Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мақта қыз ғажайып әлемінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы

Тұрар Рысқұлов ауданы

Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Көлбаева Анар Жолдасбекқызы

Жаңа жылдық ертеңгілік «Мақта қыз ғажайып әлемінде»

Іс -шараның мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Жаңа жыл мерекесінде ертегілердегіде болатын ғажайып сиқырларға , тосынсыйларға ,Аяз ата мен Ақшақардың болатынына сендіру. Мереклік ән-билерді айтуға баулу. Мерекеде бір-біріне тілек айтуды, қуаныш сыйлауды үйрету.



Іс-шараның көрнекліктері: Безенділген шырша, Аяз ата мен Ақшақар, сыйлықтар, ертегі кейіпкерлері, жаңа жыл мен ескі жыл, сыйлықтар ,ән-билер.



Жүргізуші: Армысыздар , құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз.

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы көп болсын жаңа жылға.

Дей отырып, мектепалды даярлық сыныбы оқушыларының дайындаған «Мақта қыз ғажайып әлемінде» атты жаңа жылдық мерекемізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Әр баланың балалық шағы, өскенде естерінде ертегі болып қалатыны анық.Балалардың сүйіп тыңдайтын ертегілері «Бауырсақ», «Мақта қыз бен мысық» , «Үш аю», «Жеті лақ», «Алдар Көсе» т.б. екенін білеміз. Сіздерді балалық шақтарыңызды еске түсіруге «Ғажайыптар әлеміне » шақырамыз. Ғажайыптар әлемінде сиқыр да, ғажайптар да , тосынсыйда болады.

Жүргізуші: Ортаға ертегі кейіпкерлерін шақырамыз./ музыкамен балалар отаға шығады/

Ертегі әлемі

Қандай өзі әдемі

Жасыл шырша жанында

Барлық достар жиналды.



Жүргізуші: Ой балалар қараңдаршы бізге кім қонққа келді ?



Мақта қыз: Мен Мақта қызбын . Сіздер кімсіздер, мен қайда адасып келдім?



Балалар: Біз ертегі кейіпкерлеріміз. Сіз ғажайыптар әлеміндесіз. Бұл жерде сиқыр да ғажайыптар да болады.

Балалар: Ал, сіз қайдан адасып жүрсіз?

Мақта қыз: Мен мысығымды іздеп жүрмін. Мысығы маған ренжіп үйден кетіп қалды, соны іздеп шығып, орманда адасып қалдым.

  • Ал сендерге не болды? Көңіл-күйлерің жоқ қой.

Балалар: Жаңа жыл жақындап қалды , Аяз Ата мен Ақшақар да келген жоқ. Қар да жаумады. Аяз Ата мен Ақшақарсыз Жаңа жылды қарсы аламыз.

Мақта қыз: Онда бәріміз Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар мен Мақта қыз: Аяз Ата ! Ақшақар! –деп шақырады.



Мақта қыз: : Балалар, қараңдр, Көптен күткен Аяз Ата мен Ақшақар да келді .



Аяз Ата, Ақшақар : Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын!

Аяз ата:

Армысыздар халайық !

Бармысыздар халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!



Ақшақар:

Келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер



Мыстан кемпір: Алай- дүлей, боран соғып кетеді, Мен келдім ,мен келдім ! Мен Мыстан кемпірмін ! Бәрің неге жиналып қалғансыңдар?

Балалар: Біз Жаңа жылды күтіп жүрміз.

Мыстан кемпір: Жаңа жылды болдырмаймын! Жаңа жыл болмайды! Ғажайып та болмайды!

Мақта қыз: Мыстан кемпір, мысығымды сен алып кеттің бе? Сен бәрін бүлдіріп жүресің ғой.

Мыстан кемпір: Сенің мысығың мен де, егер сендер маған би билеп берсеңдер , сонда мысығыңды беремін- деп мыстан кемпір уәде береді.

Балалар : Мақта қыз мұңайма , біз сізге көмектесеміз.

Жұргізуші: «Ақшақар » биі. Малика, Жанна, Алина, Нұрбану, Аружан, Мадина

Аяз Ата : Мыстан сен балаларға тиіспе ,одан да балалармен мерекені тойлап, бір жақсылық жаса.

Мыстан кемпір: Жарайды! Сендердің көңіл- күйлеріңді бұзбаймын. Сендер мен брге ән айтып би билеп көңіл көтерейін.

Аяз Ата: Балалар сендердің көңіл –күйлерің жоқ қой. Кәні , бәріміз ән айтып , би билейік.

Мақта қыз: : Аяз Ата сізге арналған балалардың әндері бар , соны айтсын.

Аяз Ата: Айта қойыңдар!

Жүргізуші: Ән «Аяз Ата» Тұңғыш Аружан.



Таяғы бар қолында

Қар борайды соңында

Қандай сыйлық бар екен 2 рет

Арқалаған қабында 2 рет



Қаптың аузы ашылды

Ойыншықтар шашылды

Аяз ата би-билеп 2 рет

Әнімізге қосылды 2 рет



Аяз Ата: Балалар, қазір қандай жыл, кім біледі?

Балалар: Қой жылы.

Жүргізуші: Ортаға қой жылы келеді/ осы кезде әуенмен қой кіреді/

Қой жылы : Армысыңдар, бүлдіршіндер! Сәлеметсіздер ме, Аяз ата мен Ақша қар!

Сіздерді көргенімен қуаныштымын. Бір жыл деген зымырап өте шықты.

Балалар, айтыңдаршы, биыл қандай жыл келуші еді?

Балалар: Мешін жылы!



Саққұлақ:

  • Тұра тұрыңдар! Мен бір дыбыс естіп тұрмын, жұрістің дыбысы./Саққұлақ құлағын жерге тосады/

Аяз Ата: : Бұл кім болды екен ?

Ит жылы: Ассалаумағалейкум, ағайын! Ассалаумағалейкум,Аяз ата!

Сәлеметсіз бе тауық ! Армысың , Ақша қар!

Аяз ата: Уағалейкумассалам !

Ит : Дәл өзімін. Рахмет балалар ! Мені шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет! Мен сендермен Жаңа жылды қарсы алуға келдім.

Халқыма тыныштық, көршілестерімен тату болар , құтты жыл болсын!



Жаңа жыл баршаңды,

Кенелтсін зор бақытқа.

Білмеңдер бір шаршауды,

Бөлеңдер шаттыққа!



Тауық : Айналайын достым келші, құшақтап қарсы алайын.

Ит: Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы , ел тілегіне сыйлы болуға ант етемін!

Мақта қыз: Бәріміз жиналдық шыршамыздың шамын жағайық.

Ән: «Елочка» Раимкулова Малика.

Аяз Ата мен Ақшақар: Балаларым, тағы қандай өнерлерің бар! Кәне ортаға салыңдар . Мен де сендерге алып келген ғажайып сыйлықтарым бар.

Жүргізуші: «Бауырсақ» ертегісін сахналау



Атасы: Азатбек А

Әжесі: Қалдыбай А.

Бауырсақ: Саби А

Қоян: Аблежан А

Аю: Елубаев Н

Қасқыр: Мақпалбай Н.

Түлкі: Берікбай Ұ



Аяз Ата: Жарайсыңдар ! Өнерлі екенсіңдер!

Мақта қыз: Аяз Ата балалар билеп береміз - дейді Би «Тұлпарым» Ақжан, Нұржан, Аян, Мейіржан, Ерасыл

Балалар: Аяз Ата ! Жаңа жыл мерекесінде қар жаумады ? Сізде ғажайыптар болады ғой.

Аяз Ата: Сендер маған тақпақтарыңды айтып беріңдер. Сонда қар да жауып қалады.

Мақта қыз: : Менің достарымның Жаңа жылға, АязАта мен Ақшақарға арнаған тқпақтары бар екен. Соны тыңдайық.

1-бала 2- бала

Жылда осылай келеді, Борандатып,аққарлатып

Көп қуаныш береді, Аяз ата келеді.

Шашу етіп біздерге, Ақ көңілмен, пәк көңілмен

Ақ күмісін төгеді. Бізге сәлем береді.



3-бала 4-бала

Аяз ата, аяз ата Сақалы ақ, мұрны қызыл

Сені күтіп жүрдік біз, жылы екен жүзі де,

Томпаң қағып, арқаланып Кірпігі ақ, ерні қызыл

Келеріңе сендік біз. Мейрімді екен көзі де.



5-бала 6-бала

Аппақ көше, бар дала Аулада ойнап, шулайды,

Аппақ ойлар, қыраттар. Қар лақтырып балалар.

Ақ шатырлы қар қала, Сырғанақта зулайды

Ақ жамылып тұр бақтар. Шаңғышылар, шаналар.



7-бала 8-бала

Оралды өлкеме, Аспан жерге төгеді

Жаңа жыл армысың! Ақ күмісін уыстап

Оранды ақ көрпе Жаңа жылда келеді

Асқар тау, қарлы шың Бізге қарай жылыстап



9-бала 10-бала

Өлең де әзір, ән әзір, Ақ көрпесін жапты да,

Ойын да әзір, бәрі әзір. Аяз кенет аптыға

Кел, Жаңа жыл, біздерге Айналаны үрледі,

Кел,Жаңа жыл, Жаңа жыл! Ақ бораны гуледі.



11-бала 12- бала

Ақ боран-ау,ақ боран, Жас ұланмын шыныққан

Алай-дүлей,соқ боран Жасқанбаймын суықтан.

Ақ қар ұшып үйірілсін Қардан жасап Аққала

Ауламызға үйілсін. Сырғынаймын шаттана



13-бала 14-бала

Қыс келді,қыс келді, Сақалы аппақ күмістей,

Ақтарып ақ қарды. Тістері аппақ күріштей

Жон аппақ түске енді Қызыл ала шапаны,

Аралап қайтайық, Сағындым аяз атаны

Ақ күміс бақтард



15-бала

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр Ақшақар

Көптен күткен сағынып

16-бала 17-бала

Орала ма ол енді? Далада қар борайды,

Айтар едім өлеңді. Ақ мамыққа орайды,

Жылдамырақ келсе екен, Мұз болады- қатады.

Бізге ойыншық берсе екен. Жып-жылтыр болып жатады.



18-бала 21- бала

Жаңа жыл.

Жасыл желен жамылған, Аппақ, аппақ, ақша қар

Асыл моншақ тағылған. Жапты біздің көшені

Міне сұлу шыршамыз Ақ жамылды бақшалар

Көптен күтіп сағынған. Біздің еккен кещегі.



19-бала 22-бала

Сақалы аппақ мүмістей, Әкелді жыл ырыс-құт

Тістері аппақ күріштей. Әлемде той тыныштық

Қызыл ала шапаны Жарқын өмір жаңаша

Сағындым Аяз Атаны. Жаңа жылым –тамаша.



20-бала 23- бала 24- бала

Ақ қырауға малынған Аралайды бақшаны, Аппақ, аппақ дала

Сақалы да мұрты да. Үзілмейді жақсы әні. Аппақ ауыл- қала

Аяз ата сағынған Гүлденеді бақшалар Жапалақтап ақша қар

Сәлем бердік жұртына. Жауса жаусын ақшақар! Жауа берсін, жауа!



Аяз Ата: Жарайсыңдар балалар! Ал, келіңдер , Аяз Ата мен Ақшақардан сыйлықтарыңды алыңдар / сыйлықтарды береді/

Ақшақар: Бәріміз бірге Жаңа жылдық ән айтайық ! Келіңдер балалар!



Хор: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Сол кезде , балалардың тілегі орындалып, аспаннан жапалақтап қар жауады.

АязАта: Міне балалар сендер ғажайыпқа сендіңдер, тілектерің орындалды.

Балалар әрқашан ғажайыпқа сеніңдер! Сонда барлық тілектерің, армандарың орындалады!

Балалар: Біз ғажайыпқа сенеміз!

Мыстан кемпір: Менде сендермен дос болғым келіп ,сендердің ғажайыптар әлемінде қалғым келіп тұр.

Балалар: Жарайды, бірақ ешқашан жамандық жасамауға уәде бер!

Мақта қыз: : Ал балалар, Аяз ата мен Ақша қарды біз сияқты күтіп отырған балалар бар. Аяз ата мен Ақша қарды шығарып салайық.



Ақша қар:



Жаңа жылдың шырақтары жанып тұр,

Бара жатыр қараңғы түн нұрланып.

Шырқай берсе таусыла ма әніміз,

Жаңа жылың құт болсын ағайын!



Аяз ата: Жаңа жылға бата.



Аппақ қардай көңіліміз пәк болсын

Аппақ қардай арамызда ақ болсын

Жаңа жылға жаңа қадам басайық

Бір Алламыз жанымызға жақ болсын!



Жүздеріңнен көркем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың

Жаңа жылдарың құтты болсын балалар



Балалар: Қош сау бол Аяз ата, Ақшақар! Ескі жыл!



Жүргізуші: Осымен мектепалды даярлық сыныбының мерекелік ертеңгілігі аяқталды.

Жүргізуші: Сөз кезегі қонақтарға беріледі./ ұстаздар, ата-аналар/















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
387
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі