Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мария Монтессори слайд

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмірі мен қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Мария Монтессоридің
өмірі мен қызметі
Орындаған: Жалғасбаева С


Page 2

Италяндық атақты педагог-
гуманист, философ Мария
Монтессори 1870 жылы 31
тамызда дүниеге келді.


Page 3

Балалық шағы
Әкесі үлкен қызметте, ал шешесі оқымысты Мария
кішкене кезінен білімге, әсіресе математикаға
құштар болып өсті.
Ол 12 жасында ерлерге арналған техникалық
мектепке түседі, ол кезде әйелдерге оқуға рұхсат
етілмеген болатын. Ол ерлермен оқып қана
қоймай, оны үздік бітіріп шығады. 1890 жылы
жаратылыстанумен қатты әуестенген Мария
Мантессори балалар дәрігері болуды армандайды.


Page 4

Педагогикалық жүйенің дүниеге келуі
Италияда Медициналық білім алуға XIX ғасырдың аяғында әйелдерге мүмкін емес еді!
Медицинамен айналысып, университетте білім алуға тек еркектер ғана құқылы болатын. Алдына
мақсат қойған қайсар қыз өз дегеніне жетіп, университет студенті атанады. Оған оқу оңай соқпады,
курстас ер балаларға күлкі болмас үшін түнделетіп жалғыз өзі моргта жұмыс істеді.
Оқуға төленетін ақыны табу үшін университет клиникасында еңбек етіп, сол жерде алғаш рет
дамуында кемістігі бар, қимыл-қозғалысы нашар дамыған балаларды көреді. Осы балаларға
күнделікті бақылау жасаудың арқасында Мария Монтессоридың педагогикалық жүйесі дүниеге
келеді.
Оның ойынша мектеп жасына дейінгі жастағы балаларды айналаны қоршаған ортамен
таныстыруда, баланың ой-өрісін дамытуға арналған арнайы орталықтар болу керек. Осы және басқа
тақырыптарды көп зерттеп, диплом жұмыстарын да осы тақырыпқа арнаған Мария Монтессор
Италиядағы алғашқы дәрігер-әйел болды. Сан-Ажиованни клиникасында дәрігер ассистент болып
еңбек жолын бастап, университетте лекциялар оқиды, оның шығармалары европалық журналдарда
жариялана бастайды.


Page 5

Монтессоридің еңбек жолы
1897-98 жылдары педагогикалық лекцияларға қатысып, білім беру жүйесіндегі кемтар
балалармен жұмыстар және олардың қабылдау терапиясы негізін зерттейді. Атақты франсуз
психиаторлары – Жан-Поль Гаспар Итара мен Эдуард Сегеннің еңбектерімен танысады,
оларды өзі аударып, пайдалана бастайды. Сол Эдуард Сегеннен арнайы әдіс-тәсілдерді
пайдалана отырып жүргізілген тәрбиеден «жүз тентектін жиырма бесі қалыпты адамға
айналатының» біледі. Монтессори еңбектері бағаланып, 1898 Италия үкіметі ақыл есі кем
балаларды оқытатын мұғалімдерді даярлайтын Ортофреникалық институтын ашады, оны
Мария Монтессори басқарады.
1901 жылы М.Монтессори Рим университетінің философия факультетіне оқуға түсіп,
экспериментальды психология мен педагогикамен айналысады, антропологиялық кафедраны
басқарып, «Психологиялық антропология» атты еңбегін жазады.
1907 жылы италяндық миллионер Эдуарда Таламоның көмегімен алғашқы «Балалар үйі»
ашылады. М.Монтессори өмірінің сонына дейін дені сау балаларды тәрбиелеу мен білім беру
жолында еңбек етті.


Page 6

Қызметтері

●1898 Италия үкіметі ақыл есі кем балаларды оқытатын мұғалімдерді
даярлайтын Ортофреникалық институтын ашады, оны Мария Монтессори
басқарады.
●1901 жылы М.Монтессори Рим университетінің философия факультетіне оқуға
түсіп, экспериментальды психология мен педагогикамен айналысады,
антропологиялық кафедраны басқарады.
●1922 жылы Италия өкіметі Мария Монтессориді мектептердің мемлекеттік
инспекторы етіп тағайындайды.
●1907 жылы италяндық миллионер Эдуарда Таламоның көмегімен алғашқы
«Балалар үйі» ашылады. М.Монтессори өмірінің сонына дейін дені сау
балаларды тәрбиелеу мен білім беру жолында еңбек етті.


Page 7

Бірінші
АҚШ (1915 ж)
Мария
Швейцария (1932 ж)

Монтессори
Голландия(1917 ж)

ұйымдары
Англия (1933 ж)

құрылды.
Аргентина (1927 ж)



Page 8

Жетістіктері
1988 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі
бойынша XX- ғасырдағы педагог
ойшылдардың төрттігіне кірді.
Олар: Джон Дьюи,
Георг Кершенштейнер,
Мария Монтессори,
Антон Макаренко.

Европа елдерінде Евро енгізгенше М.
Монтессоридің суреті 1000 лирде
бейнеленген болатын.
(Бұл дүниежүзіндегі банкноттарда
бейнеленген жалғыз педагог)

Ол тірі кезінде Нобель сыйлығына
ұсынылды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
09.02.2021
364
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12