақсат қою

· Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену

· Іске дайын болу

· Адымыңды анық басу

· Алға ұмтылу

· Қорықпау, күмәнданбау

· Көңіліңді тоқ ұстау

· Жаңашыл болу

· Басқалармен кеңесу

· Тәуелсіз болу

· Біртұтасты бөлшектеу

· Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау.

- Қазақстан Мыңжылдық дамуға арналған БҰҰ-8 мақсатын жүзеге асыру жолында толағай табыстарға жетті. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол-әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бүрын жаңғырып отыруы тиіс.

Видеоролик

Рухани жаңғыру тек бүгіннен басталатын жұмыс емес. Біз тәуелсіздік кезеңінде бірнеше ауқымды іс атқардық. Енді осының бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстар бастағалы отырмыз –деп Елбасымыз өз жолдауын жария еткен еді.

-Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетісстіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі – жетістік

Видеоролик «Менің атым Қожа»

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларға «Жетістікке жету жолы!»тақырыбында жоба құру

Қорытындылау: видеоролик тамашалау. «Бәрі өз қолыңда.»

Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі өткен сабағымызды тағы да ой елегінен өткізіп,тыныштықта баяу әуенмен ойымызды жинақтаймыз. Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе «Мақсат- жетістік желкені» атты сабағымызда кез келген жетістік адамның өзін,оның жақындарын қуанышқа , шаттыққа бөлеуі керек.Өз мақсатыңа жақындаған сайын оған жету жолы қиындай түсетінін ,сол қиындыққа мойымай шыдамдылық,төзімділік таныта білу керек екенин естен шығармаған жөн. Ойлаған арман мақсаттарыңыз орындалсын! Бәрі өз қолдарыңда.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2018
2004
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі