Мазмұны
Аннотация
Кіріспе
Жобаның мақсаты мен
міндеттері
Негізгі
бөлім
-
Matatalab
роботының
құрылымы
-
Matatalab
бағдарламалау
тілдері
-
Тәжірибелік жұмыс
-
Matatalab
роботының
блоктары
-
Күрделі жобалар
жасау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
Қосымша
Аннотация
Бұл жоба Matatalab роботын пайдаланып
бағдарламалау туралы. Жоба Matatalab роботын қолдана отырып, оның
бағдарламалау мүмкіндіктерін зерттеп, балалар мен жасөспірімдерге
бағдарламалауды үйренуге қалай көмектесетінін
көрсетеді.
Matatalab
роботы
- балаларға арналған керемет бағдарламалау құралы. Ол қызықты және
түсінікті тәсілмен кодтау негіздерін үйретеді. Бұл робот арқылы
балалар логикалық ойлауды дамытып, шығармашылық қабілеттерін
шыңдайды.
Аннотация
Этот проект посвящен программированию с
использованием робота Matatalab. Проект исследует возможности
программирования с использованием робота Matatalab и демонстрирует,
как это помогает детям и подросткам изучать
программирование.
Робот Matatalab-отличный инструмент
программирования для детей. Он учит основам кодирования интересным
и понятным способом. С помощью этого робота дети развивают
логическое мышление и оттачивают свои творческие
способности.
Annatation
This project is about
programming using the Matatalab robot. The project explores the
programming capabilities of the Matatalab robot and demonstrates
how it helps children and teenagers learn
programming.
The Matatalab robot is a great
programming tool for kids. He teaches the basics of coding in an
interesting and understandable way. With the help of this robot,
children develop logical thinking and hone their creative
abilities.
Кіріспе
Бағдарламалау — қазіргі заманда өте
маңызды дағдылардың бірі. Бұл дағдыны ерте
жастан бастап үйрену балалар мен
жасөспірімдерге логикалық ойлау, мәселені шешу
және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Matatalab роботы — балаларға бағдарламалауды оңай
әрі қызықты үйрететін құрал. Бұл робот блоктық бағдарламалау арқылы басқарылады, яғни балалар нақты код
жазбай-ақ, түрлі тапсырмаларды орындай алады.
Matatalab
– роботын басқару үшін
арнайы бағдарламалық жасақтама қолданылады. Matatalab Coding Set - блоктар арқылы бағдарламалау. Балалар бағдарламалау блоктарын пайдаланып роботты басқаруды үйренеді
Жобаның мақсаты мен міндеттері
Бұл жобаның негізгі мақсаты - Matatalab роботын қолдана отырып, бағдарламалауды үйренудің тиімділігін көрсету. Жоба барысында келесі міндеттер орындалады:
-
Matatalab роботын
таныстыру;
-
Роботтың негізгі функцияларын
зерттеу;
-
Бағдарламалау блоктарын құру және сынақтан
өткізу;
-
Робот арқылы түрлі тапсырмаларды
орындау.
Өзектілігі
-
Цифрлық сауаттылық:
Қазіргі заманғы цифрлық технологияларды меңгеру
қажеттілігі артып келеді, сондықтан бағдарламалау және
робототехника саласындағы білім өзекті болып
табылады.
-
STEM білімінің маңыздылығы:
STEM
саласындағы білім экономикалық және технологиялық даму үшін
маңызды, ал робототехника осы салаларға қатысты білімді кешенді
түрде меңгеруге мүмкіндік береді.
-
Оқу процесін инновациялау:
Робототехника және бағдарламалау оқу процесіне
жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізуге ықпал
етеді.
Зерттеу
сұрақтары
-
Matatalab
роботын бағдарламалау оқушылардың логикалық ойлау
қабілеттерін қалай дамытады?
-
Бағдарламалау дағдыларын меңгеруде
Matatalab
роботының тиімділігі
қандай?
-
Matatalab
роботымен жұмыс істеу оқушылардың STEM пәндеріне
қызығушылығын қалай арттырады?
-
Робототехниканы оқу бағдарламасына енгізудің
қандай артықшылықтары мен кемшіліктері
бар?

1 сурет. Matatalab роботы
Негізгі
бөлім
1. Matatalab роботының
құрылымы
Matatalab
роботы
сенсорлармен, моторлармен және түрлі бағдарламалау блоктарымен
жабдықталған. Ол арнайы платформамен және блоктармен бірге жұмыс
істейді, бұл балаларға визуалды түрде бағдарламалауды үйретуге
мүмкіндік береді.
Роботты басқаруға арналған негізгі құрал. Оның
үстінде түрлі-түсті батырмалар
орналасқан.
Әртүрлі пішіндегі және түстегі блоктар. Олар
арқылы роботқа командалар беріледі.
Командаларды орындайтын жылжымалы бөлік. Ол
партада қозғалып, тапсырмаларды
орындайды.

2 сурет. Басқару тақтасы, блоктары және робот
көлігі
2. Matatalab бағдарламалау
тілдері
Matatalab
роботы
визуалды блоктық бағдарламалау тілін қолданады. Бұл тіл балаларға
түсінікті түрде бағдарламалау логикасын үйретеді. Бағдарламалау
процесі блоктарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады, бұл роботқа
әртүрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік
береді.
Қарапайым қозғалыс
бағдарламасы
Бағдарламаны бастау үшін басқару тақтасына
қойыңыз
Робот қозғалысын анықтайтын көк блоктарды
қосыңыз. Мысалы, "алға", "оңға
бұрылу".
Басқару тақтасындағы "Бастау" батырмасын
басыңыз. Робот көлігі командаларды
орындайды.

3 сурет. Қарапайым қозғаыс
бағдарламасы
3. Тәжірибелік
жұмыс
Тәжірибелік бөлімде біз Matatalab роботына
әртүрлі бағдарламалар жүктеп, оның тапсырмаларды қалай орындайтынын
тексереміз. Мысалы, роботтың белгілі бір траектория бойынша
қозғалуы, кедергілерді айналып өтуі және түрлі дыбыстарды шығару
сияқты тапсырмаларды орындай аламыз.
Роботқа қарындаш бекітіп, геометриялық
фигураларды салу бағдарламасын жасауға болады.
Мен әртүрлі тәжірибелер жасау барысында
жетекшімнен роботтың қалай дұрыс жүмыс жасауын үйрендім. Роботтың
неге қабілетті екенін білдім және сол қабілеттерінің жұмыс жасау
кезінде қолдана отырып зерттеу жұмысын
жүргіздім.
4. Matatalab роботының
блоктары
Қозғалыс
блоктары: Жасыл түсті блоктар. Орналастыру: алға,
артқа, солға бұрылу, оңға бұрылу.
Функция блоктары: Сары түсті
блоктар. Орналастыру: функция,
цикл.
Іс-әрекет блоктары:
Қызғылт сары және басқа түстердегі блоктар.
Орналастыру: музыка ойнау, сурет
салу.
Сандар блоктары:
Көк
түсті блоктар, нөмірлермен
белгіленген.
Блоктарды үстелдің үстіне қатарлап
орналастырамыз, олардың әрқайсысын анық көрсетіп. Бұл бізге
бағдарламалау процесін жеңілдетеді.

4 сурет. Блоктар
5. Күрделі жобалар
жасау
Лабиринт 
Роботты лабиринттен өткізетін бағдарлама жасауға
болады. Қабырғаларды анықтау үшін датчиктерді қолдануға
болады.
Музыкалық аспап 
Matatalab
роботын музыкалық аспапқа айналдыра аламыз.
Әртүрлі дыбыстар мен ырғақтарды қолдануға
болады.
Сурет салу 
Роботқа қарындаш бекітіп, геометриялық
фигураларды салу бағдарламасын жасауға
болады.

5 сурет, Жобалар жасауға арналған Matatalab роботының
толық жиынтығы
Қорытынды
Matatalab
роботы - балалар мен
жасөспірімдерге бағдарламалауды үйренуге өте
тиімді құрал. Бұл робот бағдарламалау негіздерін оңай
түсінуге және
тәжірибе арқылы дағдыларды дамытуға көмектеседі. Жоба нәтижесінде Matatalab роботын пайдалану арқылы бағдарламалау оңай
әрі қызықты екенін дәлелдей алдық.

6 сурет. Жоба жасау барысында
жетекшім
Досанова Айгерім апаймен
бірге

7 сурет. «Зерде» республикалық ғылыми
жобаның
мектепішілік кезеңі
1орын
Қосымша



Пайдаланылған
әдебиеттер
-
Matatalab ресми сайты: https://www.matatalab.com
-
Бағдарламалау негіздері: Роботтарды қолдану
арқылы үйрену (кітап атауы)
-
Визуалды бағдарламалау тілдері: Теория және
практика (мақала атауы)
«Ө Жәнібеков атындағы
№27 ІТ -мектеп -лицейі »
Коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің
3 «А» сынып оқушысы
Ауесхан Фатиманың
«Matatalab роботымен
бағдарлама жасау» тақырыбына
жазған ғылыми
жұмысына
Сын
пікір
Matatalab роботымен
бағдарламалау – бұл жаңа технологияларды игеруге арналған тиімді
әрі қызықты әдіс. Блоктық бағдарламалау платформасы арқылы бұл
робот балаларға және жаңадан бастаушыларға бағдарламалау негіздерін
оңай әрі түсінікті түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Осы жобада біз
Matatalab роботымен бағдарламалау тәжірибесін, оның артықшылықтарын
және білім беру саласындағы маңыздылығына талқылау
жүргіздік
Matatalab роботымен жұмыс жасау блоктық
бағдарламалау арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс дәстүрлі код жазу
тілдерінен қарағанда әлдеқайда қарапайым әрі түсінікті.
Бағдарламаны құру үшін блоктарды сүйреп тастау арқылы логикалық
тізбектер жасауға болады. Бұл жаңадан бастаушыларға бағдарламалау
концепцияларын оңай түсінуге және тез меңгеруге
көмектеседі.
Роботты басқару арқылы Фатима өзінің шығармашылық
қабілеттерін дамыта алды. Лабиринттер құру, сурет салу және басқа
да тапсырмаларды орындау барысында ол логикалық ойлау мен
проблемаларды шешу дағдыларын жетілдірді. Бұл дағдылар олардың
күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі мәселелерді шешуде пайдалы
болатынын түсінді.
Ауесхан
Фатиманың ғылыми жұмысқа деген
талпынысын, қызығушылығын ескеріп, жұмысын өзінің жас ерекшелігене
сай зерттеген дей отыра, өте жақсы деп бағалауға
болады.
Келешекте осы ғылыми жұмысын
тереңдетіп, робототехника саласында өзінің үлкен жобалар
дайындайтына сенімім мол.
Ғылыми жоба
жетекшісі: Досанова Айгерім
Құралбекқызы.
Информатика пәні
мұғалімі