Марс
ғаламшары
Марс
күн жүйесіндегі төртінші ғаламшар болып
саналады.Марс күн жүйесіндегі жерге ең
қатты ұқсайтын ғаламшар.Марстада жердегі
сияқты мұздықтар,минералды ресурстар
және т.б бар.
Марстың
радиусы жердің радиусынан екі есе
кіші,ал массасы жердікінен тоғыз есе
кіші.
Ғалымдар
марсты бұрында су басып жатқанын,алайда
белгісіз себептермен жоқ болып кеткенін
айтады.
Марсты
алғаш рет б.з.б екінші мың жылдықта
байқай бастаған. Және марс өз атауын
ежелгі гректердін соғыс құдайы Арестің
құрметіне алған.Марс қызыл түсті
болғандықтан қызыл ғаламшар депте
аталған.Марстың қызыл болуының себебі
ғаламшардағы темір оксидінің көп
мөлшерінде болуы.
Марста
жердегі ең үлкен шың Эверестен бірнеше
есе үлкен таулар бар.Соның ішінде Олимп
тауы күн жүйесіндегі ең биік тау болып
саналады.Оның биіктігі 27 шақырым,ал
диаметрі 600 шақырымды құрайды.
Ежелде
ғалымдар марста өмір сүруге болатынына
сенген.Алайда ұзақ жылдар бойғы зерттеулер
нәтижесінде марстағы қысымның тым
төмендігінің кесірінен адам скафандырсыз
он секундта өмір сүре алмайтынын
анықтады.Және марстағы екі жүз шақырым
секундына жылдамдықпен соғатын
дауылдар,өте суық температура,атмосфераның
тоқсан бес пайызын құрайтын көмірқышқыл
газыда бар.
Ғалымдар
марста жердегі сияқты мезгілдер
алмасатынында анықтады.Алайда марста
ауа райы өте суық болып келеді.Экваторда
күндіз +30 градус,түнде -80 градусқа дейін
барады.
Марста
адам түгілі роботта әзер өмір сүреді,оған
дәлел ретінде марсқа жіберілген қырық
миссияның(роботтың) он сегізі ғана сәтті
аяқталғанын айта аламын.
Марстың
радиусы жоғарыда атап өткендей жердің
радиусының жартысын құраса,көлемі
массасы секілді жердікінен 9есе кіші.Ал
орташа тығыздығы жердегі орташа
тығыздықтын 70 пайызындай ғана.Еркін
түсу үдеуі 3,711метр бөлінген секунд
квадрат.Алғашқы ғарыштық жылдамдық
3,55шақырым секундына болса,екінші
ғарыштық жылдамдық 5,03 шақырым
секундына.Марс өз осін 24 сағат 37 минутта
айналып бітеді.Күннен максималды
арақашықтығы 249,2млн шақырымды
құраса,минималды арақашықтығы 206,7млн
шақырымды құрайды.Яғни күнді 1,88 жылда
айналып бітеді.
Марстың
ішкі құрлысы ядро,мантия және тас
қабатынан тұрады,сонымен қатар ғалымдар
марстың ішкі қабатында жердегі секілді
су бар дегенде болжам айтып отыр.Марстың
ядросы темір,никель және 16-17пайыз
күкірттен тұрады.
Сонымен
қатар марс күн жүйесіндегі ең терең
нүкте Маринер алқабымен мақтана алады.
Марстың
бетінде айдағы секілді кратерлер көптеп
кездеседі.
Марстың
екі серігі бар.Олар фобоспен деймос.
Фобостың
диаметрі 22 шақырым.Ол марсты 7сағатта
айналады.Алайда бұл көрсеткіш уақыт
өткен сайын қысқаруда.Фобос марсқа
уақыт өткен сайын жақындауда.Зерттеушілердің
есептеуінше алдағы 10-50млн жыл ішінде
фобос не грабитацияда жарылып сақина
түзеді,не марсқа келіп соғылады.
Деймостың
радиусы 12 шақырымды құрайды және олда
марсқа өте жақын орналасқан.
Менің
жеке ойым бойынша болашақта жердегі
минералды реурстар сарқыла бастаған
сәтте адамзатты дәл осы марс ғаламшары
құтқарады.Марстағы көптеген минералды
ресурстарды алып қолдануымызға
болады.Марста минералды ресурстар
жерденде көп болуы мүмкін,яғни бұл
ресурстарды біз милиондаған жылдар
бойы қолдана аламыз.Егер марста расында
жерасты сулары болса біз бұл сулардыда
бір күні жерге алып келуіміз мүмкін.Тіпті
марстың әлі біз үшін жұмбақ екенін
есептегенде мұнда мұнай бар болуы мүмкін
деген теорияларда жоқ емес.Менім ойымша
марс нағыз болашақ энергиясы!Бұл
біздің,яғни жас ұрпақтың қолында!
Болашақта марс ғаламшарын толық зерттегім
келеді!
Орындаған:
Шәкіржанұлы Әли