400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Мақсат жетістік желкені" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бітіруші түлектерді ҰБТ-ға психологиялық сүйемелдеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренингтің тақырыбы: «Мақсат-жетістік желкені»

Тренингтің мақсаты: ҰБТ – ға психологиялық қолдау, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, өзін – өзі бақылауға дағдыландыру, танымдық қабілеттерін дамыту, жақсы көңіл –күй сыйлау, стресті жеңуге жол көрсету

Тренингтің міндеті:

  • Оқушыларды өз болашағының бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

  • Мақсатқа жетудегі үміт пен сенімділікті ояту;

  • Оқушыларды өз болашағына, сенімділікке тәрбиелеу;

Тренингтің ережесі:

  • Белсенділікті арттыру;

  • Бірігіп жұмыс жасау;

  • Бір-біріне кедергі келтірмеу;

  • Өз ойын ашық айта білуге үйрену;

  • Өзіме пайдалы нәрсені алу;

  • Бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуы;



Тренингтің жоспары:

«Менің есімім және мен мақтан ететін қасиетім» жаттығуы

«Ыстық картоп» жаттығуы

«Түлектерге арналған аффирмация» (Аффирмация тақтадан көрсетіліп, дауысталып оқылады) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
«Менің болашақтағы арманым…» жаттығуы «Бәрі де өз қолыңда» релаксациялық жаттығуы



«Менің есімім және мен мақтан ететін қасиетім» жаттығуы

Мақсаты: Өзара қарым - қатынастың жайлылық жағдайын құру

(Оқушылар өз есімін және бойындағы жақсы қасиетін мен мамандық түрін атайды)



«Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, оқушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс.

«Түлектерге арналған аффирмация» жаттығуы

Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады)


• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді. 
• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

Мақсаты: Позитивті көңіл-күй сыйлау , өзара қарым-қатынасты нығайту.

Жүргізілуі: Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.

Рефлексия: Сонымен , қоршаған ортада осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке –жеке қошемет көрсетейік.



Менің болашақтағы арманым...”
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөздік қорларын дамыту. Оқушыларды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету.
Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген сенімін, арман тілектерін, ойларын айту.
«Мен қазір» «Мен 6 айдан кейін»
«Мен 5 жылдан кейін» «Мен 10 жылдан кейін»











«Бәрі де өз қолында» релаксациялық жаттығу

Денелеріңді бос ұстап, көздеріңді жұмып, өздеріңізге ыңғайлы жайғасыңыздар. Терең дем аламыз, қайта сыртқа шығарамыз. Аяқ-қолымыз босаңсиды. Мен сендерге мәтін оқимын, тыңдап отырып елестетуге тырысыңыздар.

Ерте- ерте заманда, бір ескі шаһарда Ғұлама өмір сүріпті. Оның шәкірттері көп болыпты шәкірттерінің ішінде ең қабілеттісі, ақылдысы: «Ұстазым жауап қайтара алмайтындай, қандай сұрақ қойсам екен?»  деп ойланыпты. Сөйтіп, ол гүл бағына барып, ең әдемі көбелекті ұстап алады. Көбелекті  алақанына жасырып, ұстазыңа барады. Көбелек болса баланың алақанына жабысып алып, қытықтайды. Соған қарамастан бала ұстазына келіп: -Айтыңызшы, қолымдағы көбелек тірі ме, өлі ме? -деп сұрақ қояды. Бала іштей: «Егер көбелекті тірі десе, көбелекті қысып өлтіре салармын, ал өлі десе, ұшыра салармын»- деп ойлайды.  Сонда ғұлама баланың қолына қарамастан: «Бәрі де өз қолында»  деп жауап берген екен.

1,2,3 бойымызға күш жинап, жұдырығымызды  түйіп, аяғымызды жинап, көзімізді ашамыз.

Талдау: Жаттығу барысында қандай сезімде болдыңыздар?

Ғұламаның жауабын қалай түсінесіздер?



«Гүлге қонған көбелек»
Әр оқушы ҰБТ-ға дайындалып жүргенде болашақта қандай ерекше жағдайдың болғанын қалайтынын, өз арман-тілегін көбелекке жазып, тақтадағы гүлге апарып қондыру керек.



Назарларыңызға рахмет!!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
05.04.2024
395
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі