жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Машина жұмыстарын орындау.
Бекітемін
Директордың ӨО жөніндегі
орынбасары
_________ С.К. Абдибекова
2026 жылғы «___»________
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Машина жұмыстарын орындау.
Сабақтың мақсаты: Жеке тапсырыс бойынша барлық тігін жұмыстарын орындау. Мата кесінділерімен жұмыс жасау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: жаңа технологияны, жабдықтармен құрал саймандарды пайдаланып, берілген модель бойынша бұйым үлгілерін дайындау.
Дамытушылық: практикалық тапсырмаларды орындау кезінде зейін, есте сақтау, ойлау жетілдіріледі, ынталандырылады танымдық белсенділік, себебі бұл тапсырмаларды орындау студенттен түсіндірулерді, дәлелдерді, негіздемелерді талап етеді.
Тәрбиелік: бәсекеге қабілетті, жауапты және құзыретті, өз мамандығын жетік меңгерген, мамандығы бойынша тиімді жұмыс істеуге қабілетті, тұрақты кәсіби біліктілігін арттыруға, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа қабілетті маманды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: өндірістік оқыту
Сабақтың жабдықталуы: Тігін машиналары, мата, жіп, мақта.
Пәнаралық байланыс: сызу, материалтану.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру бөлімі (5-6 мин)
1. Білім алушылармен сәлемдесу.
2. Сабаққа қатыспаған білім алушыларды белгілеу.
3. Жұмыс орындарын сабаққа дайындау.
ІІ. Кіріспе нұсқау. (10-15 мин)
Білім алушыларға жаңа тақырыпты хабарлаймыз. Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталамыз. Содан кейін жаңа материалды мазмұндаймыз: Мақта маталардан жеңіл ассортиментті иықты бұйым құрастырылуының базалық негізін өлшеусіз құру. Сызғышты қолданып пішуді үйрену. Киімнің ыңғайлысы, жас мөлшеріне және денесіне сәйкес келуін, оның үстіне сәнді болуын ескеру керек. Ылғалдан киімнің сыртқы түрінің бұзылмауы үшін киім тігуге арналған маганы декатировкалайды
Жаңа материалдың кіріспе нұсқауы бойынша білімдерін бекіту: Жоғарыда аталған мағұлматтарды қорытындылаймыз.
ІІІ. Студенттердің тапсырмалары мен өз бетімен орындайтын жұмыстары: (30-40 мин)
Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар. Конструкциялық орындалуы жағынан тігін машиналары астында тұғыры бар қақпақты машина, сандық қапты машина, стол-шкафты, жазылмалы столы бар машина деп бөлінеді.
Тігін машинасының үш классы шығарылады: тек тура тігісті—2 М, тура және бір және екі жіпті инемен ирек тігіс жүргізетін — 132 класты, бір немесе екі жіпті инемен тура немесе ирек сызықты тігіс жүргізетін, сондай-ақ өрнек жүргізетін және арнайы тігіс тігетін 142 класты машиналар. 2 М класты тігін машиналары киім детальдарын бір сызықты тура тігіспен тігуге, тігісті ең басында және аяғында бекітуге, параллель тігістермен тігуге, шілтерлі немесе таспа баулы киімге бастыруға, киімнің шеттерін бүгуге, бүрме тігістігуге «ришелье» әдісімен кестелеуге, бір тегіс етіп кестелеуге, жамау жапсыруға арналған. 132 класты машина бұған қосымша ілгектерді торлауға, түйме қадауға, сәндік тігіс түсіруге, бау тігуге, матаның шетін жөрмеуге, ирек сызықты тігіспен бір-біріне түйістіретігуге болады. 142 класты машинамен жоғарыда көрсетілген жұмыстың бәрін де орындап, оған қоса жағдайда ең әуелі оның дұрыс сабақталуына көңіл бөліп, содан кейін жіп өтетін серіппелі қысқыштың бұрандасын солға қарай бірнеше реет айналдырыл, жіптің қатты тарту қажет. Шөлмектегі жіп қатты тартылып тұрған жағдайда қайықтың сырт жақ бүйіріндегі пружинаның реттеу винтін сәл босатады. Сондай-ақ қайық ішіндегі катушка тым тез айналып кеткен кезде де (мұндайда жіп түйіліп, түйін пайда болады) жіптің үзіліп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда шөлмектің астына қалыңдау мата төсеп қою қажет. Шөлмек қайық қатығыз болған кезде де жіптің үзілуі мүмкін. Сонда шөлмекке жіп қажеттегіден артық оралады. Шөлмекке жіп орағанда оның шөлмек жиегіне 1,5—2 мм жетпей тұруын қадағалау керек. Тігіс дұрыс түспесе онда иненің дұрыс орналасуын тексеру (инее түбінің тегіс, жылтыр беті — кейінгі жаққа, ал инедегі кішкене өзекше алдыңғы, жұмыс істеп отырған адам жаққа қарайды) қажет; ине мен жіп нөмірлерінің сәйкес келуін тексеріп, егер ұшы мұқалып немесе майысып қалса инені ауыстырады. Ал машина табаны матаны нашар жылжытса, мата тартқыш тісті қажетті деңгейге келтіреді (егер олар тиісті деңгейде шығып тұрмаса) немесе реттеуіш винт арқылы машина табанын қатайтады. Жұқа маталарды (мәселен, керосин тамызу керек, сосын машинаны біраз жүргізіп барып жақсылан сүртеді де тігін машинасына арналған маймен майлайды. Машиналық белдігі (айналдыру таспасы) айналып кетсе, онда оны сәлқыс қартқан жөн. Егер машина бұзылып, тігісі дұрыс түспесе онда машинаны шеберханаларда жөндетеді.
Практикалық тапсырмаларды орындау:
Қалта тігу технологиясы.
Жең түрлерін жасау технологиясы.
Өлшем алу рет- тәртібі.
Алдыңғы өңірді жасау әдісі.
Киімдегі бүкпелерді ауыстыру арқылы модельдеу.
Жаға үлгілерінің жасалу технологиясы.
Белдемше тігудегі құрастыру мен сызбалар жолдары.
Тұтас қиылған жеңді көйлектің сызбасы.
Жартылай шеңберлі белдемше.
Тік белдемше тігілу технологиясы.
Ағымдық нұсқау. Жұмыс орындарын аралап тексеру кезінде төмендегідей көңіл бөлу керек:
Шеберханадағы техникалық және еңбек қауіпсіздікті сақтау ережелері. Тігін машинаны дұрыс қолдануы.
ІV. Сабақ бойынша рефлексия
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
V. Қорытынды нұсқау: (10-15 мин)
Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау.
Студенттердің жақсы жұмыстарын атап өту, көрсету.
Қателерін сипаттау, олардың пайда болу себептерін айту.
Жабдықтарды, жұмыс орны мен еңбек тәсілдерін тиімді пайдалануды талдау.
Бағаларын хабарлау.
Үйге тапсырма:Киімді қолмен пішуді үйрену.
Жұмыс орындарын ретке келтіру.
Ө/о: шебері Н.Б. Қайыр
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген