жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
МАҚТАНЫ ЗИЯНКЕСТЕРДЕН ҚОРҒАУ ӘДІСТЕРІ
МАҚТАНЫ зиянкестерден қорғау әдістері
Орындаған: Айдын Тұрғараева
Жетекші: Ассаурбек Оспанов
Мақтарал аграрлық колледжі
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Призиденттің Жолдауында, Қазақстан әлемде ең ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі болуы қажет деп айтып өткен еді [1].
Елбасы үкімет пен ел алдына ауыл шаруашылығы ғылымын басым бағытта дамыту қажет екендігін, өндірістің тиімділігі мен өнім сапасының артуы қолданбалы аграрлық зерттеулерді дамытуға және пайдалануға, қазіргі бар технологияға бейімделуге және өндірушілерге жаңа технологиялар беруге тікелей байланысты екенін атап көрсетіп келеді.
Осы орайда әртүрлі келеңсіз жағдайларға төзімді жаңа мақта сорттарын өндіріске ендіру, топырақ құнарлығын арттыру, мақтаны зиянкестерден қорғау мақсатындағы ғылыми-негізделген тиімді ауыспалы егіс тізбектерін жетілдіру, нарық заманындағы отандық мақта өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мақта қозасын баптаудағы жаңа технологияларды жасап шығару оны өндіріске енгізу басты мақсат болып табылады.
Мақта қозасын әр түрлі зиянкестер зақымдайды. Бүгінгі таңда олармен жүйелі түрде күресу мақта саласындағы ең негізгі өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан мақта өнімін арттыруда, мақта зиянкестерімен күрес шаралары маңыздылық танытады.
Мақтаарал ауданында ауылшаруашылық өнімдерінің ішінде ең негізгі дақыл – мақта өндірісі болып саналады. Жалпы Мақтаарал ауданының топырақ-климаттық жағдайы және ауа-райының қалыптасу ерекшелігі, ауылшаруашылығының барлық саласын дамытуға өте қолайлы. Қазақстанда мақта дақылы, бидайдан кейінгі екінші стратегиялық маңызы бар, әлеуеті жоғары экспорттық ауылшаруашылық өнімі болып есептеледі [2].
Ғылыми жұмыстың жаңашылдығы: Мақта қозасын әр түрлі әрі көптеген организмдер – шыбын-шіркейлер, кене, басқа да омыртқасыз жәндіктер, сондай-ақ ұсақ микроорганизмдер – уақ саңырауқұлақтар мен бактериялар қорек етеді. Қозаның басты зиянкестері – өрмекші кене, бақша, акация (қараған), мақта биттері, темекі құрты, мақта көбелегі, қара күйе, күздік көбелек т.б. болып табылады.
Бүгінгі таңда мақтаның ең негізгі жауы – мақтанық көсек құрты, олармен жүйелі түрде күресу мақта саласындағы ең негізгі проблемалардың бірі болып отыр. Мақта көбелегіне қарсы күресудің агротехникалық, биологиялық және химиялық қорғау әдістері қолданылады.
Мақта қозасына өткен 2017 жылы зиянкестерден көптеген зақым көріп, мақта өнімділігіне кері әсерін тигізді. Өткен жылы зиянкестердің арасында көсек құрты мен өрмекші кенесінің өсіп-дамуына колайлы жыл болды.
Сондықтанда мақта зиянкестеріне қарсы жаңа препараттарды қолданудағы, Амплиго препаратын қолдану, оның тиімділігін зерттеу, осы жұмыстың жаңашылдығы болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Мақта зиянкестеріне қарсы химиялық күрес әдістері бойынша Амплиго препаратының мақта көсек құртына қаншалықты тиімділікті екенін зерттеу мақсаты болып табылады.
Амплиго препараты – мақта зиянкестеріне қарсы жоғары тиімділікті кешенді инсектицид болып саналады. Әсер ететін заты: хлорантранилипрол, 100г/л+лямда-цигалотрин, 50г/л. Химиялық класс: антраниламид+ пиретроид. Препараттық үлгісі – микрокапсульдық сұйықтық.
Мақта алқабын бақылау және өңдеу
Әдеби
шолу: Мақта
көбелегі (көсек құрт)
— алдыңғы қанаттарында
дөңгелек теңбілі бар қоңырқай сары
түсті
көбелек; ақшыл-сары түсті артқы
қанаттарынын орта түсында қара
қоңыр жолы және аяққы шегінде қарақоңыр
жолағы болады. Тұрқының
ұзындыгы 12-18 миллиметр. Қоңыр
көбелек 14-27 күн тіршілік етеді, осы
мерзімнің орта тұсында күніне
25-30 жұмыртқа салады. Бүкіл өмірінің
барысында ұрғашысы нашар
жетілген жылдарында 300-400, ал, жаппай
көбейген жылдарында 1000
және одан да астам жұмыртқа салады.
Жұмыртқасы ақ, шар түрінде,
диаметрі 0,5 миллиметр болып келеді.
Онысы қоза жапырақтарында жеке-жеке
шашылып жатады.
Өрмекші кене
Өрмекші кене - мақта қозасының көптеген зиянкестерінің ішінде ең қауіптісі болып саналады (Tetranychus telarius L). Қауіпті зиянкес бола отырып кене өсімдіктердің 250 астам түріне зиян келтіреді. Ол Қазақстанның мақта өсіретін Оңтүстігінде көптеп кездеседі. Көктемде кене мақталық алқаптарға арамшөптерден өтеді. Әсіресе кененің көбейуі шаң жолдардың жағасындағы мақталықтарда көп байқалады. Ауа-райына қарай өрмекші кене өсімдіктің өсіп жетілу кезеңінде 10-12 ұрпақ өрбітеді. Өрмекші кене мақта қозасының бүкіл өніп өсу кезеңінде ұрпақ өрбітіп, көбейеді [3].
Өрмекші кене қоза жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Аузының қылшықтарын жапыраққа қадап, оның сөлін сорып алады. Жапырақтың зақымданған жерлері бірнеше күннен кейін астынан қоңырланып, үстінен қызарып шыға келеді. Сөлі сорылған өсімдіктің өсуі кешігеді, жапырақтары мен көсектері түседі, ал қауашақтары қаудырап, жеңілдеп қалады. Өрмекші кененің келтіретін зияндылығы, оның мақталық алқаптарды залалдау уақытының үзақтығына және олардың санына байланысты болады.
Кене өсімдікті мамыр-маусым айларында зақымдаса, қозаның өнімі 50-60 пайызға, шілдеде зақымдаса - 25-40 пайызға, тамызда зақымдаса-5-10 пайызға кемиді. Қатты зақым шеккен бұталар мүлде өнім бермейді.
Өрмекші кене өте тез өніп-өсіп көбейеді. Ұрғашысы өз өмірінде, жағдай қолайлы болса, 100-140 жұмыртқа салады, кейде мұнанда көбейтеді, ал 2-3 күннен кейін жұмыртқадан алтыаяқты қуыршақ кене шығады. Ұзындығы 0,1 мм келетін бұл қуыршақтар 1-2 күннен кейін ақ жетіліп қалады. Осыдан соң қуатына еніп, ересек кенелер секілді 4 жұп аяқты жәндікке айналады, олардан айырмасы - тұрқының қысқалығы ғана. Енді 3-5 күннің ішінде олар толық ересек кенегі айналады, ал ұрғашылары жұмыртқа салуға кіріседі.
Қазіргі таңда мақтаның көсек құртына қарсы тиімді әдістері қолданылады. 1) Зиянкестің санын келесі жылы азайтуға бағытталған ұйымдастыру шараларына, мақта көбелегінің қыстауға кететін соңғы ұрпағына қарсы химиялық дәрілеу шараларын ұйымдастыру. 2) Егіс алқаптарын тегістеу, ол егістердің тегіс суарылуын қамтамасыз етеді, нәтижесінде кейбір алқаптарда су жиналып қалмайды, яғни мақта көбелегінің дамуы үшін қолайлы жағдай жасалмайды. 3) Мақта көбелегіне қарсы күрес алып баруда зиянкестердің ошағы болған алқаптарда егістерді тәртіпсіз орналастыруға жол бермеу керек. Жүгері, помидор сияқты зиянкес ең жақтыратын азықтары болып саналатын дақылдарды мақталық алқаптаптардан шеттеу егіп, оларда агротехникалық қыру амалдары орындалуы тиіс. 4) Зиянкестің жаппай жұмыртқалауы мен бірінші жастағы кіші жұлдызқұрт кезеңінде қозаның ұшын қолмен шырпып, өсу ұштарын қапшықтарға жинап, даладан алып шығып көміп тастау керек. Жүргізілген анықтауларға қарағанда бұл шара мақта көбелегінің тұқымдары мен жас құрттарын 40-55%-ға жоюға жәрдем береді.
Күресудің химиялық шаралары бойынша мынадай инсектедцидтер қолданылады (л/га): Амплиго – (0,25), Альфагард, 10% Э.К. (0,3), Арриво, 25% Э.К. (0,32), Атаброн, 12% Э.К. (0,8), Данитол, 10% Э.К. (0,2), Децис, 2,5% Э.К. (0,7), Каратэ, 5% Э.К. (0,5), Кинмикс, 5% Э.К. (0,6), Нурел Д Э.К. (1,5), Ровикурт, 25% Э.К. (0,8), Суми-Альфа, 5% Э.К. (0,5), Талстар, 10% Э.К. (0,3), Устад, 10% Э.К. (0,5), Фьюри, 10% Э.К. (0,3), Шерпа, 25% Э.К. (0,32).
Ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте химиялық әдіспен және қозалық алқапты алдын-ала өңдеуде мақташылар мұнымен қатар неғұрлым арзан, қолы жетімді әрі экологиялық жағынан қауіпсіз күрес әдісін де қолданып келеді. Зиянкестерге қарсы күрестің бұл әдісі ерте бастан, олар жаппай тарылып кетпей тұрғанда қолданылады. Мақта естігіндегі ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте трихограмма және габрабраконды өсіру неғұрлым кеңінен тараған. Трихограмма 100 өсімдікте 2-3 жұмыртқа табылғанда пайдалану керек. Жұмыртқа салудың алғашқы кезеңінде, жаппай жұмыртқа салу кезеңінде және 4-5 күн өткеннен кейін 1 гектарға 60-80-60 мың мөлшерінде жіберіледі.
Габрабракон 100 өсімдікте 2-3 жұлдыз құрт анықталғанда 1 гектарға 100 аналығын және 100 аталығын жіберу қажет.
Өзіндік зерттеулер: Осы зиянкестермен қарсы күресу шаралары бойынша «Бағдат» шаруа қожалығында, жаңа Амплиго препаратын өндірістегі тиімділігін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізілді. Зерттеулердің қорытынды нәтижелері төменгі кестеде көрсетілген.
Кесте 1- Көсек құртына қарсы күрес шараларының тиімділіктері
Нұсқа |
Көсек саны, 1 өсімдік/дана |
Зақымданғаны, дана |
Зақымданғаны, % |
Өнімділік, ц/га |
Бақылау- қолданусыз |
14,1 |
10,0 |
70,9 |
12,4 |
Химиялық әдіс– Амплиго – 0,250 л/га |
14,4 |
2,2 |
15,2 |
33,2 |
Биологиялық әдіс –габрабракон, трихограмма |
14,6 |
5,7 |
39,0 |
25,2 |
Мақта көбелегі Мақта құрты
Қорытынды: Қорыта келе, 2017 жылғы жағдайдағы «Бағдат» шаруа қожалығында жүргізілген зерттеулер нәтижелеріндегі, мақта қозасының көсек құртына қарсы шара бойынша химиялық қорғау әдісі жақсы тиімділік көрсеткені айқындалды.
Мақта вегетация кезегіндегі көсек құртына қарсы күрес Амплиго препаратының тиімлігі гектарына 0,250 л/га, үш рет қолданғанда, зақымданған көсек саны әр түпте 2,2 дана болып, өнімділігі 33,2 ц/га құрады. Яғни бақылау нұсқасымен салыстырғанда зақымданғаны 7,8 данаға кем болса, өнімділік 20,8 центнерге жоғары болды.
Химиялық әдіс бойынша Амплиго препаратын қолдану, зиянды жәндіктерді жоюдағы тиімді препарат екені тәжірибе жүзінде айқындалды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Н. Назарбаевтың жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», 31.01.2017 жыл, Астана
И. Үмбетаев. Қазақстанның мақта егетін аймақтарындағы суармалы егіншіліктің ғылыми негізделген жүйесі // Print-S. – Алматы. -2011. Б. 125-126.
И. Үмбетаев. Ж. Батькаев. Қазақстан Республикасының оңтүстігінде қоза баптау жүйесі. Құс жолы баспасы Алматы 2000 ж. Б. 93-103.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген