|
Мотивациялық –
қозғаушылық
|
-Сабаққа
дайындық:
- Бүгін аптаның нешінші
күні?
-Жылдың қай
мезгілі?
-Көктем мезгілінің қай және
нешінші айы?
-Неше жыл мезгілі
бар?
-Төрт жыл мезгіліне байланысты
өлеңдерді еске түсірейікші.
-Өте жақсы, ендеше орнымыздан
тұрып шаттық шеңберін жасайық.
-Шаттық
шеңбері:
Отаным менің
кең-байтақ,
Жайнаған сансыз
қаласы.
Жайқалған жомарт
даласы,
Ел-Отан біздің
кең-байтақ,
Отанның біздер
баласы.
-Өлеңде не туралы
айтылған?
-Отан туралы қандай
мақал-мәтел білесіңдер?
-Отанға нелер
жатады?
-Біз қай мемлекетте тұрып
жатырмыз?
-ҚР рәміздерің білесіңдер
ме?
-Астанамыз қай
қала?
-Қай қалада
тұрамыз?
-Келіп жүрген балабақшаның аты
қалай аталады? Тобының ше?
-Балалар, бүгін біз сабақта
«Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлерін еске түсіріп,
мысыққа көмек көрсетеміз.
|
-Балаларлар
жауабы.
-Шеңберге тұрып, өлең жолдарын
айтады.
-Отан
туралы
-Мақал-мәтел
айтады.
-Балалардың
жауабы
-Қазақстан
-Ту, елтаңба,
әнұран
-Астана
-Көкшетау
-«Ертөстік» балабақшасы,
«Аққу» тобы.
|
|
Ұйымдастырушылық
– ізденістік
|
Кіріспе
әңгіме:
-Балалар ертегі кейіпкерлерін
атап шығыңдаршы. Осы аталған сөздерде неше буын бар екенін
табыңдар. Осы сөздің басты әріптерін атап, оның дауысты не дауыссыз
дыбыс екенін ажыратыңдар.
-Дыбыс пен әріптің
айырмашылығы неде?
-Осы сөздерге дыбыстық талдау
жасаңдар.
-Ендеше, мысыққа көмек беруге
кірісейік:
1. Сиырдың
тапсырмасы:
А)Бейнеленген суреттер бойынша
ертегі-әңгімелердің атын атап беріңдер.
Ә)Дидактикалық ойын: «Белгілі
дыбысқа сөз таңда»
Шарты: Ертегідегі
кейіпкерлердің бас әріпіне сөз
құрастырады.
2. Ағаштың
тапсырмасы:
А) Сергіту сәті:Тербеледі
ағаштар,
Алдымнан жел
еседі.
Кіп-кішкентай
ағаштар,
Үлкен болып
өседі.
Ә)Дидактикалық ойын: «Бауда
ма, бақшада ма?»
Шарты: Әр баланың қолына
жемістер мен көкөністерді таратып беріп, қайсысының қайда өсетінін
ажырату.
3. Қыздардың
тапсырмасы:
А)Дидактикалық ойын: «Не
артық?»
Шарты: Құлақпен есту арқылы
артық сөзді табу және неге артық екенін
айту.
Мыс: Алма, алмұрт, қарбыз,
қаңқыз
Ә)
Дидактикалық ойын: «Бір
сөзбен ата»
Шарты: Аталған сөздердің жалпы
атауын атау.
Мыс: арқар, қабан, қасқыр,
түлкі – жабайы жануарлар, т.б.
4.Дүкеншінің
тапсырмасы:
Дидактикалық ойын: «Буынды
жалғастыр»
Шарты: Берілген буынға буын
қосып сөз құрастыру. Мыс: түл-...(кі), си-...(ыр),
т.б.
Б) Құрастырған сөздерді
қатыстырып, схемаға сүйене отырып сөйлем
құрастырыңдар.
5. Тауықтың
тапсырмасы:
Жұмбақ
жасырады:
Бір көзім «кідір», -
дейді,
Бір көзім «жүгір», -
дейді,
Бір көзім «абайла», -
дейді,
«Қарап ал маңайға», - дейді.
Ол не?
-Бағдаршам не
істейді?
-Көліктердің атауларын
атаңдар.
-Көліктерді кімдер
жүргізеді?
-Тағы қандай мамандықты
білесіңдер?
6.Тышқанның
тапсырмасы:
Маған мына
суреттердің ішінен берілген әріптен басталатын сөздерді тауып
беріңдер.
|
-Балалар атайды (Мақта қыз,
мысық, сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші,
тышқан)
-Балалар тапсырмаларды
орындайды.
-«Қасқыр мен ит», «Әтеш пен
тоты», «Алдаркөсе мен бай», «Екі әтеш», «Ақылды лақ»,
«Айна»
-Сөз
құрастырады
-Сергіту сәтін қимылмен
орындайды.
-Ойын шарты бойынша
орындайды.
-Артық сөзді тауып, неліктен
артық екенін айтады.
-Ойын шарты бойынша
орындайды.
-Тәрбиешінің айтқан буынға
буын жалғап, сөз құрастырады.
-Сол сөзді қатыстырып схема
бойынша сөйлем құрастырады.
-Жұмбақтың шешуін
табады.
-Бағдаршам
-Көшедегі көліктердің жүрісін
реттеп отырады.
-Балалардың
жауабы.
-Жүргізуші
-Балалардың
жауабы
-әр бала жеке жұмыс
жасайды
|