400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Маршруттық карта 7сынып 2. «Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Нұсқаулықпен таныс! 1. Тапсырмаларды мұқият қарап, аялдамалар бойынша орында. 2. «Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі» тақырыбын алдымен оқып шық. 3. Топ мүшелерінен ақыл кеңес сұра. 4. Қосымша материалды қолдан (оқулық, кітапша т.б) 5. Тапсырманы орындауға берілген уақытты бақыла. 6. Тапсырманың балы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т.Ж топтық жұмыс. «Маршруттық карта»

Нұсқаулықпен таныс!

  1. Тапсырмаларды мұқият қарап, аялдамалар бойынша орында.

  2. «Ішкі мүшелер жұмысының жүйкелік реттелуі» тақырыбын алдымен оқып шық.

  3. Топ мүшелерінен ақыл кеңес сұра.

  4. Қосымша материалды қолдан (оқулық, кітапша т.б)

  5. Тапсырманы орындауға берілген уақытты бақыла.

  6. Тапсырманың балы


Тапсырмалар:

1-аялдама. (2 мин)

Төменде берілген негізгі ұғымдармен танысып, анықтама бер

  1. Вегетативтік жүйке жүйесінің бөлімдері-


  1. Сомалық Ж.Ж-


  1. Вегетативтік Ж.Ж-


  1. Симпатикалық Ж.Ж-


  1. Парасимпатикалық Ж.Ж-



2-аялдама. (3 мин)

Вегетативті жүйке жүйесі бөлімдерінің ағзаға әсерін сипаттаңыз.


Мүше немесе жүйе

Парасимпатикалық

Симпатикалық

Мидың тамыры





Көз қарашығы





Шеткі артерия тамырлары





Жүректің жиырылуы





Тердің бөлінуі





Асқазан





Бүйрек үсті безі





Қуық







3-аялдама. (3 мин)

Кестенің сол жак бағанында келітірілген орталык жүйке жүйесінің әрбір бөліміне тән қызметті табыңыз.

  1. Жұлын

  2. Сопақшы ми

  3. Мишық

  4. Ортаңғы ми

  5. Аралық ми

  6. Үлкен ми сыңарлары қыртысы

А. Жоғары жүйке әрекеті

В. Дене қимылын үйлестіру, бұлшық ет тонусы

С. Тыныс алу, ас қорыту, жүрек қан тамырлары жүйелерінің орталықтары;

Д. Бағдарлау рефлекстері, бұлшық ет тонусын реттеуге қатысу;

Е. Зат алмасу дене температурасын реттеу, нейрогуморальдық реттеуге қатысу;

Ғ. Қимыл- қозғалыс және вегетативті шартсыз рефлекстерді жүзеге асыру.

4-аялдама. (2мин)

Берілген терминдердің үш тілде аудармасын жаса.

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Жүйке жүйесі




Сомалық




Вегетативтік




Симпатикалық




Парасимпатикалық




5-аялдама. (2 мин)

Өз топтарыңды бағала

Бағалау критерийі

Тапсырма№

Толық балы

Білім алушы

Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды біледі

1

5


Вегетативті жүйке жүйесі бөлімдерінің ағзаға әсерін сипаттайды

2

8


Жүйке жүйесінің әрбір бөліміне тән қызметті сәйкестендіреді

3

6


Негізгі терминдерді үш тілде аударады

4

6


Барлығы

4

25


Уақыты -10 мин

22-25- «Өте жақсы»

16-21-«Жарайсың»

9-15- «Жақсы»

0-8- жұмыстану керек





Қызыл қалпақ

Атқаратын қызметіне байланысты жүйке жүйесі атқаратын қызметі бойынша екі бөлімге бөлінеді. Сомалық және вегетативтік жүйке жүйесі болып. Сомалық ж.ж дене қимыл –қозғалысы, яғни қаңқа бұлшық еттерін басқарады. Ол адам еркіне бағынады. Сомалық ж.ж орталықтары үлкен ми сыңары қыртысының маңдай бөлімінде орналасқан. Вегетативті ж.ж автономды деп те аталады. Қаңқа бұлшық етінен басқа бүкіл ішкі мүшелерді басқарады. Яғни бауыр, асқазан, жүрек, өкпе, т.б Ол адам еркіне бағынбайды. Сондықтан автономды деп аталады. Мен өз ойымды бұл жерде ішкі мүшелердің жұмысы тікелей жүйке жүйесіне бағынатынын түсіндім.



Ақ қалпақ

Барлық вегетативті ж.ж екі бөлімге бөлінеді. Олар симпатикалық және парасимпатикалық. Симпатикалық ж.ж ағзаны белсенді күйге келтіреді. Ол жүрек соғуын жиелетеді, тыныс алу, қан ағысының жылдамдығы мен қысымын арттырады. Жалпы зат алмасу белсенді болады. Парасимпатикалық ж.ж керісінше жүрек соғысы мен тыныс алуды баяулатады, қан ағысының жылдамдығы мен қысымын баяулатады. Зат алмасу төмендейді. Бірақ бүкіл ағза парасимпатикалық ж.ж әсерінен енжар болмайды. Мысалы: ішектің асқазанның жиырылуы сілекей мен басқа асқорыту сөлінің бөлінуін күшейтеді. Видеодан мүшелердің жұмысының реттелуін көру арқылы тақырыпты толықтырдым.



Сары қалпақ

Адамның іс –әрекеті дұрыс болу үшін жүйке жүйесінің маңызы зор. Ж.ж. ішкі мүшелер жұмысын реттейді және түрлі химиялық реакцияларға, физикалық құбылыстарға әсерін тигізеді. Бұл әсер екі түрлі болады. Бірі –қозу, екіншісі тежелу. Қозудың әсерінен зат алмасу артып, адамның еңбек қабілеті артады. Сыртқы ортаның ауру қоздырғыш әсерінен ағзаның ауруға қарсы қабілеті күшейеді. Ішкі мүшелердің жұмысы бірқалыпты жағдайда болғандықтан адамның көңіл күйі сергек болып ауруға шалдықпайды. Мұндай адамның денсаулығына, еңбек етуіне кедергі жасамайды. Адам денсаулығы дұрыс болу үшін жүкенің, көңіл күйдің әсері маңызды деп айтқым келеді.






Жасыл Қалпақ

Рецептордан келген ақпарат ішкі мүшелер жұмысына әртүрлі әсер етеді. Терідегі рецепторлар ауа темпратурасын, ылғал, жауын-шашынды, желді, күн сәулесінің әсерін қабылдайды. Өкпедегі рецепаторлар ауаның ылғалдылығын, оттегі қысымын иондану, сондай ақ сезім мүшелері(көз, құлақ, мұрын тіл) өсімдіктердің жұпар иісін, ауаның тазалығын, күннің күркіреуін, желдің ысқырығын, сезеді. Рецепторлардың дұрыс жұмыс жасауы оттегінің жеткілікті, қанайналымның дұрыс болуыына байланысты. Егер рецепторлар жұмысы бұзылса сезімталдық қасиет бұзылады. Сөйтіп рецепторлар ішкі мүшелер жұмысын реттеп отырады. Осы тақырыппен танысу арқылы менің медицинаға қызығушылығым артып, дәрігер болғым келеді.


Көк қалпақ

Жүке жүйесінің қызметі ішкі мүшелер жұмысына байланысты. Мұның бәрі гигиеналық шараларды сақтап отыруға байланысты. Денені , киімді, төсек орынды таза ұстап, дұрыс тамақтанып, таза ауада, судың жағасында болып, дене шынықтыруымен айналысса жүйке жүйесіне қажетті жағдай тұрады. Мида , үлкен ми сыңарлары қыртысында оттегі жеткілікті болса зат алмасу да бірқалыпта болады. Жүйке жасушаларында қозу мен тежелу дұрыс өтеді де адам шаршамайды. Жүйке жүйесі гигиенасы сақталса ішкі мүшелерде ауру тумайды. Жүйке жүйелерін емдейтін медицина ғылым саласын невропотология, ал дәрігерді невропотолог деп атайды. Осы тақырыпты сыныптастарымның сөзін қорытындылайтын болсам, Ауырып ем іздегенше- ауырмайтын жол іздеуді айтар едім.



Қара қалпақ

Денеге сыртқы орта үнемі әсер етеді. Таңертең қанайналым баяулап кешке қарай жылдамдайды. Бұл парасимпатикалық және симпатикалық жүйке қозуының әсері. Сондықтан жүрек, қантамырлар, тыныс алу мүшелерінің ауруымен ауыратын адамдар қысылып,жедел дәрігер шақырып жатады. Мұндай науқастардың, асқазаны ауыратын адамдардың ауа райы суытқанда немесе жылытқанды күзден көктем айларына дейін жағдайлары өзгеріп отырады. Тежелу мен қозу кезектесіп ағзаны қоршаған ортамен

байланыстырады. Сыртқы тітіркендіргіш орталық жүйке жүйесіне келіп талданып, қорытынды ішкі мүшелерге өтеді. Мүшелер жұмысының бұзылуын және оның ауруларымен таныстым.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
462
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі