400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақтанышым мамандығым эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫН ТАҢДАҒАН ЖАСТАРҒА КӨМЕК
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақтанышым мамандығым

Ұлы Абай атамыз" Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды,естіп,көріп,татып,жақсы мен жаманды көрген де ғана, ақ пен қараны ажырата алады. Адам алдымен есті болу үшін күніне бір рет,не жұмасына бір рет,не болмаса айына бір рет өзіне есеп беруі керек"деген еді он тоғызыншы қара сөзінде.Сол үшін мен өзім мұғалімдік мамандығыма күнделікті есеп беріп отырамын.Мұғалім білім нәрімен сусындататын ұстаз ғана емес, ол-тәрбиеші. Оқушылар қайда барса, сен сонда барасың, олар не істесе сен соны істейсің. Әр уақытта солармен бірге болуың керек. Сол үшін мамандығым жайлы сөз етпекшімін.

Мұғалім – осы бір қадірлі де,қасиетті де сөз әркімнің көкірегінде ерекше орны бар ұғым.Қазіргі кезде көптеген құндылықтар өзгеріп жатқанда,біз үшін болашағымыз жарқын,айқын болу үшін ұстазға деген құрметті жоғалтпауымыз керек.Ол-болашақ ұрпақтың,соның ішінде елімізді әлемге танытатын тағы бір жеткіншектің жаны және жүрегі.  Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер -информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек.

Сонымен қатар өз кәсібін, өз пәнін, барлық оқушыларын, мектебін шексіз сүйетін адам.

Ұстаз деніміздің өзі-барлық адамизатқа жарық берушісі,тұла бойында тұнып тұрған өнегесін шашыратын күн сәулесі.

Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің иесі.Біз– баланың екінші ата-анасымыз, қоғамды өрге өркендетушісіміз,жаңалықтың жаршысы ,Отанымыздың болашағына бағыт беруші тұлғасымыз. Біздің жүрегіміз бала бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Талай тентекті орнына қойып, небір еркені адам қатарына, тәртіпке шақырамыз, ержеткіземіз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:"Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде

болады.Сондықтан,ұстазға жүктелетін міндет ауыр",-деген еді.Шынында да,қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің иегері емес,шәкірт жүрегіне жол таба білетін психолог та,экономикалық сауатты көзқарасты талап етеді.

Бала бір жас шыбық сияқты,оны қалай исең солай қарай иеді. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тері мен еңбегі деп білемін. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды,қиындықтарына мойымай өз қалауымен таңдадым.Ұстаздық бағытым дұрыс жолда деп ойлаймын.Өйткені, балаларды шын жүрегіммен жақсы көремін.

Оқушыларымның "Қазір қазақ тілі сабағы "деп жылы лебізбен айтқан сөздері -шаршағанымызды ұмыттырады,қайта жігерлендіреді.Сондай сәтте менен бақытты мұғалім жоқ. Мен өз мамандығымды мақтаныш етемін. Қорыта келе ,Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың өзі «Бір сағат білім алу - екі ай нәпіл ораза ұстағаннан артық» деген екен. Біз үшін бала жаратқанның сыйы, көз қуанышымыз, өміріміздің жалғасы". Міне,жалғасымыз болған жас ұрпақты саналы, салауатты, қазақ жұртын әлемге танытатындай етіп, ХХІ ғасырға сай білім нәрін бойына сіңіруіміз керек.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі