Материалдар / Математика 4 сынып

Математика 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтарды қайталау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2020
449
0 рет жүктелген
770 ₸ 770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Бас мүфти
Ержан қажы Малғажыұлының
бастамасымен
ДІН МЕН ДӘСТҮР
Тал бесіктен жер бесікке дейін
ІІ кітап
Алматы, 2017


Page 2

ӘОЖ 28
КБЖ 86.38
Д 91
Қазақстан Республикасы
Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының
оң қорытындысы берілген
Баспаға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Ғұламалар кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев
атындағы ЕҰУ-нің профессоры
Ж.О.Артықбаев
Тарих ғылымдарының докторы, профессор
Әбдеш Төлеубай
Редакция алқасы:
Е.М.Маямеров, С.С.Ораз, Н.Т.Өтпенов, Ғ.Ж.Мәжиев, М.Х.Алсабеков,
Ш.Т.Керім, Е.А.Оңғаров, З.Ж.Оразбаев, А.Ш.Сманов,
С.С.Сейітбеков, Б.Б.Мансұров, С.Қ.Шоқанов, А.Ш.Әділбаев,
М.И.Пәттеев, С.З.Ибадуллаев, М.Б.Исахан, Е.Б.Әміре.
Баспаға дайындағандар:
С.З.Ибадуллаев, Е.А.Оңғаров.
Д 91 «Дін мен дәстүр» ІІ кітап (тал бесіктен жер бесікке дейін).
Астана, 2017 – 176 бет
ISBN 978-601-7926-15-1
ІІ кітап. - 176 б.
Дін мен дәстүр – егіз ұғым. Осы кітапта қазақы әдет-
ғұрыптардың басым бөлігінің имани ұстанымнан алынғандығы,
дәстүр мен діннің біте қайнасып бөлінбес дүниеге айналғандығы
туралы баяндалады. Кітап исламтанушы, дінтанушы, теолог ма-
мандармен қатар жалпы ізгі ниетті оқырман қауымға арналады.
ӘОЖ 28
КБЖ 86.38
ISBN 978-601-7926-15-1
© Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, 2017


Page 3

3
Алғысөз
Қадірлі оқырман!
2013 жылы «Дін мен дәстүр» кітабын шығарып,
тұсауын кескен кезде, бір топ жазушы, ғалым,
дін мен дәстүріміздің жанашыр азаматтары: «Бұл
бастамаларыңыз өте орынды. Енді осы кітаптың
екіншісін шығарсаңыздар оңды іс болар еді», – деп
тілек білдірген. Сонда зиялы қауым өкілдерінің бұл
өтінішін орындауға уәде еткенбіз. Міне, Құдай қолдап,
қолыңызға «Дін мен дәстүрдің» екінші кітабы тиді.
Аллаға шүкір, қазақ халқы әлмисақтан мұсылман.
Өзінің ғасырдан ғасырға жалғасқан Хақты тану
дағдысы бар. Халқымыз осы қасиетінен айырылмай,
діні мен дәстүрін үйлестіріп, Құдайға құлшылығын жа-
сап, дархан мінезінен танбай келеді. Жақсылыққа жаны
жақын жұрттың қашан да өмірі сәулелі болмақ.
Иә, біздің салт-дәстүріміз тәрбие мен тағылымға,
ізгілік пен адамгершілік құндылықтарға тұнып тұр.
Халқымыздың күнделікті тұрмысында әдетке ай-
налып кеткен әдеп-ғұрыптардың астарына үңілсек,
шариғаттың бір талабы тұрғанын байқаймыз. Сәби
дүние есігін ашқанда құлағына азан шақырып ат қою,
ақиқа құрбандығын шалып, келінге қалжа жегізу, бала-
ны қырқынан шығару, шілдехана-бесік той жасау, тұсау
кесу, сүндет той, атқа мінгізу, тоқымқағар, тілашар,
т.б. жоралғылар – Исламда бар рәсімдер немесе асыл
дініміз құптаған игі амалдар.
Жоралы жұртымызда сәби туылғанда осынау
қуанышты хабарды ағайын-тумаға жеткізушілердің
сүйінші сұрайтын дәстүрі бар. Ал қасиетті кітабымыз
Құран Кәрімде дүниеге келген нәресте үшін сүйінші
сұрау көрініс тапқан. Алла Тағала Зәкәрия (ғ.с.)
пайғамбарды сәбимен сүйіншілегені туралы былай


Page 4

4
Дін мен дәстүр
дейді: «Ол михрабта намаз оқып тұрған сәтте оған
періштелер: «Расында, Алла сені Жақиямен (Яхиямен)
қуандырады», – деп дауыстады» («Әли-Имран» сүресі,
39-аят). «Ей, Зәкәрия! Расында, сені Жақия атты бір
ұлмен қуантамыз (сүйіншілейміз). Біз бұрын мұндай
атты ешкімге қоймаған едік» («Мәриям» сүресі, 7-аят).
Алты тараудан тұратын кітапта балалық шақ,
бала тәрбиесі, жігіттік шақ, отбасы салттары, діни
ғұрыптар, дінге қатысты салттар, дүниеден өтуге
қатысты салттар туралы баяндалады. Біз бұл кітаппен
қазақ қоғамына жаңалық ашып жатқан жоқпыз. Бар
болғаны, кезінде бабаларымыз қалыптастырып кет-
кен, кейіннен көмескі тарта бастаған салт-дәстүрімізді
жаңғыртып, дінмен үйлесім тапқан әдет-ғұрпымызды
жамағатқа кеңінен насихаттау. Мақсатымыз – ұлттық
табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мәзһабымыз бен
танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді,
жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді
жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық та-
рихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру.
Дін мұраттарын қалың бұқараға ұғынықты етіп
жеткізу үшін де алдымен қазақтың тілі мен тарихын,
мәдениеті мен әдебиетін жетік білу қажет. Имамдар
мен уағызшыларымызға осындай талап қойылады.
Сонымен қатар, ұлттық таным мен әдет-ғұрыптардың
мұсылманшылықпен сабақтастығын саралап көрсететін
сүбелі еңбектер де жазылуы керек. Қолыңыздағы кітап
сондай игі бастаманың жалғасы деп атар едім.
Бұл туынды дінін ұстанып, дәстүрін ардақтаған
жұртымыз үшін пайдалы еңбек болады деген үміттемін.
Алла қаласа, дін мен дүние ісінде жастарға жол сілтеуші
құнды кітапқа айналады деген ниеттемін. Сонымен
қатар, дін төңірегіндегі сұрақтарға «Дін мен дәстүр»


Page 5

5
Дін мен дәстүр
(тал бесіктен жер бесікке дейін) жауап бере алады деп
санаймын.
Алла Тағала елімізге бақ-береке нәсіп етіп,
жұртымызға жақсылығын жаудырғай! Әумин!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти


Page 6

6
Кіріспе
ِميِح
َّ
رلا ِن
َ
م
ْ
ح
َّ
رلا
ِ
ّٰهللا ِم
ْ
سِب
ِهِلآ ىَل
َ
ع
َ
و
َ
نيِل
َ
س
ْ
ر
ُ
مْلا ِف
َ
رْشَأ يَل
َ
ع
ُ
مَلا
َّ
سلا
َ
و ُةَلا
َّ
صلا
َ
و ،
َ
نيِمَلا
َ
عْلا ِ
ّ
ب
َ
ر
ِ
ّٰه
ِلل

ُ
د
ْ
م
َ
حْلا
َ
نيِع
َ
م
ْ
جَأ ِهِبا
َ
ح
ْ
صَأ
َ
و
Аса мейірімді, Мейірбан Алланың
атымен бастаймын.
Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға тән.
Салауат пен сәлем елшілердің төресіне,
оның әулеті мен сахабаларына болсын.
Ұлтты діннен бөліп қарауға болмайды. Кейбіреулер
қазақ тіліне еніп, төлтумасына айналған ұғымдар мен
сөздерді мұның түбі арабтікі, сондықтан түпкі негізіне
қайтарып, сол күйінде жазу қажет. Соған басымдық
беру керек деп жатады. Бір қарағанда, мұның өзі бір
жағынан білімпаздық болып көрінгенмен, әсілінде, Ис-
ламды қазақтан алшақтатын тәсіл.
Бұрын қазақтың тілі мен дәстүрін әсіресе, одан мүлде
бейхабар, мәдениеті басқаша қалыптасқан жандарға
үйрету керектігі өзекті болса, қазірде қазаққа бірден-бір
жанашыр деген дін ғалымдары мен қызметкерлерінің
өзін қазақтың дәстүрі мен тіліне үйрету қажеттігі ту-
ындап отыр. Оның екі себебі бар: біріншіден – олардың
көпшілігі дінді жеткілікті деңгейде игергенімен, өзінің
салт-дәстүрі мен мәдениетінен, тілінен бейхабар болып
жататын жағдайы бар; екіншіден – қазақтың мәдениеті
мен дәстүрін, тарихын, мемлекеттігін жоққа шығарып
жүргендердің негізі өзге елдің мәдениетімен уланғандар
болса, қазірде ондай адамдар дін оқығандардың арасын-
да да бой көрсетіп қалуда. Себебі, олардың дені дінді


Page 7

7
Дін мен дәстүр
шет елде үйреніп, өмірлік көзқарастары мен ғылыми
пікірлері сол жақта қалыптасқандықтан, көп жағдайда
өз ұлтының ұлттық болмысы мен мәдениетінен, мол
тілдік мұрасы мен әдет-ғұрыптарынан бейхабар қалып
жататыны бар. Ал, осы олқылықтың орнын «есесіне,
мен дінді жақсы білемін» деген максималистік ой
басады. Ал, негізінде, өзінің ұлтына, еліне деген
менсінбеушілік, өткеніне өштікпен қарап, болашағына
сенбеудің арты жақсылыққа апармайды.
Тәуелсіздік таңы атқан соң өткенімізді еске түсіріп,
жоғымызды түгендеп, етек-жеңімізді жинап, енді ел бо-
ламыз ба деп жатқанда, ұлтты алға бастайды деп үміт
артқан, имандылықты ту еткен жас буынның кейбірінің
кешегі қазақылығын мансұқтап, өзге елден үйренген
кейбір діни дәстүрлерді таңсық көріп, талғамсыз ала
беруі жанға батады, қабырғаны қайыстырады.
Қазірде көзі қарақты саналы діндарлар мәселенің
бұлай дамуының қатерлі екендігін ұғынды. Қазақтың
ешқашан да араб болмайтындығын білді. «Пәлен
жерде алтын бар, барсаң бөдене де жоқ» демекші, ең
асыл құндылық – иман, дінді жалау етіп, халықтың
мәдениетін мансұқтау ұлттың тамырына балта шабу-
мен тең.
Ұлтымыздың басқа ұлттардан өзіндік ерекшелігі
бар екендігін, туыстан да, елден де асып, ешқайда
бармайтындығын сезінді. Әрі мұның шариғатқа, дін
талаптарына қайшы емес, жымдасып жататындығына
көз жеткізді. Осы тұрғыда бұрынғы ғасырларда ғұмыр
кешкен қазақтан шыққан діни сауатты кісілер мен
қайраткерлердің даналығына бас иіп, солар салған
таптаурын сүрлеудің ізін тапты. Сөйтсе, әрбір істің
мәніне толық қанық болған ата-бабаларымыз ұлттық
құндылықтарымызды Ислам мұраттарымен астарлас-


Page 8

8
Дін мен дәстүр
тырып, қиюын келістіріпті. Соның арқасында қазақ
қазақ болып сақталып келеді екен.
Қазақтың салт-санасын хал-қадерінше зерттеп, зер-
делеген ғалым Жағда Бабалықұлы бір сөзінде «Саясат
жерге көмген тарихты ғылым қайта ашып алады» дейді.
Расында да, талай зұлматты замандарда ұмытылуға шақ
қалған рухани құндылықтарымыз қазір де өз ретімен
жаңғырып жатыр.
Енді осы діни-имани танымымызбен тарамданған
ұлттық құндылықтарымызды болашақ ұрпаққа ама-
наттап тапсыру – бәріміздің міндетіміз. Құрметті Елба-
сымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде бы-
лай деген еді: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде
оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық
қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы
дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын
азамат өсіре аламыз».
Ендеше, қолыңыздағы «Дін мен дәстүр» атты
кітаптың екінші бөлімі осы ізгі міндеттің үдесінен
шығуды көздейді. Жаратқан Иеміз жар болсын!


Page 9

9
І Тарау
Балалық шақ


Page 10

10
Азан шақырып ат қою
Халқымызда жарық дүние есігін шыр етіп ашқан
сәбиге есім беру рәсіміне қатысты өзіндік дәстүрі мен
салт-жоралғысы бар. Мәселен, азан шақырып, ат қояр
кезде кішкене сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен
азамат болсын деген ниетпен ырым етіп, сәбидің ата-
анасы жасы үлкен, сыйлы адамға қолқа салады. Жақын-
жұрағат жиналып, ат қоятын адам сәбиді қолына алып,
«Аллаһу әкбар» деп азан шақырып, сәбидің оң құлағына
есімін үш рет қайталап айтады. Бұл баланың есінде сол
есім қалсын, құлағына сіңсін деген ниетпен жасала-
ды. Сондықтан азан шақырып, ат қою қазақ халқының
мұсылмандық жоралғысының қалыпты қағидаларының
бірі болған. Әкесі өзі азан шақыра алмайтын болса,
имам-молдаларды шақырып, баланың басын құбылаға
қаратып, оң құлағына азанын айтып, ата-анасы таңдап
қойған есімді «мұның аты пәленше ..., сенің атың
пәленше ...» деп, үш мәрте айқайлап айтатын болған.
Рәсім аяқталған соң дұға оқылып, қатысқан
туысқандары нәрестеге, оның ата-анасы мен
туысқандарына ақ тілектерін айтып, үлкендер бата-
сын берген. Міне, осы салт бойынша, ат қою рәсіміне
жиналғандардың ішінен біреуі қазанның құлағын
даңғырлата қағып, балаға қойылған атты үш рет
қайталап, жұртқа жария ететін болған. Ат қою рәсімі
аяқталған соң, ат қоюшы ата-ананың қалауымен
сәбидің бетін ашып, көпшілікке көрсетеді. Бұл аты
қойылған баланың елімен алғашқы жүздесуі деп есеп-
телген. Міне, осындай әрбір іс-амалын, асылын дінімен
астастыра білген халқымыздың тілінде «азан шақырып
қойған аты» деген тіркес кең тараған.


Page 11

11
Балалық шақ
Ал Ислам шариғаты бойынша да туылған баланың
құлағына азан шақырып ат қою – сүннет. Яғни,
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) құп көріп жасаған ізгі істерінің бірі. Шариғат
бойынша нәрестенің оң құлағына азан, сол құлағына
қамат айтылады. Имам Әбу Дәуіт пен имам Термези
келтірген хадисте:
ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص-
ِ
ّٰهللا َلو
ُ
س
َ
ر
ُ
ت
ْ
يَأ
َ
ر « َلاَق ِهيِبَأ
ْ
ن
َ
ع ٍعِفا
َ
ر ىِبَأ ِن
ْ
ب
ِ
ّٰهللا ِد
ْ
ي
َ
ب
ُ
ع
ْ
ن
َ
ع
» ِةَلا
َّ
صلاِب - ُة
َ
مِطاَف
ُ
هْت
َ
دَل
َ
و
َ
نيِح - ٍ
ّ
ىِل
َ
ع ِن
ْ
ب ِن
َ
س
َ
حْلا ِنُذُأ ىِف َنَّذَأ -
َ
مَّل
َ
س
َ
و
«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) қызы Фатима Әлиұлы Хасанды босанған
кезінде оның құлағына намазға азан айтқандай азан
айтқан»
1
. Сондай-ақ тағы бір хадисте:
»ِنا
َ
ي
ْ
ب
ّ
ِصلا
ُّ
مُأ
ُ
ه
َّ
رُضَت
ْ
مَل ى
َ
ر
ْ
س
ُ
يْلا ِهِنُذُأ يِف
َ
ماَقَأ
َ
و ى
َ
ن
ْ
م
ُ
يْلا ِهِنُذُأ يِف َنَّذَأَف
ُ
هَل
َ
دِل
ُ
و
ْ
ن
َ
م«
«Кімнің баласы туылғанда, оның оң құлағына азан
айтып, сол құлағына қамат айтса, ол нәрестеге «умму
сибян» (сәбиді ауру ететін жел немесе жынның кесірі)
әсер етпейтін болады»
2
– деп айтылған.
Ислам шариғатында жаңа туылған баланың
құлағына азан шақырудың тағы бір мән-мағынасы –
оның бойына иман сөзін жастайынан сіңіру. Өйткені
азан мәтінінде адам баласының Алла Тағалаға деген
сенімі мен мұсылмандығын айғақтайтын куәлік сөздер
қамтылған. Яғни «Әшһәду ән лә иләһә илла алла уә
әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уа расулуһу» калима
шаһадат сөзі мен «Лә иләһә илла алла» калима таухид
сөздері келтірілген. Бұл сөздер мұсылманның шыр етіп
1
Әбу Дәуіт Сүлейман ибн әл-Ашғас әс-Сижистани. Сүнән
Әби Дәуіт. – Дәр әл-китаб әл-арабия-Бейрут. IV том, 488-бет.
2
Ахмад ибн Али ибн әл-Муснад Әбу Яғла әл-Мусили әт-
Тәмими. Мүснәд Әби Яғла. Баспаға әзірлеген Хусейн Сәлим
Әсәд. – Димашқ, 1984. ХІІ том, 150-бет. № 6780 хадис.


Page 12

12
Дін мен дәстүр
дүние есігін ашқандағы еститін алғашқы да сөзі әрі
дүниеден өтер сәтінде оған айтылатын соңғы да сөзі
болып табылады. Нәрестенің құлағына айтылған азан
сөздері оның жүрегіне жетіп, иманды ұрпақ болып
өседі.
Мұнымен қоса азан айтудың тағы бір сыры – азан
сөздерінен шайтанның ат-тонын ала қашатынында.
Өйткені ол нәрестені туылғанша бақылайды. Әрбір
пенденің жанында қосақ-шайтаны (қарин) болады. Ал
шайтан малғұн азанның дауысын естіген кезде құты
қашып, жөнеліп кетеді.
«Азан шақырып, ат қою» жоралғысын сәби
туылғаннан кейін жетінші күні жасаған жөн. Қандай
да бір себеппен сәби кезінде құлағына азан айтылмаған
кісінің құлағына өсе келе азан шақырудың да зия-
ны жоқ. Бірақ оның мәні мен маңызы туылған кезде
шақырылғандай болмайды.
Ат қою мәдениеті (мұсылманша
есімдер мен тыйымдар)
Сәбиге есім қоюға қатысты әр ұлттың өзіне тән
мәдениеті, дәстүрі қалыптасқан. Сол секілді қазақ
халқының да есім беруде ұстанатын өзіндік қағидалары
болған. Баһадүр батырларға ұқсасын деген ниетпен ер
жүрек батырлардың есімдерін берсе, кейде болашақта
елге елеулі азамат атансын, өскенде дана, ғалым болсын
деп, кемеңгер ғалымдардың аттарын қоятын. Дегенмен
ат таңдауда мынадай талаптарды ескерген жөн:
1. Туылған сәбиге қашан ат қойылады?
Шариғат жолы бойынша нәресте дүние есігін
ашқаннан кейін жақсы есім қою – ата-ананың бала
алдындағы міндеті. Көпшілік ата-ана нәресте дүниеге
келмей тұрып, «ұл болса, пәленше», «қыз болса,
пәленше қоямыз» деп есімін таңдап жатады, негізінде,


Page 13

13
Балалық шақ
ең дұрыс пікір бойынша және Пайғамбарымыздың
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне
сай нәрестенің аты туылғаннан кейін бірнеше күн өткен
соң қойылады.
Сахаба Әнас ибн Мәліктен (р.а.) жеткен хадис-
те «..нәрестеге туылғаннан үш күн өткен соң ат
қойылады» делінсе, Сумраның келтірген дерек көзінде
«...жетінші күні қойылады» деп айтылған.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың са-
лауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының балаларына
есімдерін туылған күні қойғандығы жайында да риуа-
яттар бар. Мысалы, Әбу Мұсадан (р.а.) жеткен риуаятта
ол өзінің ұлы туылғанда оны Пайғамбарымызға (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алып барады,
сонда Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) оның атын Ибраһим деп қойып, таңдайын
құрмамен сүртеді. Мұнымен қоса, Әбу Усәйд (р.а.)
деген сахабаның ұлы туылып, оны Пайғамбарымызға
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алып
барғанда оның атын Мунзир деп қойған.
Имам Мүслімнің «Сахих хадистер» жинағында
Әнестен (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бүгін менің
ұлым туылды. Мен оны атамның атымен Ибраһим деп
атадым», – деген.
Дегенмен бұрынғы өткен пайғамбарлардың
ішінде Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбардың ұлы туылмастан
бұрын алдын-ала сүйіншіленген болатын. Ұзақ уақыт
перзентсіздік зарын тартқан Зәкәрия пайғамбарға (ғ.с.)
ерекше сүйіншілеу болатын бұл. Құран Кәрімде бұл
жайында былай делінген:

ُ
هَل ْل
َ
ع
ْ
جَن
ْ
مَل ى
َ
ي
ْ
ح
َ
ي
ُ
ه
ُ
م
ْ
سا ٍمَالُغِب َك
ُ
رِ
ّش
َ
بُن اَّنِإ ا
َّ
يِرَكَز ا
َ
ي﴿ :ىَلا
َ
عَت
ُ
ّٰهللا َلاَق
﴾ًا
ّ
يِم
َ
س ُل
ْ
بَق
ْ
نِم


Page 14

14
Дін мен дәстүр
«Уа, Зәкәрия! Біз сені Жақия (Яхия) деген ұлмен
қуантамыз! Біз бұрын оған ешкімді аттас қылмап
едік!» («Мариям» сүресі, 7-аят).
2. Нәрестеге ат қоюға кім құқылы әрі лайықты?
Балаға ат қоюға ең бірінші кезекте құқылы – ата-
анасы. Егер олар ортақ бір шешімге келе алмаса,
әкенің құқығы жоғары тұрады. Сондықтан әкесі қаласа
сәбидің атын өзі қояды немесе жұбайына ұсынады.
Қаласа, екеуі өзара жеребе тастау арқылы бұл мәселені
шеше алады.
Баланың атын қоюға оның әкесі лайық екендігіне
кез келген адамның аты оның әкесінің атымен (мы-
салы, Төлегенұлы Айбар деген сияқты) қосарланып
айтылатындығы дәлел болады. Бұл жайында Құран
Кәрімде Алла Тағала былай дейді:

ِ
ّٰهللا
َ
د
ْ
نِع ُط
َ
سْقَأ
َ
و
ُ
ه
ْ
مِهِئا
َ
بِآل
ْ
م
ُ
هو
ُ
ع
ْ
دا﴿ :ىَلا
َ
عَت
ُ
ّٰهللا َلاَق
«Оларды (яғни, асыранды балаларды) әкелерінің
аттарымен қосып атаңдар, Алланың алдындағы ең
әділі – сол» («Ахзаб» сүресі, 5-аят).
Мұндағы аятта асыранды балаларға қатысты
айтылғанмен, жалпы мағынада балалардың атта-
ры өзінің әкесінің атымен қосылып айтылуы ең әділ
ұстаным екендігін білдіріп тұр.
Сондай-ақ, ақыретте де барша адам баласы өзінің
әкесінің атымен шақырылады екен. Бұған қатысты Әбу
Дәрдадан (р.а.) жеткізілген хадисте Алланың елшісі
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
َن
ْ
و
َ
ع
ْ
دُت
ْ
مُكَّنِإ« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر َلاَق َلاَق
ِ
ءا
َ
د
ْ
ر
َّ
دلا يِبَأ
ْ
ن
َ
ع
يِف
َ
د
ُ
وا
َ
د و
ُ
بَأ
ُ
ها
َ
و
َ
ر .»
ْ
مُك
َ
ءا
َ
م
ْ
سَأ ْاو
ُ
نِ
ّ
س
َ
حَف
ْ
مُكِئا
َ
بآ
ِ
ءا
َ
م
ْ
سَأ
َ
و
ْ
مُكِئا
َ
م
ْ
سَأِب ِة
َ
ما
َ
يِقلا
َ
م
ْ
و
َ
ي
.ٍدِ
ّ
ي
َ
ج ٍدا
َ
ن
ْ
سِإِب ِن
َ
ن
ُّ
سلا


Page 15

15
Балалық шақ
«Сендер Қиямет күні өздеріңнің есімдеріңмен және
әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар, сондықтан
да есімдеріңді жақсартыңдар», – деген
3
. Сондықтан
баланың атын таңдап қоюға ең бірінші оның әкесі
лайықты.
Дей тұрғанмен, әке-шешесі баланың атын қоюға
басқаларға рұқсат бере алады. Мысалы, атасына,
әжесіне немесе әулеттегі құрметті ақсақалға, яки болма-
са танымал тұлғаға т.б. Әрдайым үлкендерді құрметтеп
тұратын қазақы салт-дәстүр бойынша баланың атын
көбіне ата-әжелер қойып жатады. Осы тұрғыдан
алғанда, бұл – дұрыс дәстүр. Сондай-ақ, жоғарыда
айтып өткеніміздей, баланың атын аса қадірлі, тақуа,
ізгі жандарға, ғалымдарға қойдырған жөн. Көптеген
сахабаның балаларының аттарын Пайғамбарымыз
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қойған.
Мысалы, «Ұлыңның атын Абдуррахман деп қой», «Аб-
дулла деп ата» деген секілді хадистер көп.
3. Есім таңдауда атына сай болу үшін жағымды,
ұнамды (көркем) есімдер таңдау, жағымсыз
есімдерді қоймау
а) Жағымды есімдер
Баланың есімі оның өмірлік жолдасы болғандықтан,
ат қойғанда, көркем, мән-мағынасы жоғары, жақсы
есімдерді таңдап қою керек. Ардақты Пайғамбарымыз
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) есімдердің
ішінде әдемі һәм мағыналы есімдерді жақсы көретін.
Әбу Уаһб әл-Жашмиден жеткен хадисте Алланың
елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бы-
лай деген:
3
Әбу Дәуіт Сулейман ибн әл-Ашғас әс-Сижистани. Сүнән Әби
Дәуіт. – Дәр әл-китаб әл-арабия, Бейрут. IV том, 442-бет. №
4950 хадис.


Page 16

16
Дін мен дәстүр

ِ
ءا
َ
م
ْ
سَأِب او
ُّ
م
َ
سَت« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر َلاَق ِ
ّ
يِمْش
َ
جْلا ٍب
ْ
ه
َ
و يِبَأ
ْ
ن
َ
ع
ٌثِرا
َ
ح ا
َ
هُق
َ
د
ْ
صَأ
َ
و ِن
َ
م
ْ
ح
َّ
رلا
ُ
د
ْ
ب
َ
ع
َ
و
ِ
ّٰهللا
ُ
د
ْ
ب
َ
ع
ِ
ّٰهللا ىَلِإ
ِ
ءا
َ
م
ْ
سَلأا
ُّ
ب
َ
حَأ
َ
و
ِ
ءا
َ
يِبْنَلأا
.»ٌة
َّ
ر
ُ
م
َ
و
ٌ
ب
ْ
ر
َ
ح ا
َ
ه
ُ
ح
َ
بْقَأ
َ
و
ٌ
ما
َّ
م
َ
ه
َ
و
«(Балаларыңа) Пайғамбарлардың есімдерін
қойыңдар, әрі есімдердің Аллаға ең сүйіктісі – Аб-
дулла («Алланың құлы»), Абдуррахман («Рахманның
құлы»), ең шынайысы – Харис («Диқан»), Һәммәм
(«Қайратты»), ал ең жағымсызы – Харб («Соғыс»)
және Мурра («Ащы, ауыр, қайғылы»)»
4
.
Жоғарыдағы хадисте айтылғандай, Абдулла және
Абдуррахман – Жаратқанның құзырында ең сүйкімді
есімдер. Осы тұста айта кететін бір жайт, Алла
Тағаланың 99 көркем есімі бар. Оның қай-қайсы да
ең жақсы есімдердің қатарына жатады. Алайда бұл
есімдерді қояр кезде арабша «абдун» деген қосымшасын
тіркеп қою керек. Мысалы, Раззақ – Абдурраззақ, Сат-
тар – Абдуссаттар т.б. Міне, осы көркем есімді білген
дана бабаларымыз балаларының аттарын қазақшалап,
Әбдіразақ, Әбдісәттар деп қоятын болған.
Мұнымен қоса қазақи дәстүріміздегі есім қою
әдетінің де өзіндік үлкен тәрбиелік мәні бар. Мәселен,
тарихта өткен би-шешендеріміз бен дана бабаларымызға
ұқсасын деп, Наурызбай, Төлеби, Абай, Шоқан, Ах-
мет және қазіргі күніміздегі Нұрсұлтан сынды есімдер
жақсы дәстүрдің нышаны деп айтуға болады.
ә) Жағымсыз есімдер
Бала есімінің өсе келе өз ортасына, тума-туыста-
ры мен ата-анасына да әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан
қай халық болмасын мағыналы, жақсы есімдерді
4
Мұхаммад ибн Исмайл Әбу Абдулла әл-Бұхари әл-Жуғфи.
әл-Әдәбу әл-Муфрад. Баспаға әзірлеген Мухаммад Фуад
Абдулбақи. – Бейрут, 1989, І том, 284-бет. № 814 хадис.


Page 17

17
Балалық шақ
таңдап отырған. Ал баланың жағымсыз есімінің жа-
ман жағынан әсер ететіндігі айтпаса да түсінікті.
Міне, Ислам шариғаты бұған аса мән берген. Алланың
елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
жаман есімді ұнатпайтын. Ол (оған Алланың салауаты
мен сәлемі болсын) жаман, жағымсыз есімді кесірдің
басы деп есептейтін. Тіпті, жағымсыз атаулы жерлер-
ге қонбайтын. Имам Мәлік «әл-Муатта» атты хадистер
кітабында мынадай хадис келтірген.

ُ
بِل
ْ
ح
َ
ي
ْ
ن
َ
م« :ِة
َّ
حُقلِل َلاَق
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا َلو
ُ
س
َ
ر َّنَأ ِأَّط
َ
و
ُ
ملا يِف
َ
و
،»؟َك
ُ
م
ْ
سا ا
َ
م« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر َلاَقَف ٌل
ُ
ج
َ
ر
َ
ماَقَف ،»؟ِهِذ
َ
ه

َّ
مُث ،»
ْ
سِل
ْ
جِا« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر
ُ
هَل َلاَقَف ، ٌة
َّ
ر
ُ
م :ُل
ُ
ج
َّ
رلا
ُ
هَل َلاَقَف
ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر
ُ
هَل َلاَقَف
ُ
رَخآ ٌل
ُ
ج
َ
ر
َ
ماَقَف ،»؟ِهِذ
َ
ه
ُ
بِل
ْ
ح
َ
ي
ْ
ن
َ
م« :َلاَق
:
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر
ُ
هَل َلاَقَف
ٌ
ب
ْ
ر
َ
ح :َلاَقَف ،»؟َك
ُ
م
ْ
سا ا
َ
م« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و
َلاَقَف ٌل
ُ
ج
َ
ر
َ
ماَقَف ،»؟ِهِذ
َ
ه
ُ
بِل
ْ
ح
َ
ي
ْ
ن
َ
م« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص َلاَق
َّ
مُث ،»
ْ
سِل
ْ
جِا«
ىَّل
َ
ص
ُّ
يِب
َّ
نلا
ُ
هَل َلاَقَف ، ُشيِع
َ
ي :َلاَقَف ،»؟َك
ُ
م
ْ
سا ا
َ
م« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ُ
هَل

ْ
بِل
ْ
حِا« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) бір түйені әкелдіріп сахабалардан:
«Мынаны кім сауып береді?» – дейді. Сонда бір кісі ор-
нынан тұрады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын): «Атың кім?» – деп сұрайды. Ол кісі:
«Мурра» (Ащы), – деп жауап береді. Пайғамбар (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда отыр»,
– дейді. Сосын тағы да: «Мынаны кім сауып береді?»
– дейді. Тағы да бір кісі орнынан тұрады. Пайғамбар
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан да:
«Атың кім?» – деп сұрайды. Әлгі кісі: «Харб» (Соғыс),
– деп жауап береді. Пайғамбар (оған Алланың сала-


Page 18

18
Дін мен дәстүр
уаты мен сәлемі болсын): «Онда отыр», – дейді. Со-
сын тағы да: «Мынаны кім сауып береді?» – дейді. Бір
кісі орнынан тұрады. Сонда Пайғамбар (оған Алланың
салауаты мен сәлемі болсын) одан да: «Атың кім?» –
деп сұрайды. Ол: «Яғиш» (Өмір сүреді), – деп жауап
береді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын): «Сен сау», – деп бұйырады (имам Мәлік
«Әл-Муатта» кітабынан). Тағы бір хадисте Сағид ибн
Мусәйиб әкесінен, әкесі атасынан мынадай риуаят
жеткізген:
ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص ِ
ّ
يِب
َّ
نلا ىَلِإ
ُ
ت
ْ
يَتَأ :َلاَق ِهِ
ّ
د
َ
ج
ْ
ن
َ
ع ِهيِبَأ
ْ
ن
َ
ع ِبِ
ّ
ي
َ
س
ُ
ملا ِن
ْ
ب ِديِع
َ
س
ْ
ن
َ
ع
،ٌل
ْ
ه
َ
س
َ
تْنَأ :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص َلاَقَف ،ٌن
ْ
ز
َ
ح :
ُ
تْلُق ؟َك
ُ
م
ْ
سا ا
َ
م :َلاَقَف
َ
مَّل
َ
س
َ
و
ُةَنو
ُ
ز
َ
حلا َكْلِت
ْ
تَلاَز ا
َ
مَف :ِبِ
ّ
ي
ّ
س
ُ
ملا
ُ
ن
ْ
با َلاَق ،يِبَأ ِهيِنا
َّ
م
َ
س ا
ً
م
ْ
سا
ُ
رِ
ّ
يَغُأ َال :َلاَق
.
ُّ
يِراَخ
ُ
بلا
ُ
ها
َ
و
َ
ر .
ُ
د
ْ
ع
َ
ب ا
َ
نيِف
«Мен (яғни, Сағидтың атасы) Пайғамбарға (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бардым. Ол
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Атың
кім?» – деп сұрады. Мен: «Хазн» (Бұдыр), – дедім. Ол:
«Сен Сәһлсің» (Жазық), – деді. Мен: «Әкемнің қойған
атын өзгертпеймін», – дедім. Оның немересі Сағид
ибн Мусәйиб: «Әлі күнге дейін біздің әулеттен сол
бұдырлық (яғни, қатқыл) қалмай келеді», – деген екен
(имам Бұхари риуаяты).
«Хазн» сөзі «бұдыр жер, қатқыл», ал «Сәһл» «жазық
жер, жұмсақтық» деген мағынаны білдіреді. Келесі ха-
дисте:
ا
َ
م :ٍل
ُ
ج
َ
رِل َلاَق
َ
ه
ْ
ن
َ
ع
ُ
ّٰهللا
َ
يِض
َ
ر ِباَّطَخلا ِن
ْ
ب
َ
ر
َ
م
ُ
ع َّنَأ ٍديِع
َ
س
ُ
ن
ْ
ب ى
َ
ي
ْ
ح
َ
ي
ْ
ن
َ
ع

َ
نِم :َلاَق ؟
ْ
ن
َّ
مِم :َلاَق ، ٍبا
َ
هِش
ُ
ن
ْ
بِا :َلاَق ؟
ْ
ن
َ
م
ُ
ن
ْ
بِا :َلاَق ،ٌة
َ
ر
ْ
م
َ
ج :َلاَق ؟َك
ُ
م
ْ
سا
،ىَظَل ِتاَذِب :َلَاق ؟ا
َ
هِت
َّ
يَأِب :َلاَق ،ِرا
َّ
نلا ِة
َّ
ر
َ
حِب :َلاَق ؟َك
ُ
نَك
ْ
س
َ
م
َ
ن
ْ
يَأ :َلاَق ،ِةَق
ْ
ر
َ
حلا


Page 19

19
Балалық шақ
ُكِلا
َ
م
ُ
ما
َ
ملإا
َ
ها
َ
و
َ
ر .
ُ
ر
َ
م
ُ
ع َلاَق ا
َ
مَك َناَكَف ،اوُق
َ
ر
َ
ت
ْ
حا ِدَقَف َكَل
ْ
هَأ ْكِر
ْ
دَأ :
ُ
ر
َ
م
ُ
ع َلاَق
.ِأًّط
َ
و
ُ
ملا يِف
Яхия ибн Сағидтен жеткен риуаятта бірде Омар ибн
Хаттаб (р.а.) бір кісіден: «Атың кім?» – деп сұрайды.
Ол кісі: «Жамра» (Шоқ), – деп жауап береді. «Кімнің
ұлысың?» – деп сұрайды Омар. «Шиһабтың» (Отты
жұлдыз) ұлымын», – дейді әлгі кісі. «Қай жерденсің?»
– деп сұрайды Омар. «Әл-Харқаданмын» (Күйгеннен),
– дейді кісі. «Үйің қайда еді?» – деп сұрайды Омар.
«Харрат ән-Нар» (Оттың ыстығы) деген аймақта»,
– дейді кісі. «Оның қай тұсында еді?» – деп сұрайды
Омар. «Зәту лаза» (Жалынды) деген тұста», – дейді
кісі. Сонда Омар: «Онда жанұяңа тез жет, олар өртеніп
жатыр», – дейді. Барса, шындығында Омар айтқандай
болған екен (имам Мәлік әл-Муатта кітабында риуаят
еткен). Ал, Сумра ибн Жундубтен (р.а.) жеткен риуаят-
та Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) былай деген:

َ
نيِ
ّ
م
َ
سَت َال« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر َلاَق ٍب
ُ
د
ْ
ن
ُ
ج ِن
ْ
ب َة
َ
ر
ْ
م
ُ
س
ْ
ن
َ
ع
َالَف
َ
و
ُ
ه
َّ
مَثَأ ُلوُقَت َكَّنِاَف
َ
حَلْفَأ َال
َ
و ا
ً
حا
َ
جَن َال
َ
و ا
ً
حا
َ
ب
َ
ر َال
َ
و ا
ً
را
َ
س
َ
ي َك
َ
مَالُغ
.ِهِحيِح
َ
ص يِف
ٌ
مِل
ْ
س
ُ
م
ُ
ها
َ
و
َ
ر .»َنوُك
َ
ي
Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын): «Балаңның атын Ясар (Жеңіл), Рабах
(Ұтқыр), Нажах (Сәтті), Афлах (Ең сәтті) деп қойма. Шындығында, сен расымен солай болар ма екен дейсің, бірақ олай болмай шығады», – деген. (Мүслім Сахихте
риуаят еткен).
Мұнымен қоса періштелердің аттары мен Құран
Кәрімдегі адамның атын білдірмейтін сүрелердің
және аяттардың аттарын қоюды да кейбір ғалымдар
құптамаған. Өйткені бұл есімдер періштелерге тән, ал


Page 20

20
Дін мен дәстүр
аяттар мен сүрелердің ұғымы бір Аллаға ғана мәлім,
яғни ұғымын Алла біледі деген сөз.
Жағымсыз аттың кесірі туралы қазақта екі
шешеннің сөз таластыруы туралы хикая бар. Ерте-
де Жапалақ деген сөзге жүйрік кісі Торайғыр деген
шешеннің даңқын естіп, онымен сөз таластырмаққа
еліне келеді. Жапалақтың атын бұрыннан білетін
Торайғыр амандық-саулықтан соң қонағын бірден
сүріндірмек болып: «Уа, сіздің атыңыз Жапалақ па?»
– деп сұрайды. Жапалақ: «Иә, солай», – деп жауап
береді. Сонда Торайғыр: «Олай болса, мына көлді бір
айналып келші», – дейді. Жапалақ көлді атымен бір ай-
налып келеді. Сосын Торайғырға: «Уа, сіздің атыңыз
Торайғыр ма еді?» – дейді. Торайғыр: «Иә, солай», –
деп жауап береді. Сонда Жапалақ шешен: «Олай болса,
биыл біздің үйде бір байтал қысыр қалып тұр еді», –
дейді. Сонда қарсыласының бұл қолқасына жауап қата
алмай, сөзден тосылған Торайғыр шешен жеңілгенін
мойындаған екен дейді. Міне, осындай мысалдар, баяғы
уақыттары халық арасында түрлі жағымсыз аттардың
болғандығынан хабар береді. Мұндай есімдер туралы
аңыз-әңгімелер халқымыздың салт-дәстүрін зерттеген
зерттеушілердің жазбаларында да бар. Жалпы ат қоюда
діни-танымдық, рухани тәрбиелік құндылықтарды бас-
ты назарда ұстаған жөн.
4. Шариғат тұрғысынан тыйым салынған
есімдерге мұқият болу
Кей есімдердің шариғат тұрғысынан да, тілдік
тұрғыдан да тыйым салынатын кездері болады.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) Алла Тағалаға қарсы келетін мағыналарды
білдіретін есімдерді қоюдан тыйған. Тізбектеп айтар
болсақ:


Page 21

21
Балалық шақ
а) «Құл» деген мағынаны білдіретін «абдун» сөзін
Алла Тағаланың есімі мен сипаттарынан басқа атауларға
тіркеуге болмайды. Мысалы, Абдулузза – «Уззаның
құлы» (Узза Исламнан бұрын табынатын пұттың аты
болған), Абдулқағба – «Қағбаның құлы» деген сияқты
есімдер.
،ِم
َ
ه
ْ
رِ
ّ
دلا
ُ
د
ْ
ب
َ
ع
َ
سِعَت ،ِرا
َ
نيِ
ّ
دلا
ُ
د
ْ
ب
َ
ع
َ
سِعَت« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر َلاَق
.
ُّ
يِراَخ
ُ
بْلا
ُ
ها
َ
و
َ
ر .»ِةَفيِطَقلا
ُ
د
ْ
ب
َ
ع
َ
سِعَت ،ِة
َ
ص
ْ
ي
َ
مُخلا
ُ
د
ْ
ب
َ
ع
َ
سِعَت
Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын): «Динардың құлы оңбасын, дирхемнің құлы
оңбасын, өкшенің (етіктің) құлы оңбасын, матаның
құлы оңбасын», – деген (Бұхари риуаят еткен).
ә) Алла Тағаланың көркем есімдерін сол күйінде
балаға есім етіп беруге болмайды. Мысалы, Алла, Рах-
ман, Халиқ, Ахад, Разиқ, Бәрии, Раббы деген сияқты.
б) Жын-шайтандардың, кәпірлердің, дінсіздердің
көсемдері мен т.б. халық арасында жаман жағынан
танылған кісілердің аттарын қою да мұсылман баласы
үшін дұрыс емес. Мысалы, Ібіліс, Ифрит, Перғауын,
Һаман, Жалұт, Әжүж, Мәжүж, Хосрау, Цезарь, Ленин,
Сталин, Энгельс, Маркс, Тельман, Дарвин, Коммуна,
Партия т.б.
в) Сонымен қатар «Патшалардың патшасы»,
«Әкімдердің әкімі», «Сұлтандардың сұлтаны» деген
мағыналарды білдіретін есімдер.
Сахаба Әбу Һурайра-
дан жеткен риуаятта Пайғамбар (оған Алланың салау-
аты мен сәлемі болсын): «Алланың алдында есімдердің
ең нашары – «Патшалардың патшасы», – деген.
Осыған қатысты тағы бір хадисте:


Page 22

22
Дін мен дәстүр

ِ
ّٰهللا ىَل
َ
ع ٍل
ُ
ج
َ
ر ُظ
َ
يْغَأ« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر َلاَق َة
َ
ر
ْ
ي
َ
ر
ُ
ه يِبَأ
ْ
ن
َ
ع
َّالِإ َكْل
ُ
م َال ِكَال
ْ
مَلأا ُكِل
َ
م ى
َّ
م
َ
س
ُ
ي َناَك ٌل
ُ
ج
َ
ر ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
هُظ
َ
يْغَأ
َ
و
ُ
هُث
َ
بْخَأ
َ
و ِة
َ
ما
َ
يِقلا
َ
م
ْ
و
َ
ي
.
ٌ
مِل
ْ
س
ُ
م
ُ
ها
َ
و
َ
ر .»
ِ
َّهِلل
«Қиямет күні Алланың ашуын тудыратын, ең
нақұрыс адам «Билік-мүліктің патшасы» деп атала-
тын адам. Бүкіл билік тек Аллаға ғана тән», – деген
(хадисті имам Мүслім жеткізген).
Халқымыз балалары шетінеп кете беретін жағдайда
балаларына Күшік, Итбай, Итемген, Малай, Башай
деген секілді қолайсыз аттарды қоятын болған. Бұл
«баланың өмірі ұзақ болсын» деген ниеттен туған. Жал-
пы айтқанда, ырым – халықтың сенімі мен ақ ниетінен,
шын көңілінен туатыны белгілі. Бірақ кейде «Қазақ
ырым етеді, ырым қырын кетеді» деп те айтып жатады.
Бұл сөз ырымның бәрі бірдей орындала бермейтінін
ескерткені деп түсіну керек. Ырымның барлығына
бірдей сене беруге де болмайды.
5. Жағымсыз лақап ат беруден сақ болу
Кісіге лақап ат беруден гөрі өз есімімен атаған жөн.
Лақап деп адамның кәсібіне, түр-тұлғасына, қадір-
қасиетіне, сипатына қарай қойылатын атты айтамыз.
Мысалы, етікші Асан, Қосмүйізді Ескендір, Ақсақ
Темір, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек би,
Жаяу Мұса т.б. Лақап аттың да жақсы не жаман сипат-
тары бар. Құран Кәрімде мұсылмандардың бір-біріне
жаман лақап аттар қоюына тыйым салынған.

ْ
ن
َ
م
َ
و ِنا
َ
ميِْإلا
َ
د
ْ
ع
َ
ب ُقو
ُ
سُفْلا
ُ
م
ْ
سِلاا
َ
سْئِب ِباَقْلَْألاِب او
ُ
ز
َ
با
َ
نَت َال
َ
و﴿ :ىَلا
َ
عَت
ُ
ّٰهللا َلاَق
﴾َنو
ُ
مِلاَّظلا
ُ
م
ُ
ه َكِئَل
ْ
وُأَف
ْ
ب
ُ
ت
َ
ي
ْ
مَل
«Және жаман лақап аттармен атамаңдар. Иман
келтіргеннен кейінгі сұмпайы ат қандай жаман? Ал,


Page 23

23
Балалық шақ
кім одан тәубе етпесе, міне, солар нағыз залымдар»
(«Хужурат» сүресі, 11-аят).
Ғалымдар егер бір кісінің өз есімі адамдардың ара-
сында ұмытылып, жағымсыз мағынадағы лақап атымен
ғана белгілі болса, оны қолдануға болады деп санаған.
Ал, араб халқының есімге қатысты дәстүрінде «куния»
деп аталатын сөз бар. Куния дегеніміз әкесін баласының
атымен байланыстырып атауы. Мысалы, Әбу Абдулла
– Абдулланың әкесі, Умму Ахмет – Ахметтің анасы.
Кейде лақап мағынасын да білдіреді. Мысалы, атақты
сахабаның лақабы Әбу һурайра – «Мысықтардың әкесі,
иесі», Әбу Туффах – «Алманың атасы» – «алма сату-
шы» не «бағбан» деген мағынаны білдіреді.
Алайда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты
мен сәлемі болсын) өзіне тән куниясын, яғни Әбул-
Қасым – Қасымның әкесі деген кунияны қолдануға
тыйым салған. Хадисте:
ُلو
ُ
س
َ
ر ِه
ْ
يَلِإ
َ
تَف
َ
تْلاَف ،ِمِساَقلا ا
َ
بَأ ا
َ
ي :ِعيِق
َ
بْلاِب ًال
ُ
ج
َ
ر ٌل
ُ
ج
َ
ر ى
َ
داَن :َلاَق ٍسَنَأ
ْ
ن
َ
ع
،اًنَالُف
ُ
ت
ْ
و
َ
ع
َ
د ا
َ
مَّنِإ َك
ْ
نِعَأ
ْ
مَل يِ
ّنِإ ،
ِ
ّٰهللا َلو
ُ
س
َ
ر ا
َ
ي :َلاَقَف
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا
.»يِت
َّ
يِنُكِب اوُّنَكُت َال
َ
و يِم
ْ
سِاِب او
ُّ
م
َ
سَت« :
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر َلاَقَف
.
ٌ
مِل
ْ
س
ُ
م
ُ
ها
َ
و
َ
ر
Әнестен (р.а.) жеткен риуаятта бір кісі әл-Бақида
(Мәдинадағы қорымның аты) басқа бір кісіні: «Уа,
Әбулқасым! (Қасымның әкесі!)» – деп шақырады.
Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) оған бұрылып қарайды. Әлгі кісі: «Уа, Расу-
лалла! Сізді айтып тұрғаным жоқ, ана пәленге айттым»,
– дейді. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салау-
аты мен сәлемі болсын): «Менің атыммен адамдарды
атай беріңдер, алайда кунияммен атамаңдар», – дейді
(Мүслім риуаяты).


Page 24

24
Дін мен дәстүр
Дегенмен, бұл мәселеге қатысты көптеген
ғұламалардың пікірі бойынша Пайғамбардың (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) куниясына, яғни
Әбулқасым деген есімге өзінің тірі кезінде ғана тыйым
салған, ал ол өмірден өткеннен соң пайдалануда тұрған
күнә жоқ дегенге тоқтаған.
Сонымен қатар «Мәнсуб» есімдер де бар.
Мәнсуб дегеніміз туған жеріне немесе ру-тайпаға
қатыстылығына байланысты қойылатын есімдер. Мы-
салы, Әбу Насыр әл-Фараби – «Фарабтық Әбу Насыр»,
Абдулла әт-Туркистани – «Түркістандық Абдулла»,
Асан ат-Тарази – «Тараздық Асан» т.б. Мұндай аттар,
оның ішінде ру-тайпаға қатыстысты қазақтарда көп
кездесетін болған. Мысалы, Үйсін Төле би, Қаракерей
Қабанбай, Балқы Базар, Шапырашты Наурызбай т.б.
секілді.
6. Кейбір есімдерді кейіннен өзгертуге бола ма?
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) жаман (тұрпайы) мағынаны білдіретін
есімдерді ұнатпаған, ондай есімдерді жақсы есіммен
ауыстырып отырған. Жақсы есімді жақсылыққа жори-
тын болған.
Мысалы мына хадисте:

ُ
ها
َ
و
َ
ر.«
َ
حيِبَقلا
َ
م
ْ
سِلاا
ُ
رِ
ّ
يَغ
ُ
ي
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ُّ
يِب
َّ
نلا َناَك» :
ْ
تَلاَق َةَشِئا
َ
ع
ْ
ن
َ
ع
.يذمرتلا
Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбар (оған Алланың
салауаты мен сәлемі болсын) жаман есімдерді
өзгертетін», – деген (Термези риуаят еткен).

ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر ا
َ
ها
َّ
م
َ
سَف ٌة
َّ
يِصا
َ
ع ا
َ
هَل ُلاَق
ُ
ي َناَك
َ
ر
َ
م
ُ
ع َة
َ
ن
ْ
با َّنَأ
َ
ر
َ
م
ُ
ع ِن
ْ
ب ِن
َ
ع
.
ٌ
مِل
ْ
س
ُ
م
ُ
ها
َ
و
َ
ر .ًةَليِم
َ
ج
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع


Page 25

25
Балалық шақ
Ибн Омардан жеткен риуаятта: «Пайғамбарымыз
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Омардың
Ғасия (қарсы шығушы) атты қызының есімін Жәмила
(Әдемі) деп өзгерткен» (Мүслім риуаят еткен). Ал Һәни
ибн Язидтен жеткен риуаятта:

ْ
م
ُ
ه
َ
ع
َّ
م
َ
سَف
ٌ
م
ْ
وَق
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص ِ
ّ
يِب
َّ
نلا ىَل
َ
ع
َ
دَف
َ
و َلاَق ٍديِز
َ
ي ِن
ْ
ب
ِ
ءىِنا
َ
ه
ْ
ن
َ
ع

ُ
هَل َلاَقَف ،ِر
َ
ج
َ
حلا
ُ
د
ْ
ب
َ
ع :َلاَقَف ،»؟َك
ُ
م
ْ
سا ا
َ
م» :
ُ
هَل َلاَقَف ،ِر
َ
ج
َ
حلا
َ
د
ْ
ب
َ
ع َنو
ُّ
م
َ
س
ُ
ي

َ
ب
ْ
يَش يِبَأ
ُ
ن
ْ
با
ُ
ها
َ
و
َ
ر .»
ِ
ّٰهللا
ُ
د
ْ
ب
َ
ع
َ
تْنَأ ا
َ
مَّنِإ« :
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر
Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі бол-
сын) бір қауымға келгенде олардың арасында Абдул-
хажар (Тастың құлы) есімді біреу болады. Пайғамбар
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан атын
сұрап білген соң: «Сенің атың бұдан былай Абдулла
болсын», – деп өзгерткен (Ибн Әби Шәйба риуаят ет-
кен).
Есімді өзгертуге байланысты айта кететін тағы
бір жайт, қазіргі қазақ қоғамындағы дін жолына бет
бұрған кейбір мұсылмандар тым жақсы қазақша ат-
тарын арабшаға өзгертуді әдетке айналдыра бастаған.
Жоғарыдағы хадистерден байқағанымыздай, Алланың
Пайғамбары (оған Алланың салауаты мен сәлемі бол-
сын) тек жаман мағына беретін жағымсыз есімдерді
ғана өзгерткен. Жағымды мағына беретін есімдерді
сол күйінде қалдырған. Ал, «мен намаз оқыдым,
дінге бет бұрдым, сондықтан есімім де мұсылманша
яки арабша болу керек» дейтін азаматтардың мұндай
пікірлері жаңсақ түсініктен шыққан. Әсілінде, таза
қазақы түбірлі есімдер де мұсылман есімдері, оларды
мұсылман есімдері емес деп айтуға әсте болмайды.
Өйткені Алла Тағала адамзатты ұлттар мен ұлыстарға
бөліп, әрқайсысын өз ерекшеліктерімен жаратқан.
«Мұсылман болу үшін тек таза араб тіліндегі есімдерді


Page 26

26
Дін мен дәстүр
алу керек, қазақ тіліндегі есімдер надандықтың белгісі»
немесе «таза мұсылман аттары емес» деп ойлау осы
жаратылысқа қарсы шыққанмен пара-пар. Сондықтан
да кейбіреулердің жап-жақсы мағына беретін Берік, Бо-
лат, Жанұзақ, Өмірзақ сияқты т.б. қазақ есімдерін араб-
ша Абдуллаға, Әбу Һурайраға, Омарға өзгертулерінің
ешбір қисыны жоқ. Бұл – жалаң еліктеушілік. Хади-
стен аңғарғанымыздай, Қиямет күні әрбір адам өзінің
алғашқы қойылған есімімен шақырылады. Ал, халқымыз
баласына Серік деген есім таңдағанда, ол Құдайға серік
болсын деген мақсатта қоймайды, «алдындағы немесе
өзінен кейінгі балаға серік болғай» деген жақсы ниет-
пен қояды. Егер ата-анасы не туысқаны әу баста есім
берерде оның дінге қарсы екендігін білместікпен қойса
және кейіннен оның есімін өзгерткісі келсе, оның жайы
бөлек.
7. Қазақ халқындағы кейбір ат қою үрдістері
Қазақ халқында егер туылған балалары қайтыс
бола берсе: Тұрсын, Алмас, Аман, Өтеген, Өтепберген,
Төлеген, Елемес, Елеусіз, Өлмес деген есімдерді ырым-
дап қоятын болған.
Туылған нәрестелерінің бәрі ылғи қыз болып, ұл
баланы күтіп жүргенде тағы да қыз бала туса, кейінгі
бала ұл болсын деген ниетпен Ұлболсын, Ұлбала, Ұлту,
Ұлтуған, Жаңыл, Жаңылған деп қоятын болған.
Зарығып жеткен сәбилердің аты көбіне Аллаберген,
Алдаберген, Құдайберген, Тұяқ, Тілеген, Тілепалды,
Тілеуберген болып келеді.
Нәрестенің туылған уақытына, жеріне, еліне,
жағдайына қарай Айтуған, Рамазан, Ережеп, Наурыз-
бай, Қаңтарбай, Жайлаубай, Қазанбай, Боранбай,
Тәшкенбай, Бұхарбай, Желдібай, Жаңбырбай, Сырбай,
Еділбай, Алмат, Найманбай, Адайбай, Жеңіс, Қуаныш,


Page 27

27
Балалық шақ
Базарбай, Аманкелді, Төрегелді, Қожагелді, Жолдыбай,
Олжабай т.б. деп те қойылады.
Әкесінің не атасының жасына қарай Елубай, Ал-
пысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп қоятын
дәстүр де бар.
Баланың болашағынан үміт етіп, бай болсын де-
ген ниетпен Сансызбай, Жұтамас, Мұңайтпас, Әмірбек
деп, қадірлі болсын деген ниетпен Қадірбек деп, ғалым
болсын деген ниетпен Ғалымбек, Данабек, Қари, Қази
деп, ержүрек, батыл болсын деген ниетпен Жолбарыс,
Арыстан, Батыр, Қаһарман деп, өмір-жасы ұзақ бол-
сын деген ниетпен Өмірзақ, Жанұзақ, Көпжасар деп те
қойылады.
Сондай-ақ, жалпы мұсылманға ортақ аттар да молы-
нан кездеседі. Алайда мұндай аттардың көпшілігі араб
тілінде болғандықтан қазақ тілінің ерекшелігіне байла-
нысты олардың түрлі нұсқалары қалыптасқан. Мыса-
лы, Абдуллаһ (Алланың құлы) деген есімнің Абдолла,
Абдулла, Абдул, Әбілда, Әбділда, Ғабдулла, Ғабдолла,
Ғабділда, Қабдулла, Қабдолда, Қабдол, Қабілда де-
ген нұсқалары бар. Ал, Мұхаммед деген есімнің де
Мұхамбет, Махамбет, Маханбет, Мәмет, Мәмбет де-
ген сияқты талай нұсқалары және осы есімнен өрбитін
есімдердің, мысалы, Бай-Мұхаммедтің – Баймұхамбет,
Баймұқамбет, Баймағанбет, Баймағамбет, Бәйімбет,
Бейімбет деген сияқты нұсқалары кездеседі.
Жалпы ат қойғанда ырымға, белгілі бір уақиғаға
немесе құбылысқа қарап емес, Пайғамбарымыз (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде
айтып өткендей, ізгі, жақсы мағынадағы есімдерді қою
керек.


Page 28

28
Дін мен дәстүр
Ақиқа
Әуелі «ақиқа» сөзінің тілдік мағынасына тоқталар
болсақ, араб тілінде екі түрлі мағынасы бар: біріншісі,
«мойынсұнбау, ата-ананың тілін алмау, қарсылық та-
ныту»; екіншісі, «туылған нәрестенің шашы» дегенді
білдіреді. Ал, шариғаттағы терминдік мағынасы:
«нәресте туылғанда Алла Тағаланың ұрпақ бергені
үшін нығметіне шүкіршілік ретінде сойылатын
құрбандықтың түріне айтылады».
Сонымен, Ислам шариғатында ақиқа деп нәрестенің
шашы алынғанда сойылатын құрбандық малға айты-
лады. Бұған қатысты ардақты Пайғамбарымыздың
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірнеше
хадистерін келтіруге болады. Имам Бәйһақидың риуая-
тында мынадай дерек келтіріледі:

ُّ
بِحُأ َلا« : َلاَقَف ِةَقيِق
َ
عْلا ِن
َ
ع َلِئ
ُ
س -ملسو هيلع ّٰهللا ىلص-
ِ
ّٰهللا َلو
ُ
س
َ
ر َّنَأ
َك
ُ
س
ْ
ن
َ
ي ْنَأ
َّ
ب
َ
حَأَف
ٌ
دَل
َ
و
ُ
هَل
َ
دِل
ُ
و
ْ
ن
َ
م«: َلاَق
َ
و
َ
م
ْ
سِلاا
َ
هِرَك ا
َ
مَّنِإ
ُ
هَّنَأَك
َ
و .»َقوُق
ُ
عْلا
.»ْل
َ
عْف
َ
يْلَف ِهِدَل
َ
و
ْ
ن
َ
ع
Бірде Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты
мен сәлемі болсын) ақиқа жайында сұралғанда: «Мен
ақиқаны (яғни қарсы шығушылықты) ұнатпаймын»
– деді. Негізінде, Пайғамбар бұл сөздің атауын
ұнатпағандай болды. Сосын: «Кімнің баласы туылып,
перзенті үшін құрбан шалғысы келсе, шалсын – деді»
5
.
Келесі хадисте сахаба Сумрадан жеткен деректе
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) былай деген:
5
Әбу Бәкір Ахмад ибн әл-Хусейн ибн Али әл-Байһақи. Әс-
Сүнән әл-кубра. – Хайдарабад, һижри 1344 ж. ІХ том, 300-
бет. № 19753 хадис.


Page 29

29
Балалық шақ

ٌ
ن
َ
هَت
ْ
ر
ُ
م ٍمَلاُغ ُّلُك »:
َ
مَّل
َ
س
َ
و ِه
ْ
يَل
َ
ع
ُ
ّٰهللا ىَّل
َ
ص
ِ
ّٰهللا ُلو
ُ
س
َ
ر َلاَق :َلاَق ،َة
َ
ر
ُ
م
َ
س
ْ
ن
َ
ع
.»ى
َّ
م
َ
س
ُ
ي
َ
و
ُ
ه
ُ
سْأ
َ
ر ُقَل
ْ
ح
ُ
ي
َ
و ِهِعِبا
َ
س
َ
م
ْ
و
َ
ي
ُ
ه
ْ
ن
َ
ع
ُ
ح
َ
بْذ
ُ
ي
َ
و ،ِهِتَقيِق
َ
عِب
«Әрбір бала өзінің ақиқасына тәуелді, оның аты-
нан жетінші күні сойылып, оның (баланың) шашы алы-
нады және есімі қойылады»
6
.
Шариғат бойынша ақиқа малын соятын кезде,
«Бисмилләһ, бұл – пәленше ұлы пәленшенің ақиқасы»
деп ниет етіп, тәкбір айтып, бауыздау керек. Ал оның
етіне қатысты құрбандық шалғандай садақа жасап,
етін таратса да болады. Бұл сауапты амалға жатады.
Сондай-ақ, өзі де жей алады, тіпті қонақ шақырып дас-
тархан жаю – сауапты іс. Өйткені ақиқа шалу – үлкен
қуаныш, мереке. Мұнда Алла Тағалаға шүкіршілік
етіп, алғыс ретінде садақа жасау ниеті бар. Сонымен
қатар ақиқа – дүниеге келген нәрестенің өміріндегі ең
алғашқы құрбандығы. Сол құрбандықтан дәм татқан
адамдардың нәресте үшін жасаған дұға-тілектері қабыл
һәм өмірінде пайдалы болмақ. Мұнымен қоса ақиқа
құрбандығы туылған баланың аман-сау, ғұмырының
берекелі болуына және шайтанның азғыруынан аулақ
тұруына себін тигізуі әбден мүмкін.
Дүниеге келген нәресте ер бала болса, екі қой
сойылғаны абзал, ал қыз бала болса, бір қой жарамды.
Хадисте:
.»ٌةاَش ِة
َ
يِرا
َ
جْلا
ْ
ن
َ
ع
َ
و ِناَتَأَفاَك
ُ
م ِناَتاَش ِمَالُغْلا
ْ
ن
َ
ع«
«Ұл бала үшін екі қой, қыз бала үшін бір қой»
7

делінген.
6
Сүлеймен ибн Ахмад ибн Аюб Әбу әл-Қасим Ат-Табарани.
әл-Муғжам әл-кабир. – Әл-Мусал, 1983, VII том, 201-бет. №
6829 хадис.
7
Ахмад ибн Ханбал. Мүснад әл-имам Ахмад ибн Ханбал. –
Муассасату ар-рисала, 1999. ІІ том, 320-бет. № 6713 хадис.


Page 30

30
Дін мен дәстүр
Жоғарыдағы хадисте айтылғандай ер бала
үшін сойылатын малдың екі қошқар болуы оның
жаратылысындағы артықшылығынан емес, алайда
мұра бөлісудегі, куәлік берудегі артықшылығы болса
керек.
Қалжа
Халқымыз қыз баланы болашақ ана ретінде қай
кезде де болмасын жоғары құрметтеген. Соған орай
әйел кісілерге тән салт-жоралғылар қалыптасқан.
Соның бірі – ана атанған келінге арнайы қалжа жегізу.
Қалжа дегеніміз – босанған келінге арнап байланған
қой. Ал, қалжалап беру – қазақтың дәстүрлі отбасылық
салтындағы ғұрып. Босанған әйелге «Жас босанған
әйелдің тісі әлсіз болады, түсіп қалуы мүмкін» деп
суық ас жегізбеген. Енелер келініне қойдың етін
ұсақтап турап, жас сорпамен терлетіп отырған. Жақсы
қалжалаған келіннің сүйектері қақсамай, тістері түспей,
буындары тез бітіп, алты күннің ішінде үй тіршілігіне
араласып кететін болған. Қалжаға сойылған қойдың
алты буыннан тұратын мойын омыртқасын бірінші күні
келіннің өзіне тісін тигізбей, қолымен мүжіткен. Еттен
тазарған жұлынды тік таяқшаға кигізіп, баланың мой-
ны қатқанша керегенің басына ілген. Кейде ашқарақ,
тамаққа өте сұғанақ жандарды көрсе, «шешесі қалжаға
тоймаған ғой» деп әзілдесетін ырым бар.
Сонымен қазақтың осы дәстүріне сай мейлі ол бай
болсын, мейлі ол кедей болсын әйеліне қалжа жегізетін.
Тіпті, бұған өзінің шамасы келмейтін болса, ауқатты
(дәулетті) адамдар қалжасын әкеліп берген. Өйткені
қалжа әкеп беру де сауабы үлкен іс саналған. Қалжаның
күнделікті желінетін еттен айырмашылығы – ол жас
босанған ана мен баланың сыбағасы. Әрі құрметті ас са-
налады. Қалжа, біріншіден, дүниеге келген нәрестенің
құрметіне арналса, екіншіден, жас анаға дүниеге пер-


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!