400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Математика 2-сынып Есептер шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
-
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: математика

Мектеп: Тараз қ. Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектеп

Ортақ тақырып: Саяхат

Мұғалімнің аты: Ермағамбет Толғанай

Күні:


Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Логикалық есептер шығару

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

2.4.2.2 - сандық есептерді, әртүрлі сандардан тұратын басқатырғыштарды, ауыстырып құюға және өлшеуге берілген логикалық есептерді зерттеу және шығару

2.4.2.1 Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтау, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Әртүрлі басқатырғыштарды шығара алады, ауыстырып құюға берілген есептерді шығара алды, ақиқат немесе жалған тұжырымдардарды ажырата алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ауыстырып құюға берілген есептердің шешуін практикалық тұрғыдан көрсетіп, түсіндіре алады, ақиқат немесе жалған тұжырымдар құра алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Құраған тұжырымдарының ақиқат немес жалған екендігін дәлелдеп, түсіндіріп бере алады

Бағалау критерийлері

- сандық есептер мен әртүрлі басқатырғыштарды зерттеп, шығарады

- ауыстырып құюға берілген есептердің шешуін табады,практикалық тұрғыда көрсете отырып, түсіндіреді

- тұжырымдардың ақиқаттығын немесе жалғандығын анықтайды

- ақиқат немесе жалған тұжырымдар құрады

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану,жіктеу, бағалау

Тілдік мақсат

оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдылары дамиды

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Басқатырғыштар, логикалық есептер, ақиқат немесе жалған тұжырым

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қалай ойлайсың?

-Тұжырым ақиқат па, жалған ба?

-Қалай ауыстырып құюға болады?

Құндылықтарды дарыту

Достық, ынтымақтастық, белсенділік, ауызбіршілік, сыйластық, табандылыққа, еңбексүйгіштікке баулу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, әдебиеттік оқу, қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интернет- платформалары, дереккөздердің сілтемелері

Бастапқы білім

Қарапайым басқатырғыштарды шеше алады, пазлдарды құрастырып , түрлі тізбекпен орындалатын тапсырмаларды орындай алады.Сандарға амалдар қолданып, өрнектердің мәнін таба алады. Шамаларды ажыратып, өлшем бірліктерінің арақатынасын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Ресурс-тар

Басы


Психологиялық дайындық және топқа бөлу

«Атомдар мен молекулалар» әдісі

Әр қатысушы-жеке атомдар. Мұғалімнің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Мұғалім қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалуы керек. Молекула құрамына кірмей қалған оқушыларға өткен сабақтардан сұрақтар қойылады.

Атом...қозғалыс...молекула3(3оқушы бірігеді)...қозғалыс...молекула5...қозғалыс...молекула6(6 оқушы бірігіп 1топты құрайды)

1топ-Пазлдар

2-топ-Басқатырғыштар

3-топ-Сөз жұмбақтар

Миға шабуыл (өткен сабаққа шолу жасау)

-Шаршының ережесін айт

-Есептің құрылымын айт

-Сыйымдылық өлшем бірліктерін ата

-4жұмыртқа 4 минутта піссе,1 жұмыртқа неше минутта піседі?

-Ағаш басында 12 торғай отыр еді, аңшы 1-еуін атып түсірді.Ағаш басында неше торғай қалды ?

Жаңа сабақтың мақсатын хабарлаймын: -Ал, балалар, бүгін логикалық есептерді шығаруды, түрлі басқатырғыштардың жауабын табуды үйренеміз.

Ортасы


Тапсырма: «Сиқырлы шаршылар» (ТЖ)

Сандарды тігінен және көлденеңінен қосып, шаршы ұяшықтарын толтыр. Постерді толтырып, келесі топқа тексеруге береді.

1-топ 2-топ 3-топ

Дескриптор:

  1. Өрнектердің мәнін табады

  2. Кестенің дұрыс құрылғандығын тексереді, дәлелдейді

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Shape1

Shape2

Екі жұлдыз, бір тілек



Shape5 Shape4 Shape3






Тапсырма: «Көршіме айтамын» әдісі (ЖЖ) Әр машина бір санды көрсетеді. Оның қай сан екенін анықта. Өрнектердің мәні тақтаға шығарылады, өз жауаптарымен салыстырады.

Дескриптор:

  1. Көтергіші бар көлік қандай санды білдіретінін тауып, өрнекті жазады

  2. Араластырғышы бар көліктің қандай санды білдіретінін тауып өрнекті жазады

  3. Жүк көлігінің қандай санды білдіретінін тауып,өрнекті жазады

  4. Мәшинелердің білдіретін сандарынан өрнек құрап, мәнін табады.

ҚБ: «Бинго» әдісі


Сергіту сәті: «Әли мен Аяның» биіне қосылып, қимыл қозғалысын қайталайды

Тапсырма: «Кейс стади» әдісі (ТЖ)зерттеу жұмысы

Өзеннен темір ыдыспен 4л су алу керек.Егер сенде 5литрлік шелек пен 3литрлік банка бар болса, онда өзеннен суды қалай аласың?

Дескриптор:

  1. Комбинациялар тізбегін құрады

1-2 қадам

3-4 қадам

  1. Комбинаторикалық есептің шешуін анықтайды

  2. Комбинациялар тізбегін өрнек түрінде жазады

  3. Есептердің шешуін практикалық тұрғыда көрсете отырып, түсіндіреді.

ҚБ: «Еркін микрофон» әдісі


Саралау тапсырмасы (қарқын, қолдау): «Ішіне- сыртына» әдісі (ӨЖ) Төмендегі тұжырымдардың ақиқат немес жалған екендігін анықтап, «Ішіне» бағанына ақиқат тұжырымдарды топтастырып жазады, «сыртына» бағанына жалған тұжырымдарды топтастырып жаз, өзбетіңше ақиқат және жалған тұжырымдар құрастыр

25 пен 9 сандарының қосындысы 34-ке тең

48бен 5 сандарынынң қосындысы 50-ден үлкен

80саны 65 санынан артық емес

70 саны 65 саныннан кем емес

100бен 28 сандарының айырмасы 62-ге тең

Дескриптор:

1)Өрнектердің мәнін табады

2)Теңсіздіктерді салыстырады

3)Берілген тұжырыммен салыстырып, айырмашылығын табады

4)Тұжырымның ақиқат немес жалған екендігін дәлелдеп, бағанға бөліп жазады

5)Өзбетінше ақиқат немесе жалған тұжырымдарды құрастырады

1-2

3-4

5-6

ҚБ: «Сэндвич» әдісі

1-ші бөлік: өте оңай болғаны

2-ші бөлік: қиындық туғызғаны

3-ші бөлік: өте қиын болғаны


постер

маркер

желім












Жұлдыз-шалар мен тілекхат









Интер белсенді тақта


Көлік түрлері бар қима қағаздар









жасыл

қызыл түсті қалам



видео жазба






фишкалар

банка

шелек











микрофон









Постер

«ішіне- сыртына»


Соңы

Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі

алақан суреті бар қима қағаздар

Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
808
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі