«Масштабтар. Сызба қаріптері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Масштабтар. Сызба қаріптері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар қаріптердің ережелерін, өлшемдерін сақтай отырып жазып үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Масштабтар. Сызба қаріптері»

Мақсаты: Оқушыға сызба қаріптері жөнінде жалпы ережелермен таныстыру, сызба қаріптерінің түрлерін жазуға дағдыландыру, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар қаріптердің ережелерін, өлшемдерін сақтай отырып жазып үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру

Әдістері: практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар: плакат, тақта, бор, сызу аспаптары, жұмыс дәптері


Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй жұмысын тексеру. Сызған сызбаларын тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Масштабтар дегеніміз тетік кескіннің өлшемдерінің оның нақты өлшемдерінен қанша есе артық немесе қанша есе кем екендігін көрсететін сан. Сызбалардағы кескіндердің масштабтарын және олардың белгілеулерін стандарт тағайындайды.

Кішірейту масштабтар – 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5

Үлкейту масштабтар – 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1

Нақты өлшем – 1:1

Масштабтарды былайша жазып көрсетеді: М1:1; М1:2; М5:1


Қаріп – әріптердің, цифрлардың және сызбадағы белгілердің жиыны. Қаріптің өлшемі стандарт бойынша берілген. Қаріптің өлшемі (һ) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі(һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді.

Сызба қарпінің қабылданған өлшемі: 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40.

Көлбеу қаріптер жазу жолына 75˚-қатең бұрыш жасап көлбейді. Әдемі жазып үйрену – қол өнерінің бір түрін меңгеру. Әріптердің ені де (g) қаріптің өлшеміне байланысты анықталады:

Г, З, С әріптері үшін g – 5d; А, Д, М, Х, Ц, Ы, Ю әріптері үшін g - 7d;

Ж, Ф, Ш, Щ, Ъ әріптері үшін g - 8d, қалған әріптері үшін g - 6d.

Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне тең. Мәселен, қаріптің өлшемі 14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с. с. болады. Әріптердің арақашықтығын қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады.

Негізгі жазуды 3,5 мм, ал сызбаның атауын 5мм немесе 7мм қарпімен толтырады.

Негізгі көлбеу қаріп: а\ бас әріптер, б\кіші әріптер, в\ араб цифрлар

А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, Е, З, И, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П,

С, Т, У, Ү, Ұ, Ф, Х, І, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ь, Э, Ю, Я

а ,ә, б, в, ғ, д, ж, у, з, и, к, қ, л, м, н, о, ө, п,

с, т, у, ү, ұ, ф, х, і, ц, ч, ш, щ, ъ, ь, э, ю, я

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9


  1. Өзіндік жұмыс

Үйренгенше тор сызып бас әріптердегі, сандарды және белгілерді жазу.


5. Бағалау. Қаріптерді дұрыс және таза жазу арқылы бағаланады.


6. Үйге жұмыс. Дәптеріне өлшемі 10 болатын Б түріндегі қаріппен өз аты-жөнін, туған ауылының атын бас әріптермен жазу.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2019
622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі