400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Массаны қалай өлшейміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға массаны қалай өлшеу керек екенін меңгерту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы,

Жамбыл ауданы

«А.Қарсақбаев орта мектебінің»

бастауыш сынып мұғалімі

Нартаева Айжан Ахметжановна


Пән: математика Мектеп: «Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектебі» КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:1.Тыңдалым және айтылым

2.Оқылым

3. Жазылым

Күні:23.10.2018

Сынып:1 «Г»

Қатысқандар саны Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы

Массаны қалай өлшейміз?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1** Массаның өлшем бірлігі — килограмм туралы түсінік беру; массаны килограмдап өлшеу нәтижесін жазуды үйрету; массаны шама ретінде түсінуін бекіту.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы: заттың массасы ұғымын түсіну, заттарды массасы бойынша салыстыруды меңгеру.

Оқушылардың басым бөлігі: стандартты өлшем бірліктерін қолдануды үйрету.

Кейбір оқушылар: Заттардың салмағын визуалды түрде салыстыру, массаның шамаларын ажырата білу, өлшем бірліктерін атау

Бағалау критерийлері

  • Массаның шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін құралдарды таңдайды, өлшейді;


  • сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады.

  • Заттардың, көкөністердің салыстырады

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек-суреттерді бояу, дүниетану-жан-жануарларды ажырат білу

Тілдік құзыреттілік

Масса, кг, ауыр, жеңіл

Алдыңғы білім

Заттардың салмағын білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі 1 минут

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Интербелсенді тақта




Қызығушылықты ояту 5 минут. Жеке жұмыс

Кітап салынған қорап пен бөлме гүлін салыстырады.

— Ненің массасы ауыр?

— Ал не жеңіл?

— Неге?

Сұрақтарға жауап берген соң, оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын айтып, мақсатымен таныстырамын.


1-тапсырма Қарбыздың массасын анықта. Жұппен жұмыс 5 минут

Оқушылар қарбыздың массасын қауынның массасы арқылы табатынына бірге ақылдаса отырып көз жеткізу тиіс. Tапсырманы орындау кезінде қиындық туса, мынадай сұрақтар қоямын:

— Таразыдағы бір қарбызды неше қауын теңестіреді?

— Қарбыздың массасы туралы не айтуға болады? (Екі қауынның массасына тең).

— Бір қауынның массасы қанша болады? (1 кг)

— Екі қауын қанша тартады? (2 кг)

— Бір қарбыздың массасы қанша болатынын айта аласың ба? (Қарбыздың массасы 2 кг болады.)

Жауабы:

2 кг.



Бағалау критерийі

Дескриптор:

Қарбыздың массасын анықтайды

  • Қауынның салмағын табады

  • Қауынның салмағы арқылы қарбыздың салмағын анықтайды

  • Сұрақтарға жауап береді


Қалыптастырушы бағалау: әр оқушыға жеке бағалау парағын беріп, жабыстыратын смайлик таратамын

Ынталандырушы бағалау: «Сен сұраққа толық жауап бердің», «Оқу құралдарының салмағын дұрыс салыстыра білдің»


Оқулық

Сабақтың ортасы



Оқулықпен жұмыс. № 2-тапсырма. Жеке жұмыс

Доп салынған тордың қайсысы ауыр? Неліктен? Тапсырманың алдыңғы тапсырмалардан өзгешелігі: тордағы доптардың массасын көзбен көріп мөл-шермен анықтау арқылы емес, оны доптарды өлшеуіш ретінде алып, нақты массасының қандай екенін анықтап, әрбір тордағы доптардың массасын салыстыру қажет.

— Бірінші торда неше доп бар? Екіншіде ше?

— Қайсысында доп көп?

— Доптар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?

— Доп салынған тордың қайсысы ауыр?

Жауабы:

екінші тор ауыр (онда 6 доп бар).


Бағалау критерийі

Дескриптор:


Заттарды салыстырады

  • Доптардың санын айтады

  • Доптардың салмағын салыстырады

  • Сұрақтарға жауап береді


Қалыптастырушы бағалау: жұлдызша смайлик беремін

Ынталандырушы бағалау: «Сенің бүгінгі жауабың керемет болды», «Сен заттардың салмағын жақсы салыстыра білдің»


3-тапсырма. Дәптермен жұмыс 5 минут. Жеке жұмыс

Қандай азық-түліктің массасы 1 кг болады?


Оқушылардың назарын табақты таразыда қандай кіртастарының барына және таразының қандай қалыпта (таразы басы тең, бір жақ басы басып тұр) тұрғанына аудару керек.

Жауабы:

қораптағы шай, қораптағы қант.



Бағалау критерийі

Дескриптор:

Заттардың массасын анықтау

  • Таразыдағы заттарды салыстырады

  • 1 кг тең заттарды атайды

  • Тапқан заттарды бояйды

Қалыптастырушы бағалау:«Бағалау парағы»

Ынталандырушы бағалау:«Екі жұлдыз, бір тілек»


Сергіту сәті 2 минут

«Топ-топ» ойыны

Оқулық,

жұмыс дәптері, интербелсенді тақта


4-тапсырма. Жеке жұмыс 5 минут

Массаны өлше. Тапсырма оқушылардың күнделікті өмірде заттардың массасы болатыны туралы түсініктерінің деңгейін бағалау, сонымен қатар заттың массасын 1 кг-дық кіртасын салыстыра алатынын анықтауға берілген.


Бағалау критерийі

Дескриптор:

Массаны өлше

  • Оқушылар заттардың салмағын болжайды

  • Заттардың салмағын салыстырады

  • Өз болжамдарын тексереді


Қалыптастырушы бағалау:«Бағалау парағы»

Ынталандырушы бағалау:«Жарайсың, сенен осы жауапты күткенмін»

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

7минут


Қорыту 2 минут

Бүгінгі сабақтан не үйрендік? Не білдік?

Қандай тапсырмадан қиналдың?

Кері байланыс 5 минут

Оқушылар «Жетістік баспалдағы» арқылы өз-өздерін бағалайды.

Жетістік баспалдағы



Саралау

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

  1. тапсырма бойынша оқушылар заттарды қолдарымен өлшеу арқылы салыстырады. Ауыр затты және жеңіл сатты тауып, олардың салмақтарын салыстырады.

  2. Тапсырма бойынша суреттердегі ауыр заттарды тауып оларды қанатша белгісімен белгілейді.Жұппен жұмыс кезінде келіспеушілік туындауы мүмкін.

  3. Тапсырма бойынша оқушылар дәптермен жұмыс жасайды. заттарды визуалды түрде салыстыру кезінде қателіктер кетуі мүмкін. Дарынды оқушылардың қарқыны жылдам болып, тапсырманы орындауда сыныптастарына көмектеседі.

  4. Жұптық жұмыстағы көмектен соң, әр оқушы соңғы тапсырманы жеке орындайды


Орындалған әр тапсырмадан кейін оқушылардың жауабын жетістік критерийлеріне сүйене отырып, мақсатқа қаншалықты жеткенін саралап, «Бағалау парағына» смайликтер жапсырып отырамын.

Сонымен қатар оқушылардың ішкі уәжін, өзіне деген сенімділігін ояту үшін оларға жеке жұмыста ауызша мадақтау: «Заттарды дұрыс салыстыра білдің» «Сұрақтарға дұрыс жауап бердің»

Оқу өқралдарын пайдалану кезіндегі сыныпішілік қауіпсіздік шараларын ескерту

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Оқу ісінің орынбасары:____________





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 қараша
2698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі