Математика 3 сынып 0 срез тапсырмалары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Математика 3 сынып 0 срез тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика 3 сынып 0 срез тапсырмалары 2 нұсқада
Материалдың қысқаша нұсқасы

2023-2024 оқу жылы 3 сынып оқушыларына математика пәні бойынша

кіріс тест тапсырмалары

1-нұсқа

Орындаған: 3 «__» сынып оқушысы _____________________________________


1.Азайғышы 777, азайтқышы 178, айырманың мәнін тап. [ 1 ұ.]

А)589 В)597 С)599 Д)598


2.Асханада 30 бала 5 үстелге тең бөлініп отырды. Әр үстелде неше баладан отыр? [ 1 ұ.]

А)24 б. В)36 б. С)6 б. Д)5 б.


3.Амалдарды орында: 27:3-35:5 [ 1 ұ.]

А)2 В)4 С)3 Д)5


4.Тік төртбұрыштың ұзындығы 5 см,ені 3 см.Периметрін тап. [ 1 ұ.]

А)8 см В)16 см С)15 см Д)2 см


5.Дене шынықтыру сабағында 28 бала 4 топқа бөлініп ойнады. [ 1 ұ.]

Әр топта неше баладан?

А)7 В)32 С)24 Д)112


6.Тура емес теңсіздікті тауып белгіле. [ 1 ұ.]

А)15:3<25:5 В) 720+20<52+20 С) 15+25= 100-60 Д) 27+39=3*22


7. 7-ге бөлінетін барлық екі таңбалы сандарды тап. [ 1 ұ.]

А)14,21,28,35,42,49,16,24,48 В)14,27,36,45,54,63,81,99

С)14,21,28,35,42,49,56,63,70 Д)14,24,32,36,42,48,54,64

8.Ұзындығы 6 см,ені 4 см тік төртбұрыштың ауданын тап. [ 1 ұ.]

А)24 см2 В)16 см2 С)36 см2 Д)10 см2


9.Бірінші оқушы күніне 4 кітап,екінші оқушы 6 кітап жөндесе,екеуі бірігіп, [ 1 ұ.]

5 күнде неше кітап жөндейді?

А)10 к. В)15 к. С)50к. Д)44 к.


10. Дұрыс жазылған өрнекті анықта: 380 пен 20 сандарының қосындысына 9-ды қос [ 1 ұ.]

А) 380+20-9 С) 380+(20+9)

В) (380+20)+9 Д) 380+20-9


11. Лақтың массасы 7 кг, ал қозының массасы одан 3 кг артық. Қозының массасы неше килограмм?

А) 7 кг В) 4 кг С) 10 кг Д) 6 кг


12. Күз айларын өсу ретімен қалай рим цифры бойынша белгіленеді? [ 1ұ.]

А) IV,V, VI В) V,VI,VII С) VI,VII,VIII Д) ХI, Х, ХI

13. Есепті шығар:

Асханаға түске дейін 178 кг, түстен кейін 168 кг капуста әкелінді. [ 1 ұ.]

Оның 185 кг-ы тұздалды. Қалған капуста қанша?

А) 531 кг В) 161 кг С) 195 кг Д) 186 кг


14. Шаршы дегеніміз.... [ 1 ұ.]

А) Барлық қабырғалары тең келетін төртбұрыш

В) Барлық қабырғалары тік болатын тіктөртбұрыш

С) Қарама-қарсы қабырғалары тең келетін тіктөртбұрыш

Д) Барлық қабырғалары тең болмайтын тіктөртбұрыш


15. 673 санын разряд бойынша бөл. [ 1 ұ.]

А) 60 жүздік, 7 ондық, 3 бірлік С) 67 жүздік, 3 ондық

В) 6 жүздік, 7 ондық, 3 бірлік Д) 6 жүздік мың, 7 ондық мың, 3 бірлік мың

16. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше [ 1 ұ.] килограмм картоп әкелінді?

А) 320 кг В) 120 кг С) 300 кг Д) 100 кг


17. Сантиметрмен өрнекте: 4м 8дм 7см [ 1 ұ.]

А) 480см В)478см С)847см Д)487см


18. Егер күніне комбайншылар 10 центнер бидай орса, аптаның аяғында қанша центнер бидай орады? [ 1 ұ.]

А) 100 ц В) 10000 ц С) 70 ц Д) 700 ц

19. в+(70-15) өрнегінің мәні 80 тең. Әріпті өрнектің мәнін тап [ 1 ұ.]

А) 125 В)120 С)115 Д) 135

20. 7 • х=63 Мұндағы х-тің мәні [ 1 ұ.]

А)5 В) 7 С) 8 Д) 9






Барлығы 20 ұпай, сенің нәтижең_____ ұ.


2023-2024 оқу жылы 3 сынып оқушыларына математика пәні бойынша

кіріс тест тапсырмалары

2-нұсқа

Орындаған: 3 «__» сынып оқушысы _____________________________________


1.Азайғышы 888, азайтқышы 178, айырманың мәнін тап. [ 1 ұ.]

А) 670 В)780 С) 710 Д)700


2.Асханада 40 бала 8 үстелге тең бөлініп отырды. Әр үстелде неше баладан отыр? [ 1 ұ.]

А)32 б. В)48 б. С)6 б. Д)5 б.


3.Амалдарды орында: 36:4-24:6 [ 1 ұ.]

А)2 В)4 С)3 Д)5


4.Тік төртбұрыштың ұзындығы 6 см,ені 4 см.Периметрін тап. [ 1 ұ.]

А)20 см В)16 см С)15см Д)22 см

5.Дене шынықтыру сабағында 36 бала 4 топқа бөлініп ойнады. [ 1 ұ.]

Әр топта неше баладан?

А)9 В)32 С)40 Д)8


6.Тура емес теңсіздікті тауып белгіле. [ 1 ұ.]

А)15:3=25:5 В) 720+20<52+20 С) 15+25= 100-60 Д) 27+39<3*22


7. 8-ге бөлінетін барлық екі таңбалы сандарды тап. [ 1 ұ.]

А)14,21,28,35,42,49,16,24,48 В)16,24,32,40,48,56,64,72

С)14,21,28,35,42,49,56,63,70 Д)14,24,32,36,42,48,54,64

8.Ұзындығы 8 см,ені 3 см тік төртбұрыштың ауданын тап. [ 1 ұ.]

А)24 см2 В)16 см2 С)36 см2 Д)10 см2


9.Бірінші оқушы күніне 3 кітап,екінші оқушы 6 кітап жөндесе,екеуі бірігіп, [ 1 ұ.]

5 күнде неше кітап жөндейді?

А)10 к. В)15 к. С)50к. Д)45 к.


10. Дұрыс жазылған өрнекті анықта: 460 пен 40 сандарының қосындысына 5-ті қос [ 1 ұ.]

А) 460+40-5 С) 460+(40+5)

В) (460+40)+5 Д) 460+40-5


11. Егер күніне комбайншылар 10 центнер бидай орса, аптаның аяғында қанша центнер бидай орады? [ 1ұ.]

А) 100 ц В) 10000 ц С) 70 ц Д) 700 ц

12. Лақтың массасы 7 кг, ал қозының массасы одан 3 кг артық. Қозының массасы неше килограмм? [ 1 ұ.]

А) 7 кг В) 4 кг С) 10 кг Д) 6 кг


13. Жаз айларын өсу ретімен қалай рим цифры бойынша белгіленеді? [ 1ұ.]

А) IV,V, VI В) V,VI,VII С) VI,VII,VIII Д) ХI, Х, ХI


14. Есепті шығар:

Асханаға түске дейін 168 кг, түстен кейін 127 кг капуста әкелінді. [ 1 ұ.]

Оның 135 кг-ы тұздалды. Қалған капуста қанша?

А) 531 кг В) 160 кг С) 195 кг Д) 186 кг


15. Шаршы дегеніміз.... [ 1 ұ.]

А) Барлық қабырғалары тең келетін төртбұрыш

В) Барлық қабырғалары тік болатын тіктөртбұрыш

С) Қарама-қарсы қабырғалары тең келетін тіктөртбұрыш

Д) Барлық қабырғалары тең болмайтын тіктөртбұрыш


16. 782 санын разряд бойынша бөл. [ 1 ұ.]

А) 70 жүздік, 8 ондық, 2 бірлік С) 78 жүздік, 2 ондық

В) 7 жүздік, 8 ондық, 2 бірлік Д) 7 жүздік мың, 8 ондық мың, 2 бірлік мың

17. Асханаға 200 кг пияз және одан 2 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше [ 1 ұ.] килограмм картоп әкелінді?

А) 320 кг В) 120 кг С) 400 кг Д) 100 кг


18. Сантиметрмен өрнекте: 7 м 8дм 3см [ 1 ұ.]

А) 783см В)378см С)833см Д)387см


19. в+(80-15) өрнегінің мәні 60 тең. Әріпті өрнектің мәнін тап [ 1 ұ.]

А) 125 В)120 С)115 Д) 135

20. 8 • х=72 Мұндағы х-тің мәні [ 1 ұ.]

А)5 В) 7 С) 8 Д) 9





Барлығы 20 ұпай, сенің нәтижең_____ ұ.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.00.2024
1068
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі