жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мариям Хакімжанова «Бала Мәншүк»
Әдебиеттік оқу |
22.04.2017 |
Кабинет:101 |
Мұғалім:Бисенбаева Улжан |
||
Сабақтың тақырыбы |
Мариям Хакімжанова «Бала Мәншүк» |
||||
Сабақтың мақсаты |
1.Білімдік - Оқушылар қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағыны батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысады, оның ерлігі туралы түсініктерін тереңдетеді. 2.Дамытушылық – Оқушылар өз ойларын анық жеткізуге, ой өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтанады.Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамытады, сөздік қорын молайтады. 3. Тәрбиелік - Жас ұрпақ елін, жерін халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиеленеді. Сабақтың типі:Жаңа білім беру. Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары: «Топтастыру», «Бес жолды өлең»
|
||||
Сабақтың көрнекілігі |
Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова , Әлия Молдағұлова, Мариям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар, интербелсенді тақта.
|
||||
Сабақта қолданылытын әдіс-тәсілдер |
«Қызығушылықты ояту» , «Ой қозғау», талдау, сұрақ-жауап, сәйкестендіру, |
||||
Күтілетін нәтиже |
Мәтін мазмұнын өз бетінше оқып меңгереді, Мәншүк Мәметованың балалық шақтағы болмысы туралы түсінік алады, өз бетінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасқан, шығармашылық қабілеті жетілген, дүниетанымы мол тұлға қалыптасады.
|
||||
Кезеңдері |
Уақыты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
||
Ұйымдастыру |
5-мин |
Психологиялық ахуал Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжуді біз білмейміз. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге!
Топқа бөліну: 1-топ «Лейтенант» 2- топ «Капитан» 3- топ «Майор»
Бағалау парақшасымен таныстыру.
Топтың ережесі: 1.Тәртіп сақтау 2.Белсенділікті арттыру. 3.Бірін-бірі тыңдау 4.Толық жауап беру
|
Оқушылар өлең жолдарын оқиды.
Бағалау парақшасымен танысады |
||
Үй тапсырмасын пысықтау |
8 мин |
Шығыс шынары мәтінінің мазмұнын сұрау. 1«Шығыс шынары» мәтіні бойынша сұрақтар: Әңгіме неліктен «Шығыс шынары» деп аталған? Әлия бала кезінде қандай болған? Әлия өсірген гүлдердің атын ата. Әлия сияқты батыр қыздар қазіргі кезде бар ма? 2. Батырлық ерлік туралы мақал жинақтау, жаттау. 3. Әлияға мінездеме берейік. |
|
||
Қызығушылықты ояту |
5 мин |
Сұрақ-жауап Қазақтың қос жұлдызы деп кімдерді атаймыз? Мәншүк туралы не білеміз? Бейнежазба тамашалау
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді |
||
Мағынаны тану |
8 мин |
-Тыңдалым: М.Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобыланды ауылында дүниеге келген.Қазақтың ақыны.»Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар. Естелік туралы мағлумат беру Бұл әңгіме шығарманың естелік деген түріне жатады.Естелік дегеніміз өмірдегі көрген –білген,ойда қалған нәрселерді еске түсіріп айту немесе жазу деген сөз.Мәншүктің анасы Әминаның айтқандарын белгілі ақын Мәриям Хакімжанова бізге былайша жеткізіп отыр. Мәншүк туралы мағлұмат беру. М.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктер өскен. Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза табады Оқылым:Бала Мәншүк 1.Мәтінді тізбектей оқыту. 2.Мәтін мазмұнын топта талқылау. Дәптермен жұмыс. Домбығып - ісіну, томпаю
Дерлік
– түгел, бәрі, айтарлық. |
|
||
Сергіту сәті |
2 мин |
Ән «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген!» |
|
||
Ой толғаныс |
6 мин |
Топтық жұмыс 1-топ. Мәншүк туралы бес жол өлең құрастыру 2-топ. Бейбітшілік туралы сурет салу 3-топ. Мәншүкке мінездеме жазу
|
Топта бірлесе жауап береді
|
||
Бекіту |
7 мин |
Сұрақ-жауап әдісі. 1Мәнсиянің (Мәншүк) әкесі оны қайдан алып қайтты? 2 Мәнсия әкесінің сұрағына не деп жауап қайтарды? 3 Анасы оны кім деп еркелетті? 4 Саған Мәншүктің қандай мінезімен қылығы ұнады? 5 1май мерекесінде балабақшада Мәнсия не істеді? 6 Орыс қыздары оны қалай атады?
|
Әр қашан күн сөнбесін!
|
||
Үйге тапсырма |
1мин |
Әңгімені оқу, мазмұндау «Қазақтың батыр қызы- Маншүк» Ерлік , батырлық туралы мақал –мәтелдер жинақтау. |
Күнделіктеріне жазып алады. |
||
Бағалау |
2мин |
Топты бағалау Біздің жетістігімізге арналған от шашу
|
Бағалау парақшасы арқылы бағалау жүргізіледі.
|
||
Кері байланыс |
1мин |
«Жартылай түсіндім» «Түсінген жоқпын» |
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген