жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математика 2 сынып .Жиындардың бірігуі және бөліктерге бөлінуі Менің өлкемнің табиғаты
Пән: Математика Орта мерзімді жоспар бөлімі: 2 C-бөлім Жиынды және оның элементін белгілеу. және таңбалары Күні:13.12.19 ж Сынып: 2-сынып |
Мектеп:БМЖОББМ Мұғалімнің аты-жөні: Султанкулова Г. Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар саны: 0 |
||||
Сабақ тақырыбы |
Жиындардың бірігуі және бөліктерге бөлінуі Менің өлкемнің табиғаты |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.2.3.2. Жиындарды құрастыру және жіктеу,біріктіру |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Жиынды және оның элементін белгілеу. және таңбалары туралы білімді меңгереді. Көптеген оқушылар: есептеудің жазбаша тәсілдерін пайдаланады. Кейбір оқушылар: оқулықта берілген тапсырмаларды өз бетінше орындайды. |
||||
Бағалау критерийлері |
Білім алушылар жиындар және олардың элементтері туралы білетін болады.Сабақ барысында оқушылар «жиын», «жиын элеметтері» сөздерін қолданады.Тең жиындардың бірігуін және жиыннан оның тең бөліктерін айырып алудың, диаграмма түрінде көрсетудің алғашқы тәжірибесін қалыптастырады. |
||||
Оқытудың тілдік мақсаты |
Пәндік лексика мен терминология Жиын, шеңбер, Венн диаграммасы, ішінде, сыртында; Жіктеу, қосу, топ, белгілеу, анықтау; Жиындар, топшалар, бос жиын, әмбебап жиын элементі, белгілері немесе, екеуі де, ешқайсысы, біреуден көп, бөлік, қиылысу бөлігі, ортақ бөлігі Талқылауға арналған сұрақтар: Венн диаграммасының бір шеңберіне қандай элементтер кіруі мүмкін? Егер бұл элемент шеңберлердің ешқайсысына кірмейтін болса, не болады? Неліктен екенін айта аласыз ба? … бұл шеңберлердің ешқайсысына кірмейді? … мұны шеңберлердің екеуіне де кіргізуге болады? … мұны шеңберлердің тек біреуіне ғана кіргізуге болады? Жазуға арналған тапсырмалар: Венн диаграммасының шеңберлерін белгілеңіздер. Венн диаграммасының тиісті шеңберіне, ішіне немесе сыртына элементтерді жазыңыздар. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Музыка, қазақ тілі. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, постер, кері байланыс парағы т.б |
||||
Бастапқы білім |
Заттарды критерилері бойынша жіктеу дағдылары |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. Шаттық шеңберін құру: Шақырамын сендерді Жолдастарым,кел бері. Толтырайық шаттыққа, Дөңгеленген шеңберді. Достарымның барлығын Сыйлап,жақсы көремін. Алақаным арқылы Жылыуымды беремін. Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
Сыныптағы бала санына қарай балықтар,жануарлар, өсімдіктер және құстар суреттері қойылады, әр оқушы өзіне ұнаған суретті алады осы суреттер бойынша бір-бірін тауып, бір топ құрайды. 1-топ: Құстар 2-топ:Өсімдіктер 3-топ: Балықтар 4-топ:Жануарлар Жұмыс ережесін келісу
-Балалар,бәріңнің қолдарыңда нелердің суреттері? -Құстардың,жануарлардың,өсімдіктердің,балықтардың суреттері. Осы аталған заттар біздің өлкемізде кездесе ме? -Ия ,кездеседі.Өйткені олар біздің өлкеміздің табиғатына жатады. -Олар бізге не үшін керек? Өйткені біздің өміріміз табиғатпен тығыз байланысты. Оларға қандай қамқорлық жасаймыз? Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) « Сұрақ-жауап» әдісі. «Кубизм» ойыны Миға шабуыл : /ҰЖ/ -Жиын деген не? -Жиын элементтері дегеніміз не? -Жиынды қалай белгілейміз? -Оның ішіндегі элементтерді қалай белгілейміз?
.ҚБ: Топта смайликтер арқылы бағалау Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|||
Сабақтың ортасы |
Белсенді оқу тапсырмалары(тж) Мозайка құру. «Кім жылдам» әдісі
Дескриптор: -жиын және жиын элементтерін біледі -Жиынды екі бөлікке бөледі -Жиындарға атау береді ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Сергіту сәті: «Көңілді күн» би
Жұптық жұмыс. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі арқылы есептеп,дұрыстығын тексер тапсырмасын орындау. 25+9 100-2 90-18 27+33 74-8 76+7 14+56 89-45
Дескриптор; -қосындының мәнін табады -айрманың мәнін табады -өрнектерді математикалық тілде оқиды
ҚБ: «От шашу» арқылы бағалау
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|||
Сабақтың соңы |
Қорытындылау /ЖекеЖ/ Сызба бойынша бір және екі амалмен орындалатын есептер құрастыру ҚБ: Күн шуағы арқылы арқылы бір-бірін бағалау. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс:.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Сабақтан алған әсерлерін хабарлама арқылы ұстазға оқып береді, немесе қалдырады. |
|||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
|||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||
Оқу ісінің меңгерушісі: 13.12.19 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген