400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Пәні: математика

Пән мұғалімі: Қуатбекова Ш.

Сыныбы: 1 « »

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Жиын дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты:

Жиын ұғымымен және элементтерімен таныстыру; әртүрлі заттарды жиынға біріктіру ұғымын қалыптастыру, жиын элементтерін бөле білуге жаттықтыру.

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрып, жіктейді; екі жиынның бірігуін және жиыннан оның бөлігін ажыратып, көрнекі түрде кескіндейді;

Ресурстар

Жиынға байланысты суреттер,

Тірек сөздер

Жиын;

Элемент;

Көрнекілігі:

Оқулық, жұмыс дәптері, логикалық тапсырмалар, жиынға байланысты суреттер, карточкалар, кунг-фу панда суреті, бағалау смайликтері, смайл әдісі парақшасы.

Әдіс-тәсілдер:

Конверт-сұрақ, артығы қайсы?, кунг-фу панда, ойлан тап, смайл

Сабақ барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың басы12м

Психологиялық дайындық

2 мин




Конверт-сұрақ (үй тапсырмасын тексеру)

7 мин






















Артығы қайсы?

3мин


Бәріміз көзімізді жұмамыз, ішімізден бір жақысылық, бір тілек тілейміз. Көзімізді ашамыз, енді тілеген тілегімізді көрші отырған оқушыға тілейміз.

Музыка қойылады, логикалық тапсырмалар жазылған конверт оқушыларға беріледі. Логикалық сқрақтардың жауаптарын тақтаға жазып отыру.

1. Ыдыста 3 алма бар, ол алмаларды Айдос, Асыл және Арман теңдей бөліп алды. Алайда ыдыста 1 алма қалды. Қалайша? (1 бала алманы ыдысымен бірге алды)

2. Адам бір аяғымен тұрса 50 кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады? (50 кг)

3. Үстелде бір алмұрт тұрды. Әли, Сәуле және Жұлдыз алмұртқа таласты. Кім бірінші алса, алмұрт соныкі болатын болды. Жұлдыз Әлиден ерте алды, ал Әли Сәуледен бұрын алды. Сонда кім алмұртты алды? (Жұлдыз)

4. Бананды 4 бөлікке бөлу үшін, неше рет кесу қажет? (3)

Логикалық сұрақтардың жауаптарын тақтаға ілу, осылардың ішінде қай сөз артық? Не себепті?

Алма алмұрт адам банан

Демек, жиын дегеніміз – ортақ белгісі бар заттар жиынтығы. Мысалы, алма, алмұрт, апельсин – жемістер жиыны.

Оқушыларға сұрақ қойылады

Сендер қандай жиындарды білесіңдер?

Мысал келтіріңдер? (смайликпен бағалау)


Көзді жұму, тілек тілеу, көзді ашу, тілеген тілекті көрші отырған балаға тілеу. (Мұғалімнің айтқанын қайталау).


Әуен ырғағына сай конвертті бір-біріне беру, әуен тоқтаған кезде конверт ішінен лоикалық тапсырма алып, дұрыс жауап беру.





















Логикалық сұрақтарға дұрыс жауап беру.

Артық сөзді табу, себебін анықтау.

Жиын ережесін меңгеру, жаттау.

Жиынға мысалдар келтіре білу.

Сабақтың ортасы28м

Оқулықпен жұмыс

3 мин

Жұмыс дәптерімен жұмыс 5-7 мин

























«Кунг-фу панда» биі (сергіту сәті)

3 мин













Артығы қайсы?

2 мин






Ойлан тап

5 мин











Жұмыс дәптерімен жұмыс жасау.

8 мин


108 бетті ашу, сурет бойынша ауызша сұрау.

Тақтаға жұмыс дәптеріндегі бірінші тапсырманы сызып, түсіндіру. Жиындарды тап және қарындашпен белгіле. Сенде қанша жиын пайда болды?Изображение 149.bmp


Екінші тапсырманы орындау.

Жиындарды толықтыр.

Изображение 149.bmp

109 беттегі тапсырманы орындауға дайындық жемістер жиын

Picture 2 Фигуралар жиынын айтқан кезде мына қимылдарды көрсетесіңдер.

Балалар біз қандай би биледік?

Ол үшін мен не айттым?

Ол жиынның қандай бөлігі?

Демек, жиынды құрайтын заттар элементтер деп аталады.

Егер екі жиынды біріктірсе, онда жаңа жиын пайда болады. Егер бір жиыннан оның бөлігін алып тастаса, онда да жаңа жиын пайда болады.

Қандай жиын шығады?

  1. Балалар жиыны мен ересектер жиынын біріктірсе;

  2. Сынып оқушылары жиынын қыздар жиынын алып тастаса;

Жұмыс дәптерін ашамыз, тапсырмаларды орындаймыз.


Суретті талдау, суреттегі жиындарды табу.

Тақтаға сызылған заттардан жиын табу, тақтаға шығып көрсету, санау
















Жұмыс дәптерін ұқыпты, тиянақты толтыру, уақтында аяқтау.






Панда қимылдарын дұрыс қайталау.














Сұрақтарға жауап беру, ережені меңгеру, жаттау, мұғаліммен бірнеше рет қайталау.




Терең ойлану, логикалық есептерді шешуге дағдылану, дұрыс жауапқа жету.










106 беттегі тапсырмаларды орындау.

Сабақтың соңы 5м

Үйге тапсырма 1 мин



Бағалау

1-2 мин



Рефлексия

«Смайл» әдісі

1-2 мин


Жұмыс дәптерін толтырып келу, ережелерді жаттау, жиын ұғымына бірнеше мысал келтіру.

Смайликтермен бағалау.




Өзіңе ұнаған смайлик таңдау

Күліп тұрған – сол қолды

Мұңайып тұрған – оң қолды көтеру.


Үй тапсырмасын жазып алу, орындап келу.



Смайликтерді оқулық бетіне жабыстыру. Смайлик алмаған балалар келесі сабақта алуға тырысу.

Сабақтың ұнау деңгейі бойынша қолын көтеру.

Қорытынды бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

Түрлі жиындарға мысал келтіруді;

Жиынның элементтерін көрсетуді;

Жиындағы элементтердің ортақ белгісін табуды меңгереді;


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі