400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақта қыз бен мысық

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық оқу іс-әрекеті драма сабағын откізу барысында қолданылған. Материал өзіміз сияқты мектепалды даярлық топ тәрбиешілеріне қажет. Балалар ертегіні қызығушылықпен сахналайды. Сахналай отырып, кейіпкердің сөзін айту арқылы сөздік хорлары дамиды
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҰОҚ. Мақта қыз бен мысық

Мектеп / МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:Наркулова Д

Мектепалды даярлық сыныбы / топ:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу.
Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

  • Ертегіні тыңдай алады;

  • Ертегі кейіпкерлерін атай алады;

  • Тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береді;

Көпшілік тәрбиеленушілер:

  • Ертегіні мазмұндай алады;

  • Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажыратады

Кейбір тәрбиеленушілер:

  • Ертегіні сахналай алады;

  • Ертегінің мақсатын біледі;

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

  • Сөйлеу мәдениетін дамыту.

  • Сөздік қорларын молайту.



Талқыланатын сұрақтар:

  • Мақта қыз неліктен мысығына ренжіді?

  • Мысық не істеді?

  • Мысық құйрығын қайта алу үшін қандай шартты орындады?

Жоспар

Жоспарланған уақыт



ҰОҚ жағымды көңіл күй қалыптастыру


0 – 1минут

Жоспарланған іс-әрекет

Ұйымдастыру кезеңі:

Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді. Қане, сол қонақтармен сәлемдесейікші:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!
- Балалар, енді бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қараңдар.
Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме?(жауап)
Қандай ертегілерді білесіңдер?(жауап)

Ресурстар


II. Өмірлік тәжірибені белсендіру. Мақсатты тұжырымдау. 2 – 5 минут
















ҰОҚ-нің ортасы

III. ҰОҚ-нің тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 25 минут




































































































ҰОҚ-нің соңы Рефлексия 26 – 30 минут






















Өте жақсы, бүгін ертегіні оқып, түсініп, біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.


Ертегіні сахналау
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті.
Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады.
Мақта қыз (Мысығын шақырады)
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді)
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады.
Мақта қыз
:

Мысығым-ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш-піш деп,
«Мяу! -деп дыбыс бере ғой.

Тәрбиеші: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық-Санат:
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп –дейді

Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.

Сиыр
:

Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.

Ағаш
:

Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін
.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар:
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.

Тәрбиеші: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.

Тәрбиеші: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.

Тауық
:

Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

Тәрбиеші: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан
:
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін.
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.

Тәрбиеші: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды
мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын,- деп қатықты қызға берді.

Тәрбиеші: Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

Балалар менің ертегімді тыңдай отырып ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!
Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған апайларға да рахмет.
Келесі ертегіні тыңдағанға дейін қош сау болыңдар.







Ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық, сыпырғыш, инеағаш, маскалар, ағаш, тауық маскасы, тышқан киімі, шелек, мысық киімі, дүкен, сиыр киімі, мейіз, тары,қайшы.


1


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
2151
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі