«Мақта қыз бен мысық» ертегісін
сахналау.
Сабақтың
мақсаты: Ертегілер туралы
білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын
дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, ертегі кейіпкелерін
ажырата білуге үйрету, балаларды
еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс
–тәсілдер: сұраққа жауап беру, «Мақта қыз
бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.
Қажетті
нәрселер: Ортада үстел үстінде ыдыстар,
шелек,
мақта қыз, мысық, сиыр, ағаш, дүкенші, тауық,
тышқан киімдері.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Ерте, ерте, ертеде, Ешкі құйрығы
келтеде,
Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті. Мақта қыз үстел
үстін
реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып
алады.
Мақта қыз:
-Мысық, мысық. Қайдасын?
Мақта
қыз: Мысығым-ау,
мысығым,
Таңертең де, кеште де, Бетін жуған
пысығым.
«Мяу! -деп
дыбыс бере ғой.
Мысық:
-
Мақта
қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта
қыз: -Айтпаймын!
Мысық: -Ендеше, мен сенің қатығыңды
төгемін.
Мақта
қыз: - Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен
сенің құйрығыңды кесіп аламын!
Мұғалімі: (құйрығын
кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта
қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып
бер!
Мұғалімі: Сөйтіп,
мысық сиырға келеді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық
берші!
Сиыр: Сен маған
жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Мұғалімі: Сөйтіп,
мысық ағашқа барады.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ
берші!
Ағаш: Маған су
әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Мұғалімі: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан
су тасып жүрген қыздар шығады.
Мысық: Мяу, қыздар маған су
беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге
дүкеннен сағыз әкеліп бер, біз саған су береміз.
Мұғалімі: Сөйтіп,
мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз
берші.
Дүкенші: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз
беремін.
Мұғалімі: Мысық әбден
шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа
берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз
ашпыз.
Мұғалімі: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін
білмей отырып
қалады. Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді
қаза бастайды.
Мысық: Айт, үйіңде не бар?
Жаныңның барында айт, тез,
әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық: «Қошақаным» әнін айтып береді. Жазда
апамның аулына,
Барып едім қыдырып. Бір қошақан алдымнан, Шықты
ойнақтап жүгіріп.
Мұғалімі: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір уыс тары
береді, мысық дәнді тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді,
мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа
сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді,
қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа
құяды,
шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді.
Жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық
береді.
Мұғалімі: Мысық қуанып, қатықты мақта қызға
береді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық
болмаймын, айтқаныңды
тыңдаймын.
Мұғалімі: Сөйтіп Мақта қыз қатығын, мысық құйрығын
қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген
екен.