400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика 1 сынып 1 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқы мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұғалімнің аты-жөні:

Махамбеталиева Салтанат Сабитовна

Пән/Сынып:

Математика /1 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

1 аптаның 1- сабағы

Тарау немесе бөлім атауы:

Cандар мен цифрлар

Сабақтың тақырыбы:

Заттарды санау

Оқу мақсаты:

1.1.1.1 натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

1.5.2.1 цифрды саннан ажырата алу, бір таңбалы сандарды түрлі әдістермен көрнекі бейнелеу (сандық түзуде , нүктелердің, таяқшалардың жиынтығы түрінде)


Бағалау критерийі:

-10- ға дейін санауды үйренеді;

-10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды;

-Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, балалар! Сіздерді бірінші сыныпқа қадам басуларыңызбен құттықтаймын және сіздерді математика әлеміне саяхатқа шақырамын. Сіздерді қызықты есептер, басқатырғыш тапсырмалар және математикалық ойындар күтіп тұр. Сіздер санауды, есептеуді, өлшеуді, сызуды, салыстыруды үйренесіздер. Ғажайып әлемнің көптеген заңдылықтарымен танысатын боласыздар.

Бүгінгі сабақта сіздер:

-10-ға дейін санауды үйренесіздер;

-10-ға дейін тура және кері санайсыздар,

-натурал сандар қатарындағы орнын анықтайсыздар;



Не меңгеретінін білу үшін


Презентация № 1-2 бет

7 минут

Жаңа сабақ

Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беріңіздер. Суретте қанша зат көріп тұрсыздар?

1 доп 2 алма 3 мәшине 4 гүл 5 шар....

Есте сақта, ережелері:

Біз заттарды санаған кезде олардың саны қанша екенін білеміз.Сан заттардың қанша екенін білдіреді. Енді барлығымыз бірге бірден онға дейін санап көрейік. Заттарды санау әрқашан «бір» санынан басталады және сандарды рет-ретімен қалдырмай атау керек. Тура және кері санау.

Жаңа тақырыпты

меңгеру


Презентация №4-13-бет




Презентация №14-бет

8 минут



Тәжірибе

1-тапсырма.

-Сұрақтарға жауап бер:

Суретте неше мәшине бейнеленген? Дұрыс жауап 7 мәшине

Суреттегі текшелер саны қанша? Дұрыс жауап 6 текше

Екі қолда қанша саусақ ? Дұрыс жауап

10 саусақ

Екі мысықта неше аяқ бар? Дұрыс жауап

8 аяқ

2-тапсырма.

Бірге орындайық:

Суретте неше зат бейнеленген? Заттарды санап, қанша зат болса сонша дөңгелекті дәптерлеріңізге суретін салып шығыңыздар.

-Тамаша, енді осы дөңгелектерді бірге санап шығайықшы.

Өте жақсы, балалар!

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

1-тапсырма.

Заттарды санайды.

Дұрыс жауабын айтады.







2-тапсырма.

Заттарды санайды.

Дөңгелектерді бояйды.

Презентация №15-18 бет









Презентация №19 бет

3 минут



Бекіту

Ал енді сіздердің бүгінгі тақырыпты қалай меңгергендеріңізді білу үшін сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтап көрейік. 1 2 ... 4 ... 6 ... 8 9 ....


Тақырыпты меңгергенін анықтау


Презентация № 21 бет

1 минут

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта 10-ға дейін санауды үйрендіңіздер,10-ға дейін тура және кері санай алдыңыздар, натурал сандар қатарындағы орнын анықтай білдіңіздер;

Сабақты жақсы меңгердіңіздер деп ойлаймын, келесі кездескенше сау болыңыздар!
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.04.2025
292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі