Мастер-класс тақырыбы: «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңа мүмкіндік»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мастер-класс тақырыбы: «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңа мүмкіндік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесінің ең өзекті бағыттарының бірі – жасанды интеллект (ЖИ). Бұл – болашақтың емес, қазіргі күннің құралы, және ол қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда да үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мастер-класс тақырыбы: «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңа мүмкіндік»


1-слайд.

Өткізуші: Степанов жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жуматаева Сания Уразовна.

Мақсаты:

Мұғалімдердің қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллектті қолдануға қызығушылығын ояту.

Міндеттері:

  1. «Жасанды интеллект» ұғымымен таныстыру;

  2. Нейрожелілердің түрлерімен және олармен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру;

  3. Шығармашылық тапсырмалар жасау арқылы педагогтердің өзара әрекеттесуіне жағдай жасау.


Қатысушылар: мұғалімдер

Қажетті жабдықтар: мультимедиялық проектор, экран, компьютерлер, жадынама, сауалнама.
Күтілетін нәтиже:

  • Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін көрсету;

  • Танымдық белсенділікті арттыру және оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін ЖИ-ты қолдануға мотивация қалыптастыру.


Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар!

Бүгінгі тамыз конференциясында сіздермен білім беру жүйесінің ең өзекті бағыттарының бірі – жасанды интеллект (ЖИ) туралы ой бөліскім келеді. Бұл – болашақтың емес, қазіргі күннің құралы, және ол қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда да үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.


2-слайд. ТРЕНИНГ! Құрметті әріптестер! Көз алдымызға келешекке қадам басқан сәтті елестетіп көрейік. Бүгін біз жасанды интеллектпен жұмыс істеуді үйренеміз. Бірақ алдымен... өзімізді сол болашақта қалай елестетеміз?


Қазір сіздерден өтініш — орындарыңызда ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмып, менің дауысыммен елестетіп отырыңыздар...


«ЖИ және мен» – көзді жұмып, визуализация (1,5 минут)

Сіз баяу, сенімді дауыспен оқисыз:

«Көзіңізді жұмыңыз. Терең тыныс алыңыз.
Сіз — заманауи педагогсыз. Таңертең мектепке кіріп келесіз. Бірақ бұл — басқа мектеп. Сыныпта интерактивті тақта өздігінен қосылып, сізге сабақ жоспарын көрсетіп тұр.

ЖИ сіздің сабағыңызға тапсырмалар дайындап қойды.

Сіз оқушыңыздың деңгейіне қарай жеке тапсырмалар таңдай аласыз.

Оқушылар қызыға орындайды, себебі бәрі ойын арқылы берілген.

Жасанды интеллект сіздің көмекшіңіз, сіздің жеке ассистентіңіз.

Сіз босаған уақытта оқушының жетістігін жеке талдап, кері байланыс беріп отырсыз.

Сіз өзіңізді сенімді, білікті, заманауи педагог ретінде сезініп тұрсыз.

Бұл — болашақ емес. Бұл — бүгін. Бұл — сіздің шеберлігіңіздің жаңа деңгейі.»


Терең дем алыңыз... және көзіңізді жаймен ашыңыз.

Көз ашқанда:
– Барлығы күлімсірейді
– Сіз: «Ал енді, сол өзгеріске бірінші қадам жасайық!» — деп шеберлік сабағын бастайсыз.


3-слайд. САУАЛНАМА!!!! Құрметті әріптестер! Бүгінгі мастер-классымызды бастамас бұрын, сіздердің жасанды интеллект туралы көзқарастарыңызды білгім келеді.

1. Сіз бұрын жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдандыңыз ба?

Иә

Жоқ

Қызығушылық бар, бірақ қолданбадым

2. Қандай ЖИ құралдарын білесіз немесе естідіңіз?
(Бірнешеуін белгілеуге болады)

ChatGPT

Google Bard

Canva

MagicSchool

Жоқ, білмеймін

Другое:____________________________________________________

3. Сіз ЖИ құралдарын қандай мақсатта қолданар едіңіз?

Сабақты жоспарлау

Реферат, эссе жазу

Диктант/мәтін құрастыру

Бағалау/кері байланыс

Презентация жасау

Другое:__________________________________________________


https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeiYHnLX7qIyc-rPymCa14t26Us9VYR8fQHjVfx8P7Yc2wrQQ/viewform?usp=dialog

4-слайд.

Рақмет, құрметті әріптестер! Сауалнаманың нәтижесі бойынша байқағанымыз – көпшілігіміз жасанды интеллектті енді танып болатынбыз.





5-слайд. Жасанды интеллект дегеніміз не?

ЖИ — бұл адамның ойлау, жоспарлау, үйрену және шешім қабылдау дағдыларын модельдейтін бағдарламалар кешені. Тұңғыш рет бұл ұғымды ағылшын математигі Алан Тьюринг 1950 жылы енгізді. Қазіргі таңда ЖИ бейнелер мен мәтіндерді тану, деректерді талдау, тіпті көлік жүргізу сияқты күрделі тапсырмаларды орындай алады.


6-слайд. Жасанды интеллектті мектеп сабақтарына қосуға бола ма? Иә. Себебі біздің алдымызда жаңа форматтағы ұрпақ тұр. Уақыттың жаңа қиындықтары мен мүмкіндіктерін түсініп, интернетті зерттей отырып, жасанды интеллект бізге көмектесе алатынын түсінеміз.


7-слайд. Ендеше бүгін біз ЖИ құралдарын практикалық тұрғыдан, қарапайым әрі тиімді жолдармен қалай пайдалануға болатынын қарастырамыз.

  1. Wordscloud (Вордсклауд)– түйінді сөз бұлтын құру. Платформаны пайдаланып сөз бұлтын оңай жасауға болады. Шрифт өлшемі мен түсі мәтіндегі сөздің жиілігіне байланысты болады. Сөз бұлты - мәтінге қысқаша сипаттама жасаудың қызықты тәсілі.

Сайты:  https://wordscloud.pythonanywhere.com/


8-слайд.


9-слайд.

2. ChatGPT – тапсырма генерациялау құралы

  • Викторина жасау

  • Тест құрастыру

  • Тапсырмаларға декриптор құрастыру

  • Сұрақтарға жауап құрастыру

  • Жуан және жіңішке сұрақтар құрастыру


10-слайд.

3. Luvvoice (Лаввойс)- мәтіннен аудио жасау.

Бұл мәтінді аудиоға айналдыратын ақысыз онлайн құралы. Жасанды интеллект дауыстарының кең таңдауы. Мәтінді енгізіп, дауысты таңдап, алынған MP3 файлын жүктеп алыңыз немесе оны тыңдаңыз. Тыңдалым тапсырмаларын ұйымдастыруға өте ыңғайлы.

Сайты: https://luvvoice.com/


11-слайд.


12-слайд.

4. Gamma AI ( Гамма Аи)

Бұл презентациялар, құжаттар жасауға арналған жасанды интеллектке негізделген платформа. Ол енгізілген мәтінге негізделген макеттерді автоматты түрде пішімдейді және ұсынады.

Сайты: https://gamma.app/ru (дайын презентацияны көрсету)


13-слайд.

5. MagicSchool. (Мэджик скул)

Бұл мұғалімдерге жұмысты жеңілдету және оқу процесін жақсарту үшін жасанды интеллектке негізделген құралдарды ұсынатын платформа. Ол сабақтар, тесттер, жеке білім беру бағдарламалары, сондай-ақ аударма құралдары сияқты әртүрлі мүмкіндіктерді ұсынады

Сайты: https://app.magicschool.ai/tools


14-слайд.

6. Bard (Бард)

Google әзірлеген AI чатботы ақпаратты іздеуге, мәтін құруға, аударуға және мәтінге негізделген сұрақтар жасауға көмектеседі.

Сайты: https://bard.google.com


15-слайд. РЕФЛЕКСИЯ. Құрметті әріптестер, бүгінгі жұмысымыздың соңына жеттік.

Енді соңында шағын рефлексия жасап көрейік.

Экрандағы QR-кодты сканерлеп, бірнеше сұраққа жауап берсеңіздер.


Рақмет, әріптестер!

Бүгінгі кездесуге қатысқандарыңызға қуаныштымын.

Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Келесі кездескенше!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2025
50
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі