Сабақтың
тақырыбы: Тәуелсіздік жылдардағы
жетістіктер.
Сабақтың мақсаты: а)
Білімділігі: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары
еліміздің жеткізген жетістік -терінің бірі-ЭКСПО 2017 көрмесі
туралы мәлімет беру.
ә) Тәрбиелілігі: Туған жерді,
елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат етіп
тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Жеке тұлғаны
дамыту. Отанымыздың жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін
ояту.
Көрнекілігі: Слайдтар, ЭКСПО
2017 көрмесінің суреттері,сөзжұмбақ гүлдердің
суреті.
Сабақтың түрі: Аралас
сабақ
Сәлеметсіздер ме,
оқушылар!Бүгінгі өтетін ашық сабағымыздың тақырыбын мына сурет
қиындыларын дұрыс құрастырып, өздеріңіздің тауып ашқандарынызды жөн
көріп отырмын. (Алдын-ала қиып дайындалған Тәуелсіздік пен
ЭКСПО-ның логотиптерінің суретін құрастырып, сабақтың тақырыбын
ашуды сұраймын)
-Бұл суреттен не көріп
тұрмыз?
Қалай
ойлайсыздар, бүгінгі сабағымыз не
туралы?
Тақырыбы
қандай болар екен?
(Оқушылар өз ойларын
айтады)
Сонымен, бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы Тәуелсіздік жайлы және еліміздің осы тәуелсіз жылдары қол
жеткізген жетістіктерінің бірі- ЭКСПО 17 көрмесі
туралы.
-Тәуелсіздігімізге биыл қанша
жыл толып жатыр?
-Құрылған жылы, айы
?
-Президентіміз Қ.К.Тоқаев
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты халыққа жолдауында : «Тарих
тұрғысынан алғанда отыз жыл көзді ашып жұмғандай қас- қағым сәт.
Дегенмен бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы дағдарысы
мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады.Біз де осындай жолмен
өтіп келеміз»деген еді.
Балалар,Тәуелсіздік деген
қандай мағынаны білдіреді?
«Тәуелсіздік» сөзіне ой
шақыру.
Тәуелсіздіктің
маңызы
Алтайдан Алатауға дейін ұлан-
ғайыр жерді мекен еткен ата- бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен.
Осынау кең даланы найзаның ұшымен ,сом білектің күшімен қорғаған
бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке
барған .Қаракерей Қабанбай,Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап
Иса Досан,Шотан батырлар беріректе Бауыржан, Мәншүк ,Әлия сынды
батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып ел
құрметіне бөленген батырлар.
Тәуелсіздік туралы өлең
жолдары
Жанайым:
Тәуелсіздік- тартуы ол
тәңірдің,
Тәуелсіздік -маңдайдағы бағым
бұл.
Тәуелсіздік- сыбағасы
халқымның,
Тәуелсіздік- таймайтұғын тағым
бұл.
Тәуелсіздік- бабам берген
аманат.
Тәуелсіздік- келешектің
кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені
бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің
өтілі.
Балаларға Отан,туған жер,ел
туралы мақал-мәтелдер айтқызу(мысалы: ”Отан отбасынан
басталады”,“Отан –қуат” ,“Отан- шуақ’’)
Экспо деген қандай көрме?Оның
маңызы неде,елімізге қандай пайдасы барын толығырақ білу
үшін,мәлімет алу үшін мен сіздерге мынадай мәтіндер алып
келдім.(оқушыларға дайын мәтінді оқыту)
1-оқушы
Дамыған елдер соңғы бір жарым
ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып ,табыстарын
таразылап қою үшін өзара бас қосып, барын базарлап отыруды дәстүрге
айналдырып келеді.Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе
ЭКСПО деп аталады.
2 оқушы
ЭКСПО атауы өзінің аты айтып
тұрғандай, экспонат деген сөзден шыққан .Қазақшаласақ, жәдігер
болады,яғни ол жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі
саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін
алаң. Онда ЭКСПО- ның кезекті таңдаған тақырыбна орай бұрынғы-
соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына
ұсынылады.
3-оқушы
Бүгінде бұл көрмеге
дүниежузінің 168 мемлекеті мүше болып отыр.Оның жұмысын ұйымдастыру
үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы құрылған.Штаб пәтері Париж
қаласында орналасқан Қазақстан бюроға 1997жылы мүше болып
кіреді.
4-оқушы
Жалпы ЭКСПО көрмесінің екі
түрі бар.Оның бірі -халықаралық әмбебап көрме .Ол бес жылда бір рет
өткізіледі.Келушілер көрмеге қойылған экспонаттарды алты ай бойы
тамашалай алады.
5-оқушы
Екіншісі халықаралық
мамандандырылған көрме.Ол белгілі бір тақырыпқа арналып,ек- екі
жарым жылда өткізіледі.Мерзімі- үш ай.Қазақстанның өткізгені-
екіншісі.Көрменің өткен уақыты 2017 жылдың маусым мен қыркүйек
айының арасы.
6-оқушы
2012 жылы 22 қарашада
Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын
дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, ЭКСПО 2017 көрмесі
өтетін орын ретінде таңдалды.
ЭКСПО- ның пайдасы қандай
екен?
Слайдтан
көрсетіледі.
Біздің елімізде өткізілген
көрменің атауы -Болашақ энергиясы деп аталды.(слайд арқылы ЭКСПО
алаңына саяхат жасалады)
Осы көрменің біздің еліміз
үшін қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар,сол туралы балалар «Менің
ойымша» деп бастап өз ойларын айтады.
Бүгінгі сабағымызды
қорытындылау үшін ,мен сіздерге сөзжұмбақ дайындап алып келдім.
(Сөзжұмбақ тақтада ілулі тұрады.)
Сөзжұмбақтың
сұрақтары:
1 .”Экспо”атауы қандай сөзден
шыққан?
2.”Экспо”көрмесінде көрмесі
көрсетілген ел?
3.”Экспо- 2017”көрмесі қай
қалада өтті?
4.”Экспо”-ның штаб пәтері қай
қалада орналасқан?
5.Қазақстанның павильоны қандай
энергия деп аталады?
Сіздер үшін сабақ пайдалы
болды ма?ЭКСПО 2017 көрмесі ұнады ма?(балаларды
тыңдау)
Балалар, Тәуелсіздігіміздің 30
жылдығына байланысты өз тілектеріңізді жазыңыздар.(берілген суретке
тілектер жазылады.)Оны өздері оқып,тақтаға
жапсырады.
Сабағымыздың қалай өткенін
қорытындылау үшін бас бармақ белгісімен көрсетіп
жіберейік,балалар!
Тәуелсіздік- аппақ таңым
арайлы,
Атсын әркез күннің нұры
шырайлы
Ата- баба арманымсың
аңсаған
Қолы жеткен бақ жұлдызы
арайлы,- деп бугінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.Сау
болыңыздар!