жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математик кәсіпкер
Мектеп: |
Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясы |
|||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Абдимоминова Салтанат Утамуратовна |
|||||||||||||||||
Сынып: 9-сыныптар |
Қатысқаны- 9 «А»,9 «Ә»,9 «В», 9 «Г» |
Қатыспағаны- 9 «Б» |
||||||||||||||||
Сайыстың мақсаты:
|
||||||||||||||||||
Сайыс мақсаттары |
-«Модельдеу» әдісі арқылы тапсырмаларды қабілеттеріне қарай орындата отырып, өздеріне деген сенімділігін қалыптастыру, бәсекелестікке тәрбиелеу - Экономикалық бағыттағы есептерді, логикалық тапсырманы топпен орындата отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау |
|||||||||||||||||
Сабақтың тәрбиелік және дамытушылық аспектісі |
Есептеу дағдыларын, математикалық тіл, есте сақтау, ойлау дағдыларын дамыту; Жолдастық жауапкершілік сезімін, сабақта мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру |
|||||||||||||||||
Сабақ типі |
Іскерлік ойын |
|||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар -Рационал сандарға амалдар қолданып біледі; -Пайызға байланысты есептерді шығара алады; -Логикалық тапсырмаларды шеше алады; -Математикада кездесетін терминдерді біледі |
|||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Математикалық терминологияны қолданып, сауатты сөйлеуге дағдыландыру |
|||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -жұппен жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады,математика тарихына саяхат жасау арқылы іске асырылады |
|||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта,маркерлік тақташалар және бағалауға арналған «ақшалар» |
|||||||||||||||||
Бастапқы білім |
Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану,экономикалық және тұрмыстық мазмұндағы есептер, логикалық есептер |
|||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі. Сайыстың шарты: Сынып оқушылары арасында рольдерді бөлу: 5-6 адамнан екі топ ойнайды. Топқа кірмейтін екі адам алынған пайданы есептейтін аудитор тағайындалады. Қалған оқушылар тең екіге бөлініп акционерлер болады. Мұғалім: Сіздер –банк қызметкерлерісіздер.Яғни ақша есептеу арқылы «капиталдарыңды» өсіресіздер. Оқушылар банктердің атын қояды. «Астана» және «Алтын адам». Сіздердің мақсаттарың - ақша, кіріс, табыспен байланысты экономикалық есептерді шеше отырып, алғашқы капиталдарыңды көбейту.Сіздердің акционерлерің бар,сұрақтарға жауап бере отырып олар да сіздерге табыс әкеледі. Көп «табыс» алған фирма жеңеді Ойын ережесі. Банк басқармасын таңдау. Әрбір банкінің бастапқы капиталы – 100 000 тг. Әрбір банкі кезек-кезек бағасы 500 –ден 2 000 тг.дейінгі сұрақ таңдайды. Егер сұраққа дұрыс жауап берілсе,капиталы сұрақ құнына өседі. Жауап қате болса,онда капиталы: а) егер келесі банк та дұрыс жауап бере алмаса, сұрақтың бағасының 50% -іне кемиді. б) егер келесі банк дұрыс жауап берсе,100% -ке кемиді. Өзара келісіп,өз тапсырмасын сата алады,есеп шешілсе,есептің құны қосылады. Уақыттың бөлінуі
8.Акционерлер қосымша сұрақтарға жауап берсе,капитал 500 тг. өседі. І бөлім. Таныстырылым. Бұл бөлімде ойыншылар өздері және алға қойған мақсаттары туралы айтып кетеді. ІІ бөлім. Негізгі бөлім. І тур. «500 тг*лік сұрақтар» ІІ тур. «1000 тг*лік сұрақтар» ІІІ тур. «2000 тг*лік сұрақтар» IV тур. Акционерлермен сұрақтар ІІІ бөлім. Қорытындылау және марапаттау. |
«Математика және Физика» ғылыми әдістемелік журналдар
|
||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Сайыстың барысы: І.Көрермендерді ойыншылардың бос уақыттарында немен айналысатындымен таныстырып, ойларын еркін жеткізуге үшін мүмкіндік беремін. ІІ. Негізгі бөлім. Тапсырмалалар беріледі және оның жауаптарын дайын жауаптарды көрсету арқылы тексеріледі.Дұрыс жауаптар «ақшалар» арқылы бағаланады. І-тур. «500 тг*лік сұрақтар» 1.Шебер кеудеше тоқып 1000 тг. сатты.Егер тоқу үшін 200 тг –ден үш орам жіп,ал әдемілеу үшін 100 тг бисер пайдаланылса,оның түсірген табысы қандай? 2.Екі бизнесмен бәстесті:кім көп табыс табады. Біреуі өз товарын сатып,50000 тг пайда тауып,30000 тг шығын болды.Ал екіншісі 10000 тг кем сауда жасап,20000 тг жұмсады. Бәс тігуде кім жеңді? 3.Костюм 110 $ тұрады.Егер франкінің долларға қатысты бағамы 5,5 болса,костюге қанща франк төлеу керек? 1$=5,5 франк. 4.Екі дос ақша тапқысы келді.Олар дүңгіршектен әрқайсысы 3 теңгеден 100 газет алып 5 теңгеден сата бастады.Егер барлық газетті сатса,қанша пайда табады? 5.Бірінші әке баласына 1500 тг, ал екіншісі – 1000 тг берді.Сонда екі бала бірігіп капиталдарын 1500-ге өсірген болды.Ол қалай? 6.Түлкі аралардан 100 кг балды 10000 тг. сатып алды, ал базарға апарып 1кг-ын 130 тг .сатты. барлық балды сатып болғанда түлкі қандай пайда табады? Жауаптар. №1 тапсырма. Жауабы: «300 т» №2 тапсырма. Жауабы: «ешкім» №3 тапсырма. Жауабы: «605 франк» №4 тапсырма. Жауабы: «2000 тг» №5 тапсырма. Жауабы: «Олар үшеу:атасы,баласы,немересі» №6 тапсырма. Жауабы: «3000 тг.» ІІ-тур. «1000 тг*лік сұрақтар» 1.Қанат бәліш пісіріп базарда сатты.Бірінші күні 10 тг-ден 100 бәліш сатты.Екінші күні бағасын 10 % -ке азайтып ,110 бәліш сатты.ол қай күні көп ақша тапты? 2.Бизнесмен банкіге 100 000 тг салды.бір жылдан соң банкіден 150 000 тг алды. Өсім неше % ? 3.Бір өндірістің өнімін сатқаннан кейін түскен пайдасы 500000 тг.Және сол кездегі шығыны: Шикізатқа 200 000 тг. Отынға 15 000 тг. Жалақы 145 000 тг. Кредит, салық 45 000 тг.
Барлығы 405 000 тг. Оның табысы мен рентабельдігі қандай? 4.Әжей базарда күшік сатады.Қасынан өтіп бара жатқан үш бала 100 тг-ден жинап 300 тг-ге ортақ достарына сыйлай үшін сатып алды.балалар кеткен соң әжей қымбат саттым деп ойлап,басқа балаға оларды қуып жетіп 50 тг. қайтаруды сұрайды.Ал бала ойлайды. «Олар 50 тг-ні-өзара қалай бөледі.30 –ын беріп,20-ын өзім алайын дейді де солай істейді.Сонда әрбіреуі 90 тг төлейді.20 тг балада, 10 тг қайда кетеді? 5.Екі бала кітап сатып алғысы келеді.Біреуіне 50 тг,екіншісіне 10тг жетпейді.Олар ақшасын қосып еді бәрібір жетпеді. Кітап қанша тұрады? Жауаптар. №1 тапсырма. Жауабы: «Бірінші күні» №2 тапсырма. Жауабы: «150 %» №3 тапсырма. Жауабы: «пайда 95 000 тг, рентабельдігі 95:405·100%=23,5%» №4 тапсырма. Жауабы: «Кіріс пен шығысты қосуға болмайды. Шығын кіріске тең» №5 тапсырма. Жауабы: «50 тг» ІІІ-тур. «2000 тг*лік сұрақтар» 1.Сіздің банкіге ақша салуға бірнеше мүмкіндігіңіз бар: а) 800 тг салып 1000 тг алу.; б) 200 тг салып 300 тг алу.; в) 1000 тг 1400 тг алу. Сіз қай нұсқаны таңдайсыз? 2.Сіздің банкіге 10% жылдық өсіммен 500000 тг салынды.Жарты жылдан соң қанша ақша қайтарып бере аласыз? 3.Сіздің банкіге 10% жылдық өсіммен 500000 тг салынды.5 жылдан соң қанша ақша қайтарып бере аласыз? 4.Фермер тағасының шегесінің санына қарай жылқы сатты.Шегенің саны-16. Бірінші шеге үшін 10 тг, екіншісі үшін– 20 тг,үшінішісі үшін – 40 тг. және т.с.с. Яғни әрбір келесісіне алдыңғысына қарағанда екі есе алады.Фермер жылқыны қаншаға бағалады? Жауаптар. №1 тапсырма. Жауабы: «екіншісі» №2 тапсырма. Жауабы: «525 мың тг» №3 тапсырма. Жауабы: «805 мыңға жуық тг» №4 тапсырма. Жауабы: «635350 тг» |
Слайд №1
Слайд №2
Слайд №3
Слайд №4
|
||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
IV тур. Акционерлермен сұрақтар Сөздерді жалғастыр:
Сабақты қорытындылап, марапаттау |
Слайд №6
|
||||||||||||||||
Саралау |
Бағалау |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||||||
Саралау топпен жұмысты ұйымдастырғанда пайдаланылады. Топтар “мықтылар - орташалар” болып құрылады. Жақсы оқитын оқушылар басқаларына көмектеседі. Түсінбей қалған оқушылар сұрақ қоюға және түсіндірме алуға мүмкіндіктері бар. |
Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктерін формативті бағалаймын.Топтар «Көршіңді бағалау» арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады. |
Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатамын. |
||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||
Оқу мақсатым дұрыс қойылған деп ойлаймын. Оқушылар белсенді жұмыс жасай отырып оқу мақсатына жете алды. Сабақ жоспарында ешқандай ауытқу болмады. |
||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Экономикалық бағыттағы есептерді, логикалық тапсырманы топпен орындата отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және кәсіпік бағдар беруге мүмкіндік алдым. 2: Өздеріне деген сенімділігін қалыптастыра отырып бәсекелестікке тәрбиелеуге мүмкіндік тудыра алдым. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сабақтың жақсы өтуіне не септігін тигізер еді? 1: Оқушылардың белсенділіктері мен жауапкершіліктері; 2: Топ басшысының жұмысты тиімді ұйымдастыра алуы; Мен сабақ барысында сынып туралы немесе жеке оқушылардың жетістіктері / қиындықтар туралы,келесі сабақтарда неге басты назар аударуын ескердім? Оқушылар басқа оқушылармен жақсы достық қарым-қатынаста болуы; Келесі сабағымда оқушыларды ойландыратын проблемалы тапсырмаларды беремін. |
||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген