15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
маркетинг курсының дәрістері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім
Қазақстан
Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
№_________бұйрығымен бекітілген
Тіркеу №______
«____» _____ 20___ж.
ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«МАРКЕТИНГ НЕГІЗДЕРІ»
(мамандық бойынша пән атауы)
0515000 – «МЕНЕДЖМЕНТ (САЛАЛАР ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ БОЙЫНША)
(Жіктеуіш бойынша мамандық аталуы және коды)
Астана 2010
Авторлар : Қалықова М.Н. – Алматы Мемлекеттік бизнес-колледжінің арнайы пәндердің оқытушысы
Турлыбекова Р.К. – Алматы Мемлекеттік бизнес-колледжінің арнайы пәндердің оқытушысы
Таубалдиева У.С. – Алматы Мемлекеттік бизнес-колледжінің арнайы пәндердің оқытушысы
Сарапшылар:
Еримбетова К.М. – Ч. Валиханов атындағы тарих және этнология институтының директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты
Амирбаева А.К. – PR менеджер СКИФ трейд
Тайрабеков М.С. – ТОО CuStoms Trans Neam басты менеджер
Бағдарламалар Басқару және бизнес мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінде қаралды және құпталды
20___ жылғы «____» __________ №____ хаттамасы
Оқу-әдістемелік бірлестік төрайымы _________________________ Г.Қасымова
Бағдарламалар ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесінде қаралған және бекітілген
20___ жылғы «____» __________ №____ хаттамасы
Оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы ____________________К.Бөрібеков
Құрметті әріптестер! Үлгілік оқу бағдарламасының сапасын жақсарту туралы ұсыныстарыңызды төмендегі мекен-жайға жіберулеріңізге болады.
Алматы қ., Шевченко к., 95, «Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі» тел.: 292-47-86, факс 292-38-03
(құрастырушылар немесе авторлардың толық мекен-жайы)
Мазмұны
бет
1. Түсіндірме жазба....……………………………………………........................................... 4
2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері ....................................................................... 5
3. Пән бойынша тақырыптық жоспары және оқу бағдарламасының құрылымы................8
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары ............................................................................................ 8
3.2 Пәннің мазмұны ................................................................................................................. ..9
4. Жоспарланған оқыту нәтижелерін бақылау .................................................. ....................14
5. Әдебиеттер және оқыту құралдарының тізімі .............................................. .....................15
Түсіндірме жазба
Осы үлгілік оқу бағдарлама Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (ҚР МЖМБС тіркеу №4.05.010-2008) сәйкес 0515000 – «Менеджмент (салалар және қолдану аумақтары бойынша)» мамандығы бойынша дайындалған.
Пәнді оқыту мақсаты – берілген пән бойынша оқушылар қажетті теориялық негізді меңгеруі және маркетингтің қызметтері, концепциялары, «өмір сапасы» мәселерін, маркетингтің мақсаттары және т.б. туралы білуі тиіс.
Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы пәннің рөлі мен маңызы – нарықтағы болып жатқан өзгерістерге уақытында жауап беру.
«Маркетинг негіздері» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру барысында: лекцияларды, семинарларды, тәжірибе сабақтарды, бақылау жұмыстарды қолдануды ұсынады.
Осы Үлгілік оқу бағдарламасы оқу материалын жақсы меңгеру үшін тәжірибелік сабақтарды өткізуді қолдайды. Берілген сабақтарды іс-әрекеттік танымдық ұйымдастыру, іскерлік ойындар, конференциялық сабақтар, семинарлар өткізуді ұсынады.
Оқытылатын пән келесі пәндердің білімдеріне сүйенеді:
Тарих
Биология
Жағрафия
Пәнді оқыту барысындағы алынған білімдерді келесі пәндерді оқыту барысында қоданады:
Кәсіпорын экономикасы
Халықаралық маркетинг
Менеджмент негіздері
Жалпы қаржы теориясы
Нарық экономикасының негіздері
Саланы ұйымдастыру және технологиясы
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Азық-түлік және азық-түлік емес тауартану
Осы Үлгілік оқу бағдарламасы оқу материалын жақсы меңгеру үшін тәжірибелік сабақтарды, кәсіптік қызметі жайлы білім алуға көмектеседі.
2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері
Стандартта жоспарланған оқыту нәтижелері және білім беру бағдарламалары |
Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған оқу нәтижелері |
Білім алушы меңгеруі тиіс құзыреттіліктер:
Базалық: БҚ 1. Этика мен эстетика ережелерін сақтау;
БҚ 2. Қызмет жұмысымен өзін-өзі алып жүру ережесін сақтау;
БҚ 3. Компьютерде жұмыс істей білу;
БҚ 5. Жеке тұлға арасындағы және коммуникативті тәртіп ережелерін сақтау;
Кәсіби: КҚ 1.Жаңа ақпараттық технологияларын игеру;
КҚ 4. Кәсіптік қызметті қамтамасыздандыратын заңнамалық және нормативті құжаттарды қолдану;
Арнайы: АҚ 1. Нарықта тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу;
АҚ 2. Маркетингтік ортаны үйрену;
АҚ 3. Маркетингілік зерттеулер өткізу;
АҚ 4. Сұраныс пен ұсынысты болжау;
АҚ 5. Жаңа тауарлардың маркаларын, брендін құру;
АҚ 6. Жарнамалық жағдайларды өңдеу;
АҚ 7. Тауарлардың өтімділігін жылжыту және ынталандыру;
АҚ 8. Баға белгілеу стратегиясын өңдеу;
АҚ 9. Бәсекелестікті талдау және бәсекелестіктің артықшылықтарын құру;
АҚ 10. Бәсекелестік күрестің маркетингтік стратегиясын өңдеу:
|
Пәнді оқып білім алу нәтижесінде білім алушылар: біледі: - этика мен эстетика ережелерін сақтай біледі; меңгереді: - этика мен эстетика ережелерін сақтай білуге: дағдысын қалыптастырады: - еңбекқор болуға; құзыретті: - жұмыс өрісінде кішіпейіл,ұқыпты;
біледі: -жұмыста қызмет стилінде өзін-өзі алып жүру ережесін сақтауды; меңгереді: -жұмыста қызмет стилінде өзін-өзі алып жүру ережесін сақтайды; дағдысын қалыптастырады: -жұмыста қызмет стилінде өзін-өзі алып жүру ережесін сақтауға; құзыретті: - іскерлік ережесінің стилін қолдануға;
біледі: - дербес компьютер туралы; меңгереді: -компьютерді қолдануды; дағдысын қалыптастырады: - компьютерде жұмыс істей білуді; құзыретті: - компьютерде жұмыс істей білуге;
біледі: - жеке тұлға арасындағы ережелерді; меңгереді: - жеке тұлға арасындағы ережелерді қолдануды; дағдысын қалыптастырады: - коммуникативті тәртіп ережелерін сақтауды; құзыретті: - жеке тұлға арасындағы және коммуникативті тәртіп ережелерін қолдануды;
біледі: - жаңа ақпараттық технологияларды; меңгереді: - жарнамалық құру кезіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды; дағдысын қалыптастырады: - мамандық бойынша жаңа ақпараттық технологияларды жұмыста қолдануды; құзыретті: - маркетингтік ақпарат жүйесін;
біледі: - тұтынушылардың жүрісін, тұтынушылар құқықығын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын; меңгереді: - кәсіптік қызметті қамтамасыздандыратын заңнамалық және нормативті құжаттарды қолдануды; дағдысын қалыптастырады: - маман жұмысында стандарттарды және сертификаттарды қолдануды; құзыретті: - бөлімдер бойынша маркетинг әрекетінің жоспалануында, жоспарлау түрлерін анықтауда, реттеу түрлерінде;
біледі: - нарықтық мүмкіншіліктерді талдауды, мақсатты нарықтарды таңдауды, маркетингтің комлекстерін; меңгереді: - сатушылардың және тұтынушылардың сатып алу мақсатының қалыптасуы, сату- сатып алу кезіндегі азаматтардың мақсаттары мен мүдделерінің қалыптасуын анықтауды; дағдысын қалыптастырады: - тұтынушылардың нарықтағы жүрісін зерттеу; құзыретті: - сатып алу туралы шешім үрдісін талдауды;
біледі: - фирма қызметінің маркетингтік ортасының түсінігі туралы; меңгереді: - маркетингті басқару үрдісінің кезеңдерін ажыратуды; дағдысын қалыптастырады: - маркетингтік ортада жұмыс істеуді; құзыретті: - маркетинг ақпарат жүйесін, ақапараттарды жинау әдістерін және маркетингтік зерттеулерді;
біледі: - сатып алу мінез - құлқының үлгісін, сатыпалушының сипаттамаларын, сатып алу туралы шешім қабылдау процесінің кезеңдерін; меңгереді: - маркетингтік ақпаратты жинауды және өңдеуді; дағдысын қалыптастырады: - маркетингтік ақпаратты жинауды және өңдеуді; құзыретті: - маркетингтік зерттеулерді өткізуді;
біледі: - сұраныс түрлерін; меңгереді: - сұраныс және ұсынысты зерттеу; дағдысын қалыптастырады: - сұраныс пен ұсынысты болжау; құзыретті: - жарнамалық жағдайларға байланысты сұраныс пен ұсыныстың әр-түрлі түрлерін қолдануды;
біледі: - стратегиялық жоспарлау және оның кезеңдерін, фирма өсуінің стратегиясын; маркетингті жоспарлау; меңгереді: - тауар маркаларын брендтен ажыратуды; дағдысын қалыптастырады: - нарықта марканы және брендті орнатуды; құзыретті: - жаңа тауарларға маркаларды және брендті құруды;
біледі: - жарнамалық жағдайлардың түрлері туралы; меңгереді: - жарнамалық жағдайларды құруды; дағдысын қалыптастырады: - жарнамалық жағдайларды шешуді; құзыретті: - жарнамалық жағдайлардың түрлерін;
біледі:
меңгереді: - тауарды өткізуді ынталандыру үшін жарнаманы қолдануды; дағдысын қалыптастырады:
құзыретті: - тауарларды өткізуді және өткізуді ынталандыруда;
біледі:
меңгереді: - тұтынушы-қанағаттануына максималды бағалау критерийлерін құру; дағдысын қалыптастырады: - баға белгілеу стратегиясын өңдеуді; құзыретті: - бағаны орнату әдістерін анықтауда, баға белгілеу міндеттерін, сұраныс икемділігі, статистикалық мәдіметтермен жұмыс істеуді;
біледі: - бәсекелестік туралы, бәсекелестіктің түрлерін; меңгереді: - бәселестікті талдауды; дағдысын қалыптастырады: - бәсекелестік артықшылықтарын құруды; құзыретті: - маркетингті салыстыру және талдау;
біледі: - бәсекелестік күрестің маркетингтік стратегиясын; меңгереді: - бәсекелестіктің түрлерін анықтауды; дағдысын қалыптастырады: - бәсекелестік күрестің маркетингтік стратегиясын анықтауды; құзыретті: - бәсеке түрлерінде, бәсекелестік күрестегі жүрісті; |
3. Пән бойынша тақырыптық жоспар және оқу бағдарламасының құрылымы
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары
№
|
Күндізгі оқу түрінің сағат көлемі (саны) |
|||
|
Бөлімдер мен тақырыбтардың аты |
Орнатылған деңгей |
Жоғарғы деңгей |
Орта буын маманы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
Кіріспе |
- |
- |
* |
|
|
Бөлім 1 Маркетингті басқару процесі |
|
|
8/6 |
|
|
Тақырып 1.1 Маркетингтің әлеуметтік негіздері |
- |
- |
* |
|
|
Тақырып 1.2 Маркетингті басқару процесі |
- |
- |
* |
|
|
Бөлім 2 Маркетингтік зерттеулер және маркетигтік ақпарат жүйесі |
|
|
12/10 |
|
|
Тақырып 2.1 Маркетингтік зерттеулер және ақпараттың маңызы |
- |
- |
|
|
|
Тақырып 2.2 Маркетингтік орта |
- |
- |
* |
|
|
Тақырып 2.3 Маркетингтің мақсаттары мен жүйелері |
- |
- |
* |
|
|
Тақырып 2.4 Тұтынушылық нарық және сатып алушылық мінез – құлық |
- |
- |
* |
|
|
Оқу тәжірибесі |
- |
- |
|
|
|
Бөлім 3 Нарықты сегменттеу |
|
|
8/6 |
|
|
Тақырып 3.1 Нарықты сегменттеу, мақсатты сегменттерді таңдау және тауарды жайғастыру |
- |
- |
* |
|
|
Тақырып 3.2 Бәсеке |
- |
- |
* |
|
|
Бөлім 4 Маркетинг комплексін құрастыру |
|
|
12/10 |
|
|
Тақырып 4.1 Маркетингтегі тауарлық саясат |
- |
- |
* |
|
|
Тақырып 4.2 Маркетингтегі баға саясаты |
- |
- |
* |
|
|
Тақырып 4.3 Маркетингтегі өткізу саясаты |
- |
- |
* |
|
|
Тақырып 4.4 Маркетингтегі коммуникациялық саясат |
- |
- |
* |
|
|
Оқу тәжірибесі |
- |
- |
* |
|
|
Бөлім 5 Маркетингтік іс – шараларды жүзеге асыру |
|
|
|
|
|
Тақырып 5.1 Жоспарлау, басқару стратегиясы |
- |
- |
* |
|
|
Тақырып 5.2 Маркетинг және қоғам |
- |
- |
* |
|
|
Тақырып 5.3 Халықаралық маркетинг |
- |
- |
* |
|
|
Барлығы: |
- |
- |
51/42
|
3.2 Пәннің мазмұны
Бөлім 1 Маркетингті басқару процесі
Тақырып 1.1 Маркетингтің әлеуметтік негіздері
Маркетингтің пайда болуы мен дамуының экономикалық жолданымдары. Нарықтық ғылым ретінде маркетингтің әлеуметтік – экономикалық мазмұны, спецификасы және эволюциясы. Маркетингтің негізгі түсінігі. Маркетингтің қағидалары және қызметтері, қолданылатын ортасына байланысты маркетингтің түрлері, маркетинг - микс.
Қажетті оқыту, маркетингті кәсіпорындарға, фирмаларға, республиканың ұйымдарына енгізу және дамыту. Маркетинг дамуының перспективалары мен жағдайлары. Маркетингтің концепцияларын шет және отандық кәсіпорындарында қолдану. Ақпараттық замандағы маркетинг дамуының ерекшеліктері.
Демонстрациялық сараптамалар: «Маркетингтегі 5 бағыт» кестесі, «Орталықтандырылған айырбастың құрылуы» кестесі, әдебиеттер көрмесі.
Тақырып 1.2 Маркетингті басқару процесі
Нарық мүмкіндіктерін талдау. Мақсатты нарықтарды таңдау: нарықты сегменттеу, тауарды жайғастыру. Маркетинг кешенінің негізгі элементтері: баға, тауар, ынталандыру әдістері, өткізу әдістері. Маркетинг бөлімін ұйымдастыру.
Демонстрациялық сараптамалар: «Маркетингті басқару процесі» кестесі, «Тауар және нарық дамуының кестесі», «Нарықтық мүмкіндіктерді бағалау және т.б., фирманың мақсаттары және ресурстары», «Нарыққа шығудың 5 әдісі», кодопозитив «Тауарларды және нарықтарды жайғастырудың кестесі», «Маркетинг кешенінің 4 құрастырушылары».
Тәжірибелік сабақ №1
Маркетингті басқару процесін жүзеге асыру, маркетингтік қызметтің құрылысын құрастыру, жағдайларды талдау, есептерді шешу, тест алу.
Бөлім 2 Маркетингтік зерттеулер және маркетигтік ақпарат жүйесі
Тақырып 2.1 Маркетингтік зерттеулер және ақпараттың маңызы
Маркетингтік ақпараттың жүйесін түсіну, маркетингтік ақпараттың жіктелуі. Маркетингтік ақпаратты құрастыру жүйесі.. Ақпаратты жинау әдістері. Маркетингтік зерттеулер туралы түсінік, олардың рөлі және маңызы. Маркетингтік зерттеулердің деңгейлері, қалыптасуы және жүзеге асырылуы.
Тәжірибелік сабақ №2
Сыртқы ақпаратты жинаудың жоспарын құру. Маркетингтік зерттеулер жоспары.
Тақырып 2.2 Маркетингтік орта
Фирма қызметінің маркетингтік ортасы туралы түсінік, оның құрастырушы бөліктері. Ішкі ортаны зерттеу және фирма потенциалын талдау: өндіріс, бөлу, менеджмент, қаржы, басқарудың ұйымдастыру құрылымы. Микроорта және оның құрастырушылары: бәсекелестердің, жабдықтаушылардың, делдалдардың түрлері. Макроорта, фирманың қызметтері және оның негізгі факторлары: демографялық, экономикалық, табиғи, ғылыми – техникалық, саяси, мәдени. Қазақстан Республикасындағы макроортаның ерекшеліктері.
Демонстрациялық сараптамалар: кестелер «Макроорта», «Микроорта факторлары», «Байланыс аудиториялардың түрлері», плакат «Макроорта», кодопозитивтер «Бәсекелер түрлері», «Клиентурлық нарық түрлері», «Маркетингтік ақпараттың жүйесі», кестелер «Маркетинг зерттеулер деңгейлері», «Маркетингтік зерттеулер түрлері», бақылау тесттері.
Тәжірибелік сабақ №3
Сұрақтар сауалнамаларын құрастыру және маркетингтік ақпаратты жинаудың бағдарламалары, тұтынушылардың сұрау нәтижелерін талдау. Қазақстан Республикасы фирмаларының іс- әрекетіне әсер ететін макроорта факторларын оқып – білу, есептерді шешу, тест алу.
Тақырып 2.3 Маркетингтің мақсаттары мен жүйелері
Сатушылар мен сатып алушылардың мүдделері, маркетингтің мақсаттары мен жүйелері. Сатып алушы тауарды сатып алуының мақсаты. Сату – сатып алудың мақсаттары мен мүдделері. Маркетинг жүйесінің негізгі мақсаттары. Максималды тұтынуға қол жеткізу. Максималды тұтынушының қанағаттануына қол жеткізу. Шын, минималды шығынды таңдау туралы түсінік. Сапаны, ассортимент көлемін, тауардың қол жетерлік бағасын максималды арттыру.
Кәсіпорында, халықаралық алаңда, коммерциялық іс - әрекетте маркетингтік жүйесінің негізгі факторларын өткізу.
Оқу тәжірибесі
Тақырып 2.4 Тұтынушылық нарық. Тұтынушылардың тауар нарығындағы жүрісі. Тұтынушының және сатып алушының мінез – құлқы
Сатып алушының мінез – құлқын оқып – үйрену. Сатып алушылардың сатып алу үлгілері. Сатып алу туралы шешім қабылдауының процесі. Сатып алушылардың жаңа тауарларды қабылдау процесі. Сатып алушылардың мәдениеті және оның құрастырушылары. Қазақстан Республикасының шет және отандық аймақтарда тұтынушыларды қорғау заңдылықтарының негіздері.
Кәсіпорын нарығының тұтынушы нарығынан айырмашылығы. Өндірістік тауар тағайындалуының нарығы. Өндіріс үшін өнімді сатып алу туралы шешім қабылдау ерекшеліктері. Аралық сатушылар нарығы. Мемлекеттік ұйымдар нарығы.
Демонстрациялық сараптамалар: заңнамалық актілер, кестелер «Сатып – алушылық мінез – құлық», «Өнеркәсіптік нарықта сатып алушылардың мінез – құлығына әсер ететін факторлар», «Өнеркәсіп үшін сатып алудың 3 жағдайы», кодопозитив «Сатып – алушының сатып алу шешімін қабылдауы», сызба «Сатып алуға әсер ететін факторлар» және «Сызбаның өмірлік циклі».
Тәжірибелік сабақ №4
Ақырғы сатып алушының мінез – құлқын оқып – білу, жағдайларды талдау, заңнамалық актілерімен жұмыс жасау, шекаралық басқару.
Бөлім 3 Нарықты сегменттеу
Тақырып 3.1 Нарықты сегменттеу, мақсатты сегменттерді таңдау және тауарды жайғастыру
Нарықты сегменттеу.Мақсатты нарықты сегменттеуді таңдау. Тұтынушылық нарықты сегменттеудің қағидалары. Нарықты сегменттеудің демографиялық қағидалары. Нарықты сегменттеудің жағрапиялық қағидалары. Нарықтың мақсатты сегменттерін сұрыптау.
Нарықтық негізгі қамтулар: дефференциалды емес, дефференциалды, шоғырланған.
Демонстрациялық тәжірибелер: кестелер «Нарықты қамтуға арналған іс - шаралар», «4 бәсекелердің тауарларын орналастыру», кодопозитивтер «Сегменттеудің түрлері», «Нарықты қамтудың 3 түрі», плакат «Тұтынушылық нарықты сегментеудегі кейбір ауыстырулар», ойын материалдары, статистикалық кестелер «Қазақстан Республикасындағы тауар нарықтарының сандық көрсеткіштері және олардың құрылымы».
Тәжірибелік сабақ №5
Нарықты сегменттеу және тауарды орналастыру, есептерді шешу, компьютерлік ойын. Сұраным, конкурс «Ең жақсы бизнесмен», тест.
Тақырып 3.2 Бәсеке
«Бәсеке» туралы түсінік. Бәсеке жағдайында сұранысты қалыптастыру және өтімді ынталандыру. Бәсеке түрлері, ашық бәсеке және оның сипаттамасы, түрлік бәсекенің сипаттамасы, заттың бәсеке сипаттамасы. Бәсеке күресінің үнемділігі. Тұрақсыз нарықтық тепе – теңдік, тұрақты нарықтық тепе – теңдік. Бәсекелестік күрестегі мінез – құлық ережелері. Бәсекелестермен қарым – қатынас түрлерін таңдау. Бәсекелестік күрестегі ұстамдылық, Бәсекелестермен қарым – қатынаста фирманың іс – қимылының объективті болуының негізі. Нарық белгіленген бәсекелестік күрестер. Лидер.
Тәжірибелік сабақ №6
Бәсекелестік күрестегі ережелер. Монополистік, олигополистік монополия.
Оқу тәжірибесі
Өнеркәсіптік тауарларды сату және нарыққа шығару жағдайын шешу.
Аралық сатушылар нарығы. Сатып алу шешімін қабылдау процесі.
Сатып алу шешімінің түрлері. Сатып алу шешімін қабылдау процесі.
Бөлім 4 Маркетинг комплексін құрастыру
Тақырып 4.1 Маркетингтегі тауарлық саясат
Тауар. Тауарды қабылдау деңгейлері. Тауар жіктелуінің түрлері. Тауарлық саясат, тауарды орау және таңбалау. Тауардың ассортименті, сервисі. Тауарды шығару кезеңдері. Тауардың өмірлік циклі. Тауардың бәсекелестік жүйесіндегі стандарттауы және сертификаттауы. Қызмет көрсету маркетингі.
Демонстрациялық сараптамалар: Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері туралы» заңы, «Өнімнің сертификациясы және стандартизациясы туралы» заңы, конспект «тауарды жетілдіру», сызба «Жаңа тауар шығаруының негізгі кезеңдері», кодопозитивтер «Таурдың жіктелуі», «Өмірлік цикл кезіндегі тауарды өткізудің сипаты», плакат «Тауардың өмірлік циклі», ойын материалдары, тесттер.
Тәжірибелік сабақ №7
Тауар маркетинг комплексінің негізгі элементі ретінде, іскерлік ойын «Тауарды, қызмет көрсетуді, тауарлық белгіні, маркасын, этикетін жетілдіру», тест алу.
Тақырып 4.2 Маркетингтегі баға саясаты
Баға құрылуының кезеңдері және баға деңгейіне әсер ететін факторлар. Нарықтық бәсекелестіктің 4 түрінің сипаттамасы. Баға құрылуына әсер ететін факторлар. Бастапқы тауар бағасын орнатудың кезеңдері. Баға құрылуының қаулылары. Өнеркәсіптік шығындарды, тауарға сұранысты анықтау. Бәсекелестердің тауарларын және бағаларын талдау.
Жаңа тауарларға баға құруының әдістері. Баға құрылу әдістерін таңдау. Жаңа тауарға бағаларды орнату. Жеңілдіктің 5 түрінің сипаттамасы.
Жаңа тауарларға баға құрудың стратегиялары. Баға саясатының барлық маркетинг комплексімен байланысы. Баға саясатының, баға құрылуының, таза бәсекелестіктің, монополиялық бәсекелестіктің, таза монополияның, олигополияның байланысы. Баға орнатуының кезеңдері, шығындары, баға құрылуының әдістері, баға құрылуына әсер ететін факторлар, икемді сұраныс. Жаңа тауарға баға орнату, жағрафиялық жағдайға байланысты бағаларды орнату, жеңілдіктер, жеңілдік түрлері, дискриминациялық бағалар, бағаларды ауыстыру және оның факторлары.
Демонстрациялық сараптамалар: Қазақстан Республикасының «Антимонополиялық реттеу туралы» заңы, сызба «Икемді және икемсіз сұраныс», «Баға орнату кезіндегі негізгі ойлар», «Зиянсыздық графигі», кодопозитивтер «Баға және сапа бойынша маркетингтің 9 стратегиясы», есеп және тапсырмалар жинағы, міндетті бақылау жұмысының тапсырмалары.
Жаңа тауарларға баға құрылуының стратегиясы. Маркетингтегі баға құрылуы, есептерді шешу, «Баға құрудың лидерлері» оқытатын бағдарлама, «Менеджер» компьютерлік ойыны, міндетті бақылау жұмысы.
Тақырып 4.3 Маркетингтегі өткізу саясаты
Тауар өткізілуін ұйымдастыру. Тауарды орналастыру каналдарының сипаттамасы.
Орналастыру каналдары: түсінігі, маңызы, қызметтері. Халықтық орналастыру каналдары (ХОК) және тік маркетинг жүйесі (ТМЖ). ТМЖ-нің түрлері. Тауар қозғалысы және оның мақсаттары, транспорттаудың 5 түрі.
Бөлшектік және көтерме сауда сатушылары. Бөлшек кәсіпорындарының түрлері және қызметтері. Дүкеннен тыс бөлшек сауда. Көтерме сатушылардың түрлері және қызметтері. Сатушылармен қабылданатын маркетингтік шешімдер. Сервистік қызмет көрсету. Сервис түсінігі және оның түрлері. Қызмет көрсету комплексі, сервис шарты, сервистік қызмет көрсетудің құрылысы және формалары.
Орналастыру каналы. Оның қызметтері, деңгейі, қызмет көрсету ортасындағы каналдар, ТМЖ және оның түрлері, каналдардың бәсекелестігі және қызметтестігі, көлденең маркетинг жүйелері (КМЖ), нұсқалары, каналдары, каналды басқару туралы шешім, тауар қозғалысы және оның мақсаттары, транспорттау және оның түрлері, бөлшек сауда және оның түрлері, көтерме сатушысының маркетингтік шешімі.
Жүйелік маркетинг және оның мүмкіндіктері. Интернет – сату дамуының перспективалары.
Демонстрациялық сараптамалар: сызбалар «Орналастыру каналдары», «ТМЖ және КМЖ салыстыру», «ТМЖ түрлері», «Бөлшек саудагерлердің жіктелуі», плакат «Бөлшек саудагерлерді жіктеудің әдістері», есептер және тапсырмалар жинағы, әдебиеттер көрмесі, статистикалық кестелер «Қазақстан Республикасындағы бөлшек және көтерме сауда сатушыларының саны», «ИНТЕРНЕТ - дүниежүзі жүйесіндегі сатудың динамикасы».
Тәжірибелік сабақ №8
Маркетингтегі тауар қозғалысы және өткізуді ұйымдастыру, есептерді шешу, тапсырмаларды орындау, іскерлік ойын «Маркет», семинар «Қазақстан Республикасындағы тауарды өткізудің қазіргі әдістері».
Тақырып 4.4 Маркетингтегі коммуникациялық саясат
Маркетинг коммуникациялары. Маркетинг коммуникация процесінің элементтері. Коммуникация каналдары: жеке коммуникация каналдары және жеке емес коммуникация каналдары.
Ынталандыру комплексі. Ынталандыру комплексінің шығындар сметасын құрастыру және элементтерін таңдау. Коммуникация бюджетін анықтау. Коммуникация бюджетін жетілдіру әдістері.
Жарнама және өткізуді ынталандырудағы ролі, қызметтері және түрлері. Насихаттау. Өткізуді ынталандыруда компанияларды жетілдіру. Ынталандырудың тиімділігі. Жеке сату. Сауда агенті. Сауда аппаратының құрылыстық ұйымдастыруының варианттары.
Демонстрациялық сараптамалар: кодопозитивтер «Маркетинг жүйесіндегі коммуникация», «Коммуникация процесінің үлгісі», сызбалар «Жарнама ортасындағы шешімдер», «Сауда аппаратын басқаратын ұйымның шешімі», «Сату тиімділігі процесінің кезеңдері», тесттер, есептер және тапсырмалар, әдебиеттер көрмесі, ойын материалдары, видеофильм. Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» заңы, статистикалық кестелер.
Тәжірибелік сабақ №9
Тауарды өткізу комплексін жетілдіру, жарнамалық іс - әрекетті ұйымдастыру, «Жарнамалық агенттік» іскерлік ойыны, шығармашылық жұмыстарды орындау және қорғау, семинар – конференция «Қазақстан Республикасындағы жарнамалық қызметтің дамуы», маркетинг бюджетін есептеу арқылы есептерді шешу, шетелдік басқару.
Оқу тәжірибесі
Бағаны орнату әдістерін анықтау, баға құрылуының есебін, заңнамалық және статистикалық материалдармен жұмыс жасау. Тауар қозғалысын және өткізуін ұйымдастыру, шығындар сметасын құрастыру, жанаманы құрастыру, насихаттық кампанияны өткізу, щығармашылық жұмыстарды орындау және қорғау.
Бөлім 5 Маркетингтік іс – шараларды жүзеге асыру
Тақырып 5.1 Жоспарлау, басқару стратегиясы
Стратегиялық жоспарлау және оның кезеңдері. Фирма өсуінің стратегиясы. Маркетингті жоспарлау. Маркетинг жоспарын құрастырушылар.
Табысты оңтайландыру әдістері. Бақылау және оның түрлері. Бақылау жоспарлау процесі, стратегиялық жоспарлау, стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері, есептерді шешу әдісін басқару. Фирма өсуінің стратегиясы.
Қарқынды өсу, интеграционды өсу, диверсификациялы өсу, маркетингті жоспарлау, оның құрастырушылары, маркетингтің стратегиялары.
Маркетингтік бақылау және оның түрлері, маркетинг ревизиясы, ревизия жоспары.
Демонстрациялық сараптамалар: сызбалар «Фирма есептерінің иерархиясы», «Маркетинг жоспарын құрастырушылар», плакаттар «Өсу мүмкіндігінің бағыттары», «Бақылау түрлері», маркетинг стратегиясы, тапсырмалар және есептер.
Тәжірибелік сабақ №10
Фирма дамуының маркетингтік жоспарлануын жәтілдіру, есептерді шешу.
Тақырып 5.2 Маркетинг және қоғам
Маркетениг концепциясы. Қоғам жағынан маркетингті сынау. Нарық қайраткерлерінің әлеуметтік жауапкершілігі. Маркетингтің моральдық қағидаларының рөлі. Маркетингті мемлекеттік бақылау шарттары. Маркетинг концепциясы. Маркетингті сынау, маркетингтің қоғамға әсер етуі, консюмеризм, қоршаған ортаны қорғау қозғалысы, маретингті мемлекеттік басқаруы, маркетингтің моральдік қағидалары, маркетингтің қоғамға әсерін талдау, заңнамалық және стратегиялық материалдармен жұмыс жасау.
Демонстрациялық сараптамалар: сызбалар «Жаңа тауарларды шығару бағыттарының мүмкіндіктері», плакаттар «Әлеуметтік – жауапкершілікті маркетинг», «Маркетингтің қоғамға әсері», Қазақстан Республикасының «Антимонополиялық басқару туралы», «Табиғатты қорғау туралы» заңдары, статистикалық кестелер «Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс - әрекеттері», «Бизнестің Қазақстан Республикасының экологиясына әсері».
Тақырып 5.3 Халықаралық маркетинг
Халықаралық маркетинг түсінігі. Экономикалық, саяси, құқықтық және мәдени орталар ерекшеліктерінің халықаралық маркетингке әсері. Шетел нарықтарға өту операциясы.
Әр түрлі мемлекеттерде маркетинг іс - әрекеттерінің ерекшеліктері. Фирмалардың американдық, жапондық, еуропалық, ресейлік, қытайлық маркетингтік іс - әрекетінің тәжірибелері.
Қазақстан Республикасында маретингтің құрылуы. Экономикалық, саяси – құқықтық және мәдени орталарының халықаралық маркетингке әсері, шетел нарыққа өту стратегиялары,халықаралық маркетингте өткізу каналының құрылымы, маркетингтің мемлекеттік ерекшеліктері, Қазақстандағы, шет елдердегі маркетинг қызметтерінің іс - әрекеттері, маркетинг теориясының дамуы, маркетингке оқыту.
Демонстрациялық сараптамалар: сызбалар: «Халықаралық маркетинг ортасындағы негізгі қабылданатын шешімдер», «Шетел нарығына шығудың стратегиялары», «Халықаралық маркетингте өткізу каналдарының құрылымы», аудио – лекциялар, Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялар туралы» заңы, статистикалық кестелер «Қазақстан Республикасындағы бірұйымдық кәсіпорындардың саны», әдебиеттер көрмесі, видеофильм, статистикалық кестелер, сынақ тапсырмасы.
Тәжірибелік сабақ №11
Халықаралық маркетингтің ерекшеліктері, семинар – конференция (пресс-конференция) «Қазақстан Республикасындағы маркетингтің ерекшеліктері: маркетингтің теориясы мен тәжірибесінің дамуы», сынақ.
Жоспарланған оқыту нәтижелерін бақылау
«Маркетинг негіздері» пәнін оқытуда проблемалық, дамытушы, дифференциалды және топтық оқыту технологиялары, сонымен қатар ақпараттық-коммуникативтік, ойын, жобалау, зерттеу және жеке-бағытталған технологиялар қолданылады. Ұсынылған технологиялар білім алушылардың жас ерекшелігіне қарай оқу жүктемесінің тиісті нормадан аспауы және олардың денсаулығын сақтауға бағытталған.
Сабақта оқытудың әртүрлі әдістері мен жаңа педагогикалық технологиялары қолданылады. Білім алудың негізгі көздері бойынша әдістер жіктеуі қолданылады: ауызша, көрнекі, тәжірибелік; танымдық белсенділігі деңгейі бойынша: зерттеу, проблемалық, эвристикалық т.б.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда техникалық және кәсіптік білім беретін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес қарастырылған:
ҚА – 2
Емтихан – 2
Сынақ – 3
«Маркетинг негіздері» пәні бойынша оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
- аралық аттестациялар;
- жазбаша бақылау жұмытары;
- жазбаша диктанттар;
- сынақ;
- бағдарлама бөлімдерінің тақырына тәжірибелік жұмыстар.
- бағдарлама бөлімдерінің тақырына лабораторялық – тәжірибелік жұмыстар;
-оқушылардың өзіндік жұмыстары (прентациялар, портфолио, макеттер, муляждар, рефераттар, баяндамалар және т.б.)
- емтихан.
Тест сұрақтары кәсіптік құзыретті түрі үш деңгейде (минимальді, орташа, күрделі) қамтылу керек.
Тест сұрақтарына мына бөлімдер кіру керек:
Бөлім 1. Маркетингті басқару процесі - 10%
Бөлім 2. Маркетингтік зерттеулер және маркетигтік ақпарат жүйесі - 15%
Бөлім 3. Нарықты сегменттеу - 20%
Бөлім 4. Маркетинг комплексін құрастыру - 30%
Бөлім 5. Маркетингтік іс – шараларды жүзеге асыру - 25%
5. Әдебиеттер және оқыту құралдарының тізімі
Негізгі:
Котлер Ф. Маркетинг негіздері, өңд. 2007
Калюжнова Н.Л., Якобсона А.Л. Маркетинг: жалпы курс, 2007.
Леонтьева И.А «Маркетинг және менеджмент негіздері». Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. – 320 б
Алтыбаев Б.А., Истаева А.А., Маркетинг негіздері, оқу құралы, Алматы: Экономика, 2002
Войе Х., Якобсен У., Нарықтық экономика . Маркетинг, к.1, М.Внешторгиздат, 1991.
Леонтьева И.А «Маркетинг және менеджмент негіздері». Оқулық. – Астана: Фолиант, 2007. – 320 с
Қосымша:
Ертерова Н.П., Маркетинг, оқу құралы, М.: Асадема, 2004
Герчиков И.П. Маркетинг және халықаралық коммерциялық іс. М., Внешторгиздат, 1990.
Гудушаури Г.В., Литвак С., Қазіргі кәсіпорынды басқару, оқулық - М.: Эксмос, 1998.
Дологов С. И др. сыртқы экономикалық білімдер. М, Высшая школа, 1990.
Иванов М. и др. Как добиться успеха. М.Политиздат, 1991.
Котлер Ф. Үшінші мыңжылдықтағы маркетинг, СПб. Питер Ком, 2002
Котлер Ф. Маркетингті басқару, м, Экономика, 1990
Крылов Г.Д. и др. Маркетинг бойынша практикум. М, Дело, 1996
Завьялов П. и др. Формула успеха: маркетинг. М. Международные отношения, 1998.
Ноздрев Р.Б., Крылова Г.Д., Соколова М.И., Маркетинг, оқу құралы, М.: Проспект 2005
Муратова Н.М., Еримиева Е.И., Маркетинг, Тәжірибелік есептер жинағы. – М.: Экономика және басқару, 2004
Ұсынылатын оқу құралдарының тізімі:
макеттер, муляждар, стендтер, плакаттар
табиғи объекттер/үлгілер (жабдықтар, механизмдер, құралдар);
инновациялық оқу әдістері (ДК-ны, интерактивті тақтаны және т.б. қолдану);

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген