400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Мақсаты: Ертегі желісі бойынша сюжеттік көрініс қою арқылы, баларға қуанышты көңіл күй сыйлау және ертегі мазмұны бойынша достық, әдептілік сынды жақсы қасиеттерді бала бойына дәріптеу. Кіріспе: Қайырлы күн құрметті ұстаздар және балалар. Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Балалар сендер ертегі көресіңдер ме? Сендер қандай ертегі білесіңдер? - Жәрайсыңдар балалар! Ендеше бүгін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашалаймыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.

Мақсаты: Ертегі желісі бойынша сюжеттік көрініс қою арқылы, баларға қуанышты көңіл күй сыйлау және ертегі мазмұны бойынша достық, әдептілік сынды жақсы қасиеттерді бала бойына дәріптеу.

Кіріспе:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар және балалар. Бүгін біз ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Балалар сендер ертегі көресіңдер ме? Сендер қандай ертегі білесіңдер? - Жәрайсыңдар балалар! Ендеше бүгін біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашалаймыз.

«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Автор: Ерте, ерте ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті. Ол екеуі бір үйде тұрып дос болыпты. Мақта қыз бір күні үй жинап жүріп бір мейіз тауып алады. Содан соң Мақта қыз мысығын шақырады. Қыз: Мысығым, мысығым, мысығым мысығым!.
Автор: Мысығы келмиді. Келмесең келме! – деп, мейізді мақта қыздың өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:
Мысық: -Мақта қыз мені неге шақырдың? Автор: Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
Мысық: -Ендеше қатығыңды төгемін! Мақта қыз: -Сен менің қатығымды төксең, мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!
Автор: Мысық қатығын төгеді де, мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: - Апа, апа құйрығымды берші! Мақта қыз: -Менің қатығымды төле!- дейді.
Автор: Мысық қатық іздеп жолға шығады да кенеттен бір сиырға жолығады.
Мысық: -Сиыр, сиыр маған қатық берші!
Сиыр: -Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берсең мен саған қатық беремін!
Автор: Мысық жапырақ іздеп тағы да жолға шығады. Жолда ағашқа жолығады.


Мысық: -Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! Ағаш: -Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін!
Автор: Мысық суға бара жатса, жолда су әкеле жатқан қыздарды көреді. Мысық қуанғанынан қыздарға барып:
Мысық: -Қыздар,қыздар, маған су беріңдерші, өтінемін!
Қыздар оған:
-Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз мысық!
Автор: Мысық сағыз алу үшін дүкен іздеп жолға шығады, кенет алыстан бір дүкенді көзі шалған мысық дереу дүкенге қарай бет ала жөнеледі.
Мысық: -Әй дүкенші, дүкенші маған сағыз берші!
Дүкенші:
-Маған жұмыртқа бер, сосын саған сағыз беремін!
Автор: Шаршаған мысық жұмыртқа іздеп бара жатқанда жолда тауықтарға жолығады.
Мысық: -Тауық,тауық, маған жұмыртқа беріңші!
Тауықтар:
-Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз,! Автор: «Енді не қыламын?» - деп әбден шаршаған мысық жолда кетіп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді де, дереу мысық тышқанға бас салады.
Мысық: -Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққаннан:
-Үйімде бір табақ тары бар,- дейді
Мысық:
-Маған бір уыс тары бер, -дейді.
Автор: Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді: мысық тарыны тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді; қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді;жапырақты апарып сиырға береді; сиыр қатық береді; қатықты мақта қызға береді, мақта қыз құйрығын береді.

Қорытынды: Мінекей балалар осылайша Мақта қыз бен мысық қайтадан дос болып, тату-тәтті өмір сүріпті.

Ал достық дегеніміз – әрбір адам өміріндегі маңызды қарым – қатынас болып табылады. «Жаңа екі достан, ескі бір дос артық» деген жақсы сөз бар.

Достық барлық адамға қажет, тіпті дос – адам жанының айнасы тәрізді депте жатады. Достық дегеніміз – ортақ қызығушылық, түсіну және сенім сынды ортақ қасиеттер негізінде құралады да ол мәңгіге жалғасатын ұлы сезім. Балалар сендер де болашақта достыққа адал, уәдеге берік, ақылды да әдепті бала болатындарыңызға сенемін!

Ән: «Ертегілер» мамандардың орындауында!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27.02.2019
2652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12