Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика 105 сабақ сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас маманға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика әлемі

Тақырыбы: Кім жүйрік?

Мақсаты: оқушылардың өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау, көбейту мен бөлу амалдары туралы білімі мен білігін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; өздігінен жұмыс істеуге баулу.

Әдісі: өздік жұмыс. Көрнекілігі: тақтадағы жазу, дәптер, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: өздігінен жұмыс істеу, өткенді қайталау, білімін тиянақтау.

ІІІ. Өздік жұмысы І нұсқа. Өрнектердің мәнін тап.

( 235 000 + 745) – ( 30 000 + 5 000) = 235 745 – 35 000 = 200 745

(135 496 – 135 000) : 8 ∙ 4 = 248

  1. Есептерді шығар.

А). Дүкенге әрқайсысында 10кг-нан 50 жәшік қызанақ және 450кг қияр әкелінді. Дүкенге барлығы неше килограмм көкөніс әкелінді?

Ш: 10 ∙ 50 + 450 = 950 Ш: барлығы 950 кг көкөніс әкелінді.

Ә). Тіктөртбұрыштың ұзындығы 3см 5мм, ал ені 2см 8мм. Периметрін есепте.

Р = (3см 5мм + 2см 8мм.) ∙ 2 = 12 см 6 мм

  1. Теңдеулерді шеш.

535 : Х = 5 400 Х = 1 000 + 600

Х = 535 5 400 Х = 1 600

ХShape1 = 107 Х = 1 600 : 400

5Shape2 35 : 107 = 5 Х = 4

5 = 5 400 4 = 1 600

  1. Өрнекте.

6кг 425г = 6 425г 800см = 8м 16м 50см = 1650см 2 000кг = 2т

ІІ нұсқа (шамалар)

  1. Өрнектердің мәнін тап.

(960 502 – 60 000) – 251 ∙ 2 = 900 502 – 502 = 900 000

(4 702 565 – 4 702 000) : 5 3 = 339

  1. Есепті өрнек түрінде шығар.

А). дүкенге 100 жәшік жүзім және 320кг алма әкелінді. Бір жәшіктегі жүзімнің массасы 15 килограмм. Дүкенге әкелінген жүзім мен алманың массасы қандай?

Ш: 100 15 + 320 = 1500 + 320 = 1 820 Ж: барлығы 1850 кг жүзім мен алма әкелінді.

Ә). Тіктөртбұрыштың ұзындығы 4см 5мм, ал ені – 1см 3мм кем. Оның периметрін тап.

Р = (4см 5мм + (4см 5мм – 1см 3мм) = 7см 7мм

  1. Теңдеулерді шеш.

Х ∙ 10 – 9 000 = 60 У : 2 + 800 = 9 800

Х ∙ 10 = 9 000 + 60 У : 2 = 9 800 – 800

Х ∙ 10 = 9 060 У : 2 = 9 000

Х = 9 060 : 10 У = 9 000 2

ХShape3 = 906 У = 18 000

9Shape4 06 ∙ 10 = 9 060 18 000 : 2 + 800 = 9 800

9 060 = 9 060 9 800 = 9 800

  1. Өрнекте.

6 сағ 42 мин = 402 мин 2 754кг = 2т 754кг 240м 50см = 24 050см 900см = 90дм

ІҮ. Бекіту. Ү. Үйге тапсырма: қайталау.


































Математика әлемі

Тақырыбы: Уақыт ,ұзындық,салмақ оның өлшем бірліктері

Мақсаты: оқушылардың уақыт бірліктері және олардың арасындағы қатынас туралы көзқарастарын нақтылау; атаулы сандармен амалдар орындау дағдыларын, сандарды әртүрлі өлшем бірліктермен өрнектей алу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: жаппай жұмыс.

  • Үш аптада қанша күн бар?

  • 2 жарым сағат қанша минутты құрайды?

  • 2 сабақ қанша минутқа созылады?

  • Жазғы каникул қанша аптаға созылады?

  • Қайсы айда ең аз күн бар?

  • Ақпан айы 29 күнге созылатын жыл қалай аталады?

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

1. Ауызша уақыт өлшем бірліктерге орындау.

1 ғасыр = 100жыл 1 тәулік = 24 сағат

1жыл = 12ай = 365 (366) тәулік 1 сағат = 60 минут

1ай = 30 немесе 31 тәулік (ақпанда 28 немесе 29 тәулік) 1 минут = 60 секунд

1 апта = 7 тәулік 1 сағат = 3 600 секунд



1(ә). Қанша уақыт өткенін анықта.

(3сағат 8 мин; 6сағат 32 минут) (4 жыл; 1 жыл 5 күн) т.с.с.

Өздік жұмыс. № 2. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

7 тәулік = 168 сағат 5мин 15с = 315 с 480 сағ = 20 тәулік 6ғ. 507ж. = 1107ж т.с.с.

4. Ұжыммен шығару.

Болды – ? 3 маш. 165-тен шешуі: 165 ∙ 3 – 196 = 299

Жұмсалды – ? тақтай Жауабы: 299 тақтай қалды.

Қалды – 196 тақтай

4.(ә). Өздік жұмыс.

1). 45 ∙ 4 = 180 (ш) алды.

2). 180 + 270 = 450 (ш) болды.

45 ∙ 4 + 270 = 450 (ш) Ж: барлығы 450 шеге болды.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

5. Кесте бойынша есеп құрастырып шығар.

Ш: 150 ∙ 3 = 450 (үлкен альбом)

750 – 450 = 300 кешкентай альбом)

300 : 50 = 6 (дана) Ж: 6 кешкене альбом

7. Жұптық жұмыс. S = 2м ∙ 1м = 2м2 30дм ∙ 2дм = 60 дм2 т.с.с.

8. Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексер.

-806 – 806 + 327

Shape7 479 327 479

327 479 806 т.с.с.

ҮІ. Бекіту. № 6. Ауызша орындау. Шығармашылық тапсырма. № 9

18 ∙ 20 = 360 18 ∙ 19 = 360 – 20 = 342

ҮІІ. Үйге тапсырма: № 3, 32 - бет. Бағалау

Тақырыбы: Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық.

Мақсаты: есептің жаңа түрімен таныстыру; терминдерді дұрыс қолдана алуға үйрету; дұрыс, жылдам есептеуге дағыдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, Математика әлемі

салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

ІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:

1. Тек жауабын жазу.

1 100 – 911 = 189 2 000 – 925 = 1 075 2 000 – 773 = 1 227 т.с.с.

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

Автокөлік сағатына 50км/сағ жылдамдықпен қозғалады.

ЖЫЛДАМДЫҚ – уақыт бірлігінде жүріп өтілген қашықтық.




v – жылдамдық

t – уақыт

s – қашықтық




2. Сәйкес жылдамдықты таңда.

Ұлу – 9 см/ мин. Мотоцикл - 38км/ сағ. Ара – 6м/с. Адам – 5км/сағ. Машина – 95км/ сағ. Велосипед – 12км/сағ.

3. Есепте. Километрді метрге айналдырады.

1). 2 125 : 5 = 425 (м) – үйден мектепке дейінгі жол.

2). 2 125 – 425 = 1 700 (м) – кем

Ү. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

4. Есепті шығар. 1). 30 ∙ 65 = 1 950(тг) – тәтті тоқаштың құны.

2) 5 550 – 1 950 = 3 600 (тг) – бөлке нанның құны.

3). 3 600 : 60 = 60(тг) – бір бөлке нанның бағасы.

Өрнек түрінде: (5 550 – 30 ∙ 65) : 60 = 60(тг)

4(ә) өздік жұмыс.

7.

(х – 15) : 2 = 10

Х – 15 = 10 ∙ 2

Х – 15 = 20

Х = 20 + 15

Х = 35

( 35 – 15) : 2 = 10

10 = 10ҮІ. Бекіту. № 6 ауызша. Шығармашылық тапсырма. № 8 (999 + 9 : 9 = 1 000 1 111 – 111 = 1 000)

Ү. Үйге тапсырма: № 5. 68 - бет. Бағалау

Математика әлемі

Cабақтың тақырыбы:Кім жүйрік?

Сабақтың мақсаты: көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі туралы білімдерін бақылау; теңдеудің көмегімен есеп шығара алу; әрбір шаманың өтілген бірліктері арасындағы қатынастарды білу; есепті шығару кезінде алған білімдерін пайдалана білу; тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін есептеу.

Сабақтың түрі: бақылау.Әдісі: өздік, есептеу, салыстыру. Көрнекілігі: дәптер, қалам

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау.ІІІ. Бақылау жұмысы І нұсқау

  1. Есепті шығар.

Бірінші дүкенге 24 қап картоп, екінші дүкенге 28 қап картоп әкелінд. Екінші дүкенге бірінші дүкенге қарағанда 160 кг артық картоп әкелінді. Әр дүкенге қанша килограмм картоп әкелінді?

  1. Есепте.

20 000 + 8 765 248 327 · 5 8 600 · 40

30 198 + 2658 280 564 : 2 48 348 : 6

  1. Теңдеулерді шеш.

630 : х = 270 : 3 180 : (х – 15) = 9

  1. Өрнектің мәнін тап.

75 289 + 4 382 : 6 – 8 700

  1. Ауданы 45 см2, ені 5 см тіктөртбұрыш сық. Оның периметрін есепте.

ІІ – нұсқау.

  1. Есепті шығар.

680 кг картоп және 360 кг сәбіз жиналды. Сәбізге қарағанда картоп 8 қап атық болды. Сонда неше қап картоп, неше қап сәбіз жиналды?

  1. Есепте.

21 000 – 8 765 280 457 · 5 8 600 · 40

40 198 + 3658 805 642 : 2 48 348 : 6

  1. Теңдеулерді шеш.

63 000 : х = 810 : 9 27 000 : (х - 15) = 9

  1. Өрнектің мәнін тап.

6 007 – 56 : (64 127 – 64 120) · 40

  1. Тіктөртбұрыштың периметрін тап. тіктөртбұрыштың ауданы 45 см2, ені n cм.

ҮІ. Бекіту. Ү. Үйге тапсырма: қайталау



Математика әлемі

Тақырыбы: Көп таңбалы сандар

Мақсаты: Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке, дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, есептеу, салыстыру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Балалар, бүгін біз Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін қайталаймыз. Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін кім қалай меңгергенін байқап көреміз.

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығуда мысалдарды тиімді тәсілмен, әрі тез есептеу.

550+49=599

458-59=399

670+99=769

700+599=1299

730+399=1129

760+598=1358

5700+999=6699

5500+499=5999

1005+999=2004

4680-598=4082

46800-5999=40801

468000-59999=408001

ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау:

4. Есептерді шығар.

ә


5 а) Тіктөртбұрыштың ауданы 24 см², ұзындығы 6 см. Тіктөртбұрыштың периметрін тап және дәптеріңе сыз.

24:6=4

Р=6 см +4 см+6 см+4 см=20 см


ә)

S=24:2=12 см²

Үшбұрыштардың ауданы 12 см²








6. а) Шешуі: 1000:4=250 (м)

Жауабы: балалар 250 метр жүгірулері керек.

ә) Шешуі: 1000:5=200 м

200 :20 =10 с

Жауабы: Мұрат жүгіруге 10 с жұмсады.

7 Тиімді тәсілмен есепте.

125 · 40+125∙6=125∙(40+6) =5750

241∙50+241 ∙8=241∙(50+8) =13978

314∙30+314∙7=314∙(30+7) =11618

418∙30+418∙4=418∙(30+4) =14212

315 ∙60+315 ∙5=315∙(60+5) =20475

829 ∙20+829 ∙3=829∙(20+3) =19067

Ү.Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?

Математика әлемі

Тақырыбы: Логикалық тапсырмалар .Есептер шығару

Мақсаты: Логикалық тапсырмалар орындауда нені білу керек екенін түсіндіру .есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білуін дамыту; балаларды ақыл-ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншлігін ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдісі түсіндіру, көрсету, өзіндік.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІІ. Өткенді пысықтау: 318∙30+318∙7 өрнегінің мәнін табуда қандай тиімді тәсілді қоданамыз? Осындай мысалдар келтіру, оқушылармен ауызша есептеп мәнін табу.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Ү. Жаңа сабақ: № 1 жаттығу түсіндіру.

ә)

345∙34=11730

983 ∙31=30473

458∙95=43510

23476∙21=492996

19031∙51=970581

10003∙98=980294

234∙34=7956

1243∙36=44748

3109∙29=90161

4 Шығармашылық тапсырма.


5,6 есеп өзіндік жұмыс.

6 есеп оқушылармен талдай отырып шығару.

Шешуі: t=260:(60+70) =2 сағ Жауабы: 2 сағаттан кейін кездеседі.

Қорытындылау

Математика әлемі

Тақырыбы: Кім жүйрік?

Мақсаты: оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін үйрету; есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту; балаларды ақыл-ой, еңбек тәрбиесіне баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ Әдісі түсіндіру, көрсету, өзіндік.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІІ. Өткенді пысықтау: № 1 жаттығу бөліндінің мәні мен қалдығын ауызша есептеу.

4205:20=210 (қалд.5) 8102:90= 90(қалд.2) 7203:8=900(қалд.3)

24050:80= 300(қалд.50) 63008:10=6300 (қалд.8)

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: №2 а) оқушыларға түсіндіре отырып шығарту, қосымша бірнеше мысалдар келтіру.

ә)

294:98=3

345:69=5

276:46=6

837:31=27

420:84=5

936:78=12

558:18=31

667:29=23

16 692:52=321

31 458:98=321

12 456:24=519

59 215:65=911

3 ізденіске жетелейтін тапсырма.

Шешуі: (66+95) · 6=966 км Жауабы: екі қаланың арасы 966 км.

4 есепті шығар. Шешуі: 255: (10+7) =15 15·10=150 15·7=105

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау:

5 Мысалдар тізбегін жалғастыр.

1560·17=26520

26520-350=26170

26170:5=5234

5234+3325=8559

8559:27=317

1358:14=97

97+926=1023

1023·38=38874

38874-10819=28055

28055+1507=29562

115668:36=3213

3213+38955=42168

42168:12=3514

3514·18=63252

63252+51486=114738

Қорытындылау Кім жүйрікті анықтадық па?

Тақырыбы: Математикалық диктант

Мақсаты: оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілін тиянақтау; есте сақтау, ойлау және математикалық диктант алу арқылы қабілетін дамыту; балаларды ақыл-ой, еңбек тәрбиесіне баулу, дәптермен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, тазалыққа баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдісі : түсіндіру, көрсету, өзіндік.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: Математикалық диктант

2 а) есептиеп, дұрыстығын тексеру.бірін –бірі бағалайды

45150:14=

921570:51=

175440:43=

740160:36=

888860:98=

813400:28=

302520:12=

908820:18=

247230:41=

986750:5=

526350:3=

195760:8=

3 тапсырманы талдап шығару.


540:х+15=150:2

540:х+15=75

540:х=75-15

540:х=60

х=540:60

х=9

540:9+15=150:2

75=75

х·50+100·9=250·4

х·50+900=1000

х·50=1000-900

х·50=100

х=100:50

х=2

2·50+100·9=250·4

1000=1000

120+х·15=375

х·15=375-120

х·15=255

х=17

120+17·15=375

375=375



1260+12·х=3000

12·х=3000-1260

12·х=1740

х=1740:12

х=145

1260+12·145=3000

3000=3000


Қорытындылау .Тексеру

Математика әлемі

Тақырыбы: Логикалық тапсырмалар

Мақсаты: балаларға логикалық есептеулерді шығаруды меңгерту, жазбаша бөлу тәсілдерін пысықтау; салыстыру, талдау біліктігін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.

Көрнекілігі: сызба Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу


ІҮ. Мақсат қою кезеңі: (кіріспе) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. №2 кесте бойынша есеп құрастыр және оны шығар.

3 есеп талдана отырып шығарылады.

Шешуі: 1680: (16+40) =30 Жауабы: әр қорапта 30 қыштақта бар.

4,5 жаттығуларды өзіндік жұмыс ретінде орындау.

  • Мен домалақ апельсин. Орманда күннен нәр алған.( қолдарын көтеріп керіледі)

  • Алманың да, алмұрттыңда досымыз. ( біріне- бірі бұрылып, қолдарын көтереді)

  • Біз піскен шиелерміз, шыққан күннің көзінен. ( отырып, тұрады)

Мұғалім: ал жемістер, сап түзейік бәріміз,

Қатар тұрсақ жеміс-жидек бағымыз. (қолдарын көтеріп, екі жаққа теңселеді.)

ҮІІ .Түсінгендерін тексеру: №6 тапсырманы талдай отырып шығару. Параллель түзулер дегеніміз не? Үшбұрыш деп қандай фигураны айтамыз?

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:

  • Бүгінгі сабақтан қандай қызықты нәрсені білдіңдер?-Нені үйрендіңдер?

Шығармашылық жұмыс.

Қорытындылау








Математика әлемі

Тақырыбы: Нөлдермен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: 1. Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін үйрету, 2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Типі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық

Көрнекілігі: кестелер Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

II. Жан-жақты білім тексеру.

Геометриялық материалдармен жұмыс. Қораптардың көлемін анықтау.

Жаңа сабақ. №1. Өрнектерді салыстыр. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ата.

231 ∙ 10 ∙ 2 2310 ∙ 2 231 ∙ 2 ∙ 10 231 ∙ 20

231 ∙ 100 ∙ 2 23100 ∙ 2 231 ∙ 2 ∙ 100 231 ∙ 200

231 ∙ 1000 ∙ 2 231000 ∙ 2 231 ∙ 2 ∙ 1000 231 ∙ 2000

Түсіндіру. 2310 200 = 231 10 2 100 = (231 2) (10 100) = 462 1000 = 462000

2. 24 : 6

240 : 60 = 24 онд.: 6 онд.= 4 онд.

2400 : 600 = 24жүзд.: 6 жүзд. = 4 жүзд

Нөлдермен аяқталатын сандарды нөлдермен аяқталатын сандарға бөлу кезінде алдымен бөлінгіш пен бөлгіштегі нөлдерді теңдей алып тастап, содан соң бөлуді орындау тиімді.

Мысалы: 24ОØØØ:6ØØØ=24О:6=4O

Бұл – нөлдерді алып тастау тәсілі деп аталады.

3. Ауызша есептеу.

4. 1-3 бағанын дәптерге орындау

Сергіту сәті.

VI. Білімді бекіту. №5. а) түсіндіре отырып орындау.

6. Өз бетінше жұмыс. №7. Логикалық тапсырма. №8. Ауызша орындау.

VII.Сабақты қорытындылау – Нені білдік?













Математика әлемі

Тақырыбы: Кім жүйрік?

Сабақтың мақсаты: 1. Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін қорытындылау,бекіту,есептеу дағдыларын жетілдіру. 2. Есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; 3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Типі:сайыс сабақ. Әдісі: еске түсіру,, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу

Сабаққа назарларын аудару.

-Мен сабақта,мектептемін. Менің зейінім тұрақты, мен жақсы ойлап отырмын.

III. Мақсат қою. Сабақтың мақсатын хабарлау. IV. Өткенді қайталау.

1. Кесте бойынша есептер құрастыру және шығару.

-Өткен сабақтарда қандай тақырыптармен таныстық?-Қандай қиындықтарға кездестіңдер? Білімдерің мықты болуы үшін не істеу керек? № 2 .Салыстыруды орындату.

3. Кестеде көрсетілген ірімшік массасына қанша теңге төлеу керектігін анықта.

4. Есепте.

540 ∙ 300 3200 ∙ 40

640 ∙ 800 56700 : 90

350 ∙ 9 000 2 310 000 : 60 т.с.с.

5,№6,№7.№8 қайталауға берілген есептерді орындату.

9 Есептеуді орындау барысында ереже құрастырылады; санды11-ге көбейту үшін,оны10-ға көбейтіп,осы санды қосу керек.санды 101-ге көбейту үшін,оны 100-ге көбейтіп,осы санды қосу керек.

V. Білімді бекіту. Өздік жұмыс І нұсқа.

  1. Мысалды орында.

420 ∙ 800 580 ∙ 400 127 800 : 200

  1. Есепті шығар.

Тігін цехына әкелінген мата орамының бірінде 144 м, екіншісінде одан 2 есе кем мата бар. Әр көйлекке 2 м мата жұмсай отырып, барлық матадан көйлектер тігілді. Барлығы неше көйлек тігілді?

  1. Теңдеулерді шеш.

507 + х = 1350 · 4 97000 + а = 100000

  1. Салыстыр.

5 т 25 кг * 51 ц 7525 м * 7 км

40 м 4 см * 400 дм 4 сағ * 200 мин 30 с

1 өздік жұмыс ІІ – нұсқа

  1. Мысалдарды орында.

420 · 40 · 20 127 000 + 800 : 200 810 · 100 : 90

  1. Есепті шығар.

Бір орамда 72 м мата, екінші орамда біріншіге қарағанда 2 есе артық мата, ал екінші орамға қарағанда үшінші орама 30 м мата артық. Әр көйлекке 2 м мата жұмсай отырып, барлық матадан көйлектер тігілді. Барлығы неше көйлек тігілді?

  1. Теңдеуді шеш.

13000 – х = 7000 + 500

  1. Салыстыр.

8 м · 5 + 4 см * 8 дм * 10 152 м · 50 * км

5 т : 10 + 25 кг * 5 ц 25 кг 60 мин · 5 * 240 мин 30 с

VI. Сабақты қорытындылау. -Бүгін нені қайталадық?

-Қайталау білімнің анасы екенін ұмытпаңдаңдар



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
19506
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12