400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

математика

Материал туралы қысқаша түсінік
ұсаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:


Сыныбы:

1 сынып

Пәні:

Математика

Сабақтың тақырыбы

Теңдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.2 таңдау әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу

Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар орындай алады:

теңдікті және теңсіздікті, теңдеуді біледі; тура және тура емес теңдікті ажырата алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;

Кейбір оқушылар орындай алады:

есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;

Тірек сөздер

Теңдеу

Алдыңғы оқу:

Белгісіз сандарды табуды біледі

Ойлау деңгейлері:

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері:

  1. Теңдеуді шығара алады;

  2. Белгісіз бөліктің мәнін таба алады.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

«Болады, болмайды» ойынын ойнату арқылы сабақты бастаймын. Жасауға болатын нәрсені айтқан кезде оқушылар «болады» деп , ал істеуге болмайтын іс – әрекетті айтқан кезде «болмайды» деп жауап берулері тиіс.

Мектепке келуге ......

Сабақтан қалуға ......

Жазуды жазуға ......

Бұзық болуға .....

Кітап оқуға ......

Өзгеге тиісуге .....

Тәртіпті болуға .....

Рұқсатсыз алуға .....

Жақсы оқуға........

Өткен сабақты пысықтау.

  • 8+х бұл қандай өрнек?

  • 8+ 8 қандай өрнекке жатады?

  • Қорапта 5 алма және 8 алмұрт бар. Қайсысы көп?


Шаттық шебері



Сабақтың ортасы

15 минут


Миға шабуыл.

Үстел үстінде 3 дәптер бар. Дәптердің саны 10 болу үшін қанша дәптер қосу керек?

  • Жарайсыңдар!

Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз «Теңдеу».

Белгісізі бар теңдікті теңдеу деп атайды. Теңдеудегі белгісізді әріппен белгілейді. Мысалы, 3+х═7

Оқулықпен жұмыс.

Сурет бойынша белгісіз бөліктің мәнін тап.

3+х═9 10+у═50

Теңдеуді шешу дегеніміз – осы теңдіктің белгісіздің мәнін табу.

Дескриптор: білім алушы

  • Белгісіз бөліктің мәнін таба алады.

Сурет бойынша теңдеу құрастыр және оны шеш.

4 + х ═ 5

Дескриптор: білім алушы

  • Сурет бойынша теңдеу құрастыра алады.


Сергіту сәті

5 минут

Музыкалық әуен ырғағымен жаттығу орындату.


Аяқталуы


20 минут




Шығарып көр

х-тің орнында қандай фигуралар тұруы тиіс?

4+х═6

Дескриптор: білім алушы

  • х-тің орнында қандай фигуралар тұру керектігін таба алады.

Орындап көр.

Көршіңмен ойна.

  1. Бірінші ойыншы текшені лақтырады.

  2. Ол текшеде түскен санды теңдіктегі бос торкөздің орнына қояды: ? + х ═10

  3. Екінші ойыншы алынған теңдеуді шешеді.

  4. Егер теңдеу дұрыс шешілсе, ойыншылар рөлдерімен алмасады.

Дескриптор: білім алушы

  • Теңдеудің мәнін таба алады.





Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім





Смайликтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін

Тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Миға шабуыл, «Көршіңмен ойна» ойыны

Смайликтер арқылы бағалаймын

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Тексерілді:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
1113
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі