Атырау облысы
Индер ауданы
«Жауқазын» мектепке дейінгі
бөбекжайы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық
картасы
Білім беру саласы:
Таным.
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: «Мақтанышым-Мемлекеттік
рәміздер»
I-кіші «Күншуақ» тобы
Тәрбиеші:Ш.Гиндуллина
2016 жыл
Сабақтың тақырыбы:
«Мақтанышым – мемлекеттік
рәміздер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру және еліміз
үшін асқақ сезім екеніндігін,әрбір
бөлшегіндегі ұлтты символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік
белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту
керектігін түсіндіру
Тәрбиелік:Оқушыларды
ұлтжандылыққа, өз елін, жерін, атамекенін сүюге тәрбиелеу, елі үшін
мақтаныш сезімін бойларына ұялату;
Дамытушылық: Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін, тіл
байлығын дамыту.
Көрнекіліктері:Интерактивтік тақтаға арнайы дайындаған
слайдтар.
Тәрбиеші:Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Біз
бақытты баламыз,-
дей
отырып, «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер» атты ашық сабағымызды
бастаймыз.
Балалар орнынан тұрып Қазақстан Республикасының
мемлекеттік гимінін орындайды.
Тәрбиеші: Балалар, сендер қандай ән
орындадыңдар?
Балалар:Қазақстан Республикасының гимінін
орындадық.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, әрбір республиканың өз
ерекшелігін білдіретін гиміні, туы, елтаңбасы болады. Біз оны
рәміздер деп атаймыз. «Менің рәміздерім»
бөліміне кезек берейік
(Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік
беріледі.)
Тәрбиеші: Мынау-біздің туымыз. Туда – не бейнеленген, түсі
қандай?
1-бала: Тудың түсі – көк, аспанның түсіне ұқсайды.
Ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр. Төрт бұрышты,
қазақтың ою –өрнегімен бейнеленген.
Тәрбиеші: Мынау- біздің гимініміз.Гимінді – не
істейміз?
2-бала: Гимінді- жаттаймыз, айтамыз,
шырқаймыз.
Тәрбиеші: Мынау – біздің елтаңбамыз. Елтаңбада - не
бейнеленген?
3-бала: Елтаңбада-шаңырақ, екі жағында
тұлпар,ортасында«Қазақстан» деген жазуы бар, егін,жұлдыз
бейнеленген.
Тәрбиеші:Балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп,
гимініміз орындалады. Рәміздерімізді үлкен де, кіші де құрметтеуге
тиіс.
Балалар Қазақстан Республикасының рәміздері
туралы кім тақпақ біледі.
Ту
Меруерт: Көк
туымыз бетінде
Қыран бүркіт қанатты
Сол
қыранда й еркіндеп
Біз
өсеміз талапты.
Ақнұр: Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны
халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Елтаңба
Жантілек: Қатар шапқан қос тұлпар
Ай
астында қазақ үй.
Сабина: Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
Ерназар: Бұл
таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Гимн
Ақниет: Ән
ұраным – жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Мұстафа: Туған жерім сағынарым
Бақыт – бірлік күн талабы.
Сұлтан:Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады.
Тәрбиеші: Ал
балалар енді ойын ойнап алайық .
«Орнын тап» ойыны
(Рәміздердің суреттерін орындарынан
ауыстырып,қайта орналастыру.)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.
Тәрбиеші:Енді сергіту жаттығуын жасайық.
«Бала-бала балақан»
сергіту
Бала-бала балақан,
Кәне қайсы алақан.
Саусақтарын әйбәт,
Былай-былай ойнатып.
Топ-топ,топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса жарқын күн.
«Жасырынған белгілер»
ойыны.
(Рәміздеріміздің өзіндік белгілерін рет-ретімен
жапсыру)
«Тез ойла»
тапсырмасы
Жұмбақ шешкізу.
1.Алтын сандық ашылды,
Сары моншақтар шашылды. ( Күн)
2.Елең, етті-етті.
Қарға ауылға қона кетті,
Қақтың суын іше кетті.
(
Бүркіт)
3.Татым-таптым топ жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.
( Ою-өрнек)
«Бірге шырқаймыз»
бөлімі өнер көрсету
Көк тудың желбірегені
Көк
тудың желбірегені
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқаны денені.
қ-сы
Көк
тудың желбірегені
Жаныма қуат береді
Таласқа түссе жан мен ту
Жан
емес маған керегі
Көк
тудың желбірегені.
Қорытынды: Міне балалар, өміріміздің жалғасы, еліміздің
қорғаны, тірегі сендер болады деп сенеміз.
Абай атамыз айтқандай: «Сен де бір кірпіш
дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деп, бүгінгі бүлдіршін –
балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен
ашық сабағымызды аяқтаймыз.
Мадақтау балаларға оқу қызметіне жақсы қатысқаны
үшін жұлдызшалар таратылды.