400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Маша мен аюдың көктемгі сыйы" ортаңғы топқа 8 наурызға арналған сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
"Маша мен аюдың көктемгі сыйы" ортаңғы топқа 8 наурызға арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бәйтерек тобы

8 Наурыз мерекесіне арналған сценарий

Тақырыбы: “Маша мен Аюдың көктемгі сыйы”

1. Балалардың ерекше кіруі

(Көңілді әуен ойнайды, балалар екі-екіден қол ұстасып, билей жүріп сахнаға шығады. Барлығы орындарына жайғасқанда, кенеттен Маша жүгіріп келеді.)

Маша (қолын шапалақтап, секіріп):

– Ой, ой, ой! Қандай тамаша күн! Бүгін көктемнің ең ғажайып мерекесі – біздің сүйікті аналарымыздың мейрамы!

(Аю артынан асықпай келеді, бір қолында үлкен себет, екінші қолында гүлдер бар.)

Аю (маңдайын сүртіп):

– Ой, Маша-ай, сен мені тағы жүгіртіп шаршаттың ғой! Бұл қандай мереке, неге бәрі осындай әдемі?

Маша (күліп):

– Ой, Аю! Сен әлі түсінбедің бе? Бүгін – біздің аналарымыздың мейрамы! Біз оларды құттықтауымыз керек!

Аю (басын қасып, ойланып):

– Ендеше, мен сыйлықтарымды дайындап әкелдім. Бірақ бір нәрсе жетіспейтін сияқты…

Маша:

– Әрине! Көңілді әндер, тақпақтар, би мен ойындар! Балалар, біз аналарымызды қуантқымыз келе ме?

(Балалар «Иә!» деп жауап береді.)

Көктемгі тақпақтарды ұсынамыз.

(Балалар кезекпен тақпақтарын айтады.)

1-бала:

Айналамда нұр шашқан,

Жайнай түсті даламыз.

Көктем келді, ән салған,

Қуанышқа толамыз!

2-бала:

Құтты болсын, анашым,

Сенсіз күнім шуағы.

Қуантайық бәріміз,

Аналар мен әжені!

(Балалар аналарға гүлдерін сыйлайды.)

Аю:

– Ой, қандай әдемі тақпақтар! Маша, білесіңбе мен қазір билегім келіп кетті!

Маша (күліп):

– Ал сен дайынсың ба, Аю? Би – оңай емес!

Аю:

– Әрине, дайынмын! (Аю бір-екі күлкілі қимыл жасайды, балалар күледі.). Менің көмекші достарым барда нені уайымдаймын.

Би – “Көктемгі көңілді билеу” Құдаша қыз

(Қыздар жеңіл көктемгі әуенге би билейді, ұлдар оларды қошеметтеп, қол шапалақтайды.)

Аю: Қандай керемет би биледіңдер балалар. Енді бір ән болсағой!

Маша: Аю неге ұялып тұрсын, ән болса айтайық, бүгінгі әжелеріміздіңде мирамымен құттықтауымыз ретінде ән шашу арнайық.

Ән – “Әже, әжетайым”

Аю: Керемет, керемет!

Маша: Аю тоқта, мұнда жаман жаңалық бар.

– Балалар, біздің аналарымызға арналған сыйлықтар жоғалып қалыпты! Оларды табуға көмектесеміз бе?

Балалар: Ия.

Ол үшін шашылған үйді жинау қажет.

Ойын: (Музыка қосылады, балалар бөлменің әр жеріне жасырылған шағын сыйлықтарды іздейді. Әр бала бір сыйлық тауып, анасына немесе әжесіне апарып береді.)

Маша: Жарайсыңдар балалар.

(Сол сәтте Аю ойға шомып кетеді.)

Маша: Аю неге ойланып кеттің?

Аю: Жұмбақтың шешімін таппай жатырмын.

– Ал енді, мен сендерге жұмбақ жасырамын! Егер дұрыс жауап берсеңдер, аналарға арналған ерекше сыйлық ашылады!

(Аю жұмбақ оқиды, балалар жауабын табады.)

1. Қызыл, сары, көк түсті,

Бақшада өсер көп түрлі.

(Жауабы: Қызғалдақ)

2. Тікендері бар өзінде,

Гүлдердің патшайымы.

(Жауабы: Раушан)

(Дұрыс жауап берген сайын, Аю қорабын ашады, соңында аналарға арнап жасалған жүрек пішінді суреттер шығады.)

Аналарға арналған ән – “Ақ мамам”

(Балалар аналарға арнап «Ақ мамам» әнін шырқайды.)

Қоштасу бөлімі

Маша:

– Ой, бүгін қандай тамаша күн болды! Біз ән айттық, би биледік, аналарымызға сыйлық жасадық

Аю:

– Иә, мен де бүгін көп нәрсе үйрендім! Аналарға қуаныш сыйлау – ең керемет нәрсе екен!

(Барлық балалар сахнаға шығып, аналарға гүлдерді сыйлайды.)

Барлығы:

Анашым, мен сені жақсы көремін!

Әжетай, мерекеңіз құтты болсын!

Жүргізуші:

– Құрметті аналар мен әжелер, бүгінгі мерекелік шарамызға қатысқандарыңыз үшін үлкен рақмет! Балалардың өнері сіздерге қуаныш сыйлады деп үміттенеміз!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 наурыз
108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі