жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Машина жасау өнеркәсібінің құрамы мен маңызы
|
Тақырыбы |
Машина жасау өнеркәсібінің құрамы мен маңызы |
|
|
Сыныбы: 9 |
Оқушыларды Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібінің құрамымен таныстыра отырып, мемлекет өміріндегі оның орнын, маңызын көрсету. Оның құрылымы мен қамтитын өнеркәсіп салаларын зерделеу. Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуын, сонымен қатар экономикадағы рөлін анықтау. |
|
|
Мақсаты |
||
|
Жалпы мақсат |
Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру. Ойлау деңгейлерін көтеріп, бір-бірімен диалогқа түсуін қамтамасыз ету. |
|
|
Күтілетін нәтиже |
Тақырыпты меңгерген оқушы. Бүгінгі сабақтан алған мәліметтерін, түсінгенін салыстырады, Қазақстанның машина жасау өнеркәсібін бағалайды, салыстырады. |
|
|
7 модульдің қолданылуы |
“Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”, “Талантты және дарынды балаларды оқыту”,“Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу”. |
|
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
«Жүректен жүрекке», «Мозаика», «Блиц сұрақтар», «Үнсіз бейнефильм», «Фишбоун», «Тұжырымдамалық карта», «БФЕ», «Аквариумдағы балықтар», «t» кестесін толтыру», «Сен – маған, мен - саған», «Екі жұлдыз, бір тілек». |
|
|
Қолданылатын ресурстар |
Флипчарт, маркерлер, портрет, тақта, стикерлер, ноутбук, интербелсенді тақта, қима қағаздар |
|
|
Ұйымдастыру кезеңі |
Сәлемдесу Сыныпта жағымды психологиялық атмосфера қалыптастыру үшін «Жүректен жүрекке» тренингін өткізу. Оқушыларды түгелдеу. Топқа бөлу (Мозаика арқылы 3 топқа бөлінеді) |
Оқушылар тренингке қатысады. Әр топ өз орнына отырып сабаққа дайындалады, оқу құралдарын түгелдейді. |
|
Сабақ кезеңдері |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
|
Білім Қызығушылық тарын ояту |
«Блиц сұрақтар» әдісі арқылы үй тапсырмасы пысықталады. |
Мұнда мұғалім сұрақтар қойып оқушылардың білімдерін тексереді, жауаптың дұрыстығына көңіл аударады, сынып оқушыларын түгел қамтиды.Сұрақты мұғаліммен қатар оқушылар да қояды. Яғни, мұғалімнен алдын-ала қосымша тапсырма алған дарынды оқушылар проблемалық және жағдаяттық сұрақтар дайындап келеді. Үш топқа таратылған конверттердің көмегімен жүзеге асырылады. |
Қойылған сұрақтарға жауап береді, сыныптастарының жауаптарына көңілдері толмаса өздері толықтырып жауап беруге тырысады. |
|
Түсіну |
«Үнсіз бейнефильм» Ой қозғау мақсатында қолданылады |
Интербелсенді тақтадан үнсіз бейнефильм көрсетіледі. |
Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Әрқайсылары өз пікірлерін ортаға салады. Мұғалімнің көмегімен ортақ пікірге тоқтайды. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтайды. |
|
Қолдану |
«Фишбоун», «Тұжырымдамалық карта», «БФЕ», «Аквариумдағы балықтар» |
Оқушыларға мәтінді тақырыпшаларға бөліп беріп, топ ішінде қысқаша талқылатып, дәптермен жұмыс орындатамын. |
Оқушылар қысқаша талқылаудан соң топпен жұмыс жасайды |
|
Талдау |
І топ: «Машина жасаудың экономикадағы рөлі» тақырыпшасы бойынша Фишбоун; ІІ топ: «Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы» бойынша Тұжырымдамалық карта; ІІІ топ: «Машина жасауға мамандану және кооперативтендіру» бойынша БФЕ дайындайды |
Топтасқан оқушылар бір-бірін өз жұмыстарымен таныстырады және «Екі жұлдыз, бір тілек арқылы» бағалайды. |
|
|
Жинақтау |
«t кестесі»; «Сен – маған, мен - саған» |
Мұғалім оқушыларға «Борт күнделігін» таратады |
Оқушылар кестені толтыра отырып, жеке жұмыс жүргізеді |
|
Бағалау |
«Бағалау парағы», «Екі жұлдыз, бір тілек», ауызша мадақтау. |
Оқушылардың жауаптарына қарай мұғалім оларды Бәйтеректің шыңына жетелейді. |
Бір-бірінің жұмысын бағалайды. |
|
Рефлексия |
Кері байланыс парағы «Блоб ағашы» |
Оқушыларға кері байланыс ұсыну |
Ұсынылған парақшаларды толтыру |
9 сыныпқа арналған География пәні бойынша «Машина жасау өнеркәсібінің құрамы мен маңызы» тақырыбындағы сабағымның рефлексиясы.
Бұл сабағымды жоспарлау барысында көп ойландым. Себебі сабағымды әрі қызықты, әрі нәтижелі де сапалы өткізу міндетін алдыңғы қатарға қойдым. Таңдап алған әдістерімді де мұқият зерделедім. Олардың оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын қадағаладым. Топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері арқылы оқушылар арасындағы ынтымақтастықты да қалыптастырып, әрі оқушыларды сабаққа да түгел тартуды қамтамасыз етуі қажет еді. Мәселен, сыныпта жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастыру үшін ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» тренингін таңдадым. Мұнда оқушылар өздерінің жылы лебіздері арқылы бір-бірін жоғары бағалайтындарын көрсете білді. Сонымен қатар, «Ата-анаңның үмітін ақта», «Алға қойған мақсатыңа жет» деген тілектерімен қатар, бір-бірінің қалжың көтере білетіндіктерін, қолдарының ашықтығын, алғыр екендіктерін атап көрсетті. Тренинг барысында оқушыларымның бір-бірінің ойын қайталамай, жаңа ой айтқандары маған қатты ұнады. Бұл тренинг оқушыларды бір-біріне жақындата түсті. Осылайша, сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастадық.
Үй тапсырмасын тексеру үшін «Блиц сұрақтар» әдісін оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында диалог қалыптастыру үшін таңдадым. Мерсер мен Литлтон (2007) атап көрсеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді [МАН, 39-бет]
Сонымен қатар қосымша тапсырма алған дарынды оқушыларым өзіммен тең әрекеттесе білді.Осының нәтижесінде үлгерімі төмен оқушыларым микрофон ұстаған дарынды оқушыларға қызығып, олардың деңгейіне жетуге тырысты. Сабағымның бұл тұсында өзім рефлексивті агент рөліне енсем, оқушыларым ЖАДА – да жұмыс жасады. Сұрақ қоюшы дарынды оқушыларым сұрақ қою техникаларын да біршама жақсы меңгергендерін байқадым. Тұжырымдамалық карта және Аквариумдағы балықтар әдісін пайдалану барысында Джером Брунер атап көрсеткен «Орман өсіру» менің де сабағымда қалыптасып жатқанына куә болдым. [МАН, 45-бет] Сабақты «Зымыран сұрақтар» арқылы бекіттім. Мұнда оқушыларымды ойлануға және шапшаңдыққа дағдыландырдым. Балаларды сыни тұрғыдан ойландыру үшін «Үнсіз бейнефильм» әдісін таңдадым. Мұнда топтық талқылау жұмысы жүргізілді, бір байқағаным үлгерімі төмен оқушыларым да өз идеяларын ұсынды. Олар ойлана келе, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдай келе бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын аша білді. Мәтінмен жұмыс жасап, кесте толтыру барысында жеке жұмыс түрі орын алды. Мұнда топтағы белсенді оқушылар басқаларына көмектесіп қана қоймай, көшбасшылық қабілеттерін де байқатты.
«Сен – маған, мен - саған» әдісі арқылы оқушылар арасында жұптық жұмыс ұйымдастырғым келді және бұл жұмыс сәтті шықты. Оқушылар арасындағы жұптық жұмыс та жеке жұмыс тәрізді оларды ойлануға, басқа жұптардан қалып қоймас үшін уақытпен санасуға үйретеді екен. Пәнаралық байланыс орнату үшін сабақты қорытындылау кезеңінде тарихи, әдеби, географиялық диктанттардың маңызы зор деп шештім. Мұнда оқушылар жан-жақты ойланып, логикалық қорытынды жасай алады екен.
Оқу және оқыту үшін қалыптастырушы немесе формативті бағалау ерекше маңызға ие болғандықтан бағалау түрлеріне аса мән бердім. «Бәйтерек» әдісі арқылы оқушыларымды формативті бағалап отырдым. Оқушы мен мұғалім арасында баға үшін түсініспеушіліктер жойылады екен және әр оқушы өзінің қай деңгейде екенін біліп, жоғарғы шыңына жетуге ұмтылыс танытады екен. Осы жерде мен өз сабағымнан Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттерді көрдім. [МАН, 34-бет] Сонымен қатар, менің тарапымнан ауызша мадақтау жүргізіліп жатса, оқушылар тарапынан бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау да орын алды. Бірін-бірі бағалау өз ынта-жігерлерін арттырып, әрқайсысы өздерін қоғамның ажырамас бір бөлігі ретінде сезінгендерін байқадым.
Оқушыларыма кері байланыс парақшаларын таратқан мақсатым оларға бүгінгі жұмыс түрлерінің ұнаған, ұнамағанын білгім келді. Себебі, Джин Раддок атап көрсеткендей [МАН, 46-бет], оқу процесінде «Оқушы үні» зор маңызға ие, яғни оқушы өзіне ұнаған жұмыс түрлерімен айналысқанда ғана білім ала алатынын білемін. Оларға ұнамаған жұмыс түрлерін әрдайым алмастырып отырамын. Оқушыларымнан алған кері байланыстан түсінгенім жеке, жұптық және топтық жұмыстар бір сабақта үйлескенімен, кейбір оқушыларға ауыр тиеді екен. Келесі сабақтарымды жоспарлағанда бұл кемшілігімді жоятын боламын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген