Материалдар / Мақта қыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақта қыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі арқылы балалардың ой өрісін кеңейту. Тілін дамытады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2023
190
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналау.

Мақсаты: ертегіні оқуға балалардың зейінің аударып,ертегіге деген қызығушылығын арттыру Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу. Балалардың сөздік қорын дамыту, ертегі кейіпкелерін ажырата білуге үйрету.Оның мазмұнын түсіндіріп,өз ойымен жеткізе білуге үйрету.Ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөліп сахналау,балаларды кішіпейілдікке ,мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, мазмұндау, түсіндіру,слайд, сұраққа жауап беру, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау,сөздікпен жұмыс.

Көрнекіліктер: Мақта қыз ,мысық,сиыр,тал,су,дүкенші,тауық ,жұмыртқа,қыздар,тышқанның суреті,слайд,ертегі кейіпкенрлерінің бетпердесі.

Сабақтың барысы:

I.Кіріспе бөлім

І.Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейікші:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тақырыпқа шолу жасау.

ІІІ. Жаңа сабақ. 

«Мақта қыз бен мысық».(қазақ халық ертегісі сахналау)

СЛАЙД

Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз:

Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:

Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:

Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.

Мақта қыз:

Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:

Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді

Мақта қыз:

Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады.

Сиыр, маған қатық берші! – дейді.

Сиыр:

Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.

Мысық ағашқа барып:

Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.

Ағаш:

Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.

Қыздар оған:

Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады.

Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.

Дүкенші:

Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады.

Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.

Тауықтар:

Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.

Мысық: «Енді не қыламын?» – деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.

Тышқан қорыққанынан:

Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді.

Мысық:

Маған бір уыс тары бер, – дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Сергіту сәті: Ертегілер әлемі әні. Орындайтын: Джуманова Мадина.

IV.Қорытынды:

Ертегі бойынша сұрақтарға жауап беру.

1. Мақта қыз немен дос болады?

2. Мақта қыз үйін жинап жүріп, не тауып алады?

3. Мақта қыз нені шақырады?

4. Мысық келмеген соң қыз не істейді?

5. Мысық не істейді?

6. Мақта қыз не істеді?

7.Балалар ертегі ұнады ма?
























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!