400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақтаралым – мақталы мекенім.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауданымызда өндірілетін өнімдеріне, нақты статистикаларға сәкес математикалық тапсырмалар беру арқылы, өңіріміздің тарихымен таныстырып, халықы туралы мәлімет беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ жоспары

Пән: Математика



Мұғалімнің аты-жөні: Жакупова Ұ.Т.


Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мақтаралым – мақталы мекенім.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ауданымызда өндірілетін өнімдеріне, нақты статистикаларға сәкес математикалық тапсырмалар беру арқылы, өңіріміздің тарихымен таныстырып, халықы туралы мәлімет беру.




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар Ауданымызда өндірілетін өнімдеріне, нақты статистикаларға сәкес математикалық тапсырмалар беру арқылы, өңіріміздің тарихымен таныстады.

Көптеген оқушылар: Халықы туралы мәлімет береді

Кейбір оқушылар: Есепті талдайды

Бағалау критерийлері

Білім алушы

1. Ауданымызда өндірілетін өнімдеріне, нақты статистикаларға сәкес математикалық тапсырмалар беру арқылы есептер шығарады

Тілдік мақсаттар

Мақтарал, мақта, өнімдер.

Құндылықтарды дарыту

Достық пен келісім дәстүрін сақтау, мұғалім мен өзге оқушылардың сөзін тыңдау, естігеннің мәнін түсіну, сұраққа дұрыс және нақты жауап беру, сыныптастарымен тілдесуде сөйлеу мәдениетін сақтай құрметтеу қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

математика

АКТ қолдану дағдылары

интерактивтік тақта, плакаттар, мозаикалар, суреттер, стикерлер, презентация.

Бастапқы білім

Мақтаралым – мақталы мекенім.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу, топқа бөлу (шаңырақты айнала жиналып, уықтарды ұстайды, ленталардың түсіне байланысты екі топқа бөлінеді. Топтар өз еркімен тақырыпқа байланысты топқа ат қояды.


Мақтаралым – мақталы мекенім атты тақырыбындағы сабағымыз презентация арқылы түсіндіріледі, мағлұмат беріледі


Елтаңба

Статусы

аудан

Кіреді

Түркістан облысы

Әкімшілік орталығы

Жетісай

Құрылған уақыты

1928 жыл

Әкімі

Бейсенбаев Жамантай

Ресми тілі

қазақ тілі

Тұрғыны 

302 975

Ұлттық құрамы

қазақтар 83,22 %
тәжіктер 8,11 %
өзбектер 3,73 %
орыстар ,49 %
басқалары 3,45 %

Уақыт белдеуі

UTC+6:00


Мақтарал ауданы — Түркістан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы.

Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтарал ауданы құрылды. Мақтарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі.


Шаттық шеңбері


Сабақтың ортасы

  1. 1- тур. « Ой толғау » Жаңа сабақты пысықтау , мозаика құрастырып, ондағы берілген жұмбақтарға жауап беру.

(8-20) Екі топ өздеріне берілген мозаикасын жылдам құрастырса сол топқа ұпай беріледі (ұпай алған топқа бір жемістен беріліп отырады) , суретте кескінделген жұмбақтарға қай топ көп жауап берсе сол топқа тағы ұпай беріледі (ұпай алған топқа бір жемістен беріліп отырады).




Дескриптор



Ұпай


  1. Мозаика арқылы суреттерді құрастырады


1

  1. Пайда болған суреттерді сипаттайды.






0

  1. Сол суретте бейнеленген жұмбақтардың шешімін табады





1
























Жұмбақтар:

1-топ.


  1. Ешкім де жемейді,

Тәтті екен демейді,

Сарғайып піседі,

Үзіліп түседі. Жауабы: (Жапырақ)

  1. Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым. Жауабы: (Жеміс)

  1. Пішіні бар домалақ,

Көміп қойдым сығалап,

Жақсы болса тұрмысы,

Шығады екен қоғалап,

Бес ай тәмәм біткенде,

Қаптап алдым құмалақ. Жауабы: (Картоп)

  1. Әкеміз ала баспақ асырады,

Күз келсе соямын деп асығады.

Баспағым бойын шөпке жасырады.

Еті қызыл, терісі жасыл әлі Жауабы:. (Қарбыз)

  1. Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп боп оралады. Жауабы: (Алма)

  1. Сопақша көк өңі бар,

Пайдалы мөлдір сөлі бар.

Піскен кезде жияр,

Оның атын кім табар. Жауабы: (Қияр)


2топ.


  1. Тау тау ақ қар,

Ерiмейдi ыстықта. Жауабы: (Мақта)

  1. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар? Жауабы: (Мақта)

  1. Атасы қисық ағаш

Анасы жайма шелпек,

Бір сабақта құж-құж жентек. Жауабы: (Жүзім)

  1. Қабат-қабат киінген

Төбеден шашы түйілген.

Жеп көріп едім өзінен

Жас шығарды көзімнен. Жауабы: (Пияз)

  1. Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. Жауабы: (Ағаш)

  1. Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тiс Жауабы:. (Жүгерi) .

  1. 2 тур. «Крестиктер - нөлдіктер » (20-25)

(9 логикалық сұрақтың барлығына ұпай беріледі, бір топ жауап бере алмаған топтың сұрағына, екінші топ жауап бере алады, әр логикалық есепке бір жемістен беріліп отырылады).




Дескриптор



Ұпай

  1. Тор көздерді өз еркімен таңдайды










Әр жауапқа - 1

  1. Онда жасырылған логикалық тапсырмаларға жауап береді




  1. Крестиктер – нөлдіктер ойын ережесіне сәйкес жеңімпазды анықтаймыз


1. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

Жауабы: Алмұрт

2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

Жауабы: үшеу

3. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары

4. Мектепті тексерген инспектор мұғалім қандай сұрақ қойса да, оқушылар түгел қол көтеріп, сұраққа дұрыс жауап бергенін байқады.

Бұл қалай болды?

( мұғалім алдын ала оқушылармен келісіп алды. Жауапты білсе де, білмесе де қолдарыңды көтер, білсе – оң қол, білмесе- сол қол көтерулері керек. Мұғалім оң қол көтерген оқушыдан сұрап отырды да, әруақыт дұрыс жауап алды.)

5. 17 қабатта тұратын 1 адам өз қабатына жаңбыр жауған күні немесе қасында адам болса лифтімен көтеріледі. Егер ауа райы жақсы болса, 9- қабатқа дейінлифтімен , одан әрі 17- ге дейін жаяу көтеріледі. Неге?

( Бұл адам – ергежейлі, 17- қабатың түймесін зонтикпен баса алады, немесе біреуге айта алады.)

6. Екі әке мен екі баласы 3 апельсин сатып алды. Әрқайсысы 1 апельсиннен тиді. Ол қалай болуы мүмкін

Жауабы: (Атасы, әкесі, баласы жайлы айтып тұр)

7. Үш әке мен алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6-дан алма тиді. Бұл қалай болғаны?

Жауабы: 1 ата, 2 әке, 4 немере.

8. Жанбыр неге жауады?

Жауабы: Жерге жауады

9. 1кг мақта ауырма, 1кг темір ауырма?

Жауабы: тең

Қосымша материалдар























































































Сабақтың соңы

« Ромб әдісі» қортылындылау :

Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей.












Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын береді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

конверт-сұрақ

2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдістәсілдеріңізді жазасыз

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: 2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
435
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі