15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Масса және денелердің массасын өлшеу.
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарларған кезеңдері |
Сабақтың жоспарларған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||
|
Сабақтың басы 3 минут
7 минут |
Ұйымдастырукезеңі: (М) Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару. Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру. (М, О) «Жұмбақ кейіпкер» әдісі арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудыру. (М, О) Жетондар арқылы 2 топқа бөлу. «Жылдамдық», «Масса» (М) Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Ол нені көрсетеді? Оның маңызын «Карта» стратегиясы арқылы жүйелеуге бағыттаймын. «Біліміңді сына» (физикалық диктант) 1. Бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы қалай анықталады? (1 балл) 2. Қозғалыстың жылдамдығын анықтайтын формуланы жаз.Жылдамдықтың өлшем бірліктерін көрсет. (1 балл) 3. Автомобиль 120 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Автомобильдің жылдамдығы неге тең? (2 балл) 4. Жолдың берілген сан мәндерін метрмен өрнектеп жаз: 10 км; 126 см; 30 дм: 1220 мм. (1 балл) 5. Жылдамдықтардың берілген сан мәндерін м/с- пен өрнекте: а) 72 км/сағ; ә) 100 см/с; б) 36 км/сағ. (2 балл) 6. Велосипедші 1,5 м/с жылдамдықпен 150 м жол жүрді. Осы қашықтықты ол қанша уақытта жүріп өтеді? (2 балл) 7. Пойыздың қозғалыс жылдамдығы 20 м/с дегенді түсіндір. (1 балл) Барлығы: 10 балл
( «Бас бармақ» әдісімен бағаланады Ой қозғау: (М,С) Суреттерге назар аударып, бүгінгі тақарып жайында не айтар едіңіздер? Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырамын.
(М) Мадақтау: Жарайсыңдар! Өте жақсы! |
АКТ, сынып оқушылырының аттары жазылған парақшалар, қоржын, жетондар. А4 қағызы. АКТ,презентация |
||||||||
|
Сабақтың ортасы 7 минут 4 минут 7 минут 5минут 5 минут
|
Жаңа сабақты меңгеру. Білу. «Ойлан, жұптас, бөліс! » әдісі арқылы тақырыпты ашу. (Тж) 1 топ тапсырмасы: Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз, денелердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде не байқаймыз, денелердің қандай қасиеті инерттілік деп аталады? Қандай шама денелердің инерттілігін сипаттайды . (Тж) 2 топ тапсырмасы: Неліктен лезде тоқтауға немесе лезде үлкен жылдамдық алып зымырап кетуге болмайды? Неліктен масса физикалық шама болып табылады? Массаның SI жүйесіндегі өлшем бірліктерін атаңдар. Иінді таразы көмегімен дененің массасын қалай анықтауға болады? (М) Оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт-бағдар беремін. (Тж) Топта бірлесіп жұмыс жасай отырып, тақырыпты талдайды, қорғайды. Түсіну (М) Оқушылар ақпаратты қандай деңгейде түсінгенін , ауызша жауап беру дағдыларын салыстырамын. (О) Ақпаратты қандай деңгейде түсінгенін көрсетеді, өзін-өзі бағалайды. Сұрақ-жауап «Ия, жоқ» 1. Дененің массасын таразыға тартып өлшейміз. (Ия) 2.Массаның өлшем бірлігі метр. (Жоқ) 3. Масса – денелердің инерттілігінің өлшемі. (Ия) 4. Массаның (SI) cистемасындағы өлшем бірлігі килограмм (кг). (Ия) 5.Бір килограмда жүз грамм болады. (Жоқ) 6. Масса эталоны иридий мен платинаның қортпасынан жасалған және диаметрі мен биіктігі 39 мм болатын цилиндр. (Ия) 7.Масса скаляр шама. (Ия) 8.Массаны m әріпімен белгілейміз. (Ия) 9. Масса векторлық шама. (Ия) 10. Мына формула дұрыс па? m1/m2 = v2/v1 (Ия) (С) «Саусақ» ойыны арқылы оқушылар сергіп қалады. Қолдану (М) «Есептер шығару» арқылы жаңадан меңгерілген дағдыларды тәжірибеде қолдануын қадағалаймын. (Жж) Мәселелерді шешеді, жаңадан алған білімін көрсетеді.
. №1 Оң жақтағы арба 60 см/с, сол жақтағы арба 4см/c жылдамдық алса, қай арбаның массасы артық және неше есе артық? (Жж) «Есетер шығару» әдісі арқылы массаны табады. №2 Екі арба өзара әрекеттескенде жылдамдықтары 20 см/c ;және 60 см/c-қа өзгереді. Үлкен арбаның массасы 0,6 кг болса кіші арбаның массасы неге тең? Талдау. (М) « Бекіту және қолданысқа енгізу» әдісі арқылы мәселелерді шешуде, жаңадан алған білімін талдап, дамыта алуын қадағалаймын. Тапсырма:№1 Мектеп таразысын пайдаланып, келесі денелердің массаларын анықтаңдар: а) мата қиындысының; ә) бұршақтың; б) қаламның; в) өздеріңді Қызықтыратын басқа денелердің. Тапсырма:№2 Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнектеңдер: шыбынның қанаты 0,00005г; тенис добы 2,5г ; футбол добы 400г Автомобиль 1,45 т. (М) Оқушылардың өздігінен ресурстарды тауып, проблемалық сұрақты шешуге бағыттаймын. (О) Проблемалық сұрақты талқылайды, саралайды, ашып көрсетеді. Жинақтау. (С) «Қазына іздеу жолында» Тапсырма 1 Бірдей екі жәшіктің біреуіне ірі, екіншісіне ұсақ бытыра салынған. Осының қайсысының массасы үлкен болады?
(М) «Қазына іздеу жолында» әдісі арқылы оқушылардың оқу-танымдық қабілетін ашуға ықпал етемін. (О) Ақпаратты өздігінен жинақтап, жоспарлайды, ойланып табады, тұжырымдайды. Бағалау. (С) Массаның, инерттіліктің маңызын зерделеп, шағын эссе жаз. (М) Оқушылардың оқу-танымдық қабілетін ашуға мүмкіндік беремін.
|
АКТ, слайд, оқулық. А4 қағазы, постер, маркерлер, стикерлер.
АКТ, слайд.
Маркерлер, постер.
АКТ, маркерлер.
А4 парақтары, маркерлер.
АКТ, слайд, А4 парақтары, маркерлер.
.
|
||||||||
|
Сабақтың соңы 4минут
1минут
|
Қорытынды: «Миыңның суретін сал» (С) Оқушылар мидың суретін дәптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады. (М) Оқушылардың іс-әрекетін бақылап, олардың сабақты қандай деңгейде меңгергенін бақылау. (С) Үйге тапсырма: § 11 8 – жаттығу №5, №7. (
|
АКТ, слайд, А4 парақтары, маркерлер.
Күнделік |
||||||||
|
2минут
|
С) Рефлексия «Егер 5 минутыңыз болса...» |
|
||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген