400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1.1.3.1 Ұзындық, масса, сыйымдылық жəне олардың өлшем бірлікте- рін (см, дм, кг, л) ажырату, оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Жануарлар

Пәні: Жаратылыстану

Күні: 19.10.2018ж.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы № 6 ЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні: Айтмамбетова Агия Утебаевна

СЫНЫП:1 «Г»

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Адамдар жануарлардан не алады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.2. жабайы және үй жануарларын ажырату;

1.1.1.1. қоршаған әлем құбылыстары,үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық білім алушылар:

Жабайы жануарлар мен үй жануарларының өмірімен танысады және жануарларды ажырата алады.

Білім алушылардың басым бөлігі:

Жануарлардан қандай өнім алатынын біледі.

Кейбір білім алушылар:

Үй жануарларының пайдасын біледі, жануарлардан алынатын өнімдерді зерттейді.

Бағалау критерийлері

Жабайы және үй жануарларын ажыратады.

Жануарлардан және үй құстарынан қандай өнім алатынын біледі.

Жануарларды зерттейді, бақылайды, салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Термин сөздер үш тілде меңгертіледі.

Тері – кожа - leather

Жүн – шерсть - wool

Сүт – молоко - milk

Жұмыртқа – яйцо - egg

Ет – мясо - meat

Қаймақ – сметана – sour cream


Құндылықтарға баулу

Сыни тұрғысынан ойлау, білім алушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу, жауапкершілікті сезіну.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, музыка сабағы.

Алдыңғы оқу


Жабайы жануарлардың үй жануарларынан айырмашылығы.


Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар



Сабақтың басы

7 мин

2 мин











5 мин






Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

Қош келдіңдер, біздің алтын ұяға,

Шарықтаймыз білімменен қияға.

Бізден сізге сый болсын,

Бүгінгі жаратылыстану сабағы.


Білім алушылар мұғалім ұсынған үй және жабайы жануарлардың белгілері жасырылған үлестірмелі парақшаларды таңдап, соған сәйкес 3 топқа бөлінеді.

1-топ: «Үй жануарлары»

2-топ: «Жабайы жануарлар»

3-топ: «Құстар»


Қызығушылығын ояту

Ашық сұрақтар: «Тақия тастамақ» ойыны

Ойынның барысы:

Бір ойын бар бастамақ,

Оның аты тақия тастамақ.

Аспаймын, саспаймын

Ортаны аралай бастаймын.

Біріңнің қасыңа жеткенде

Тақияны кигізіп тастаймын.

(Тақияны киген оқушы сұраққа жауап береді)


  1. ЖПрямая со стрелкой 1 ұмыртқаны қайдан алады?

  2. Біз сүтті қайдан аламыз?

  3. Түйе сүті қалай аталады?

  4. Үй жануарларына қалай қарау керек?

  5. Өрмекші үй жануарларына жата ма?

Білім алушылардың сұрақтарға жауап беруі арқылы сөйлеу мен ойлау дағдылары жетіледі және жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

Бағалау: Сұраққа жауап берген білім алушыға сұрақ бойынша жануарлардың суреттерімен бағаланады.

Белсенді тақта, жүн мен мамық- тан жасалған бұйымдар, ыдысқа құйылған сүт өнім дері, суретті парақ шалар






Сабақтың ортасы

































































Сабақтың соңы



25 мин


































































8 мин








Бейнебаян арқылы жануарлар әлеміне шолу.

Топтық жұмыс:

№1 тапсырма.

1-топ: Суретке қара, үй жануарларынан қандай өнімдер алынатынын ата. (ет, сүт, жүн, тері)

Дескриптор: Суреттерді ажыратады, үй жануарла- рынан алынатын өнімдерді атай алады.


2-топ: Жабайы жануарлардың пайдасы әңгімелеу.

Дескриптор: Жануарлардың пайдасын әңгімелей алады.


3-топ: Үй құстарының атауларын ата.

Дескриптор: Үй құстарының атауларын біледі.

Бағалау: Күлдіргіштер арқылы бағалаймын.


Зерттеу жұмысы:

Білім алушылардың назарын алдын-ала дайындап қойған, олар күнделікті қолданылып жүрген азық-түліктерге аударады.


1-топ: Тері және жүннен жасалған бұйымдардың түрлерін ата.

Дескриптор: Тері, жүннен жасалған бұйымдардың түрлерін атай алады.


2-топ: Қазы, тауық еті және сиыр етін ажырату.

Дескриптор: Түрлі ет өнімдерін ажырата алады.


3-топ: Ыдысқа құйылған сүт, шұбат және қымыздың дәмін татып, қандай жануарлардан алынатынын біледі.

Дескриптор: Жануарлардан алынатын өнімдерді ажырата алады.

Дескриптор: Суреттерді ажыратады, үй жануарла- рынан алынатын өнімдерді атай алады.

№2 тапсырма


  1. Үй жануарларын өз төлдерімен сәйкестендіру.

Дескриптор: - Үй жануарларын сәйкестендіре алады.


  1. Жабайы және үй жануарларын салыстыру.

Дескриптор: - Жабайы және үй жануарларын салыстыра алады.


3. Үй жануарларын қалай күтеміз, адасқан жануарларды қорасына кіргізу.

Дескриптор: - Үй жануарларын күту туралы әңгімелей алады.

Бағалау: Күлдіргіштер арқылы бағалаймын.


Сергіту сәті

«Үй жануарларының хоры»

Тек сүт беретін үй жануарлары әндетеді

(мө-мө, бө-бө, мә-мә) – 1-топ

Жабайы жанурлар (қасқырлар) әндетеді (ұлиды)-2-топ

Әтештер әндетеді (ку-ка-ре-ку)-3-топ


Коммуникативтік дағдылар:

Тыңдалым – Бейнебаян

Оқылым – Оқулықпен жұмыс

Айтылым – Үш тілділік

Жазылым – Дәптермен жұмыс


Кері байланыс орнату. «Ашық микрофон» әдісі.

  1. Жануарлардан қандай өнімдер алынады?

  2. Үйде ұстайтын жануарлардың қандай пайдасы бар?

  3. Қандай үй құстарын білесіңдер?

  4. Жабайы аңдар қайда мекендейді?

  5. Өрмекші ұша ма?

https://youtu.be/buWvWTLZLb

































Суреттер



Венн жүйесі




Суреттер, қоралар































Рефлексия.


Нені білдім? Нені үйрендім? Нені толық

түсінбедім?


Саралау – Бүгінгі сабақта білім алушылар қаншалықты білім алғандығын айқындау мақсатында жүргізіледі. Білім алушылардың ішкі және сыртқы уәжіне негізделе отырып, әр білім алушыларға деңгейіне қарай спиральді білім арқылы тапсырмалар беремін.

Тапсырма: Жануарлар мен құстардан алынатын өнімдерді сәйкестендір.

Дескриптор: Білім алушылар жануарлар мен құстардан алынатын өнімдерді өз орындарына сай сәйкестенді- ре алады.

Ықшамсабақта жоспарлау-Оқу бағдарламасынан оқу мақсатын дұрыс таңдай білуді және тиәмдә жоспарлауды үйрендім. Ықшамсабақты жоспарлап өту мен талдау қиын болды. Сабақты жоспарлауда ықшамсабақтың нақты қадамдарға жету үшін тиімділігін білдім.

Және де кері байланыстың оқу мақсатына жетуде көп ықпал ететіндігін ұғындым.

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау


Білім алушылардың дүниетанымын кеңейту, өмір қауіпсіздік негіздерін ұғыну



Қорытынды бағамдау:


  1. Қандай екі нәрсе табысты болды (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Білім алушы қабілетіне сәйкес берілген саралау жұмыстары.

2: «Тақия тастамақ» ойыны жақсы болды.

2. Сабақты жақсартуға не ықпал етеді?

1: Ресурстар

2: Әдіс-тәсілдерді көбірек қолдану.

3. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Топпен жұмысты әрі қарай жалғастыру

2: Әдіс - тәсілді көбірек қолдану, ым-ишара арқылы мадақтау.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі