Сабақтың
тақырыбы: Машина инесінің құрылысы мен
орнатылуы,тазалау,майлау.
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға иненің құрлысын
және орнатылуын,оны тазалау, майлау жұмыстарының жасалуын
түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін
дамыта отырып,көргендерін есте сақтап,оны қайта жаңғыртуға
үйрету
Тәрбиелеу: ұқыптылыққа,еңбексүйгіштікке,табандылыққа
тәрбиелеу
Сабақтың
әдісі: түсіндіру,көрсету,сарамандық
жұмыс
Сабақтың
көрнекілігі: тігін машинасының ине
құрылысының суреті,сөзжұмбақ,тест сұрақтары,маркер,
стикер,
Сабақ
барысы: I. Ұйымдастыру
кезеңі
1)
Сәлемдесу
2)
Түгелдеу
3) Оқушылардың назарын
сабаққа аудару
4) Техника қауіпсіздік
ережесін сақтау
5) Топқа бөлу (Ән
шумақтарын дұрыс табу арқылы)
6) Оқушылардың
бір-біріне тілек айтуы
II. Алдыңғы
оқу
«Қарлы кесек» әдісі
арқылы сұрақ -жауап
1) Тест сұрақтарын
тарату
2) Тігін машинасының
құрылысын көрсетіп айту
III.Жаңа
сабақ:
Машина инесі-машинаның
ең маңызды жұмыс органдарының бірі.Иненің негізгі қызметі-тігім
жүргізу.Орындалатын жұмыс түріне байланысты түрлі машиналарда
ұзындығы мен формасы әртүрлі инелер қолданылады.Машина инелері қол
инелері сияқты нөмірлері бойынша ажыратылады.Ине неғұрлым жуан
болған сайын оның нөмірі де өсе түседі.инелер болттан жасалады.Олар
берік және серпімді болуы тиіс
Инелер ұзын және
қысқа,жуан және жіңішке,тік және иілген.
Ине колбасының бір жағы
жазық,тегіс,екінші жағы дөңес болады(оған иненің нөмірі жазылады)
Колба инені ине жүргізуші муфтасына бекіту қызметін
атқарады.Оқтаманың диаметрі колба диаметрінен кіші болады.Оқтаманың
бойында екі науашық орналасқан:
Науашықтар жіптің матаға үйкелуінен қорғайды.Жіп ұзын
науашық жағынан өткізіледі.
Иненің
үшкір ұшы матаны тесу үшін арналған. Бұл-иненің жұмыс атқару
бөлігі.Иненің ұшында жіп өткізілетін көз
орналасады.
Инені
таңдағанда,оның сапасына көңіл аударған жөн.иненің науашықтары мен
көзі тегіс болуы маңызды,себебі сапасыз ине жіптің беріктігін
төмендетеді,оның үзілуіне және матадан жіптерінің ілініп шығуына
әкеледі.
Сапасыз
ине тігін машинасы жұмысында ақау туғызуы мүмкін.Ине-тігу жұмысының
маңызды құралы.
Ине мен
жіп нөмірлері бұйым тігілетін матаның қалыңдығы мен тығыздығына
байланысты таңдап алынады.
Машинаның
дұрыс жұмыс істеуінің ең маңызды шарттарының бірі-иненің дұрыс
орнатылуы.
IV.Дәптермен
жұмыс
Машина инесінің
құрылысы
V. Сарамандық
жұмыс
Сергіту
сәті
Инені тігін машинасына
орнату,тігін машинасын тазалау және майлау жұмыстарын
жасау.
VI.Сабақты
соңы
«Таңда да таста»
әдісі
Сөзжұмбақ
шешу.
1) Тігін машина инесінің
құрылысын айт?
2)Маина инесі қандай
қызмет атқарады?
3) Машина тігісінің
сапасы неге байланысты
4) Жіп машина инесінің
қай жағына өткізіледі?
5) Тігін машинасын не
үшін тазалау және майлау қажет?
6) Тігін машинасын
тазалауға және майлауға қандай жабдықтар
қолданылады?
Кері байланыс
Үйге
тапсырма
Тігін машинасының
жұмысы