400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақтанышым менің Қазақстаным!

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ ел тарихына шолу жасаудан басталды. Қазақстанның тәуелсіздік алуы, мемлекеттік рәміздер сияқты маңызды оқиғалар жайлы айтылды.Үйірме мүшелері елдің дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы пікір білдіріп, өз ойларымен бөлісті. Бұл кезең оқушылардың қызығушылығын толығымен арттырды.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Жетісай ауданы Білім бөлімі Балалар мен жасөспірімдермен шығармашылық орталығы

ҚББП:Сарыбаева Тамара Қадырқұлқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мақтанышым менің Қазақстаным

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

Отаның, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер, авторларының суреттері,   қанатты сөздер.

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік.
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбер: «Жақсы көңіл-күй сыйлау»

Үйірме мүшелерін дөңгеленте тұрғызып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын. «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.

- Үйірме мүшелері, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
Отан туралы өлеңдер.

Үйірме мүшесі: Отан - жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді!

Үйірме мүшесі: Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.

Үйірме мүшесі: Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

Үйірме мүшесі: Отан - осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!

Үйірме мүшесі: Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Үйірме мүшесі: Түлігі өскен алуан-алуан,
Төс, алқабы малға толған.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Үйірме мүшесі: Құқығымды қорғаған,
Ата заңды қолға алам.
Оның әрбәр бабымен
Әділеттік орнаған.

Үйірме мүшесі: Құқығыңды білгейсің,
Тәртіпті боп жүргейсің.
Заңды білсең қашанда,
Жаман өмір сүрмейсің.

Үйірме мүшесі: Елдігімді сақтаған,
Бар үмітті ақтаған,
Ата заңым әділ деп
Барша жұртқа мақтанам.

- Біздің ана тіліміз қандай тіл?
- Қазақ тілі.

Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

- Балалар қандай рәміздер бар бізде?
- Ту, Елтаңба, Әнұран.
-  Енді осы рәміздер туралы қысқаша айтып берейін.

Рәміздерім елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім Әнұран, Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Биыл 33 жыл. Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Солардың бірі мемлекеттік рәміздер. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы, Қазақстан Республикасының туы.

Туымыз туралы:

Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштықпен жақсылықтың нышаны. Көк түс – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.

Нұрға малынған алтын күн тыныштықпен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің , өмірдің бейнесі. Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою -өрнек алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбамыз туралы:

Елтаңба негізі – Шаңырақ ол елтаңбаның жүрегі. Шанырақ мемлекетің түп - негізі отбасының бейнесі. Шаңырақ - күн шеңбері  Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ - киіз үйдің күнбезі. Көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі болып табылады.

Әнұранымыз туралы

Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады. Сонымен қатар асыл мұрамыз - еліміздің кең байтақтығы, жер мен ел байлығы, біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы - тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі - ел бірлігі баса айтылған.

Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жүмекен Нәжмиденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.

Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков, Жүмекен Нәжмиденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік мекемелерден мектептерден көруге болады.

Рәміздерді құрметтеу, қастерлеу баршамыздың борышымыз. Әнұран сөзің жатқа білу міндетіміз.

Үйірме мүшесі: Желбіресе көк туым,
Көтерілер шоқтығым.
Қазақты әлем таныды,
Егеменді ел боп бүгін.

Үйірме мүшесі: Таңдай қаққан шартарап,
Көк туымда барша бақ.
Қыран самғап барады,
Күнді иыққа арқалап.

Үйірме мүшесі: Көк туымнан нұр алдым,
Сол қыранға сыңармын.
Ерікті елдің еншісі -
Еркіндігі қыранның

Үйірме мүшесі: Еліміздің жалауы
Желбірейді аспанда.
Бар әлемге танылып,
Биік тұрар қашанда!

Үйірме мүшесі:  Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада-аспан әлемі.

Үйірме мүшесі: Құт, береке - шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

Үйірме мүшесі: Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.

Үйірме мүшелері біздің президентіміз кім:
Қ.Тоқаев.

Үйірме мүшелері біздің Астанамыз қай қала?
Астана.

- Осыған байланысты тақпақтар айтылсын.

Үйірме мүшелері: Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән,
Елордасы Отанның,
Мақтанышым – Астанам.

Үйірме мүшесі: Алматы мен Астанам,
Арудай әсем бас қалам.
Бірі-жас, бірі-бас қалам.
Сәулеті асқан басқадан.

Үйірме мүшесі: Атамекен тұрағым,
Сөңбейтұғын шырағым
Көк байрағым – айбыным.
Қасиетті тұмарым.

Үйірме мүшесі: Сая болған баршаға,
Байтақ жерім қаншама,
Атыраудан - Алтайға.
Жетісудан арқаға.

Қорытынды:

«Біз Қазақстан Республикасының азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламыз мәдениетті адам боламыз. Туған халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз, Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз. »

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.12.2024
212
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі