Тақырыптық үлгі жоспар
|
№ |
Тақырыбы |
Саны |
|
1 |
Жиын. Бір - көп. Заттарды ортақ қасиетіне қарай біріктіру. |
1 |
|
2 |
Қай жерде түр? Кеңістікте бағдарлау: үстінде - астында, алдында - артында, оң жағында - сол жағында. |
1 |
|
3 |
Заттардың қасиеті (пішін, шама). Заттарды биіктігіне, ұзындығына, ені мен қалыңдығына қарай салыстыру. |
1 |
|
4 |
Геометриялық фигуралар (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш). «Сиқырлы ел». |
1 |
|
5 |
Геометриялық фигуралар (тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша). Төртбұрышпен таныстыру (оны шаршымен және тіктөртбұрышпен салыстыру). |
1 |
|
6 |
1 саны және цифры. |
1 |
|
7 |
2 саны және цифры. 2 санының жасалуы. «+» және «=» таңбалары. |
1 |
|
8 |
3 саны және цифры. 3 санының жасалуы. Кеңістік қатынастары: арасында, ортасында. |
1 |
|
9 |
Ауыр - жеңіл. Заттарды өлшеу туралы түсінік. Салмағы бір-біріне қарама-қарсы заттарды алақанға салып салыстыру. |
1 |
|
10 |
4 саны және цифры. 4 санының жасалуы. |
1 |
|
11 |
Уақыт. Уақыт бойынша бағдарлау: таңертең, күндіз, кеш, түн; бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні. |
1 |
|
12 |
5 саны және цифры. 5 санының жасалуы. Тура және кері санау. |
1 |
|
13 |
1 - 5 сандары. Тура және кері санау. |
1 |
|
14 |
0 саны және цифры. |
1 |
|
15 |
0-5 сандары. Жиын. Элемент. Топ. Тең жиындар. «=» таңбасы. |
1 |
|
16 |
Қосу. 0-5 сандары. «+» таңбасы. |
1 |
|
17 |
Азайту. Азайту амалын көрнекілік негізінде түсіндіру. Жиын. Элемент. Топ. Белгілі бір белгісі бойынша жиынның бөлігін бөліп алу. «-» таңбасы. |
1 |
|
18 |
6 саны және цифры. 6 санының жасалуы. |
1 |
|
19 |
Биік - аласа, қалың - жұқа, кең - тар. 0-ден 6-ға дейінгі сандар. Заттарды биіктігіне, ұзындығына, ені мен қалыңдығына қарай салыстыруға жаттығу. |
1 |
|
20 |
Ұзындық. Шартты өлшеуішті пайдалана отырып, заттарды ұзындығына қарай салыстыру. Шамаларды салыстыруға жаттығу. |
1 |
|
21 |
7 саны және цифры. 7 санының жасалуы. 1-ді қосу. Тура және кері санау. |
1 |
|
22 |
1- 7 сандары. Апта күндері. Уақытқа катысты ұғымдар: кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні. |
1 |
|
23 |
8 саны және цифры. 8 санының жасалуы. Қағаз бетінде бағдарлау: жоғарғы жағы, төменгі жағы, ортасы, оң жағы, сол жағы. Есту, көру диктанттары. |
1 |
|
24 |
9 саны және цифры. 9 санының жасалуы. Жай есептер мен мысалдарды шығару. |
1 |
|
25 |
10 саны және цифры. 10 санының жасалуы. Жай есептер мен мысалдарды шығару. |
1 |
|
26 |
0-10 сандары. Тура және кері санау. l-ді қосу және азайту. |
1 |
|
27 |
Геометриялық денелер: шар, текше, цилиндр, конус. Пирамидамен танысу. 0-10 сандары |
1 |
|
28 |
Заттарды салыстыру. 0-10 сандары. Шамаларды салыстыру. |
1 |
|
29 |
Қарапайым мысалдар мен есептерді шығару. Заттарды салмағына қарай салыстыру. Зат салмағының көлеміне тәуелділігі. |
1 |
|
30 |
1-ден 10-ға дейінгі сандарды салыстыру. Теңдік және теңсіздік. «<», «>» таңбалары. |
1 |
|
31 |
Зат және оның бөліктері. Бүтін мен бөлікті салыстыру. Бүтін мен бөлікті салыстыруға, оларды атап көрсетуге жаттығу. |
1 |
|
32 |
Логикалық есептер. Геометриялық фигуралар және денелер. Қоршаған ортадағы геометриялық пішіндегі заттар. |
1 |
|
33 |
Уақытты бағдарлау: жыл мезгілдері, 1 жыл - 12 ай. |
1 |
|
34 |
Қарапайым таразының көмегімен заттың салмағын өлшеу. Дүкендерде қолданылатын таразымен танысу. |
1 |
|
35 |
Өткенді пысықтау. 1-ден 10-ға дейінгі сандар. Тура және кері санау. Жай есептер мен мысалдар шығару. |
1 |
|
36 |
Өткенді пысықтау. 1-ден 10-ға дейінгі сандар. Тура және кері санау. Қарапайым мысалдар мен есептерді шығару. Жай есептер мен мысалдар шығару. Жиын. Ақырғы жиын мен оның бөлшектерінің арасындағы байланыс. Теңсіздіктен теңдік, теңдіктен теңсіздік алу дағдыларын жаттықтыру. |
1 |
|
|
Барлығы: |
36 |
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Жиын. Бір - көп. Заттарды ортақ қасиетіне қарай топтарға біріктіру.
Мақсаты:
а) балаларды заттар тобының (жиынның) ортақ белгілерін тауып, заттарды белгілі бір қасиетіне қарай «үлкен», «кіші» деген топтарға біріктіре алуға үйрету; бір жеке затты тауып көрсету; бір элементтен тұратын жиын туралы түсінік қалыптастыру; «бір» және «бірнеше» («көп») терминдерін енгізу;
ә) дәптерде берілген тапсырмалармен жұмыс істеу қабілетін арттыру; балалардың зейіні мен талқылау қабілетін дамыту;
б) үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
|
Қызмет кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
«Анамызға дастарқан жаюға көмектесейік» ойыны. Себетке жазық немесе көлемді материалдар салып әкелеміз (жемістер, көкөністер, тәтті тағамдар, қарбыз). Балаларға ойын ойнауды ұсынамыз. |
Балалар ойынға құлшына кіріседі. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
- Анамызға себеттегі заттарды шығарып, оларды топтастыруға көмектесейік. Бәріміз бірге орындайық. Балалар, сендер қандай ұсыныстар айтар едіңдер? Жиынды ішкі жиындарға бөлуге көмектеседі: көкөністер, жемістер, тәтті тағамдар, қарбыз. - Біздің қолымызда неше жеміс бар? Олар көп пе әлде бірнешеу ме? - Көкөніс, тәтті тағамдар нешеу екен? - Қарбыз туралы не айтуға болады? Қарбыз нешеу екен? Педагог балаларға жаңа дәптерді қарап шығуды ұсынады. Екі бетке орналасқан сабақ тапсырмаларымен таныстырады. Дәптерді қалай пайдалану керектігін үйретеді. Бірінші шартты белгімен («қоршап сыз» - таныстырады және балаларды тапсырманы шартты белгі бойынша «оқып шығуға» үйретеді. Ұжымдық жұмысты жалғастыру үшін 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Балаларға тапсырманы орындауға уақыт береді. Балалардың қолындағы ұсақ бұлшық еттерді дамыту үшін сергіту сәтін өткізеді. Балаларға төмендегі жаттығуларды орындауды ұсынады: 1) «Қоян» - жұдырығымыз түюлі. Содан соң сұқ саусақ пен ортаңғы саусағымызды шығарамыз. «Қоян» құлағын шығарды. 2) «Сақина» - жұдырығым түюлі. Басбармақ пен сұқ саусақтарыңды бір-біріне қосыңдар. 3) «Саусақтардың сәлемдесуі» - алақанымызды жоғары көтеріп, саусақтарымызды бір-бірімен айқастырамыз. Балаларға 2-тапсырманы орындауды ұсынып, «боя» деген шартты белгімен таныстырады. Тапсырманы жеке орындауға және алмалар мен алмұрттарды белгісіне қарай топтастыруға уақыт беріледі. Содан соң сұрақ қояды: - Әр топта неше үлкен және кіші алма бар екен? Балаларды сөз арасында: «бірнеше» немесе «көп», «бір» деген сөздерді қолдануға итермелейміз. Сергіту минуттың өткіземіз. |
Заттарды көкөніс, жемістер, тәтті заттар деп бөлу керектігін айтады. Заттар тобын бір сөзбен атайды. Қарбыздың қандай топқа жататынын табуға қиналады. Қарбызды бөліп қояды - ол біреу. Сөз арасында «көп» және «бірнеше» сөздерін қолданады. Оларды санына қарай бір-біріне қарама-қарсы қояды: жеміс - көп, ал қарбыз - біреу. Көкөніс көп, ал қарбыз біреу және т.б. Дәптерді ашып, 1-тапсырманы орындайды. Саусақтарын жаттықтырады:
2-тапсырманы орындайды, бір зат пен көп (бірнеше) затты бояйды. Заттарға: «Кішкентай алмалар мен бір үлкен алма», «Кішкентай алмұрттар мен бір үлкен алмұрт» деген атаулар береді. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Бүгін қандай сөздер кездестіргенін сұрайды. Балаларды «анасына көмектескені үшін» мақтайды. Олардың тақырыпты қалай түсінгенін сұрайды. «Жапсыр» деп аталатын жаңа шартты белгімен таныстырады және жапсырманы қай жерден табатынын, 3-тапсырманың сол жағына көп алма, оң жағына бір алма жапсыру керектігін түсіндіреді. Тапсырманы орындағаны үшін балаларға алғыс айтады, сабақтан кейін оқу құралдарын мұқият жинап қою керектігін түсіндіреді. |
Қорытады, ойыннан алған әсерлерімен бөліседі. 3-тапсырманы орындай отырып, жаңа тақырыпты қалай түсінгендерін айтады. Оқу құралдарын үстелдің шетіне жинап қояды. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: «бір» және «көп», «бірнеше» терминдерін;
игереді: заттарды белгілі бір қасиетіне (белгісі) қарай топтастыру туралы жалпы түсінікті, баспа дәптерімен жұмыс істеу жөніндегі түсінікті;
меңгереді: бір затты көрсетуді, заттарды бір белгісіне қарай топтарға біріктіруді.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Қай жерде тұр? Кеңістікте бағдарлау.
Мақсаты:
а) балаларды «Қай жерде тұр?» деген сұраққа дұрыс жауап беруге, кеңістік қатынастарын анықтауға (жоғары - төмен, сол жақта - оң жақта, үстінде - астында, ортасында, арасында) үйрету; қағаз бетінде бағдарлау
қабілетін (үстінде, астында, сол жақта, оң жақта) қалыптастыру оқулық бетіндегі белгілі бір суретті табуға үйрету;
ә) балалардың есте сақтау қабілетін, кеңістікте ойлау қабілетін дамыту;
б) ұқыптылыққа, қолындағы затты орнына қоюға тәрбиелеу.
|
Қызмет кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Балаларға шкаф сөрелерін реттеуді ұсынады. Шашылып жатқан ойыншықтарды үлгідегідей етіп орналастырып, әр заттың қай жерде орналасқанын суреттеп беру керек. |
Балалар шкаф сөрелерін реттеу «жұмысына» кіріседі. Олар қай затты қай жерге қоятынын нақтылайды және заттың кеңістікте орналасқан орнын білдіретін сөздерді еске түсіреді. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Педагог тақтаға үш сөренің суретін салады немесе балалардың алдына үш сөре қояды. Заттарды сөрелерге үлгідегідей етіп қойып шығуды сұрайды. Ойыншық машинаны, допты, қуыршақты, аюды және т.б. қайда қоятындығын сұрайды. Балаларды жоғарыда, төменде, ортасында, сол жақта, оң жақта, арасында деген сөздерді қолдануға үйрету керек. Жапсырманың көмегімен дәптердегі осыған ұқсас 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Балаларды жапсырманы жапсырмас бұрын заттың қай жерде орналасқанын айтып отыруға жетелейді. - Кәне, доп қай жерде тұруы тиіс, қолмен көрсетіп берші? Сөредегі мына орынды қалай атаймыз? Ол ненің қасында тұр? Неден жоғары, неден төмен, қай заттардың ортасында тұр? Тағы басқа сұрақтар қою арқылы балаларды заттардың орналасқан орнын әртүрлі сөздермен сипаттауға жетелейміз. Содан соң «Жасырынбақ» ойынын ойнауды ұсыну. Заттың атын айтпай, оның қай жерде тұрғанын және белгілі бір қасиетін айтамыз. Қалған балалар оның қандай зат екенін табады. Балаларға алдыңғы сабақта орындалған жаттығуларды жасауды ұсынады: 1) «Қоян» - жұдырығымыз түюлі. Содан соң сұқ саусақ пен ортаңғы саусағымызды шығарамыз. «Қоян» құлағын шығарды. 2) «Сақина» - жұдырығым түюлі. Басбармақ пен сұқ саусақтарыңды шығарып, оларды бір-біріне қосындар. 3) «Саусақтардың сәлемдесуі» -алақанымызды жоғары көтеріп, саусақтарымызды бір-бірімен айқастырамыз. Жаттығуларды жасаған кезде мынадай сөйлемдер айтылады: Біздің топтағы ұлдар мен қыздар бір-бірімен тату-тәтті дос. (Балалар саусақтарын бір-біріне аттастырып қысады.) Біз бірге жүргенде көппіз. (Балалар саусақтарын ашады.) Бір, екі, үш, төрт, бес. (Саусақтарының ұшын кішкентайынан бастап кезек-кезек бір-біріне тигізеді.) Балаларға дәптердегі 2-тапсырманы орындау ұсынылады. Алдымен қолшатырдың дәптердің қай жерінде орналасқанын сұрайды: үстінде, астында, сол жақта, оң жақта. Қолшатырларды орналасқан жеріне қарай әртүрлі түспен бояу керек. Оларды қандай түспен бояйтынын табу үшін бағдаршамен берілген тапсырманы «оқу» керек. Педагог сұрақ қояды: «Бағдарша қай жақты көрсетіп түр?» Сол қолшатырды табыңдар. Оны қандай түспен бояймыз? |
Балалар заттардың қайда тұрғанын айтады, оларды сөрелерге жоспар бойынша қоюға көмектеседі. Сөреге жақындап, ойыншықты қай жерге қоятынын сөзбен айтып береді, содан соң қояды. Дәптердегі 1-тапсырманы орындайды, жапсырма жапсырылатын жерді сипаттайды. Ойын ойнайды. Кезекпен сөрелерге жақындап, жасырылған заттың тұрған жерін сипаттап береді. Саусақтарын жаттықтырады. Қолшатырдың қай жерде орналасқанын (үстінде, астында, сол жақта, оң жақта) айтады. 2-тапсырманы орындайды, қолшатырдың дәптердегі орнын суреттеп, оны бояйды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
3-тапсырманы орындауды ұсынады (алдынғы тақырыпты қайталануға, логикалық жағынан талқылауға және жаңа тақырыпты жинақтауға берілген). - Жоғарыда, төменде, арасында орналасқан заттар қатарын табындар. Жоғарғы қатарда (ортаңғы, төменгі) ненің суреті салынған? Артық зат қайсы? Неге? Сабақты қорытады. Балалардан «қай заттың қай жерде тұрғанын» айту үшін қандай сөздерді пайдаланғанын сұрайды. Балаларды мадақтайды. Сабақ соңында оқу құралдарын мұқият жинап қою керектігін түсіндіреді. Мынадай тапсырмаларды пайдалануға болады: «Алдымен астыңғы жағына дәптерді қойындар. Үстіне үлестірмелі материалдар салынған папканы, сол жағына қарындашты, т.б. қойыңдар». |
Заттың кеңістіктегі Және қағаз бетіндегі орналасқан орнын білдіретін сөздерді еске түсіріп, атап шығады. Құралдарын педагогтін тапсырмасы бойынша жинайды. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: «Қай жерде тұр?» деген сұраққа жауап беру үшін: жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, ортасында деген сөздерді пайдалану керектігін;
игереді: заттың кеңістіктегі орны туралы түсінікті (жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, ортасында);
меңгереді: қағаз бетінде бағдарлауды (жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта, ортада), дәптердің бетінен белгілі бір суретті табуды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Заттардың қасиеті (пішін, шама). Заттарды биіктігіне, ұзындығына, ені мен қалыңдығына қарай салыстыру. Кеңістікте бағдарлау.
Мақсаты:
а) балаларды заттардың түрлі қасиеттерін тауып, заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыруды, заттарды берілген белгілері бойынша топтастыруға үйрету;
ә) балалардың негізгі түстерді ажырата білу қабілетін дамыту; кеңістікте бағдарлау қабілетін күшейтуді, кеңістік қатынастарын (алдында - артында, ортасында) анықтауға үйретуді жалғастыру; баланың сөйлеу және талдау қабілетін дамыту;
б) ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
|
Қызмет кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Сабақты «Бізге кұртақандар келді» деген ойыннан бастайды (көрнекілік материал - 1-кесте. «7 құртақан»). - Кәне, балалар олармен жақсылап танысып алайық. Олардың киімдерінің көлемі мен түсін, кеңістіктегі орналасқан орнын суреттеп көріңдер. |
Балалар ойынға қатысады. Құртақандардың суреттерін қарап шығады, көлемін, түсін, кеңістіктегі орналасқан жерін анықтайды. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Балаларға «үлкен - кішкентай, түсі, алдында - артында, арасында, қасында» деген сөздерді пайдаланып, суреттегі әр кұртақанды сипаттап беруді ұсынады. Топтағы барлық балалармен осылай жұмыс істейді. Педагог бірнеше баланы тақтаға шығарып, оларды бір-бірінің артына қатарластырып қояды. Қалған балалар олардың белгілерін атап көрсетеді: үлкен-кіші, киімінің түсі, орналасқан жері. Содан соң педагог дәптердегі 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Ол үшін алдымен балаларды жаңа шартты белгілермен - түс және өлшеммен таныстырады. Тапсырманы ауызша орындауды немесе үлкен құртақанға қандай шелек берілетінін, оның түсі қандай болуы керектігін анықтап, сызық арқылы көрсетуге болады. Сергіту сәтін өткізгеннен кейін педагог 2-тапсырманы «оқуға» көмектеседі. Жапсырмаларды кестенің ұяшықтарына дұрыс жапсыруға, түсін, өлшемдерін және оның дәптердегі орналасқан жерін көрсетуге көмектеседі. |
Заттарды көрсетілген қасиеттері бойынша сипаттайды. Балалар тақтаға шығады және бір-бірінің артына тұрады. Топтағы балалардың аталған белгілерін анықтайды. Дәптердегі 1- тапсырманы орындайды, заттардың түсі мен өлшемін анықтайды. 2- тапсырманы орындайды. Тиісті заттарды көрсетілген белгілері бойынша жапсырады және оның кеңістікте орналасқан орнын сипаттайды: алдында - артында, алдында, ортасында |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Тақырыпты қорытындылайды және балаларды тапсырмаларды ықыласпен орындағаны үшін мадақтайды. Балалардың тақырыпты түсінгенін тексеру үшін 3-тапсырманы өз беттерінше орындауға береді. Ол үшін тапсырманы дұрыс «оқу» қажет екенін айтады. Үлкен заттарды бір түспен, кішкентайын басқа түспен бояу керек. Содан соң олардың қағаз бетінде орналасқан орнын сипаттап беру қажет. Педагог балаларға тапсырманы орындағаны үшін алғыс білдіреді және бүгін құртақандар мен өзге заттардың қасиеттерін сипаттау үшін қандай сөздер қолданғанын сұрайды. Содан соң құртақандармен қоштасып, оларға сабақтан кейін үстелдің үстін қалай жинайтынын көрсетулерін сұрайды. |
3-тапсырмадағы заттарды тапсырма бойынша бояйды –Сұрақтарға жауап береді: «үлкен - кішкентай», түс (кемпірқосақтың 7 түсін атап көрсетуге болады), кеңістіктегі орнын атап көрсетеді: алдында - артында, алды, арасында, қасында. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: заттардың қасиеттерін суреттейтін сөздерді: үлкен, кішкентай, орташа, негізгі түстер; заттың кеңістіктегі орнын білдіретін сөздерді: алдында - артында, алды, арасында;
Игереді: заттарды екі белгісі - түсі мен өлшемі бойынша салыстыруды;
Меңгереді: заттарды көрсетілген белгілері бойынша салыстыруды, заттың өлшемі мен түсін атап көрсетуді, оның кеңістікте орналасқан орнын сипаттауды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Геометриялық фигуралар. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.
Мақсаты:
а) балаларды дөңгелек, шаршы, үшбұрыш тәрізді геометриялық фигуралармен таныстыру, оларды ажыратуды үйрету; кеңістікте бағдарлау қабілетін қалыптастыру.
ә) балалардың сөйлеу және талдау қабілетін дамыту.
б) сұраққа толық жауап беруге тәрбиелеу.
|
Қызмет кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Балаларға терезеге қарап, қазір жылдың қай мезгілі екенін айтуды сұрайды. Ал біздің суретімізде жапырақтар төгіліп жатыр (Демонстрациялық материалдар. 2-кесте). Осы жапырақтарды топтарға бөлуге көмектесіңдер. Өз нұсқаларыңды айтыңдар. |
Балалар жыл мезгілін анықтайды және тапсырманы орындауға кіріседі. Жапырақтарды мөлшеріне қарай - үлкен, кішкентай, түсіне қарай - сары, қоңыр, жасыл деп жіктейді. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Педагог өткен тақырыптарды жақсы меңгергені үшін балаларды мадақтайды және топтасып осыған ұқсас тапсырманы орындауды ұсынады. 3 топқа шеңбер, шаршы, үшбұрыштар таратып, тапсырма береді (3-6-кестелер). Содан соң балалар оларды үлкен және кішкентай топқа, сондай-ақ 3 түске жіктейді. Балалардан осы жұмыс барысында қолданылған заттардың қалай аталатынын сұрайды. Педагог әр топтағы фигуралардың атын атап, оларды кезекпен көтеруді сұрайды. Мысалы: шаршылар. Қолында шаршысы бар балалар фигураны көрсетеді. Содан соң балалардан фигураларды хатқалтаға салып, тапсыруларын сұрайды. Педагог: - Балалар, бәріміз бірге бала-бақшадағы алаңға шықтық деп елестетіңдер. Алдымен сергіту сәтін өткізеді. Балалардан алаңдағыдай секіріп, жүгіріп ойнауларын сұрайды. Содан соң: - Балалар, енді дәптерлеріңді ашып, 1-тапсырманы табыңдар. Біз қандай фигураларды кездестіреміз? Олардың арасында үшбұрыш, шаршы, шеңбер бар ма? Үшбұрышты (дөңгелек, тіктөртбұрышты) заттардың қай жерде тұрғанын тауып, сипаттап беріңдер. Содан кейін балаларды жана шартты белгі - пішінмен таныстырады. Бұл шартты белгінің заттың пішінін білдіретінін түсіндіреді. - Кәне, балалар, 2-тапсырманы шартты белгілер бойынша «оқып» көрейік. Балаларға тапсырманы түсініп оқуды үйретеді: түс, пішін, өлшем. Содан соң жапсырма таңдап алып, 2-тапсырманы орындауды сұрайды. |
Балалар шеңберлерді, шаршылар мен үшбұрыштарды топтастырады. Әр топтың нұсқасы әртүрлі болуы мүмкін. Біреулер фигураларды түсіне (ондай фигуралар тобы үшеу), біреулер көлеміне қарай (ондай топ екеу болуы мүмкін) топтастырады. Сұрақтарға жауап береді: әр топ өз фигураларының атын атайды: үшбұрыштар, шеңберлер, шаршылар. Айналадан және суреттен дөңгелек, төртбұрышты, үшбұрышты заттарды табады және оларды сипаттап береді. Олардың кеңістіктегі орнын суреттейді. Балалар 2-тапсырманы орындайды. Тапсырма бойынша жапсырманы таңдап жапсырады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Балаларды мадақтайды. Бақылау үшін 3-тапсырманы әркім өз бетінше орындайды. Тапсырманы түсіндіріп, оны орындауға уақыт береді. Содан соң балалардан бүгін қандай фигуралармен танысқанын сұрайды. Дәптерден сол фигураларды көрсетуді өтінеді. Контур бойынша сызып көрсетеді. Балаларға алғыс айтып, сабақ барысында қолданған құралдарды қалай жинау керектігін көрсетулерін сұрайды. |
Лабиринт - сызық бойынша кімнің қай суретті салғанын табады. Оны бояйды. Сұрақтарға жауап береді. Сабақты қорытады. Заттарды үстелге ақырындап орналастырады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: шеңбер, үшбұрыш, шаршы сынды фигураларды атауды;
Игереді: айналадағы заттардың пішіні қандай фигураға ұқсайтынын ажырата білуді;
Меңгереді: айналадан шеңбер, үшбұрыш, шаршы пішіндес заттарды табуды, фигураларды бір-бірінен ажыратуды және олардың түсі мен өлшемдерін табуды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Геометриялық фигуралар. Төртбұрыш (шаршы және тіктөртбұрыш). Сопақша.
Мақсаты:
а) сопақша, төртбұрыш (шаршы және тіктөртбұрыш) туралы түсінік беру; заттардың пішінін анықтап, оларды пішінін басқа заттармен салыстыруды үйрету; заттарды түсіне, пішіні мен көлеміне қарай ажырата білу қабілетін қалыптастыру;
ә) заттың маңызды белгілерін тауып, саралау және кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
б) заттарды ұқыпты ұстауға, орнына қоюға, жинақылыққа тәрбиелеу.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Балалардан отбасының не екенін сұрайды. - Балалар, сендер жақындарыңды жақсы көресіңдер ме? Сендерде олардың суреттері бар ма? - Енді дәптердегі отбасының суретін бәріміз бірге қарап шығайық. |
Балалар педагогтің отбасы, жақын адамдар жайлы сұрақтарына жауап береді. Дәптердегі суреттерді қарауға кіріседі. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Дәптердегі 1-тапсырма бойынша фотосуретте кімнің суреті бейнеленгенін және оның сыртындағы жақтауының пішіні қандай екенін сұрайды. Балалардан өткен сабақта танысқан фигураларды атап беруін өтінеді. Ол үшін: 3-6-кестелерден бірнеше фигураны алып, балаларға көрсетеді. Содан соң тапсырма береді: «Не өзгерді?».
Екінші және үшінші жағдайда балалардың бәрі бірдей фигуралардың пішінін атап көрсете алмайды. Педагог сопақша, тіктөртбұрыш сынды жаңа атауларды қолданысқа енгізеді. Фигураларды салыстыруды ұсынады. Шаршы мен тіктөртбұрышты салыстырған кезде олардың бұрыштарын (төбелерін) санау қажеттігін айтады. Оның төртеу екенін анықтайды. Фигуралардың екеуін де төртбұрыш деп атауға болатынын айтады. Басқа 4 бұрыштардың бұрыштарын санап, олардың арасынан шаршы мен тіктөртбұрыштарды табуды ұсынады.
Балалар өзге фигураларды танып жатса, оларды мадақтау қажет. Сергіту сәті. Одан кейін педагог 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Тапсырманы орындауға уақыт береді. Фигуралардың көлемі, түсі, пішіні сияқты қасиеттерін бірнеше рет қайталатады. |
Балалар отбасы мүшелерінің суреттері қандай пішіндегі жақтауларға салынғанын табады. «Не өзгерді?» ойынына катысады. Сопақша, тіктөртбұрыш сынды жаңа фигуралардың атауын педагогпен бірге қайталайды. Шаршы мен тіктөртбұрышты табады, олардың бұрыштарын (төбелерін) саусақпен санайды, төртбұрыштарды табады. Содан соң фото суреттердегі жақтаулардың пішінін анықтауға кіріседі. «Бұл - әжей. Оның суреті тіктөртбұрышты жақтауға салынған» немесе «Тіктөртбұрыш пішіндес жақтауға әжейдің суреті салынған» деген сияқты пікір айтады. 2-тапсырманы орындайды: фигураларды белгілі бір өлшемге, түсі мен пішініне қарай бояйды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Педагог сабақты қорыта отырып, балалардан бүгін қандай фигуралармен танысқанын сұрайды. Сол фигураларды тауып, суретті саусақпен сызып көрсетулерін сұрайды. Ауада қолымен белгілі бір фигураның суретін бейнелейді. Еденде он аяқпен, сол аяқпен фигуралардың суретін сызады. Содан соң балалардың сабақты қаншалықты түсінгенін тексеру үшін оларға 3-тапсырманы береді. Балаларды мадақтайды. |
Сұрақтарға жауап береді, сабақты қорытады, ауаға немесе еденге фигуралардың суретін бейнелеп көрсетеді. 3-тапсырманы орындайды. Үстелдің үстін реттейді. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша сияқты фигуралардың атауларын;
игереді: төртбұрыш пен оның түрлері туралы түсінікті;
меңгереді: заттар мен фигураларды үш белгісі - түсі, пішіні мен көлеміне қарай салыстыруды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 1 саны және цифры.
Мақсаты:
а) 1 саны және цифрымен таныстыру; бір затты анықтай алуға үйрету; заттардың белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру;
ә) балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту;
б) тиянақтылыққа тәрбиелеу.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Балалардан өткен сабақта танысқан фигураларды еске түсіруді сұрайды. Соған сәйкес келетін заттарды табуды тапсырады (7-кесте). Жұмысты «Жасырынбақ» ойыны түрінде ұйымдастыруға болады. Содан кейін суреттерді талдауға шақырады: - Олар қандай фигуралардан құралған? - Бұл заттар қалай аталады? Оларға ортақ атау (көліктер) беруге бола ма?
|
Суреттердің өздері білетін қандай фигураларға ұқсайтынын айтады. Балалар ойынға қосылып, пішіні жағынан әртүрлі заттарды табуға кіріседі. Көлік түрлерін атап көрсетеді: пароход, паровоз немесе кеме, жүк машинасы. Суреттерді талдайды. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Педагог топтағы заттарға ортақ атау беріп, оларды көлік деп атауға болатынын айтқан балаларды мадақтайды. Картиналарды мұқият қарап шығуды ұсынады (8-кесте). - Картиналарда ненің суреті салынған? - Автобус нешеу? Трактор нешеу екен? Картинада неше жүк көлігі бар?
- Суреттегі заттарға қандай ортақ атау беруге болады? (Бұл - көлік.) - Көліктің басқа қандай түрлерін білесіңдер? (Мотоцикл, велосипед және т. б.) - Мұнда неше автобус бар? (Біреу). Трактор нешеу? (Біреу) және т.б. Бүгін біз 1 санымен және цифрымен танысамыз. 1 туралы өлең оқып береді. 1 - дің бейнесіне ұқсайтын суреттер көрсетуге болады. «1»-ге ұқсайтын бұл не? Ол - кәдімгі ине. Сабақтап жіп іл де, Қада онымен түйме. Дәптерлеріңді ашыңдар. 1 - тапсырмада ненің суреті салынған? Жүк көлігі нешеу? Ол қандай цифрмен белгіленген? Санға караңдар. Ол туралы тақпақтар тыңдаңдар (бір саны туралы балалар білетін 1-2 тақпақты айтады). - Дәптердегі жаңа шартты белгіні қараңдар және оны саусақпен сызып шығыңдар. Кәне, оң қолымыздағы (солақайлар сол қолын) сұқ саусағымызды дайындаймыз. Енді 1 цифрының бойымен бірінші жоғары қарай, сосын темен қарай саусақпен сызамыз. Цифрлардың бәрін саусағымызбен сызып шығайық. Ал енді қарындашымызды алып, цифрларды төменгі жағынан бастап сызамыз. Ізбе - ізділікті сақтаймыз. Қай жақтан бастап жазамыз? Саусағымызды жаттықтырамыз (№1 технологиялық картаны қараңыз). Содан соң 2-тапсырманы орындауға кірісеміз. 1 цифрын тауып, оны қалаған түспен бояймыз. |
Оларға көлік деген жалпы атау береді. Олардың әрқайсысы бір-бірден екенін анықтайды. 1 цифрымен танысады. Дәптердегі 1 цифрын саусағымен алдымен жоғары қарай, сосын темен қарай сызып шығады. Содан соң цифрларды қарындашпен сызады. Саусақтарды жаттықтырады. Әр бала өзі ұнататын түсті таңдап алады және бояйды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Сабақты қорытады. «Біз қандай санмен және цифрмен таныстық?» «Ауаға 1 цифрын «жазып» көріңдер. Енді оң аяқтың, сол аяқтың ұшымен еденге жазамыз». Балаларды мадақтайды. Бүгінгі және бұрынғы сабақтарда өткенді тиянақтау үшін 3-тапсырманы береді. - Алдымен тапсырманы шартты белгі бойынша «оқимыз». Тиісті фигураларды жапсырыңдар. Содан соң мынадай сұрақтарға жауап береміз: «Қай фигура бір-бірден? Бір-бірден берілген фигуралардың түсі қандай?» Әр баланы мадақтайды және үстелдерінің үстін реттеулерін сұрайды. |
Ауаға және еденге 1 цифрын «жазады». Бір-бірден тұрған фигураларды табады. 3-тапсырманы орындайды. Сабақты қорытады және жұмыс орнын реттейді. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: 1 саны мен цифрын;
игереді: 1 цифрын дұрыс жазуды;
меңгереді: бір-бірден тұрған заттарды тауып, 1 цифрын тануды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 2 саны мен цифры.
Мақсаты:
а) «заттар жұбы» туралы түсінік беру; заттарды жұптастырып, оларға сипаттама беруді үйрету; жұп заттың санын білдіретін 2 цифрымен таныстыру; 2 цифрын жазуды үйрету; «сан» және «цифр» терминдерін ажырата білуге үйрету; заттарды санау, олардың атаулары мен ретін анықтау, сандарды жазу дағдысын бекіту;
ә) логикалық ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту;
б) бір-бірінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Педагогтің іс-әрекеті - Балалар, сиқырлы паровозға мінейік (9-кесте). Тапсырма бойынша вагондарға ертегі кейіпкерлерін терезе санына қарай отырғызуымыз қажет (педагог өз қалауы бойынша іріктеп алады). Педагог тақтаға паровоз бен бірнеше вагонның (3-5 вагон) суретін жапсырады. |
Балалардың іс-әрекеті Балалар ойынға қатысады. Әр вагонға 2 кейіпкер мінетінін анықтайды. Аңдарды вагондарға отырғызады. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
- Біз паровозға неше вагон тіркедік? Әр вагонды таяқшамен көрсетіп, балалармен бірге дауыстап санайды. Содан соң балаларға айтады: - Кәне, балалар, енді терезелерді санаймыз: бір, екі. Келесі вагонның терезелерін санайық: бір, екі және т.б. Әр вагонда 2 терезе немесе қос терезе бар. 2-еуден тұрған заттарды іздейік. - Балалар, біздің неше қолымыз, неше аяғымыз бар? Көзіміз, құлағымыз нешеу? Біз екі затты жұп зат деп атаймыз. Мысалы, бір жұп қолғап, бір жұп аяқ-киім және т.б. Сонда бір жұп затты қандай санмен белгілейміз (екі санымен)? Цифрды тақтадан немесе дәптерден көрсетеді. 2 цифры туралы өлең оқиды. Айдын көлдің бетінде Мойнын иіп жүзгенде, Бұл аққу ма, «2» ме? Деп қаламыз біз кейде. - Дәптерімізді ашып, 1-тапсырманы орындаймыз. Қоңыз нешеу екен, балалар? (2 немесе жұп). Көрсетілген бағыт сызығы бойынша саусақпен басып жазамыз: бірінші дөңгелек сызықты оңнан солға қарай сызамыз. Содан соң көлбеу сызықты жоғарыдан темен қарай және көлденең сызықты оңға қарай сызамыз. Егер балалар «көлденең және көлбеу» деген сөздерді білмейтін болса, сызатын бағытты ауаға немесе тақтаға сызып көрсетіңіз. Цифр дегеннің санның таңбасы екенін ұғындыру. Педагог үстелге отырғызу тәртібін қайталайды. Содан соң 2 цифрының қатарын қарындашпен қоршап сызуды өтінеді. Балаларды сабақта белсенділік танытып, тапсырманы мұқият әрі таза орындағаны үшін мадақтайды. 2-тапсырма сергіту сәтінен кейін орындалады. Сергіту сәті: 2 рет секіреді. Оң аяқпен 2 рет, сол аяқпен 2 рет жерді тебу. 2 рет қол шапалақтау. Парталас досыңмен 2 рет алақан соғу және т.б. 2-тапсырмада 2 цифрын тауып, оларды бояу қажет. |
Вагондарды, вагондардағы кейіпкерлерді, вагондардың терезелерін санайды. Екі, жұп деген сөздерді дауыстап қайталайды. Жұп заттарды іздейді. Дәптерді ашып, 1- тапсырманы орындайды. Ауаға немесе қағазға қолымен жазады. Цифрларды тиісті бағыт бойынша сызады. 2 санын қатыстыра отырып, сергіту сәтін орындайды. 2- тапсырмадағы 2 цифры бар палитраларды бояйды. Сергіту сәтінде Педагогтің берген бұйрығын орындайды. Қажетті қимылдарды жасайды. Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Ертегі кейіпкерлерін шығарып салып, оларға жаңа сан мен цифрды үйренуге көмектескені үшін алғыс білдіреді. Балалардан қандай санмен және цифрмен танысқанын сұрайды. - Қоштасарда кейіпкерлерімізге не үйренгенімізді көрсетейік. Кәне, 3-тапсырманы орындайық: әр топтағы заттардан тек 2-еуін ғана бояймыз. Балаларға рақмет айтады және үстелдің үстін реттеуді сұрайды. Балалар бір-біріне алғыс білдіреді. |
Кейіпкерлерді рақмет айтып шығарып салады. Сабақты қорытады: 2 санымен таныстық, оның жұп сан немесе жұп зат дегенді білдіретінін білдік, 2 цифрын таныдық. 3-тапсырманы орындайды. Үстел үстін жинастырады. Бір-біріне рахмет айтады. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: 2 саны мен цифрын, «жұп» сөзінің мағынасын;
игереді: жұп заттарды табуды, 2 цифрын тани білуді;
меңгереді: 2 цифрының қалай жазылатынын.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 3 саны және цифры.
Мақсаты:
а) 3 саны және цифрымен таныстыру; цифр мен заттың санын сәйкестендіре білуге үйрету; заттарды санауға машықтандыру; 3 цифрын тану және бейнелеуге үйрету;
ә) балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту;
б) эстетикалық тәрбие беру.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Балалардың есте сақтау қабілетін дамытып, логикалық ойлау қабілетін нығайтатын тапсырма береді. - Төрт топтағы суреттің әрқайсысында артық зат бар. Соны табыңдар. Ол не үшін артық? Түсіндіріп беріңдер. 10-кесте Санап шық. Топтардың әрқайсысында қанша зат қалды? (3). - Бүгін біз қандай санмен және цифрмен танысамыз? Кім айтады? |
Артық затты тауып, оның не үшін артық екенін түсіндіреді. Қалған заттарды санайды. Олардың үш-үштен екенін анықтайды. Сабақтың тақырыбын жинақтайды: 3 саны және цифры. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Дәптерлерімізді ашып, балықтарды санаймыз. Балықтардың санын 3 цифрымен белгілейміз. 3 цифрын табамыз. Педагог 3 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді. Бабалар қару-жарағы Жебесі мен садағы. Жауларын атса жусатқан Садақты «3»-ке ұқсатам. 3 санын қоршап сызамыз: алдымен жоғарғы жағын, содан соң төменгі жағын төмен қарай сызамыз. Санды ауаға «жазамыз». Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге саламыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз. Сергіту минутын (3 рет секіру, оң аяқпен 3 рет, сол аяқпен 3 рет жерді тебу, 3 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 3 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, 2-тапсырманы орындайды. Цифр, сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіру қажет. Бұл сабақта жазба үлгіден жасалған текшемен жұмыс істеуді бастаймыз (нүкте арқылы 1, 2, 3 сандарын көрсететін сияқты тапсырма. Картинадағы заттың санын табады). |
Балықтарды санаймыз. 3 цифрын бастырып сызады. 3 санымен берілген сергіту сәтін орындайды. Цифр, сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен сәйкестендіруге арналған тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Сабақта белсенділік танытқаны үшін балаларға алғыс айтады. Сабақтың қаншалықты меңгерілгенін байқап көру үшін 3-тапсырманы береді. Тапсырма бойынша тиісті цифрды жапсыру қажет. - Балалар, бүгін қандай санмен таныстыңдар? - Ол қандай цифрмен таңбаланады? Балаларды мадақтайды. |
Сабақты қорытады. Дәптерге орындалған тапсырманы көрсетеді. Үстел үстін реттейді. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: 3 саны мен цифрын;
игереді: 3 цифрының жазылуы туралы түсінікті;
меңгереді: үш заттан тұратын топты табуды, 3 цифрын тануды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Ауыр - жеңіл. Заттарды өлшеу туралы түсінік. Заттарды салмағына қарай салыстыру. Салмақтың көлемге тәуелділігі.
Мақсаты:
а) заттың салмағы және оны өлшеу туралы түсінік қалыптастыру; заттарды «ауыр - жеңіл» сөздерін пайдалана отырып салыстыруды үйрету; заттарды қолмен салыстырып, олардың салмағын көлеміне қарай анықтауды үйрету;
ә) заттың кеңістіктегі орнын сипаттау қабілетін дамыту бағытындағы жұмысы жалғастыру; баланың зейінін, ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту
б) ұқыптылыққа тәрбиелеу.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Педагог бөлмеге үлкен рюкзакты алып кіреді және оны әрең көтеріп келе жатқандай ауыр қозғалады. Содан соң екінші кішкентай рюкзакты алып келеді. Оның жеңіл екенін байқатады. Содан соң балалардан сұрайды: «Бұл рюкзактар туралы не айтуға болады?» |
Балалар педагогтің қимылын бақылап отырады. Өздерінің салмақ туралы пікірлерін білдіреді. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Педагог балалардың жауаптарын нақтылауға тырысады: үлкен рюкзак ауыр, ал екінші кішкентай рюкзак жеңіл. Сабақтың тақырыбын хабарлайды: - Балалар, бүгін біз заттарды салмағына (массасына) қарай салыстырамыз. Біз оны анықтау үшін қолданылатын сөздермен (ауыр және жеңіл) танысамыз. Содан соң бөлмеден ауыр және жеңіл заттарды табуларын сұрайды. Сол арқылы балалардың салмақ туралы түсінік деңгейін анықтайды. Дәптердегі 1-тапсырманы ашады. - Суреттерді мұқият қарап шығындар. Кәне, бәріміз бірге онда бейнеленген оқиғаны суреттеп көрейік. Балалармен спорттың пайдасы мен үлкендерге көмектесу қажеттігі туралы шағын әңгіме-дүкен құруға болады. Кестеге ауыр және жеңіл заттарды жапсырыңдар. Сол жақтағы заттар қандай заттар? Неге? Оң жақта ше? Сергіту минуты. Ауыр рюкзак көтергендей, содан соң жеп-жеңіл рюкзакпен жүгіріп келе жатқандай қимылдар жасауға болады. - Балалар, заттың салмағын қандай құралдың көмегімен салыстыруға болады? Кім біледі? (таразы). Қарапайым таразымен таныстырады. Балаларға қарапайым таразының өзін немесе таразының суреті салынған плакатты (11-кесте) көрсетеді. Табақтың қайсысы төмен түседі? Ауыр зат тұрған жағы ма, әлде жеңіл жағы ма? Таразы арқылы қайсысы ауыр екенін анықтаңдар? Суреттерді көрсетеді немесе таразының табақтарына жануарларды салады (түсінікті болу үшін бір-біріне салмағы қарама - қарсыларын салу қажет). 2-тапсырма. «Анаңа комектес. 2- тапсырманы орындау барысында үлкен және кішкентай тәрелкелердің салмағын қолмен анықтауға болады. Бұл тапсырмада ыдыс-аяқтарды тостағандар мен тәрелкелер деп жіктеу қажет. Талқылайды: 2 зат дегеніміз екі тәрелкені немесе бір тәрелке мен бір тостаған дегенді білдіруі мүмкін. Сондықтан әр бала тапсырманы өз бетінше орындайды. Бұрын өткенді қайталау үшін 3- тапсырманы орындаймыз. |
Ауыр және жеңіл заттарды атап көрсетеді. Суретте не бейнеленгенін сипаттайды және себебін түсіндіреді. Тиісті жапсырмаларды тауып, 1-кестеге тиісті заттарды жапсырады. Сұрақтарға жауап береді: салмағы жағынан салыстыру үшін затты көтеріп, қолға салып көреміз немесе таразыға салып өлшейміз. Таразының қай жағы басым болса, сол жағында ауыр зат жатыр деген сөз. Сергіту жаттығуын орындайды. 2-тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Сабақты қорытады. Қандай жаңа сөздер үйрендік? Салмақты қалай таптық? Қолға салып анықтадық. Көлемі бойынша: үлкен - ауыр, кішкентай - жеңіл болады (бірақ бұл белгінің бұрыс болатын кездері де болады. |
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: заттың салмағын сипаттайтын «ауыр - жеңіл», «ауырлау - жеңілдеу» сөздері;
игереді: заттың салмағын қарапайым таразының көмегімен, «қолмен» өлшеу, заттың көлемі мен оның салмағының бір-біріне бағыныштылығы (біртектес заттар туралы сөз болғанда) туралы түсінік;
меңгереді: заттардың салмағын қолмен, көзбен, қарапайым таразының көмегімен анықтау; сөз арасында «ауырлау - жеңілдеу» деген сөздерді пайдалану.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 4 саны және цифры.
Мақсаты:
а) 4 саны және цифрымен таныстыру; цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету; заттарды санауға машықтандыру; 4 цифрын тануды және дұрыс суреттеуді үйрету;

-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
Балаларға зейінін, есте сақтау және логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма беріледі. Артық затты табыңдар. Оның не үшін артық болып тұрғанын түсіндіріңдер. - Суретте неше гүл бар? Бүгін бізге қандай сан мен цифр қонаққа келіп отыр екен? Кім табады?
Артық затты табады және сабақтың тақырыбын нақтылайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Дәптерімізді ашып, құстарды санаймыз.
Санды цифрмен белгілейік. 4 цифрын табыңдар.
Педагог балаларға 4 саны мен цифры туралы
өлең оқып береді.
Іздегенде табады
Зер салса егер мынаған:
Тура «4» боп қалады
Орындықтар құлаған.
Цифрды бастырып сызамыз. Ауаға жазамыз. Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге сызамыз. Қарындашымызды алып, дәптердегі санды ауаға сызамыз. Енді қарындашты алып, цифрды дәптерге саламыз: қысқа қисық сызықты жоғарыдан темен қарай, содан соң көлденең сызықты солдан оңға қарай, сосын ұзын тік сызықты жоғарыдан темен қарай сызамыз. Сергіту сәтін (4 рет секіру, оң аяқпен 4 рет, сол аяқпен 4 рет жерді тебу, 4 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 4 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды: цифр, сан мен санның нүкте түріндегі үлгісін сәйкестендіру. Бұл сабақта текшемен жұмыс істеуді әрі қарай жалғастыруға болады (нүкте арқылы 1, 2, 3 сандарын көрсетіңдер деген сияқты тапсырма. Суреттегі заттың санын табу). Педагог 1-4 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды.
Содан соң №2тапсырманы орындауға береді. Бұл тапсырма алдыңғы сабақтардан жақсы таныс. Педагог балалардан тапсырманы түсіндіріп берулерін сұрайды. Балалар өздері ұнататын түстерді таңдап, тапсырманы орындайды.
Құстарды санап шығады. Цифрды көрсетеді. Ауаға санды жазады. Цифрды саусақпен сызып шығады. Еденге аяғының ұшымен жазады.
Математикалық сергіту сәтіне катысады.
Текшедегі нүктелер мен цифрды көрсетеді. Заттарды үстелдің шетіне қойып, 4 санын бояйды.
Рефлексиялық - түзетушілік
№3 тапсырма бойынша 4 затты қызыл, бір затты сары түске бояу қажет. Балаларды 4-тен кейінгі сан - 5 санымен танысуға дайындайды. Балаларға алғыс білдіреді. Сабақтағы дәстүр бойынша балалар үстелдің үстін реттейді.
Балалар сабақты қорытады. Дәптерлерін педагог пен өзге балаларға көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 4 саны мен цифрын табуды;
игереді: 4 санының жазылуы туралы түсінікті;
меңгереді: 4 заттан тұратын топты табуды, 4 цифрын тануды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 4саны мен цифры.

Балаларға зейінін, есте сақтау және логикалық ойлау қабілетін дамытуға арналған тапсырма беріледі. Артық затты табыңдар. Оның не үшін артық болып тұрғанын түсіндіріңдер. - Суретте неше гүл бар? Бүгін бізге қандай сан мен цифр қонаққа келіп отыр екен? Кім табады? |
Артық затты табады және сабақтың тақырыбын нақтылайды. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
- Дәптерімізді ашып, құстарды санаймыз. Санды цифрмен белгілейік. 4 цифрын табыңдар. Педагог балаларға 4 саны мен цифры туралы өлең оқып береді. Іздегенде табады Зер салса егер мынаған: Тура «4» боп қалады Орындықтар құлаған. Цифрды бастырып сызамыз. Ауаға жазамыз. Содан соң аяғымыздың ұшымен еденге сызамыз. Қарындашымызды алып, дәптердегі санды ауаға сызамыз. Енді қарындашты алып, цифрды дәптерге саламыз: қысқа қисық сызықты жоғарыдан темен қарай, содан соң көлденең сызықты солдан оңға қарай, сосын ұзын тік сызықты жоғарыдан темен қарай сызамыз. Сергіту сәтін (4 рет секіру, оң аяқпен 4 рет, сол аяқпен 4 рет жерді тебу, 4 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 4 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды: цифр, сан мен санның нүкте түріндегі үлгісін сәйкестендіру. Бұл сабақта текшемен жұмыс істеуді әрі қарай жалғастыруға болады (нүкте арқылы 1, 2, 3 сандарын көрсетіңдер деген сияқты тапсырма. Суреттегі заттың санын табу). Педагог 1-4 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды. Содан соң №2тапсырманы орындауға береді. Бұл тапсырма алдыңғы сабақтардан жақсы таныс. Педагог балалардан тапсырманы түсіндіріп берулерін сұрайды. Балалар өздері ұнататын түстерді таңдап, тапсырманы орындайды. |
Құстарды санап шығады. Цифрды көрсетеді. Ауаға санды жазады. Цифрды саусақпен сызып шығады. Еденге аяғының ұшымен жазады. Математикалық сергіту сәтіне катысады. Текшедегі нүктелер мен цифрды көрсетеді. Заттарды үстелдің шетіне қойып, 4 санын бояйды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
№3 тапсырма бойынша 4 затты қызыл, бір затты сары түске бояу қажет. Балаларды 4-тен кейінгі сан - 5 санымен танысуға дайындайды. Балаларға алғыс білдіреді. Сабақтағы дәстүр бойынша балалар үстелдің үстін реттейді. |
Балалар сабақты қорытады. Дәптерлерін педагог пен өзге балаларға көрсетеді. |

Тақырыбы: Уақыт. Уақытты бағдарлау. Кеше, бүгін, ертең -, бүрсігүні, таңертең, күндіз, кеш, түн.
Мақсаты:
а) балаларды «ұзақтық» (уақыт) терминімен таныстыру; уақытты сипаттайтын сөздерді (кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні, таңертең, күндіз, кеш, түн) қайталау; апта күндері туралы түсініктерін нақтылау;
ә) 4 саны көлемінде санау қабілетін ұштау; 1, 2, 3, 4 заттың жиынтығын анықтау және оларды цифрмен өрнектеу;
б) уақытты үнемдеуге тәрбиелеу.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Балаларға жұмбақ жасырады. - Балалар, жұмбақты шешіңдер: Түнде де, күндіз де, Тынымсыз соғады. Бұл не екен, балалар, Жауабын кім табады? (Сағат.) Ұзын - қысқа қос тіл, Он екі цифрмен дос бұл. (Сағаттың тілі) - Сағат адамдарға нені білуге көмектеседі? (Уақыт.) - Бүгін ұзақтықты: қайсысының бұрын, қайсысының кейін пайда болғанын табамыз. |
Балалар жұмбақтың шешуін табады. Сабақтың тақырыбын анықтауға атсалысады. Өздерінің жұмбақтарын айтады. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
- Суреттерді қарап шығыңдар (12- кестенің 1-беті). Бірінші суретте ненің суреті бейнеленген? - Екінші (үшінші, төртінші) суретте ненің суретін көріп тұрсыңдар? - Әр картинаның астына оқиғалардың ретіне сәйкес келетін сандарды қойып шығыңдар. Бұл оқиғалардың уақытын білдіретін сөздерді (таңертең, күндіз, кеш, түн) тауып, оларды ретімен орналастыруды ұсынады. Дәптерді ашып, таңертең, күндіз, кеш, түн деген сөздерді бекітуге арналған 1-тапсырманы орындауды тапсырады. Адамдардың таңертең, күндіз, кешке, түнде не істейтіні туралы шағын әңгіме-дүкен құрады. Ата-аналар балаларын балабақшаға қай кезде әкеліп тастайды және қай кезде алып кетеді? Балалар қай кезде ұйықтайды, қай кезде тамақ ішеді? Тамақ ішілетін уақыттарды қайталаған пайдалы: таңғы ас - таңертең, түскі ас - күндіз, кешкі ас - кешке ішіледі. Ал түнде ешкім тамақ жемейді, түнде адамдар ұйықтайды. Сергіту минутты. «Күн мен түн» ойыны. Педагог «күн» деген кезде балалар секіреді, «түн» деген кезде бір орында тұрып қалуы тиіс. Содан соң №2 тапсырманы орындауға кіріседі. - Суретті қарап шығыңдар. Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Балалардан кеше не болғанын еске түсірулерін, бүгін не істейтіндерін, ал ертең немен айналысқысы келетіндерін сұрайды. «Бүрсігүні», «алдыңғы күні» деген сөздер балалардың тіліне ауыр келеді. Сондықтан педагог олардың мағынасын түсіндіру үшін ретімен болған 5 оқиғадан тұратын суретті көрсетеді. Балалардың арасында апта күндерін білетіндер болса, педагог оларды мақтайды және өзге балаларға «үйретуін» сұрайды. Аптаның бірінші күні - дүйсенбі, екінші күні - сейсенбі және т.б. Балалардың көбі 5 жасында апта күндерінің атауын жатка айтады. Сондықтан сол атауларды сөз арасында пайдалануға көбірек итермелеу керек. |
Кестедегі суреттерді қарап шығады. Ретке келтіреді. Тәулік мезгілдерінің атауын атап көрсетеді: таңертең, күндіз, кеш, түн (тәулік немесе күн деген сөздерді пайдаланбаймыз). 1- тапсырманы ауызша орындайды. Төмендегі рет-ретімен бір-біріне қосады. Кеше дегеніміз өтіп кеткен күн. Бүгін - казіргі уақыт. Ертең - ертең болады. Осы сөздерді хормен қайталайды. «Кеше, бүгін, ертең» деген сөздерді 2- тапсырмадағы суреттерге сай іріктеп қолданады (бірінші, яғни кеше түйнек пайда болды, содан соң, бүгін гүл ашылды, ал ертең ол солып қалады деген сияқты пікірлер айтып үйретуге болады) |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
- Біз бүгін кеше (немесе алдыңғы сабақта) өткен сабақты қайталауға мүмкіндік беретін тағы бір тапсырма орындаймыз. Балалар, біз қандай сан мен цифрды өтіп едік? (4). Әр қатардан тек 4 жұлдыздың суретін бояңдар. Сабақты қорытады. Балалардан бүгін қандай сөздерді өткенін немесе қандай сөздерді қайталағанын сұрайды. Сабаққа қатысқаны үшін балаларға алғыс білдіреді. Қалыптасқан дәстүр бойынша бөлме мен үстел үстін жинауға кіріседі. |
Балалар жұлдыздарды бояйды. Сабақты қорытады. Біз бүгін немен таныстық? |
Күтілетін нәтиже:
біледі: оқиғаны уақытына қарай ретімен сипаттауға көмектесетін сөздерді (кеше, бүгін, ертең, таңертең, күндіз, кеш, түн);
игереді: оқиғаның ұзақтығы, тәулік мезгілдері туралы түсінік;
меңгереді: «кеше, бүгін, ертең» деген сөздерді болған оқиғаларға, болып жатқан немесе болатын оқиғаларға қатысты пайдалана білу.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 5 саны мен цифры.
Мақсаты:
а) 5 саны және цифрымен таныстыру; цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету; заттарды санау және реттік санау қабілетін ұштау; 5 цифрын тану және дұрыс бейнелеуге үйрету;

Балаларға сабаққа тағы да құртақандарды шақыруды ұсынады. Ретімен санап, құртақандарды ерекшелігіне қарай сипаттауға ынталандырады: бірінші құртақан көк шалбар киген, екіншісі -... Алдымен 4 құртақанды катар қойып алыңыз. Содан соң «Балалар, біздің сабағымызға катысу үшін тағы бір құртақан келді» деу керек. Сұрақ қойылады: «Құртақандар енді нешеу болды? Олар қалайша 5-еу болып кетті? (5 дегеніміз - 4 және 1). Бүгінгі сабақтың тақырыбын кім табады? |
Құртақандарды санайды. Сабақтың тақырыбын құрастырады. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Дәптерімізді ашып, ондағы заттарды санаймыз. Санды 5 цифрымен белгілейміз. 5 цифрын табамыз. Педагог балаларға 5 саны және цифры туралы өлең оқып береді. «5» жасағың бар ма? Онда орақты ал да, Сабына оның жалға Көлденең қойып балға. Цифрды саусақпен бастырып сызамыз. Цифрды ауаға жазамыз. Енді аяғымыздың ұшымен еденге жазамыз. Содан соң қарындашты алып, дәптердегі санды саламыз: бірінші тік сызық бойымен жоғарыдан темен қарай, содан соң дөңгелек сызықты жоғарыдан темен қарай, көлденең жатқан сызықты солдан оңға қарай сызамыз. Сергіту сәтін (5 рет секіру, он аяқпен 5 рет, сол аяқпен 5 рет жерді тебу, 5 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 5 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды: цифр, сан мен санның нүкте түріндегі үлгісін сәйкестендіру. Бұл сабақта текшемен жұмыс істеуді әрі қарай жалғастыруға болады (1-ден 5-ке дейінгі сандарды нүкте арқылы сызып көрсетіңдер деген сияқты тапсырма). Суреттегі заттың санын табыңдар. Педагог 1-5 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды. Материал үлестіріп беріп, кері тапсырма орындауға болады: үлгі мен цифр бойынша тиісті заттар санын шығару. Содан соң №2 тапсырманы орындайды. Балалар алдыңғы сабақтарда осыған ұқсас тапсырмаларды орындаған болатын. |
Заттарды санайды. 5 цифрын табады және талдайды. Өлеңді мұқият тыңдайды. Цифрды көрсетеді. Ауаға санды жазады. Цифрды саусақпен сызып шығады. Еденге аяғының ұшымен жазады. Математикалық сергіту сәтіне катысады. Текшедегі нүктелер мен цифрды көрсетеді. Заттарды үстелдің шетіне қойып, дәптердегі 2-тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
5 санын балалардың қаншалықты түсініп, меңгергенін №3 тапсырма арқылы тексереміз. Вагондарды жапсыру қажет. Вагон саны 5-ке жетуі тиіс. Сабақты қорытады және балаларды мақтайды. Құртақандарды шығарып салады. Ол үшін кері санау тәсілін пайдаланады: бесінші құртақан үйіне кетіп бара жатыр; төртінші, үшінші... құртақан үйіне кетті. |
3-тапсырманы орындайды. 5 саны және цифрымен танысқандарын айтады. Құртақандарды кері қарай санайды және олармен қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: 5 саны және цифрын;
игереді: 5 цифрын жазу туралы түсінікті;
меңгереді: 5 заттан тұратын топты табуды, 5 цифрын анықтауды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 1-ден 5-ке дейінгі сандар. Тура және кері санау.
Мақсаты:
а) 5-ке дейін санау қабілетін күшейту; реттік санау дағдысын қалыптастыру;
ә) геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау; талдау және салыстыра алу қабілетін арттыру;
б) реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
Балаларға пойызға мініп, саяхатқа аттануды ұсынады. 9- кестедегі паровозға 5 вагон тіркейді.
Балалар ойынға қатысып, пойызбен саяхатқа аттанады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Балалардан тек қана вагондарды санап шығуды сұрайды. Паровозды «қосымша жолға» шығарып қояды. Вагондарды нөмірлеуді өтінеді. Вагондар санын ауыстырып, балалармен бірге солдан оңға кері санайды.
Бірінші, соңғы, ортадағы, екінші және үшінші вагондардың ортасында деген сөздерді қолданады. Балаларға «Жасырынбақ» ойынын ойнау туралы ұсыныс жасайды:
- Тышқан (немесе басқа кез келген кейіпкер) қай вагонға жасырынды? Ойынның шарты: Балалардың бәрі көзін жұмады, жүргізуші тышқанды вагонға жасырады. Содан соң вагонның нөмірін айтпай, оны сөзбен сипаттап беруге тырысады. Басқа балалар сипаттама бойынша жауабын табады. Мысалы: ол екінші мен төртінші вагонның ортасында. Ол бесінші вагон мен үшінші вагонның ортасында немесе ол қызыл емес және үшінші тұрған жоқ және т.б. Ойынға арналған текшелер, цифрлар және сандық суреттермен жұмыс істегенде әртүрлі нұсқаларды пайдалануға болады. Педагог цифрды, нүктеден тұратын сан үлгісін немесе заттың санын көрсетеді. Ал балалар соған сәйкес келетін карточканы табады. Жұмысты жұппен орындауға болады. Балалардың бірі санды, екіншісі үлгіні немесе санды карточканы алады. Домино ойынындағы сияқты қимылдайды.
Балалардан дәптердегі №2 тапсырманы ашып, 1-ден 5-ке дейінгі сандарды еске түсіруді өтінеді. Балалардың бірі ауаға санды жазады, қалған балалар көрсеткен цифрды табады.
№3 тапсырма вагондарды нөмірлеуге берілген. Балалар цифр жазылған жапсырмаларды вагондарға жапсырады.
Вагондарды тура және кері қарай санайды. Оларды нөмірлейді. Вагонды санына қарай және өзге де белгілеріне қарай сипаттап, «Жасырынбақ» ойынын ойнайды. Жұптасып домино ойнайды (жеңілдетілген нұсқасы)
Ауаға жазады және 2-тапсырмадағы санды бастырып сызады.
Вагондарды нөмірлейді. Вагондарды ретімен атап көрсетеді: бірінші вагон көк, екінші вагон ...
Рефлексиялық - түзетушілік
1-ден 5-ке дейінгі сандарды қатарластырып қояды және балалардан оларды тура және кері қарай хормен санауларын сұрайды. Сөйтіп, олардың санауды қалай меңгергенін тексереді. Содан соң балалар көздерін жұмып, тағы да солай санап шығуы тиіс. 4-тапсырма бойынша суретті құрастырып тұрған фигураларды санап шығуды сұрайды. Ол үшін алдымен фигураның атауын тауып, әрқайсысы өз бетінше цифрды қоршап сызуы тиіс. Педагог кейін оны тексереді. Сабақты қорытады. Балаларды мақтайды.
Тура және кері санайды, содан соң көзін жұмып санайды. 4-тапсырманы орындайды. Сабақты қорытады және аяқтайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 1-ден 5-ке дейінгі сандар және цифрларды, реттік және сандық есептеуді;
игереді: 1-5 цифрларының жазылуын, санаған кезде заттың орналасқан орнына бағынбайтыны туралы, санау тәртібі туралы түсінікті: санаған кезде бірде бір затты қалдырып кетуге немесе бір затты екі рет санауға болмайтынын;
меңгереді: 1-ден 5-ке дейін және 5-тен 1-ге дейін тура және кері санауды, солдан соңға, оңнан солға қарай реттік санауды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 0 саны және цифры.
Мақсаты:
а) 0 цифрын бос жиынның санды таңбасы ретінде таныстыру; 0 цифрын жазуды үйрету; сан туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру: бір және бірде бір зат;
ә) балалардың зейінін, сөйлеу және дәптерде бағдарлау қабілетін дамыту;
б) жинақылыққа тәрбиелеу.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Балаларға сұрақ қояды: - Балалар, қандай мерекені тойлаймыз? (Жаңа жыл) Жаңа жылда балаларға кім келеді? (Аязата). Содан соң балаларға сыйлықтар әкелген Аязата туралы әңгімені тыңдауға шақырады. |
Сұрақтарға жауап береді және Аязата туралы әңгімеге қызыға құлақ түреді. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Педагог дорбадан сыйлықтарды шығарып, бірінші сыйлық, екінші сыйлық ... деп айта бастайды. Аязатаның қапшығы босаған кезде педагог бұл 0 деген цифрды, яғни «жоқ, бірде-бірі қалмады» дегенді білдіретінін түсіндіреді. Содан кейін 0 туралы өлең оқиды. Тақта алдында жұмыс істеу. - Тақтадағы суреттерді қарап шығыңдар:
- Бұл жазулар нені білдіреді? - Әр карточкадағы торкөздердің бір-бірімен қадай байланысы бар? - Басқа карточкадағы бос торкөздерді қалай толтырамыз? Біріншісіндегі сызып тасталған алманың суреті нені білдіреді? (Алманы алып кетті, жеп қойды. Енді бірде бір алма қалмады)
- Бүгінгі сабақта біз «бірде бірі қалмады» деген тіркестің қандай цифрмен белгіленетінін өтеміз. Педагог 0 цифры жазылған карточканы көрсетеді. - Балалар, «н ө л» деген ұғымды білдіретін цифрдың қалай жазылатынын қараңдаршы (көрсетеді).
- Таңбаларды (0-ден 5-ке дейінгі сандар, аралас) қарап шығып, 0 цифрын табыңдар және оны солдан оңға қарай дөңгелетіп сызыңдар. Айналадағы заттар мен олардың бөлшектерінен 0 цифрын іздеуге шақырады. Сандарды ретімен қойып шығамыз. Ал 0-ді қайда қоямыз? Балалар оның орнын көрсетеді. Бірақ әзірге мұны негіздеудің қажеті жоқ (мысалы, нөл бірден 1-еуге кем) Өйткені, натурал сандар қатарының қасиеттері бұл бағдарламаға кірмейді. Дәптерге нөлді жазады. №2 тапсырмадағы 0 саны жазылған сия тамшыларын бояйды. Біз 0 санын пайдаланып, 0 рет шыныға аламыз ба? 0 рет қол соғамыз ба? Неге? Онда саусақтарымызға арналған жаттығулар жасаймыз (№1 технологиялық картаны қараңыз) |
1-тапсырмада берілген суреттерді қарап шығады. Онда ненің суреті салынғанын және бұл санның қандай цифрмен белгіленетінін айтады. Бұның бірде бірі қалмады, жоқ дегенді білдіретінін айтады. Нөл туралы тақпақтарды тыңдайды. Нөл цифрын ауаға, аяғының ұшымен еденге, содан соң дәптерге салады. Саусақтарын жазып жаттықтырады. 2-тапсырманы орындайды. Саусақ жаттығуларын жасайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Үшінші тапсырма алдыңғы сабаққа ұқсас өткізіледі. Суретте қандай фигура жоқ? Яғни, 0. Балалар тиісті цифрды жапсыруы тиіс. Содан соң педагог Жана жыл тақырыбына кайтып оралады, балалармен келе жатқан мереке туралы шағын әңгіме-дүкен кұрады және сабақты қорытады. - Сендер бүгін қандай санмен таныстыңдар? «Жоқ» дегенді қандай цифрмен белгілейміз? Балаларға алғыс айтады. |
3-нөмірдегі тиісті жапсырманы іздейді. Фигуралардың атауын атап, олардың санын анықтайды. 0 цифрын табады және оны суреті жоқ бос ұяшыққа жапсырады. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: 0 саны және цифрын (бос жиын көрсеткіші туралы түсінік);
игереді: 0 цифрын жазу туралы түсінікті;
меңгереді: 0 цифрын тану, бос жиынтықты сол цифрмен белгілеуді.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 0-ден 5-ке дейінгі сандар. Жиын. Элемент. Топ. Тең дәрежелі жиындар. «=» таңбасы.
Мақсаты:
а) балаларды «=» таңбасымен, оның мәнімен таныстыру; жиын элементтерін анықтау және сол жиыннан топ құрау (ішкі жиын); тең дәрежелі жиындарды табу;
ә) балалардың зейінін, сөйлеу және дәптерде бағдарлау қабілетін дамыту.
б) достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Педагог балаларды геометриялық фигураларды (түрлі түсті, өлшемі бір-бірімен шамалас үшбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар, шаршылар; оларды 3-6-кестелерден алуға болады) қорапқа орналастыруға шақырады. Әр қорапта печенье сорты (фигура) белгіленген. Қораптың орнына файлдар, кәдімгі қораптарды пайдалануға болады немесе оны тақтаға маркермен белгілеп сызып аламыз. |
Балалар ойынға қызыға қатысады және печенье жиынының қандай элементтерден тұратынын анықтайды. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Педагог фигуралар жиынын көрсетіп: - Бізде қандай печеньелер бар екен? - деп сұрайды. - Жиын қандай фигуралардан құралған (немесе қапшықтағы печеньелердің пішіні қандай)? Балалардың әрқайсысын тақтаға шақырып, фигураларды қарамай бір-бірден алып, қорапқа салуды тапсырады. Көзді жұмып, қолымен сипау арқылы оның қандай фигура екенін табуға болады. Фигуралардың бәрі қорапқа салынғаннан кейін әр фигураны санау басталады. Мысалы, педагог бір фигураны алады, балалар дауыстап санайды. Сан жазылған карточканы алып, қораптың қасына қояды (немесе санды тақтадағы қораптың суретінің қасына ілеміз). Сопақшалар мен шеңбер 4-еуден екен. Яғни, олар саны жағынан тең. Қанша шеңбер болса, сонша сопақша бар деуге болады. Педагог «=» таңбасы бар карточканы алып, қораптар мен сандар арасына қояды. Бұл «теңдік» таңбасымен белгіленеді. Балаларға цифрлар мен теңдік таңбасы бар карточкаларды, сондай-ақ нүктесі мен сандар жазылған карточкаларды үлестіреді. Бес заттың суреті бар карточканы көрсетулерін сұрайды. - Бұл карточкалар туралы не деуге болады? - Цифрдың қасына нүктелер мен заттар саны жағынан сәйкес келетін карточкаларды қойып шығыңдар. Қандай сандарды алдыңдар? Олар тең бе? Ендеше, «5=5» деуге болады ғой? Карточкада қанша зат болса, сонша нүкте бар. Дәптерді ашып, осыған ұқсас №1 тапсырманы орындайды. Содан соң «=» таңбасының қалай жазылатынын үйретеді. Сергіту минутын өткізеді. Педагог 5-ке дейінгі сандар мен сонша нүкте салынған карточканы кезекпен көтереді. Балалар сонша рет секіреді, қол шапалақтайды және сонша рет жерді тебеді. Сергіту минутынан кейін №2 тапсырманы орындауға шақырады. Суреттегі заттар тобын санап, оларды тиісті цифрмен белгілейді. Санның үлгісі - нүктелері бар карточканы алып, оны тиісті топтың астына жапсыру қажет. |
Балалар печеньелердің түсі мен пішіні әртүрлі болғанымен, өлшемі теңдей екенін айтады. Печеньелердің шеңбер, үшбұрыш, шаршы, сопақша пішіндес екенін анықтайды. Нүктелер мен заттар салынған карточкаларды алады. Суретте қанша зат болса сонша нүкте барын түсіндіреді. Яғни, «=» таңбасын қоюға болады. Теңдіктерді үстел үстіне қояды. Сұраққа жауап береді: 5 цифрын екі рет алып, олардың арасына теңдік танбасын қояды. Математикалық сергітуді орындайды. №2 тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Балалардың жиыннан топ құрауды қалай меңгергенін анықтау үшін №3 тапсырма беріледі. Араларды 2-еуден, гүлдерді 3-еуден топтастырып қоршап сызу керек. Содан соң неше топ пайда болғанын санайды. Ертегі кейіпкеріне (ертегі кейіпкерлеріне) печенье береді. Сабақты қорытындылайды. - Бүгінгі сабақта не істедіңдер, балалар? Қандай таңбамен таныстыңдар? Ол нені білдіреді екен? Балаларға алғыс білдіреді және үстел үстін реттеуге шақырады. |
3-тапсырманы орындайды. Сұрақтарға жауап береді. Сабақты қорытады. «=» таңбасы бір топта қанша зат болса, екіншісінде де сонша зат бар дегенді білдіретінін айтады. Сабақты аяқтайды. Үстел үстін реттейді. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: «=» таңбасының міндеті және мәні; жиындарды белгілі бір таңбасына қарай топтарға бөлуге болатынын;
игереді: тең дәрежелі жиындар (заттар тобының теңдігі туралы) туралы түсінікті;
меңгереді: тең дәрежелі жиындарды анықтап, «=» таңбасын қолдануды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Қосу. 0-ден 5-ке дейінгі сандар. Жиын. Элемент. Топ. Жиындарды біріктіру.«+» таңбасы.
Мақсаты:
а) қосу амалының мәнін түсіндіру; «+» таңбасын қолданысқа енгізу; қосу амалдарын құрастырып, жазуды үйрету; алғашқы бестіктегі сандардың нумерациясын пысықтау;
ә) балалардың зейінін, кеңістікте ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту;
б) бір-біріне көмек қолын созуға тәрбиелеу.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Балаларды аққалалармен бірге «қысқы серуенге»
шығуға шақырады (14-кесте). Суреттерді салыстырады.
|
Ойынға қызығушылықпен кіріседі. Аққалаларды салыстырады. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Олардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын табу ұсынылады. Балалардан олардың әрқайсысының астына санды карточкаларды қойып шығуларын сұрайды. Балалармен бірге тура және кері санайды. Солдан оңға қарай, содан соң кері қарай санайды. Цифрлы карточкаларды алып тастайды. Екі аққаланы алып тастайды (мысалы, шелегі жоқтарын). - Шелегі бар аққалаларды жоғарғы топтағы балалар жасады. Олар неше аққала жасапты? 2 цифры жазылған карточканы қояды. - Ал кіші топ балалары шелегі жоқ тағы екі аққала жасады. Олар барлығы неше аққала жасады? - деп сұрайды. Қолымен аққалаларды айналдырып көрсетеді. Балалардың жауабын тыңдайды (барлығы 5 аққала). - Балалар, біз аққаланы бірге жасадық, санадық, ол үшін «+» таңбасын пайдаландық, бұл «қосу» дегенді білдіреді. Біз заттарды қосқан кезде олардың нешеу болғанын білеміз, арасына «+» танбасын қоямыз. Балалардан карточкалардың арасынан осы таңбаны тауып, мысал құрастыруды сұрайды. Мысалы, 2+3 неше? Егер 5 саны шығатын болса, «=» таңбасы қажет. Осындай жазуларды оқуды үйренеміз: 2+3=5. Мұндай жазуларды әртүрлі етіп оқуға болатынын айтады. Содан кейін көктем келіп, кар еритінін тілге тиек етеді. Біздің аққалаларымыз да еріп кетеді. Ендеше олармен қоштасайық. Дәптерімізді ашып, басқа жыл мезгілімен танысайық. №1 тапсырманы қарайды. Үлкен 3 қанқыздың суреті салынған: қанаттарына 2 және 3, 2 және 2, 1 және 2 нүкте салынған. Суреттің төменгі жағында кішкентай текшелер берілген. Балалар нүктелерді санайды. - Қоңыздардың канатында неше нүкте бар? Оларды цифрлар мен таңбалар арқылы жазып шығуға болатынын түсіндіреді. Бірінші торкөзге қоңыздың сол жақ канатындағы нүкте санына сәйкес келетін санның жапсырмасын жапсырамыз. Екіншісіне «+» (қосу) таңбасы жазылған. Оң жаққа оң жақ канатындағы нүкте санына сәйкес келетін жапсырманы жапсырамыз. «=» таңбасынан кейін нәтижесі жазылады. □ + □= □ |
Балалар олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. Жоғарғы топтағы балалар неше аққала жасағанын анықтайды. Төменгі топ неше аққала жасағанын айтады. Барлық аққала саны нешеу болғанын табады. «+» танбасын тауып, оны 3 пен 2-нін ортасына қояды. «=» таңбасын табады. Мысал құрайды: 2+3=5. Аққалалармен қоштасады. Балалар қоңыздың канатындағы нүктелерді санайды. Нүкте санына сәйкес санды (жапсырманы) тауып, жапсырады. Нәтижесін жазады. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Сабақты игеру деңгейін тексеру үшін №2 тапсырманы береді. Суретті сәйкес жазумен қосу қажет. 2+1=3 3+1 =4 4+1=5 Жазудағы әр сан мен әр таңбаның нені білдіретін түсіндіріп берулерін сұрайды. Сабақты қорытады. Қандай таңбамен танысқандарын сұрайды, ол бізге не үшін қажет екенін сұрайды. Оны қалай санаймыз (қосу, қосамыз, 1 қосу 2, 2 қосу 3). Бұрынғы өткенді қайталау мақсатында №3 тапсырманы орындауға болады. Ол заттарды жіктеуге арналған. Балалар әр ұяшықтағы жиынтыққа тағы бір элемент қосып жапсырады. |
Балалар суретте не салынғанын дауыстап айтады және оны цифр мен таңбалардың көмегімен қалай жазып шыққанын түсіндіреді. Сабақты қорытуға атсалысады. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: қосу амалының мәні және оның таңбасын («+»);
игереді: цифр мен таңбалар арқылы қосу амалдарын жазуды;
меңгереді: қосу амалын «+» таңбасымен белгілеп, қосу амалына берілген мысалдарды әртүрлі етіп оқуды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Азайту. 0-ден 5-ке дейінгі сандар. Жиын. Элемент. Топ. Жыйынның бөліктерін белгілі бір белгісіне қарай бөліп алу. «-» таңбасы.
Мақсаты:
а) азайту амалының мәнін ашу; «азайту» таңбасын қолданысқа енгізу; азайту амалдарын құрастырып, жазуды үйрету; алғашқы бестіктегі сандардың нумерациясын пысықтау;

б) тәртіпке, реттілікке үйрету.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Сырғанаққа саяхаттауды ұсынады. 14-кестені тағы бір рет пайдалануға болады. Бірден жұмыс дәптерін пайдаланса да болады. |
«Қысқы серуен» ойынына қызыға кіріседі. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Аққалаларды әртүрлі тәртіп бойынша орналастырады. Балалардан оларды салыстыруын сұрайды. Олардың санын анықтап, тиісті санды табу қажет (5). Содан соң «Күн шықты (сары шеңберді іледі) және 2 аққала еріп кетті» дейді. 2 саны жазылған карточканы алып, тақтаға жапсырады. Екі аққаланы алып тастайды. Неше аққала қалғанын сұрайды. - Біз аққалаларды алып тастадық, азайттық. Осы сөздерді бірге қайталайды. Бұл амалды (азайту) жазу үшін «-» таңбасын қолданатынын айтады. Оны балаларға көрсетеді. Карточкалардың арасынан азайту танбасын табуды сұрайды. Тақтадағы сияқты азайтуға бір мысал құрастыруды тапсырады және жазудағы сандардың нені білдіретінін сұрайды. Дәптердегі 1-тапсырмаға нүктелер мен цифрлар жазылған карточканы жапсыруды тапсырады. Балаларға азайтуға мысал құрастыруға көмектеседі. Жазудағы әр цифр мен таңбаның нені білдіретінін сипаттап береді. □ - □= □ |
Аққалаларды санайды. Цифр жазылған карточканы көрсетеді. Педагогтің «алып тастадық, азайттық» деген сөздерін қайталайды. «Азайту - аққаланы алып тастағанымызды (еріп кеткенін) көрсететін танба» деген түсінікті айтады. «Азайту» таңбасын табады, мысал құрайды. 1-тапсырмаға тиісті цифрды сан үлгісі - нүктелерді жапсырады. Мысалдарды әртүрлі етіп оқиды немесе педагогтің соңынан қайталайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
№2 тапсырманы балалардың сабақты меңгеру деңгейін тексеру үшін береді: жазба мен оған сәйкес суретті сызық арқылы қосу. 5-1=4, 3-1=2, 4-1=3 Педагог балалардан жазу мен ондағы әр таңбаның нені білдіретінін сұрайды. Содан соң сабақты қорытындылайды. Балалардан қандай таңбамен танысқандарын сұрайды: «Ол не үшін қажет? Оны қалай оқиды? (Азайту, алу, алып тастау)». Бұрынғы өткенді қайталау үшін сабақта №3 тапсырманы орындауды тапсырады. Балалар әр бөлімге тағы бір элемент жапсырады. Сабаққа белсенді қатысқаны үшін балаларға алғыс білдіреді. |
Балалар суретте не жазылғанын және оның цифрлар мен таңбаның көмегімен жазылғанын дауыстап айтады. Сабақты қорытуға атсалысады. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: азайту белгісінің мәні және оның таңбасын («-»);
игереді: цифрлар мен таңбалар арқылы азайту амалын жазуды;
меңгереді: азайту амалын «-» таңбасымен белгілеуді, азайту амалдарын түрліше оқуды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 6 саны және цифры. Санның жасалуы, 1-ді қосу.
Мақсаты:
а) 6 саны мен цифрын енгізу; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету; 1 -ді қосу арқылы сан шығарып алу туралы түсінікті қалыптастыру;
сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру; 6 саны мен цифрын тану және жазуды үйрету;
ә) балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Сабаққа ертегі кейіпкерлерін шақырады. Ертегідегі 5 кейіпкерді қойып санайды. Біздің сабағымызға тағы бір кейіпкер жүгіріп келді. Енді олар нешеу болды? Қалайша алтау болды? (6 дегеніміз - 5 және 1). Бүгінгі сабақтың тақырыбын кім айтады? |
Ертегі кейіпкерлеріне қызығушылық танытады. Кейіпкерлерді санайды. Сабақтың тақырыбын табады. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Дәптерді ашып, ондағы заттарды санаймыз. Санды 6 цифрымен белгілейді. 6 цифрын табамыз. Педагог 6 саны және цифры туралы тақпа0 оқиды. Есікке салар іліп, Мынау деген құлып. Аузы ашылған қалпы Айнымаған «6». Оны ауаға, содан соң аяқтың ұшымен еденге жазамыз. Енді карандашты алып, дәптердегі 6 санын бастырып саламыз: дөңгелек сызықты жоғарыдан темен қарай, содан соң солдан оңға қарай жоғары сызамыз. Сергіту минутын (6 рет секіру, он аяқпен 6 рет, сол аяқпен 6 рет жерді тебу, 6 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 6 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды: цифр, сан мен санның нүкте түріндегі үлгісін сәйкестендіру. Бұл сабақта үлгі текшемен жұмыс істеуді әрі қарай жалғастыруға болады (1-ден 6-ға дейінгі сандарды нүкте арқылы сызып көрсетіңдер деген сияқты тапсырма. Суреттегі заттың санын табыңдар). Педагог 1- 6 зат салынған кез келген суретті көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен карточкадағы цифрды көрсетулерін сұрайды. Санау материалын үлестіріп, кері тапсырма орындауға болады: үлгі мен цифр бойынша тиісті заттар санын шығару. Содан соң №2 тапсырманы орындайды. Балалар алдынғы сабақтарда осыған ұқсас тапсырмаларды орындаған болатын. Цифрды іздейміз және бояймыз. 1-ден 6-ға дейін, 6-дан 1-ге дейін тура және кері санау. Топтың деңгейіне қарай нәтижесі 6 болатын мысалдар құрастыруды ұсынуға болады. |
Заттарды санайды. 6 цифрын табады және талдайды. Тақпақты тыңдайды. Цифрды ауаға, содан соң аяқтың ұшымен еденге жазады. Содан соң карандашты алып, дәптердегі 6 санын бастырып сызады. Математикалық сергіту минутын жасайды. Тиісті нүктелер мен тиісті цифрды көрсетіп, текшемен жұмыс істейді. Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
№3 тапсырма: жетпей тұрған пирожныйды жапсырып, оларды 6-ға жеткізуді сұрайды. Әр баланың сабақты қалай түсінгенін тексереді. Сабақты қорытуға арналған сұрақтар қояды: - Балалар, біз бүгін қандай санмен және цифрмен таныстық? Ертегі кейіпкерлерін санап, шығарып салады. Бірінші... кетті, екінші ... кетіп бара жатыр, үшінші -.... Балаларға алғыс айтады. |
Суреттегі пирожныйды 6-ға толықтырып, жапсырмаларды жапсырады. Ертегі кейіпкерлерін шығарып салады. Сабақты қорытады. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: 6 саны және цифрын;
игереді: 6 цифрының жазылуы туралы түсінікті; 1-ді қосу арқылы сан жасау туралы түсінікті;
меңгереді: алты заттан тұратын топты табуды, 6 цифрын тануды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Ұзындық. Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығына қарай салыстыру. Мақсаты:
а) ұзындық туралы түсініктерін қалыптастыру; заттардың ұзындығын бір-біріне салу арқылы және шартты өлшемнің көмегімен өлшеуді үйрету;
ә) балалардың кеңістіктік қиялы мен сөйлеу қабілетін, зейінін дамыту;
б) сұраққа толық, дұрыс жауап беруге үйрету.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Педагог: «Балалар, бүгін бізге қонаққа хайуанаттар бағынан аңдар келді» немесе «Оларды хайуанаттар бағына серуендеп қайтуға шақырайық», - дейді. (15-кесте) |
Ойынға қосылады. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
- Қай жануарға қандай тор қажет? (15-кесте) Неге? - Неліктен торларға жақындауға болмайды? Қараңдаршы, балалар сендер жақындамау үшін бақ қызметкерлері ашық түсті ленталар дайындап қойыпты. Лентаның қайсысы ұзын?
- Көзбен шамалап біле аласыңдар ма? - Онда қайсысы ұзын екенін қалай білеміз? (Бір-біріне қойып салыстырамыз). Педагог ленталарды бір-біріне қойып салыстырады және балалардан олардың қайсысы ұзын екенін анықтауды сұрайды. - Қараңдаршы, балалар, маймылдар мынадай фигуралар жасапты. Олар қандай фигураларға ұқсайды? (Шаршылар, тіктөртбұрыштар). Келесі фигура қандай?
- Таяқшалардан осы фигураларды құрастырыңдар. Қайсысы ұзынырақ? Оны қалай таптыңдар? Содан соң жануарлардың құйрықтарының ұзындығын салыстыруға шақырады. - Біз құйрықтарды бір-біріне қойып салыстыра аламыз ба? Онда не істейміз? Балаларға өлшеу үшін таяқшалар («Лего» конструкторының бөлшектері, т.б.) береді. - Құйрықтарды қалай өлшеуге болады, ойланып көрелік. Балаларға өлшеу тәртібін белгілеп алуды ұсынады: өлшегіш таяқшаны бірінен соң бірін қою керек, арасында ашық жер қалдыруға болмайды. Содан кейін біз оларды санаймыз. Педагог балаларға көмектеседі. Сонымен, жолбарыстың құйрығы 5 таяқша, маймылдың құйрығы 3 таяқша, түлкінің құйрығы 2 таяқша, ал тиіндікі 1 таяқша болды. Қайсысы ұзын? Қайсысы қысқа? Сергіту минуты. Содан соң №2 тапсырманы береді. Оны орындау үшін өлшегіш құрал қажет. Педагог балаларға 1,5 сантиметрлік өлшегіш жолақ береді. Балалардың сабақты түсіну деңгейін тексеру үшін мынадай логикалық тапсырмалар беруге болады: - Қызыл карандаш жасыл қарындаштан ұзындау, ал жасылы көгілдір қарындаштан ұзын. Ең қысқасы қайсы карандаш? Қарындаштарды тиісті түске бояңдар.
2. Жасыл лента көгілдірден, ал көгілдір лента қызылға Қарағанда ені тар (енсіз). Лентаның қайсысы енді?
Ленталарды тиісті түспен бояңдар. Содан соң педагог сабақты қорытады. - Заттарды ұзындығына қарай қалай өлшейміз? Көзбен өлшеу ыңғайлы ма? Әлде қателесіп кетеміз бе? Заттарды үнемі бір-біріне қойып салыстыру мүмкін бе? (Жоқ). Егер олардың суреті қағазға салынған болса, біз оларды колға алып бір-біріне қою арқылы салыстыра алмаймыз. |
Балалар хайуанаттар бағына барғанда қандай кауіпсіздік ережелерін керектігін айтады. Балалар қайсысы ұзын екенін айта алмағаннан кейін, оны қалай өлшеудің жолдарын іздей бастайды. Таяқшалардан көрсетілген фигураны құрастырады. Олардың ұзындығын анықтау үшін, ұзындығына орналасқан таяқшаларды санайды. Жануарлардың құйрықтарын өлшеу үшін таяқшаларды, шартты өлшеуіштерді пайдаланады. Логикалық тапсырманы жеке-жеке орындап, қарындаштар мен ленталарды бояйды. Заттың ұзындығын салыстыру әдістері туралы сұрақтарға жауап береді. Шартты өлшеуіштің көмегімен салыстыру тәртібін түсіндіреді. Сабақты қорытады және үстел үстін реттейді. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Онда қандай әдісті пайдаланамыз? Ненің ұзын екенін қалай білеміз? (Өлшеуіш керек) Өлшеуішпен қалай өлшейміз? (Өлшеуіштерді бірінің артына бірін қоямыз) Санау қабілетін бекіту үшін №3 тапсырманы береміз. Педагог балаларды мақтайды және үстел үстін реттеуді тапсырады. |
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: «ұзын - қысқа» түсінігін, заттарды ұзындығына қарай салыстыру тәсілдерін: бір-біріне қою арқылы және шартты өлшеуіштің көмегімен салыстыруды;
игереді: ұзындықты шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу тәртібі туралы түсінікті;
меңгереді: заттардың ұзындығын бір-біріне қою арқылы, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеуді және салыстыруды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 7 саны және цифры. 7 санының жасалуы, 1-ді қосу.
Мақсаты:
а) 7 саны және цифрын енгізу; цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету; санды және реттік санау дағдысын жетілдіру; 9 цифрын табу және бейнелеуді үйрету;

Құртақандарды сабаққа шақырады. Құртақандарды ретімен санап, олардың қасиеттерін (белгілерін) сипаттауға итермелейді: бірінші құртақан үлкен, көк шалбар киген, екіншісі - ... Алдымен 6 құртақанды орналастырады. Содан соң сабаққа тағы бір құртақанның катысқысы келетінін айтады. Сұрақ қояды: - Енді олар нешеу болды? Олар қалайша 7-еу болып кетті? (7 дегеніміз - 6 және 1). Бүгінгі сабақтың тақырыбын кім айтады? |
Құртқандарды санайды. Сабақтың тақырыбын табады. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Содан соң дәптерді ашып, 1-тапсырмадағы кемпірқосақты мұқият қарап шығуға шақырады. Кемпірқосақтың неше жолақтан тұратынын білу үшін жолақтарды санаймыз. Түстерді атап көрсетіңдер. Дәптерді ашып, ондағы заттарды санаймыз. Санды 7 цифрымен белгілейді. 7 цифрын табамыз. Педагог 7 саны және цифры туралы тақпақ оқиды. Жазда шөпті шабар, Қыста тыным табар. Шалғы бар әр үйде «7»-ге ұқсас бәрі де. Оны ауаға, содан соң аяқтың ұшымен еденге жазамыз. Енді қарындашты алып, дәптердегі 7 санын бастырып саламыз: алдымен көлденең сызықты солдан оңға қарай, сосын қисық сызықты жоғарыдан темен қарай сызамыз. Сергіту минутын (7 рет секіру, оң аяқпен 7 рет, сол аяқпен 7 рет жерді тебу, 7 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 7 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды: 1-ден 7-ге дейін, 7-ден 1-ге дейін тура және кері санау. Содан соң балалардан көзді жұмып, сандар тізбегіне қарамай санауды сұрайды. №2 тапсырманы орындайды. Тиісті цифрды көрсетілген орынға жапсырады. |
Заттарды санайды. 7 цифрын табады және талдайды. Цифрды ауаға, содан соң аяқтың ұшымен еденге жазады. Содан соң карандашты алып, дәптердегі 7 санын бастырып салады. Математикалық сергіту минутын жасайды. Тура және кері санайды. Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Балалардың 7 санын қаншалықты түсініп, меңгергенін тексеру үшін №3 тапсырманы орындаймыз. Ондағы шарларды кемпірқосақтың түстерімен бояу керек. - Шар жетті ме? Неге? Өйткені кемпірқосақтың түсі 7-еу, ал шар 6-ау. Тағы 1 шардың суретін салыңдар. Сабақты қорытады және балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды. Құртақандарды шығарып салады және оларды кері қарай санайды. Бесінші құртақан кетті, төртінші,... үйіне кайтып бара жатыр. |
3-тапсырманы орындайды. 7 санымен және цифрымен танысқандарын айтады. Құртақандарды кері тәртіппен санап, шығарып салады. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: 7 саны және цифрын;
игереді: 7 цифрыньщ жазылуы туралы түсінікті;
меңгереді: 7 саны көлемінде тура және кері санауды, 7 заттан тұратын топ құрауды, 7 цифрын тануды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 1-ден 7-ге дейінгі сандар. Апта күндері.
Мақсаты:
а) аптадағы күндердің атауын жаттау; балалардың бойында уақыт туралы түсінік қалыптастыруды жалғастыру;
ә) 7-ге дейінгі сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру; балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту;
б) әдептілікке тәрбиелеу.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
Тақпақ оқып береді: Апта күндері Сәл демалып тыным ал, Тақпақ тыңдап, ұғып ал. Апта деген ағайдың, Жеті бірдей ұлы бар. Сол жеті ұлдың, Жастары бір, Әр ұлдың Өзіне тән аты бар. Бірі кетсе, екіншісі келеді. Жеті бауыр адаспас. Зымырайды, желеді. Ешқашанда шатаспас. * * * Дүйсенбіде кір жудым, Сейсенбіде үй жудым, Үшінші күн нан жауып, Бейсенбіде шаң қудым. Жұма күні демалып, |
Тақпақты тыңдап, апта күндері туралы жұмбақтың шешуін табады. Суретті қарайды: Ағайынды бауыр дегеніміз - аптаның күндері. Оларды санайды (7). Күндердің атын қайталайды. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Сенбі күні торт алып, Жексенбі қонақ шақырдым. Педагог өлеңдер мен жұмбақтарды өз қалауынша таңдап алады. Балаларға оқып береді. Апта ағайдың ұлдары: Біріншісі - Дүйсенбі, Екіншісі - Сейсенбі, Үшіншісі - Сәрсенбі, Төртіншісі - Бейсенбі, Бесіншісі - Жұма, Алтыншысы - Сенбі, Жетіншісі - Жексенбі. Педагог балаларды жеті ағайындымен ойнауға шақырады (апта күндеріне сәйкес, 16-кесте). Ағайындылар (апта күндері) ешқашан тәртіп бұзбайды, рет - ретімен жүреді. Біз сол тәртіпті жаттап алуымыз керек. Әр күннің атын атап, рет-ретімен орналастырады. Содан соң оларға реттік нөмір беріп, олардың астына 1-ден 7-ге дейінгі цифрлар жазылған карточканы қойып шығады. Балалардан апта күндерінің атаулары мен тәртібін хормен айтып берулерін сұрайды: дүйсенбі - бірінші күн, сейсенбі - екінші күн,... т.б. Содан соң кімнің қай күні не істегенін сұрайды. - Адамдар қай күні демалады? Қай күндері жұмыс істейді? Бүгін нешінші күн, кеше қандай күн болды, ертең қандай күн болады? Дәптердегі №1 тапсырманы қарап шығып, апта күндерінің атауларын жаттап алуды ұсынады. Содан кейін 2-тапсырма бойынша бұл үйлерде ағайынды жеті бала (апта күндері) тұратынын айтады. Үйлерді нөмірлеп шығамыз (нөмір жапсырады). «Кәне, балалар,... алдында,... кейін,... мен .... арасында кім тұрады?» және тағы басқа сұрақтар қояды. |
Апта күндерінің атауын қайталайды. Күндерді рет-ретімен атап шығады, олардың қасындағы «көршілерін» табады. Балалар өз ата-аналарының қай күні демалатынын айтады, сұрақтарға жауап береді. Апта күндерінің атын дұрыс қолданып үйренеді. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Сабақты қорытады. Балалардан бүгінгі сабақта немен танысқандарын сұрайды. Апта күндерін атап шығуды өтінеді және балаларды мадақтайды. Кеңістікте бағдарлау қабілетін бекіту үшін №3 тапсырманы береді. Сабақты аяқтайды және жеті ағайындыны (апта күндерін) үйлеріне шығарып салуға шақырады. Тағы бір рет санайды: бірінші - дүйсенбі №1 үйге кетті, екінші... және т.б. |
Апта күндерін атап шығады. №3 тапсырманы орындайды. Күндер тәртібін еске түсіреді және сабақты қорытады. Орындалған жұмысты бағалайды. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: апта күндерінің атаулары мен олардың ретін;
игереді: апта күндерінің реті туралы және алдыңғы, келесі күн туралы түсінік беруді;
меңгереді: апта күндерін ретімен атап шығуды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 8 саны және цифры. Қағаз бетінде бағдарлау (жоғары, төмен, ортасы, оң жағы, сол жағы).
Мақсаты:
а) 8 саны мен цифрын енгізу; цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету; сандық және реттік санау; 8 цифрын тану және дұрыс бейнелеу;
ә) балалардың зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту;
б) бір-біріне көмек көрсетуге дайын тұруға тәрбиелеу.
|
Оқу қызметі кезеңдері |
Педагогтің қызметі |
Балалардың қызметі |
|
Мотивациялық - қозғаушылық |
- Балалар, сендер бәрін сырғанағанды жақсы көресіңдер ғой? Ендеше, сендерді сырғанаққа шақырамын. |
Балалар ойынға қызығушылық танытады. |
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік |
Демонстрациялық материалдың 17-кестесін пайдалану. Педагог сырғанаққа 7 баланы орналастырады. Ал 8-ші баланы баспалдақтың қасына қояды. - Неше баланың сырғанақ тепкісі келіп тұр? (7), карточканы қояды. Қараңдар, міне тағы бір бала сырғанаққа өрмелеп барады. Олар нешеу болады? 7+1=8 - Біз бүгін қандай санды өтеміз, кім айтады? - Санап шықтық: картинада 8 баланың суреті салынған. Тағы бір рет санаймыз (балаларды сырғанақтан бір-бірлеп сырғанатады). Ешкім қалып қойған жоқ па? Санды 8 цифрымен белгілейді. 8 цифрын табады. Педагог 8 саны мен цифры туралы тақпақ оқып береді. Мынау жатқан қайшы, Ал «8» саны қайсы? Оның екі көзі - Сегізіңнің өзі. Цифрды сызамыз. Оны ауаға, сосын аяғымыздың ұшымен еденге жазамыз. Енді карандаштарымызды алып, дәптерге саламыз: алдымен жоғарғы шеңбердің сол жағын, содан соң төменгі шеңберді солдан оңға қарай сызамыз; сосын жоғарғы шеңбердің оң жақ шетін дөңгелетіп сызамыз. Сергіту минутын (8 рет секіру, он аяқпен 8 рет, сол аяқпен 8 рет жерді тебу, 8 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 8 рет алақан соғу және т.б.) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды: 1-ден 8-ге, 8-ден 1- ге дейін тура және кері сана. Содан соң көздерін жұмып, сандар қатарына қарамай санайды. 2- тапсырманы орындайды. Тиісті цифрды көрсетілген орынға жапсырады. |
Балаларды санайды (7). Мысал құрастырады: 7+1=8. Сабақтың тақырыбын табады. Заттарды санайды. 8 цифрын табады және талдайды. Цифрды ауаға, содан соң еденге, карандашпен және саусағымен дәптерге салады. Математикалық сергіту минутына катысады. Тура және кері санайды. Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды. |
|
Рефлексиялық - түзетушілік |
Сабақты қорытындылайды, санайды. Балаларды шығарып салады. Бірінші көк майка киген бала, екінші... бала кетті және т.б. Жоғары, темен, ортасы, он жағы, сол жағы деген сөздерді түсіну үшін (қағаз бетінде бағдарлау), педагог балаларға бір-бір парақ береді. Оның жоғарғы оң жақ бөлігіне шаршы, төменгі сол жақ бөлігіне шеңбер, ортасына сопақша салуды тапсырады. Балаларға «Фигура қайда жасырынып қалды?» деген ойын ойнатуға болады: ортасына және шеттеріне фигуралардың суреті салынған парақ таратады. Балалардың бірі фигуралардың атын атамай, орналасқан орнын сипаттайды. Қалған балалар оның қандай фигура екенін табады. Заттың пішініне катысты өткен тақырыпты бекіту үшін №3 логикалық тапсырманы орындайды. Шаршы емес, жолағы жоқ жалауды боя. Балалар алдымен оның дәптердің қай жерінде тұрғанын айтады (жоғарыда, сол жақта). Балаларға алғыс білдіреді. |
|
Күтілетін нәтиже:
біледі: 8 саны және цифрын;
игереді: 8 санының жазылуы туралы түсінікті;
меңгереді: 8-ге дейінгі сандарды тура және кері санауды, 8 заттан тұратын топ құруды, 8 цифрын тануды, қағаз бетінде бағдарлауды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 9 саны және цифры (жасалуы). Жай мысалдар мен есептер шығру Мақсаты:
а) 9 саны мен цифрын енгізу; цифр мен заттың санын сәйкестендіруді үйрету; сандық және реттік санау дағдысын жетілдіру; 9 цифрын табу және бейнелеуді үйрету;

б) үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:суреттер,плакаттар
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
Педагог кез келген ойын ұйымдастырады.
Мысалы: сабаққа ертегінің тоғыз кейіпкерін шақырады. 8 түрлі кейіпкерді қатарластырып қойып шығады және балаларға санатады. Содан соң біздің сабағымызға катысу үшін тағы бір кейіпкер жүгіріп келе жатқанын айтады. Сонда ертегі кейіпкері нешеу болды? 9 қайдан пайда болды? (9 дегеніміз 8 және 1).
- Кәне, балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын кім айтады?
Ертегі
кейіпкерлеріне қызыға қарайды. Оларды санайды. Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Дәптерімізді ашып, 1-тапсырмадағы шиелерді санаймыз. Санды 9 цифрымен белгілейміз. 9 цифрын табамыз. Педагог балаларға 9 саны және цифры туралы тақпақ оқып береді. Акробат қыз мықты Сахнаға шықты. Бүктеліп белі қайысты «9» болып майысты.
Санды ауаға, содан соң аяғымыздың ұшымен еденге жазамыз. Енді қарындаштарымызды алып, оны дәптерге бастырып жазамыз:
алдымен дөңгелек сызықты жоғарыдан темен қарай сызамыз, содан соң дөңгелек сызықты жоғарыға жеткізіп, қайтадан темен түсіп, 3 сызықты солға бұрамыз. 9 санын қолды үзбей жазуды үйрету. Сергіту минутын 9 рет секіру, оң аяқпен 9 рет, сол аяқпен 9 рет, жерді тебу, 9 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 9 рет алақан соғу және т.б.)
өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды: цифр, сан мен санның нүкте түріндегі үлгісін сәйкестендіру. Педагог 1 -ден 9-ға дейінгі заттың суреті салынған кез келген карточканы көрсетеді және балалардан текшенің соған сәйкес келетін жағы мен цифрды көрсетулерін сұрайды.
Санау материалын үлестіріп, кері тапсырма орындауға болады: үлгі мен цифр бойынша тиісті заттар санын шығару. Содан соң №2 тапсырманы орындауды ұсынады. Балалар бұған ұқсас тапсырманы алдыңғы сабақтарда орындаған болатын. Сурет бойынша санап, жауапты бос орынға жапсырады.
1 -ден 9-ға, 9-дан 1 -ге дейін тура және кері санауды ұсынады.
Топ деңгейіне қарай нәтижесі 9 болатын мысалдар құрастыруға болады.
Заттарды санайды. 9 цифрын табады және талдайды. Тақпақты тыңдайды.
Санды ауаға және еденге салады. Дәптердегі санды саусағымен және қарындашпен бастырып салып шығады.
Математикалық сергіту минутына катысады.
Үлестірмелі материалмен жұмыс істейді: тиісті затты санап алып, цифрды көрсетеді. Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды. Тура және кері санайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
1-ден 9-ға дейінгі сандар қатарын қаншалықты меңгергенін тексеру үшін №3 тапсырманы орындайды. Педагог моншақтарды сандар реті бойынша тізбектеп қосуды тапсырады. «Алдыңғы сан», «кейінгі сан» немесе «алдында», «артында», «арасында» деген сөздерді пайдалана отырып, тапсырманы қиындатуға болады. Балаларды ертегі кейіпкерлерін шығарып салуға шақырады. Сабақты қорытады және оған белсенді атсалысқаны үшін балаларды мақтайды.
Ертегі кейіпкерлерін шығарып салады. Сабақты қорытады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 9 саны және цифрын;
игереді: 9 цифрының жазылуы туралы түсінікті;
меңгереді: 9-ға дейін тура және кері санауды, 9 цифрын тануды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 10 саны (жасалуы, жазылуы). Жай мысалдар мен есептер құрастыру.
Мақсаты:
а) 10 санымен және оның жазылуымен таныстыру; 10 санының жазылуын заттардың санымен сәйкестендіре білу; заттарды реттік және есептік санау, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру;
ә) 10 санын 1 және 0 цифрымен жаза алу; зейіндерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
б) еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
- Бүгін бізге спортшылар келді (9 бала). (17-кестедегі (төбешік) балаларға педагог нөмірлерді бекітеді). Бірақ балалар өз орындарын таба алмай жүр. Балаларға өз орындарын табуға көмектес.
Ойын сәтіне қызығушылықтарын оятады. Ойыншының дұрыс емес нөмірін іздеуге кіріседі.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Сандар қатарына қараңдар. Қандай сан адасып қалды? Карточкадан көрсетіңдер. Жарайсыңдар! Тура және кері санап көрейік. Міне, бізге тағы бір спортшы келді. Оған қандай нөмірді береміз?
Біздің бүгінгі танысатын тақырыбымыз - 10 саны. Біз бұл санды оқуды және жазуды үйренеміз. Ол үшін бізге екі цифр қажет. 1 және 0. 10 саны қалай пайда болғанына назар аударыңдар. Оны қалай жаздық? 9+1=10
Нөл цифры қандай дөп-дөңгелек эдемі. Бірақ ол бекер тұрған жоқ. Егер оның алдына 1 цифрын қоятын болсақ, 10 деген сан пайда болады.
Педагог нөл цифрын бірдің артына қойып, былай деп сұрайды:
- Санды жазу үшін неше цифр қолдандық? Қалай ойлайсыңдар, екі цифр қолданып жазған бұл цифрды қалай атайды? Адамның қолында неше саусақ бар?
- Адамдардың қолында 10 саусақ болғандықтан, ертеде бұл санды іріленген бірлік ретінде қолданды?
Педагог туралы өлең оқып береді:
Күн суықта колға ап,
Киіп алдым қолғап.
Жаурамайды енді «10» саусағым тоңғақ.
Сондай-ақ 10 санын үшбұрышты пішінге орналастыру арқылы нүктелермен бейнелеп көрсетуге болады.
10 көлеміндегі санамақтарды пайдаланып, сергіту сәтін өткізуге болады. Содан соң педагог дәптерді ашқызып, №2 тапсырманы орындатады. Тапсырманы оқып, оны орындауға уақыт береді.
- Біз бүгін тек жаңа санмен, оның жазылуымен танысып қоймай, есептер де шығаратын боламыз.
Педагог мынадай түрдегі жағдайды
ұсынады.

Есепті оқиды.
- Менің не айтатынымды тыңдаңдар. Ағаштың бір бұтағында 4 шие, ал екіншісінде 2 шие болды. Барлығы неше шие?
Не білетінімізді, нені білу керектігін қалай жазуға болады? Мысалды жазамыз: 4 + 2 = 6.
- Бұтақта 8 шие болды. 2 шиені жұлып алдық. Неше шие қалды?
- Не білетінімізді, нені білу керектігін қалай жазуға болады? Мысалды жазамыз:
8-2 = 6.
Дәптердегі №3 тапсырманы орындаймыз. Есеп құрастырып, оны шығарып, мысалды жазамыз. Мысалды оқыңдар. Оның жазылуындағы әрбір санның, таңбаның нені білдіретінін айтыңдар.
Балаларды орындарына ретімен қояды.Тура және кері санайды. Жаңа келген спортшының оныншы екенін айтады (9+1=10), бірақ барлық бала ол санның қалай жазылатынын біле бермейді. Екі цифрдан тұратын санның екі таңбалы сан деп аталатынымен танысады.
10 дөңгелекті санап алып, үшбұрыш тұрғызады. Сергіту сәтін жасайды. Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды. Нөмірді футболшының кеудесіне жапсырады.
Есептерді шығарып, мысалдарды құрастырады. Есептің мысалдарындағы әр сан мен таңбаның нені білдіретінін түсіндіреді.
Рефлексиялық - түзетушілік
Оқу іс-әрекетінің қорытындысы шығарылады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 10 саны және оны 1 және 0 цифрларының көмегімен жазуды;
игереді: екі цифрдың көмегімен 10 санының жазылуы және есеп туралы түсінікті;
меңгереді: 10 көлемінде тура және кері санай алуды, 10 заттан топ құра білуді, 10 санын тани білуді.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Тура және кері санау. 1-ді қосу және 1-ді азайту.
Мақсаты: 0-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санай білу дағдыларын жетілдіру; 1-ді қосу және азайтуды суретпен сәйкестендіре білуге үйрету.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
Пойызбен саяхатқа шығуды ұсынады. Нөмірі бар вагондар шашыратып қойылады (10-кесте).
Балалар ойынға тартылады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Вагондарды нөмірлерінің ретімен
қойып, есептік және реттік санауды
жүзеге асыру тапсырылады. Сандарды
тура және кері санайды. Содан соң
вагондардың бір-бірден тоннельге
кіретінін айтады. Педагог сан сәулесі
бойымен 1-ді азайту амалын түсіндіре
отырып көрсетеді. Жазба жұмысы катар
жүргізіледі:
10- 1 =9
9-1=8
8-1=7
7-1=5
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Натурал сандар қатарын көрсетуге болады (сызғышпен). Содан соң педагог вагондардың бір-бірлеп тоннельден шығып жатқанын айтады. Бізге оларды қалай санау керек? Міне, бір вагон шықты, оның артынан тағы бір вагон шықты. Жазып көрсету: 1+1=2. Жазуды оқыту. Оның артынан тағы бір вагон шықты. 2+1=3 т.е.с.
1 -ден 10-ға дейін санау. Бір-бірден қосу және азайтуға мысалдар құрастырады.
Рефлексиялық - түзетушілік
Ары қарай ойынның жалғасы ретінде №1 және №2 тапсырмалар орындалады. Осылайша балалар 10-ға дейін тура және кері санау дағдыларын бекітеді, бір-бірден қосуды, азайтуды үйренеді.
Сергіту сәті
Мынадай тапсырма ұсынуға болады: - Тақтадағы суретке қарап, сол бойынша математикалық жазу құрастырыңдар.

Педагог №3 тапсырманы (сандарды 1-ден 10-ға дейін сызып қосу) сандар қатарының ретін қалай меңгергендерін тексеру үшін, өз беттерінше орындауды ұсынады.
Қорытындысын шығарады.
№1 және №2 тапсырмаларды берілуі бойынша қосып, азайтып үйренеді.
Сергіту сәтін орындайды.
Сурет бойынша берілген тапсырманы орындайды
№3 тапсырманы орындайды.
Қорытынды сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
біледі: 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарын, тура және кері тәртіппен санай білуді, 1-ді қосу және 1-ді азайту арқылы келесі санды шығарып алу тәсілін;
игереді: сан сәулесінде 1-ді қосу және азайту мысалдарын шығара алуды;
меңгереді: бір-бірден қосу және алуды; 10-ға дейін тура және кері санауды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Геометриялық денелер: текше, шар, цилиндр, конус, пирамида. 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Сандар қатары.
Мақсаты:
а) көлемді геометриялық денелермен таныстыру (текше, шар, цилиндр, конус, пирамида); оларды тани білуге үйрету;
ә) кеңістік туралы түсініктерін, санау дағдыларын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру; талдау, салыстыру дағдыларын дамыту;
б) еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
Педагог балаларды «Сиқырлы фигуралар» еліне шақырады. Бұл елде барлығы фигуралардан құрастырылған. Барлық фигураларды қарастыру ұсынылады. Ұқсас фигураларды тауып, оның атауымен танысады.

Балалар ойынға тартылады. Бірдей фигураларды іздейді.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Алдымен фигуралардан құрастырылған ҮВДІ бұзып, бірдей фигураларды табады. Фигураның атауымен танысып, хормен қайталап айтып, жаттығады. Көрнекі құрал көрсетіледі немесе текше, шар, цилиндр, конус, пирамида пішініндегі заттардың суретін табады (19-кесте). Конустың неге ұқсайтынын айтады (пирамида, шар, цилиндр, конус, текше). Кеңістіктік түсініктерін дамытуға арналған ойындар ұйымдастыруға болады. Үш сөреге ойыншықтар қойылады және педагог жоғарғы сөренің оң жақ бұрышында қандай ойыншық тұрса, сондай фигураның суреті бар карточканы көтеруді сұрайды. Екінші сөренің ортасындағы, төменгі сөренің сол жағындағы ойыншық, т.с.с. Балалар карточканы көтергеннен кейін, фигураның атауын дауыстап айтуы тиіс. 1-тапсырма бойынша неше фигура екенін санап, түсін атағаннан кейін, 2-тапсырмадағы мұнараны құрастырып тұрған текшелерді мысалдарымен сызып қосу ұсынылады. Балаларға көлемді фигураларды қолымен ұстап көруге мүмкіндік беру керек және топтарға фигуралардан өз мұнараларын тұрғызуды сұраңыз, сонымен бірге оның қандай фигуралардан құрастырылғанын айтып отыруы тиіс.
Бекіту үшін №3 тапсырма орындалады, балалар фигураларға талдау жасайды (нені қоршады?) Фигураны түбімен қосулары керек. Фигураларды бір-бірімен салыстыру тиімді. Мысалы, цилиндр мен конус, конус пен пирамида, текше мен пирамида қай жағынан ұқсас? Шардың қабырғалары бар ма? Шар, текше домалай ала ма?
Фигура атауларын қайталайды және оларды қоршаған ортадағы заттармен салыстырады. Неге ұқсайтынын айтып, қорытынды жасайды. Сөредегі ойыншықтармен «Не қайда түр?» ойынын ойнайды.
Дәптердегі 1-ші және 2-тап-сырмаларды орындайды.
Фигураларды ұстап көріп, талдау жасайды, олардың әрқайсысының түбі қайсысы екенін анықтайды. Қай фигураның жазық екенін біледі.
Фигураларды
бір-бірімен
салыстырады.
Рефлексиялық - түзетушілік
Тақырыпты қорытындылай келе, балалардан қандай фигуралармен танысқаны сұралады. Бұл фигураларды бұрын кездестірдіңдер ме? Қалай аталады?
Балаларды мадақтап, олардың жұмыс орнын ретке келтірулеріне көмектеседі.
Қорытындылайды. Фигуралардың атауын қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: текше, шар, цилиндр, конус, пирамида фигураларын атай білуді;
игереді: фигуралардың ерекшеліктері туралы түсінікті;
меңгереді: көлемді фигураларды тани білуді (текше, шар, цилиндр, конус, пирамида).
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Заттарды салыстыру. 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Шамаларды салыстыру. Мақсаты:
а) заттарды әртүрлі белгілері, оның ішінде биіктігі, қалыңдығы, ұзындығы бойынша салыстыра білуге үйрету;
ә) тура және кері санау дағдыларын дамыту; зейіндерін, сөйлеу тілдерін жетілдіру;
б) заттарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
«Орманға серуен» атты ситуацияны ұсыну.
- Аңдар ағаштың артына жасырынып қалыпты. Қане, оларды тауып көрейік.
- Мен қандай аң жасырынғанын және ол жасырынған ағашты сипаттаймын.
Ойынға деген
қызығушылықтарын
арттырады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Ағашты сипаттайды, бірақ атын айтпайды:
- Ол - ең жуан ағаш, биіктігі орташа (20-кестедегі ағаштар, 15-кестедегі аңдар). Оның артында қоян жасырынып отыр. Балалар ол ағашты тауып көрсетеді. Егер балалар дұрыс атаған болса, қоян сол ағаштың артында отырады.
- Бұл ағаш ең жіңішке және ең биік ағаш, оның артында тиін жасырынып отыр, т.е.
- Бұл жерде қай ағаш ен биік екенін қалай анықтауға болады? Қай ағаш ең аласа екенін ше? Мүмкін біздің көз мөлшеріміз дұрыс емес шығар? Қалай тексереміз? Қандай шартты өлшем алсақ болады? Педагог жолақша - таяқшаны көрсетеді. Балалармен бірге осындай таяқшаларды әр ағаштың үстіне қояды, неше рет қойғанын санап, ағаштардың биіктігін салыстырады. Әр ағаштың астына тиісті цифр жазылған карточканы қояды. Содан соң ең үлкен цифрды табады. Бұл ағаш ең биігі болып саналады.
- Енді ең кіші ағашты табыңдар (осыған ұқсас жұмыс жүргізіледі)
- Біз орманға серуендедік. Жасырынған аңдарды таптық. Енді аңдарға дәптермен қалай жұмыс істейтінімізді, неге үйренгенімізді көрсетейік.
№1 тапсырмада ең биік, ең аласа, биіктігі бірдей мұнараларды табамыз. №2 тапсырмада карандаштарды жуандықтары бойынша «қоямыз».
- Енді тақтадағы түрлі түсті жазық фигураларды - үшбұрыш, сопақша, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыштарды (3-6-кестелер) санаймыз,
Әр фигураны жылжыта отырып, балаларға 1-ден 10-га дейін санауға көмектеседі.
- Барлығы қанша болды?
- Кім кері қарай санайды?
- Фигураның пішіні, түсі қандай?
- Қандай топтарға бөлуге болады?
- Қызыл түстер тобында неше фигура? Кек түстер тобында ше?
Қайсысы артық?
Оны қалай білеміз? (Оларды бір-бірінің үстіне қою керек?)
Осыған ұқсас тапсырмаларды топтарға үстелде орындауға ұсынуға болады.
№3 тапсырма орындалады. Неше фигура болса, сонша таяқша, осындай түстегі қанша фигура болса, сонша таяқша қойып, содан соң санын салыстыр.
Педагог сипаттаған ағашты табады. Тақтаға шығып, оның артында не отырғанын тексереді. Өлшеуіш таяқшамен өлшеу жұмыстарын орындайды. Балалар әр ағаштың астына карточка мен цифрды қояды.
Рефлексиялық - түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Заттарды қалай салыстыру керек? Тақтада салынған жолақтарды салыстыра аласыңдар ма? Неге? Дұрыс, оларды бір-бірінің үстіне қоюға болмайды. Салыстыру үшін, шартты өлшеуіш алу керек.
Өлшеуіштің көмегімен өлшеудің тиімді екенін айтады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: заттарды қалыңдығы, биіктігі, ұзындығы бойынша салыстыруға болатынын;
игереді: шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеуді, салыстыру туралы түсінікті;
меңгереді: көз мөлшермен, өлшеуішпен, бір-бірінің үстіне қою арқылы өлшеуді жүргізе алуды, 1-ден 10-ға, 10-нан 1-ге дейін тура және кері санауды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Заттарды салыстыру. Қарапайым мысалдарды шығару. Салмағы (массасы) бойынша салыстыру. Өлшеу. Салмақтың мөлшеріне байланыстылығы (бірдей заттарды салыстыру кезінде).
Мақсаты:
а) сандарды бөліктер бойынша азайту тәсілін қарастыру; бірінші ондықтың кез келген санынан 1 санын азайтуды үйрету; бірінші ондық сандарының нумерациясы туралы білімдерін бекіту;
ә) қиялдарын, сөйлеу тілдерін дамыту;
б) бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
«Үш аю» ертегісін естеріне түсіру. - Бұл ертегі естеріңде ме? Ертегі кейіпкерлерін ата.
Ертегіге
қызығушылықтары пайда болады. Оның кейіпкерлері - үш аю мен қызды атайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Дәптерді ашып, №1 тапсырманың суретін қарауды ұсынады.
- Аюлардың ең үлкені қайсысы? Ең жеңілі ше? Ең кішісі қайсысы? Қандай қорытынды шығаруға болады?
- Төменгі таразыда не бейнеленгенін айтыңдар? Ең кіші тәрелкедегі ботқа қайсынікі? Ең жеңілі ше? Ана аю, Ата аюдың ыдысы туралы не айтуға болады?
- Аюлар өмір сүретін орманда, жемсауытта үш көгершін отырды. Осындай карточканы алып, оны үстел үстіне қойыңдар. Оған тағы 4 торғай келіп қонды. 4 торғайдың саны бар карточканы алыңдар. Егер ұшып келген болса, «+», «-» таңбаларының қайсысын аламыз. Тең екенін қандай таңбамен белгілейміз.
Барлығы қанша кұс болды?
- Қандай жазу шыққанын оқимыз.

Осыған ұқсас есеп құрастырылып, шешуі азайту арқылы жазылады. 11-кестедегі таразы үлгісін пайдалана отырып, педагог «Орман дүкені» ойынын ойнауды ұсынады. Таразы табағының төмен тұрғанына жеңіл затты, жоғары тұрғанына ауыр затты салады. Заттар педагогтің қалауы бойынша таңдалып алынады (бұлар үлкенді-кішілі көкөністер, саңырауқұлақтар, жемістер болуы мүмкін). Содан соң №2 тапсырма ауызша орындалады.
Тапсырмаға берілген суреттерді қарайды. Аю үлкен болған сайын ауыр болады деген қорытынды жасайды.
Ыдыстарды салмағына қарай салыстырады.
Ұсынылған сурет бойынша есепке мысал құрастырады: 3+4=7. Оны оқиды. Азайтуға өздерінін мысалдарын құрастырады.
Орман дүкеніндегі заттарды өлшеуге көмектеседі.
Рефлексиялық - түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қорытындылай келе былай деп сұрайды:
- Нені қайталадыңдар? Жаңадан не білдіңдер?
- Бұрынғы өткенді қайталау үшін, №3 тапсырманы орындауларын сұрайды. Әр қатардан 2 үшбұрыштан бояйды. Балаларды мадақтап, үстел үстін жинауға көмектеседі.
Мынадай қорытынды жасайды: «Үлкен заттар кіші заттарға қарағанда ауыр, ненің ауыр екенін таразы арқылы білуге болады». Қайталауға берілген тапсырмаларды орындайды. Үстелдің үстін жинастырады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: үлкен заттардың кіші заттарға (бір текті зат) қарағанда ауыр болатынын, заттарды салмағы бойынша салыстыру үшін таразыны пайдалануды;
игереді: өлшеу туралы түсінікті;
меңгереді: таразы көмегімен өлшеу және өлшемінің массасына байланыстылығы (бірыңғай заттарды салыстыру кезінде) туралы логикалық қорытындыны; есеп бойынша жай мысалдар құрастыруды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы:1ден 10-ға дейінгі сандарды салыстыру. «артық», «кем» таңбалары.
Мақсаты:
а) «тең», «артық», «кем» қатынастарын қоя білу; «сан» және «цифр» терминдері туралы білімдерін бекіту; заттарды санау дағдыларын жетілдіру;
ә) талдау, қорытындылау дағдыларын дамыту;
б) жинақылыққа тәрбиелеу; Сөздік жұмысы: артық, кем, тең.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
- Ойыншықтар дүкеніне барғыларың келе ме? Қане, онда не бар екенін көрейік?
Ұсынысқа қызығушылық танытып, ойынға араласады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Ойыншықтар сөресіне қараңдар. Сол жақтағы және оң жақтағы ойыншықтарды салыстырыңдар. Не артық? Не кем? Қалай теңестіруге болады? Артық ойыншықтың бар-жоғын білу үшін ойыншықтарды бір - бірінің астына қоямыз немесе жұптап сызық жүргіземіз. Педагог тақтаға шыққан балаға бір сөренің екі жағында орналасқан заттар арасындағы өзара мағыналы сәйкестікті қоюға көмектеседі.
- Олар тең болу үшін не істеу керек?
- Дұрыс. Бір жағынан артық ойыншықты алу керек немесе жетпей тұрған ойыншықты қою керек.
- Сол жақта неше ойыншық барын санаймыз. Педагог балалардан ойыншықтарды қолымен ұстап, дауыстап санауларын сұрайды. 4 ойыншық болды (мысалы, ойыншық саптаяқтар).
- 4 цифры жазылған карточканы қоямыз. Тәрелкелерді санаймыз. Олар неше? (3).
- Не артық? Не кем?
«>» таңбасын қоюға болады, бұл 4-тің 3-тен артық екендігін білдіреді. 4>3. Педагог жазудағы 4, 3 сандарының және «»> таңбасының нені білдіретінін айтуды сұрайды.
- Біз, керісінше, 3<4 деп те айта аламыз. Тәрелкелер саптаяққа қарағанда кем.
Енді басқа сөредегі ойыншықтарды санаймыз. Неше шырша? (5). Неше саңырауқұлақ? (4). Бұл былай жазылады: 5>4. Былай да болады: 4<5. Енді осы жазудағы әр цифр мен таңбаның нені білдіретінін айтыңдар. Осы сабақта таңбаларды міндетті түрде есте сақтауды талап етудің қажеті жоқ, өйткені бұл - келесі оқу жылының міндеті. Ары қарай педагог заттардың екі түрінің де санының тең болғандағы жағдайын салыстыруды ұйымдастырады.
- Алманың нешеу екенін санаңдар. (5)
- Алмұртты санаңдар. (5). Не артық? Не кем? Олар тең. Олар тең екендігін (сонша) жазу үшін қандай таңба қолданамыз? Дұрыс, бұл - «=» таңбасы. «5=5» жазуын оқыңдар.
Балалар өзара мәндес сәйкестікті қойғаннан кейін, сандарды салыстыра алса немесе сандар кесіндісі негізінде салыстыруды жүргізе алса жеткілікті. Онда мынадай жұмыс жүргізіледі. Заттарды санап болғаннан кейін педагог сандар кесіндісінде осы сандарды белгілеп көрсетіп, содан соң салыстырады. Егер сан оң жаққа қарай болса, ол әрқашанда артық, ал сол жаққа қарай болса, онда кем.
Жаңа тақырыпты бекіту үшін, дәптердегі №1 тапсырма орындалады.
Салыстыру және теңестіру тәсілдерін ұсынады. Теңестіру үшін, бір жағынан артық затты алу немесе жетпей тұрған ойыншықты қою керектігі туралы қорытынды жасайды.
Балалар ойыншықтың әрқайсысын ұстай отырып санайды. Цифр жазылған карточканы алады. Бұл карточкаларды ойыншықтардың астына қояды. Педагог таңбаны көрсеткеннен кейін, карточкаға жазылған таңбаны тауып, сандардың арасына қояды. Алынған жазуды әр цифр мен таңбаның нені білдіретінін айта отырып, оқиды. Саны бірдей ойыншықтарды салыстырып, теңдік
құрастырады. 5=5. Оны оқиды. 1-дан10-ға дейінгі сандар кесіндісімен жұмыс кезінде сандарды
сандарды кесіндіде белгілейді және қай санның артық-кем екенін анықтайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
Сандар арасындағы қатынас түсініктерін тексеру мақсатында №2 тапсырма орындалады. - Пілдері артық машинаны қызыл түспен, пілдері кем машинаны көк түспен боя. Пілдері тең машиналарды қызыл да, көк те емес,бірақ бір түспен боя.
Тапсырма логикалық ойлау қабілетінің артуына мүмкіндік туғызады. Өйткені тапсырма терістеуді және логикалық пайымдауды қажет етеді. Содан соң педагог қандай жаңа таңбалармен танысқанын, олардың нені білдіретінін сұрай отырып, балалар іс-әрекетін қорытындылайды. Бұрынғы өтілгендерді бекіту үшін, №3 тапсырманы орындау ұсынылады. Балалар орындау кезінде көлемді фигуралардың атауын қайталап, оларды санайды. Педагог жаңа сабақпен байланыстыра отырып, осы фигураларды саны бойынша салыстыруды сұрауына болады. Іс-әрекет соңында балаларды мадақтап, олардың жұмысын ауызша бағалайды.
Өз іс-әрекетін түсіндіре отырып, 2-тапсырманы орындайды. Пілдерді неге осы түспен бояғанын түсіндіреді.
Көлемді
фигураларды
атайды.
Олардың санын салыстырады. Іс-әрекеттерін қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: сандарды салыстыруға болатындығын, «артық, кем, тең» қатынастарын;
игереді: таңбалардың көмегімен сандарды салыстыру нәтижесін (теңдік, теңсіздік) жазу туралы түсінік;
меңгереді: өзара мәндес сәйкестік қою, санды кесінді арқылы заттар санын салыстыруды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы:Зат және оның бөлігі. Бүтін және бөлік.
Мақсаты:
а) «бүтін және бөліктер» терминін енгізу, бөліктерден бүтінді құрастыруға, бүтінді бөліктерге бөлуге үйрену; бүтіннің тең бөліктерінің атауымен (жарты, ширек) таныстыру; сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру;
ә) сөйлеу тілдерін және ойлауларын дамыту;
Сөздік жұмысы: бүтін, бөлік, жарты, ширек.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
- Сендер аппликация жасауды жақсы көресіңдер ме? Біз сендермен көптеген аппликациялар орындадық. Бүгін мен сендерге біздің аппликациялық жұмыс үшін бөлшектер дайындауды ұсынамын.
Іс-әрекетке деген қызығушылықтары пай да болады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Педагог балаларға түрлі түсті қағаздан дайындалған шаршы, дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыштар таратады. Содан соң тақтаға геометриялық фигуралардан құрастырылған аппликацияны іледі.

- Аппликациядан не көріп тұрсыңдар? Қалпағы бар саңырауқұлақ құрастырылған фигураларды қалай атауға болады?
Дөңгелекті бөліктерге бөлдік. Бұл бөлік жартысы деп аталады. Фигураны екіге бөлуді үйренеміз. Ол үшін дөңгелекті шеттері бір-біріне дәл келетіндей етіп ұқыптап бүктейміз. Олар сызық бойымен бүктеп қию үшін, қайшы беруге болады.

- Бізде неше жарты пайда болды?
- Егер біз әрбір жарты дөңгелекті тағы да екіге бүктейтін болсақ, онда ширек бөліктер пайда болады.
Дөңгелектерді ширек бөліктерге бөлуге уақыт беріп, көмектеседі. Содан соң бөліктерін көрсетіп, неше ширек бөлік шыққанын санайды. «Дөңгелек құрастыр» ойынын ойнауды ұсынуға болады.

- Шаршыны жарты бөлікке (ширек бөлікке) бөліп көріңдер. Қалай дайындауға болатынын айтыңдар.
Содан соң мысалы, мынадай түрдегі өрнекті партаға қоюды ұсынады:
- Шаршыны екіге бөлгенде, қандай фигуралар шықты? (Екі кішкентай тіктөртбұрыш). Ал шаршының ширек бөліктері ше? (Олар да - шаршылар, бірақ кішкентай).
- Қане, жарты бөліктерінің тең екендігін тексеріп көрейік. Оларды бір-бірінің үстіне қойыңдар. Дұрыс, олар - фигураның тең бөліктері.
- Жарты және ширек бөліктерден бүтін фигураны құрастырыңдар.
- Фигураны тең емес бөліктерге де бөлуге болады.
Қарапайым геометриялық конструктор таратылып (суретті 5-6 бөлікке бөлуге болады), фигураны (суретті) құрастыруды сұрайды. Тіктөртбұрышты тағы басқа бөліктерге бөлуге болады.
Дәптердегі жұмыс бүтін және бөлік туралы түсініктерін бекітеді. Педагог сергіту сәтінен кейін, дәптерлерін ашып, №1 тапсырманың суреті бойынша әңгіме жүргізеді. Балалар дөңгелек, шаршының бөліктерінің атауын дауыстап айтады.
Ары қарай №2 тапсырмадағы осы суреттің
бөліктерін бояуды тапсырады.
№3 тапсырма зейіндерін дамытуға арналған.
Дөңгелектің бөлігін таңдап алу керек, бірақ алдымен ондағы өрнекке талдау жасап алған жон.
Аппликацияға талдау жүргізеді. Дөңгелектің, шаршының атауларын қайталайды. Практикалық жұмыс жүргізіп, фигураларды тең екіге бүктейді. Содан соң 4-ке бүктейді, қияды. Өрнек құрастырады. Олардың
бөліктерінен бүтін фигура құрастырады. Фигураны бөліктерге бөлуге,бөліктерден бүтін фигура құрастыруға болатындығы туралы қорытынды жасайды. Тең бөліктер бір-бірінің үстіне қойғанда, сәйкес келеді және өз атаулары бар (жарты, ширек).
Геометриялық конструктормен немесе бөліктерге бөлінген суретпен жұмыс істейді.
1 - тапсырманы ауызша орындайды.
2- тапсырмадағы бөліктерді бояйды.
3- тапсырмада жапсырманы таңдап алады, алдымен оны көрсетіп, содан соң жапсырады.
Рефлексиялық - түзетушілік
Педагог аппликацияға қайтадан оралады.
- Енді біз осындай аппликацияны жасай аламыз ба? Бөлшектер дайын ба? Олар қалай аталады? Оларды біз қандай фигурадан алдық?
- Бүгін қандай жаңа сөздермен таныстық?
- Бүтін фигураны қандай бөліктерге бөлуге болады? (Тең және тең емес бөліктер).
- Фигураны оның бөліктерінен құрастыруға бола ма?
Балалардың жұмысын мадақтап, бағалайды.
Аппликация бөліктерін атайды, оларға дөңгелектің жартысы, шаршының жартысы, дөңгелектің ширегі, шаршының ширегі деген атаулар береді. Бүтін фигураны тең және тең емес бөліктерге бөлуге болатындығы туралы қорытынды жасайды. Бөліктерден бүтін құрастыруға болады.
*Көлемді заттармен сабақ жүргізуге болады. Алма, шоколад плиткасы, бәліш, «Лего» конструкторы, т.б.
Күтілетін нәтиже:
біледі: бүтінді бөліктерге бөлуге, бөліктерден бүтін құрастыруға болатындығын; дөңгелек пен шаршыны тең екі және 4 бөлікке қалай бөлетіндігін;
игереді: кез келген бүтін фигурадан, заттан бөліктер алу, бөліктерден затты құрастыру туралы түсінікті;
меңгереді: дөңгелек пен шаршыны жарты және ширек бөліктерге бөлуді, бөліктерден фигура құрастыруды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Қайталау. Логикалық есептер. Геометриялық денелер мен фигуралар. Геометриялық пішіндегі заттар.
Мақсаты:
а) салыстыру, қорытындылау, жіктеу сияқты логикалық амалдарды ғана емес, терістеу негізінде пайымдауды қажет ететін логикалық есептер шығаруды қарастыру; заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру дағдыларын жетілдіру;
ә) логикалық ойлауларын және зейіндерін дамыту; геометриялық денелер атауларын қайталау және қоршаған ортадан осы пішіндегі заттарды таба білу дағдыларын арттыру;
б) ұқыптылыққа тәрбиелеу.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
Біз сендермен көп нәрсе үйрендік және көп нәрсе білдік. Кімнің ең ақылды, зейінді екенін анықтау үшін, жарыс өткізейік.
Жарысқа деген қызығушылықтары пайда болады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Сурет бойынша жұмыс.

- Суретке қараңдар. Мұнда бейнеленген заттарды атаңдар. Бұл жерде бейнеленген заттың біреуі «артық». Оны тауып, атаңдар (гүл).
- Бұл заттың неге артық екенін түсіндіріңдер.
- Сөздерді мұқият тыңдап, «артық» сөзді анықтаңдар: дүйсенбі, сейсенбі, ақпан, бейсенбі, жексенбі.
- Оның неге «артық» екенін түсіндіріңдер. (Ақпан - айдың аты, ал қалған сөздер - апта күндерінің атауы).
Зейіндерін, есте сақтауларын, логикалық ойлауларын, геометриялық фигураларды бейнелеу, ажырата алу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар орындату. Әр қатардағы нүктелердің орнына ретін сақтай отырып, жетпей тұрған фигураларды қойыңдар. Әр қатардағы фигураларды олардың көп бейнеленген жағынан қарастыру керек.
3 - 6-кестелерді пайдалану.

- Карточкаларды салыстырыңдар.
- Олардың ұқсастығы қандай?
- Қандай айырмашылығы бар?

Фигуралардың қандай ретпен орналасқанын қараңдар. Орналасу заңдылығын бұзбай, бос торкөзге жетпей тұрған фигураны қойыңдар.
?

- Мына фигуралар неге ұқсас? Тақтаға суреттер ілуге болады:

Сергіту минуты.
Ең кіші емес, дөңгелектері жоқ бантикті боя.

Егер топтағы балалардың деңгейі жоғары болса, оларға басқа тапсырмалар да ұсыныңыз.
Сурет бойынша «артық» затты тауып, неге артық екенін түсіндіреді. Артық сөзді дауыстап айтады.
Берілген тапсырма бойынша фигуралар қатарындағы заңдылықты анықтайды және қатарға фигураны анықтайды.
Тапсырма бойынша
ненің өзгергенін түсіндіреді
(фигуралардың орындарын
ауыстырып, аударып қояды).
Геометриялық денелерді атайды, жетпей тұрғанын тауып, қоршаған ортадағы заттармен салыстырады.
Алма, апельсин, жіп шумағы, шардың дөңгелек фигураға ұқсайтынын айтады. Басқа да геометриялық денелерге талдау жасалынады.
Балалар жолағы бар бантикті таңдайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
Материалды қалай түсінгендерін тексеру үшін, дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Орындау жылдамдығы осындай тапсырмаларды орындай, пайымдай алу дағдыларына байланысты реттеледі.
Сабақтың қорытындысы шығарылады. - Біз жарысымызды қорытындылайтын болсақ, барлықтарың да өте зейінді болдыңдар және тапсырманы жақсы орындадыңдар.
Дәптердегі жұмысты
орындайды.
Педагогпен бірге сабақтың
Қорытындысын шығарады.
* Тапсырма. Тақтаға екі баланың бейнесі және үш шардың суреті қыстырылған.
- Суретке қараңдар. Шарлардың түсі қандай? (Үш түсті шар ұсынылады. 6-кестеден үш сопақша пішінді алуға болады).
Екі балаға (17-кестеден алынады) үш шардан бір-бірден таңдап алу ұсынылды. Майра көк шарды таңдаған жоқ. Мирас қызылды да, кекті де таңдаған жоқ. Балалардың әрқайсысы қандай шарды таңдады.
Ескерту. Бұл есепті шығару үшін, ерекше тәсіл қолданылады. Осы тәсілдің көмегімен біртіндеп барлық нұсқаны шығаруға болады.
Бұл тәсілді мысалы, графикалық тәсілмен орындауға болады.
Күтілетін нәтиже:
біледі: геометриялық денелердің атауын, заттардың белгілерін;
игереді: логикалық тапсырмаларды шешу кезіндегі талдау туралы түсіністі;
меңгереді: қоршаған ортадан геометриялық пішіндегі заттарды табу, есепті шығару кезінде талдау, әртүрлі белгілері бойынша салыстыруды.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Уақытты бағдарлау. Жыл мезгілі. Бір жылда 12 ай.
Мақсаты: жыл мезгілі, жыл аттары атауларымен таныстыру; жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
Қуыршақты жыл мезгіліне сәйкес киіндіруді ұсынады.
- Далада күн суық болғанда қалай киіну керек? Ал ыстық кезде ше?
- Қуыршаққа ат қойып, киім таңдауына көмектесейік.
Жағдайға байланысты қызығушылықтары пайда болады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Тақтаға баланың суреті ілінеді (21-кесте). Балаға жыл мезгіліне қарай киім таңдау керек.
Төменде жыл мезгілінің 4 суреті берілген. Педагог жыл мезгілі туралы өлеңдер оқиды.

Содан соң карточкалардың бірін (мысалы, жаз) алады. Жыл мезгіліне сәйкес киімдер таңдалады. Балалар шығып, баланы «киіндіреді». Содан соң педагог жыл мезгілдерін ретімен атауды сұрайды. Ары қарай әр мезгілде 3 ай бар екенін айтады. Ай атауларын хормен айтқызады. Әр жыл мезгілінің айлары туралы өлеңдер оқып беруге болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес адамдардың еңбегі туралы әңгіме жүргізіледі. «Қыста кар тазалайды. Көктемде жер жыртып, егін егеді. Жазда егісті күтеді, демалады. Күзде егінді жинайды». Жаңа тақырыпты бекіту үшін дәптердегі №1 тапсырманы орындау ұсынылады.
Жыл мезгілдері туралы суреттерді қарастырады. Жыл мезгілдерінің белгілерін, айырмашылықтарын табады. Өлеңдер мен жұмбақтарды тыңдайды. Қағаздан жасалған қуыршақ қызды жыл мезгіліне сәйкес «киіндіреді». Жыл айларының атауын айтып үйренеді.
№1 тапсырманы суреттердің осындай тәртібін неге таңдағандарын түсіндіре отырып орындайды. Жыл мезгілдерінің және ай аттарының ретін қайталайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
№2 тапсырма бойынша қолшатырды қай кезде, қандай мезгілдерде ұстайтынын айтады. Содан соң ең үлкен қолшатырды ең кіші қолшатырмен сызық арқылы қосады.
№3 тапсырма 9-ға дейін санау дағдыларын және геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекітуге арналған.
Сабақ соңында жыл мезгілдері мен ай аттарын көрнекі құралдарға сүйене отырып тағы қайталау керек. Балалар өз беттерінше жауап беруіне болады. Мұндай жауаптарды атап өтіп, мадақтау керек. Ал ай аттарын әлі білмейтін балалар хормен қайталайды.
Дәптердегі №2, 3 тапсырмалармен жұмыс істейді.
Жыл мезгілдері мен ай аттарын қайталайды. Сөздерді хормен айтады. Сабақты қорытындылайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: жыл мезгілдері мен ай аттарын, жыл мезгілінің белгілерін;
игереді: әр жыл мезгіліндегі киім және адамдар еңбегі туралы түсінікті;
меңгереді: жыл мезгілдері мен ай аттарының ретін қоя білу, жыл мезгілінің белгілерін түсіндіре білуді.
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Өлшеу. Салмақты қарапайым таразылардың көмегімен өлшеу. Дүкендегі таразылар.
Мақсаты: қарапайым таразы көмегімен өлшеу барысымен таныстыру, заттарды таразы арқылы салыстыруға үйрету; ай аттарын, уақытты дұрыс атау дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру; зейіндерін және логикалық ойлауларын дамыту.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
«Жеміс-жидектер дүкенінде» ойынын ойнату.
Ойынға деген қызығушылықтары пайда болады.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Дәптердегі 1 - тапсырмада берілген таразыны қарауларын сұрау. Балалар онда ненің суретін көріп тұрғанын айтады.
- Неге таразы бір жағына еңкейіп тұр? Тақтада және үстелде балалар цифр, таңба жазылған карточкалардан суретке байланысты жазулар құрастырады. 2>1, 1<3, 2=2
- Таразыны теңестіру үшін не істеу керек? 11-кестенің көмегімен осыған ұқсас жағдайлардың үлгісіне талдау жасайды.

Содан соң №2 тапсырма осыған ұқсас орындалады.
- Жеміс-жидектерді салмағына қарай таразыға дұрыс орналастырыңдар (жапсырыңдар).
- Неге осындай жапсырмаларды таңдап алдыңдар?
Дүкендегі таразылар туралы әңгіме жүргізеді.
Оларды суреттен көрсетеді.
Жылдың қандай мезгілінде ненің пісетінін сұрайды.
Осы кезеңде ай аттарының атауларын қайталаған тиімді. Өз аймақтарында өсетін жемістер мен көкөністердің суреттерін таңдап алуға болады.
Дәптердегі 1-тапсырмаға қарап, таразыға не салынғанын айтады. Таразының екінші жаққа неге еңкейгені туралы қорытынды жасайды. Теңестіру нұсқасы ұсынылады: бір жемісті алу немесе тағы бір жеміс қосу.
Таразыға байланысты берілген логикалық тапсырманы шығарады.
2-тапсырманы орындау үшін, қажетті жапсырманы іздейді. Қорытынды жасайды. Дүкендегі таразылар туралы әңгімеге катысады.
Рефлексиялық - түзетушілік
№3 тапсырмада берілген кестедегі заңдылықты тауып, керекті машинаны жапсырады. Сондай-ақ таразы туралы әңгімемен жалғастырады.
- Қай машина ауырырақ? Оқушылардың іс-әрекеті қорытындыланады.
- Біз бүгін дүкенде болдық. Онда не сатылды? (Жемістер мен көкөністер).
- Ненің ауыр, ненің жеңіл екенін не арқылы анықтадық.
Педагог орындаған жұмыстарын мадақтап, сабақты аяқтайды.
3-тапсырманы орындайды. «Ең үлкені ауыр» деген қорытынды жасайды. Қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
біледі: салмақты таразыда өлшейтіндігін, таразыны теңестіру үшін, таразы табағына зат қосу не затты алу керектігін;
игереді: дүкендегі таразылар, таразыда затты өлшеу барысы туралы түсінікті;
меңгереді: таразы бойынша теңдік және теңсіздік құрастыру, ауыр заттың таразының қай жағында екенін анықтауды (қай табағы темен болса).
Тексерілді:
Күні:
Тақырыбы: Бекіту.
Мақсаты: балалардың білім, білік, дағдыларын қорытындылау, меңгерген білімдерінің деңгейін бақылау.
№35, 36 технологиялық карталар төмендегі жоспар бойынша жүргізіледі немесе №35 технологиялық карта бойынша білім деңгейлерін тексеріп, ал №36 технологиялық карта бойынша осы оқу жылында алған білімдерін түзету жұмыстарын жүргізеді. Әдетте бұл сабақтар мереке, жарыс немесе кіріктірілген сабақтар түрінде жүргізіледі.
-
Оқу қызметі кезеңдері
Педагогтің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық -
қозғаушылық
Математикалық жарыс ұйымдастыруды ұсынады. Топ кұрады.
Жарысқа деген қызығушылықтарын көрсетеді. Топтарға бөлінеді.
Ұйымдастырушылық - ізденістік
№1 тапсырма. Топтар бойынша хормен тура және кері санайды. Бір санды аттап санайды. №2 тапсырма.
- Тақтадағы фишкаларға караңдар.

- Олардың ұқсастығы қандай?
- Айырмашылығы қандай?
- Соңғы фишканы толықтыр. №3 тапсырма.
- Неше фигура? Бұлар қандай фигуралар? Оларды атаңдар.
№4 тапсырма.
- Есептер құрастырып, мысалдар жазыңдар.
№5 тапсырма.- Ұзындығы бойынша салыстырыңдар.

№6 тапсырма.

Түсі, пішіні, өлшемі бойынша қораптарға салу, яғни түймелерді салу керек қорапқа қарай сызық жүргізу.
№7 тапсырма. Балалардың таразы туралы түсініктері тексеріледі. Егер топтағы балалар тапсырманы тез орындайтын болса, 1 немесе 2-кестемен жұмысты ұсынуға болады. Бағдарламалық материалдар бойынша басқа да тапсырмалар енгізуге болады, ау атауларын, т.б. қайталануға болады.
Жарыс кезінде дәптерде берілген тапсырмаларды да пайдалануға болады..
Топтар бойынша тура және кері, бір саннан аттап дауыстап санайды.
Шаршыларды санайды, ол бойынша мысалдар құрастырады. Тапсырманы дәптерге орындайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
Жарыстың қорытындысын шығарады. Барлық балаларды мақтау қағаздарымен немесе қандай да бір сыйлықтармен марапаттайды.
Марапаттау мен қорытынды шығаруға қатысады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Математика

шағым қалдыра аласыз