|
Мектеп:
«Көктөбе жалпы орта білім
беретін мектеп» мемлекеттік
мекемесі
|
|
Күні:
10.11.2015
|
Мұғалімнің
есімі:Сағымбаев Рустам
Бахытбекұлы
|
|
Коучингтің тақырыбы
|
Мақсатқа жетудің – алты қадамы.
|
|
Коучинг мақсаты
|
Түрткі сұрақтар арқылы сабақтың мақсатына жетудің
тиімділігін ұғындыру.
|
|
Күтілетін нәтиже
|
-
Түрткі сұрақтарды дұрыс құралады.
-
Сұрақтардың маңыздылығын ескере отырып, мақсатқа жету жолдарын
анықтайды.
-
Мәтін мазмұнына сай сұрақтар құрастырады.
-
Блум таксономиясының сабақта қолданудың тиімділігіні түсінеді.
|
|
Түйінді идея
|
Блум таксономиясы. Сын тұрғысынан ойлауға
үйрету.
|
|
Сілтеме
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, интебнлсенді
тақта, парақтар, стикер, фломастерлер
|
|
Кезеңдері
|
Сұрағы
|
Уақыты
|
Коуч әрекеті
|
Мұғалім әрекеті
|
|
Ұйымдастыру
кезеңі 
|
Амандасу
|
3мин
|
Психологиялық тренинг өткізу. «Көпір арқылы өту»
тренингісін өкізу
|
Бір-бірінен жақсы тілек айтады.
|
|
Топтарға бөлу

|
Туған күн мен айларын жазған соң не себептен бұл
сандарды алдым? Топқа қалай бөлуге болады?
|
2 минут
|
Стикерге туған күн мен айларын жазғызу. Туған күн
санына қарай бөлу. 1 таңбалы сандарды бірінші топқа, екінші таңбалы
сандарды екінші топқа бөлу.
|
Стикерге туған күні мен айын жазады. Туған
күнінің 1 таңбалы немесе 2 таңбалы санға жататынын анықтайды, сол
санға байланысты топқа бөлінеді.
|
|
Түрткі сұрақ.
1 тапсырма

|
Осы сабақ жоспарыңызда жазған мақсатқа қалай
жетуге болады? оған сенімдісіз бе?
|
7 минут
|
1.Күнделікті жазатын бір сабақ жоспарын
құрғызу.
2.түрткі сұрақтар қоямын. қалай дамытасыз? Қандай
тапсырмалар бересіз? Оны сабақтың қандай кезеңінде көрсете
аласыз?
|
-Күнделікті жазып жүрген сабақ жоспарын
жазады.
-сұрақтарға шынайы жауап
береді.
|
|
Презентация көрсету
|
Сабақтың мақсатына жету үшін біз не істеуіміз
керек?
|
10 минут
|
«Мақсатқа жетудің -
алты қадамы» презентациясымен таныстырамын. Блум таксономиясы
ұғымына түсінік беремін. Алты деңгейіне қысқаша шолу
жасау.
|
Блум таксономиясының негізін қалаған ғалым туралы
мағлұмат алады.
Блум таксономиясының маңыздылығын
ұғынады.
Блумның алты деңгейін мағынасына қарай ұғынады,
айыра алады.
|
|
2 тапсырма
|
Блум таксономиясының алты сатылы деңгейінің
мағынасын ұғына отырып қандай етістіктер қолданар едіңіз? Мысалмен
келтіріңіз
|
8 минут
|
Блум таксономиясының алты деңгейіне етістіктер
құрғызу
Мұғалімдердің қай деңгейде тұрғаныны анықтау,
себебін білу.
|
6 сатылы деңгейге сәйкес етістіктерді
жазады.
|
|
3- тапсырма Топтық жұмыс
|
Берілген мәтінге алты сатылы сұрақты қалай
құрастыруға болады?
|
12 минут
|
1.Бір топқа «Ара мен шыбын», екінші топқа
«Арыстан мен тышқан» мысалдарына алты сатылы сұрақ құрастырту.
Жазған сұрақтарын талдатамын, сәйкестігін анықтатамын, топтардағы
жұмысты салыстырамын.
|
Топта мәтінді оқиды, талдай,
саралайды.
Алты сатылы сұрақтарды құрастырады. Сатылы
деңгейіне сәйкестігін зерделейді.
|
|
4 тапсырма
Топтық, ұжымдық жұмыс
|
Осы сұрақтарға қандай тапсырма беруге болады? осы
тапсырманы бере отырып оқушылардан не күтесіздер?
|
10 минут
|
Сұрақтың алты сатысын негізге ала отырып
тапсырмалар құрастыртып, күтілетін нәтижеге бағыттауға
негіздеу
|
Сұрақтардың түпкілігін түсініп деңгейіне қарай
тапсырмаларды құрастырып, оқушылардан күтетін нәтижесін аша
біледі.
|
|
Кері байланыс
|
Сауалнамадағы сұраққа жауап беріңіз? Бүгінгі
коучингіден өзіңізге не алдыңыз?
|
8 минут
|
Қатысушылардан сауалнама алу.
Мұғалімдердің бүгінгі коучинтен алған әсерін
білу
|
Сауалнаманы дұрыс, шынайы
толтырады.
Өз ойларын еркін жеткізеді.
|