жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Математика 6 сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
Мектеп: Еңбекші орта мектебі |
|||||||||||||
Күні:16.01.2020 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Егизбаева А.Ж |
|||||||||||||
Сынып: 6 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу |
|||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.2.2.3 |
|||||||||||||
Сабақтың мақсаты (смарт мақсат) |
Барлық
оқушы: Қарапайым
бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді
есептеу; |
|||||||||||||
Бағалау критерийі |
-Бір
айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді
шешеді |
|||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсат: теңдеулердің қасиеттерін айта алады; - сызықты теңдеулердің коэффициенттерін нұсқай отырып, сызықты теңдеулерді сипаттайды; - теңдеулердің қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді; - мәтін есептің берілгеніне сәйкес математикалық моделін құрастыру алгоритмін сипаттайды. Терминология: теңдеу; - теңдеудің түбірі; - теңдеудің сол жағы; - теңдеудің оң жағы; - санды теңдік; - тура санды теңдік; - тепе-тең түрлендіру; - сызықты теңдеу; - сызықты теңдеудің коэффициенттері; Диалогқа қажетті сөз тіркестері: теңдеу деп – құрамында мәнін табу қажет болатын айнымалысы бар теңдікті айтамыз. - теңдеудің түбірі деп ...; - теңдеуді шешу дегеніміз - ...; - сызықты теңдеу деп ...; - егер теңдеудің екі жағына бірдей санды қоссақ, онда ...; - егер теңдеудің екі жағын нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, онда ...; - «х ... болсын»; - ... екенін біле отырып, теңдеуді құрамыз және шығарамыз; - ... белгілі болса, онда ... теңдеуін құрамыз; - теңдеуді шешіп, есептің жауабы болып табылатын айнымалының мәнін табамыз.
|
|||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы негізінде жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылықтарын дарыту арқылы,еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық ,өмір бойы білім алу. |
|||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
География,тарих,әдебиет |
|||||||||||||
Алдыңғы білім
|
Теңдеулерді шешу |
|||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу Оқушылар парақшалар арқылы топқа бөлінеді.Және қолдарына алған топ аттары бойынша өз топтарына отырады. І топ-түбір ІІ топ- мәндес ІІІ топ- сызықтық IV топ- теңдеу Оқу мақсатына байланысты топқа бөлінді.Оқушыларға бағалау парағы таратылады.Бағалау парағы 2-1-0 әдісі арқылы бағаланып отырады.Егер оқушы берілген тапсырмаларды толық орындаса 2-балл,жартылай орындаса 1-балл,мүлдем орындай алмаса 0-балл көрсетіліп тұрған жерге + белгісін қояды. Психологиялық ахуал: «Жылдам фото» әдісі арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру.Бұл жерде Нұр-сұлтан қаласындағы белгілі 7 ғимараттардың суреттері беріледі.Оқушылар осы көрген суреттерін рет ретімен жазып шығады.
1.АҚОРДА Үй тапсырмасын тексеру.( Ж) Үй тапсырмасын «Өзіңді тексер»әдісі бойынша.Үй жұмысына берілген №793 есепті тексеру.Шығарылған есептерге көңіл бөлу, жіберілген қателер болса талдау, түсіндіруді жүргізу Мақсаты: Жауапкершілікке, байқампаздыққа тәрбиелеу. №793 4х+15-10х=5-11х 4х-10х+11х=5-15 5х=-10 х=-2 19-6х-16=2х-37 -6х-2х=-37+16-19 -8х=-40 х=5 8х+21-6х=4х+3 8х-6х-4х=3-21 -2х=-18 х=9 23-12х-32=1-17х -12х+17х=1+32-23 5х=10 х=2 |
6-сынып Математика оқулығы
+,-
|
||||||||||||
Сабақтың ортасы |
1-Тапсырма:
Мақсаты: Білім деңгейін анықтау 1.2х+5=17-х 11. 4х-2(2-3х)=6 12. 5х-6=12+2х 13. 5х=30 14. 4х=24 15. 13х+2=10х+8 16. 25-2х=49-4х 17. 3х=8-х 18.6х-4=2 19.14-2(4-2х)=12 20.5х-5=15 ҚБ:МАДАҚТАУ
СӨЗДЕРІ
2-тапсырма №794 ҚБ:өзара бағалау ЖАУАБЫ: СЕРГІТУ
СӘТІ: Екі парақтың біреуіне тапсырмалар (сұрақтар) жазылады. Екіншісіне жауаптары жазылып тақтаға ілінеді, тек ерекшелігі тапсырма жазылған парақ пен жауап жазылған парақты беттестіргенде бір- біріне сәйкес келуі керек. Ал тапсырма парағын бөліктерге бөліп қиямыз да үстел үстіне сөз жазылған жағын қаратып араластырып қоямыз. Топ басшы таңдаған тапсырмаға топ мүшелері бірлесіп жауап береді, ал тапсырма жауабына қаратылып жапсырылады, соңында келесі беттегі сөз толық көрінеді.
1.Жігітке жеті өнерде аз 2.Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз 3.Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады 4. Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз
3-тапсырма «СИҚЫРЛЫ КОНВЕРТ» әдісі. Конверттің ішінді мәтінді есептер бар.Осы тапсырмаларды оқушылар топпен орындайды.Және оқушылар топпен қорғайды.
1.Әсел
әрқайсысы x теңге
тұратын 6 дәптер, ал Карина 8 теңге
арзан тұратын 4 дәптер сатып
алды. Егер екі қыз барлығына 168 теңге
төлесе, дәптерлердің бағасы қанша? ҚБ:Бағдаршам Дескриптор:Мәтінге теңдеу құрады Теңдеудің түбірін табады. Жауабы:
1)Әсел
20 теңгелік, Карина 12 теңгелік дәптер
алған. |
ТАМАША
|
||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия: «Білім ағашы» Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін немесе қай тапсырманы орындауда қиындықтар туындағанын және тақырыптың қай бөлімдерін қайталап оқу керек екндігін жазады.Ол үшін балаларға алма көрінісіндегі стикерлер таратылады.Оқушылар алма ағашыннан өз жемістерін көретін болады.
Ү № 785 есепті шығару |
|
||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
|
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||
1.«Жылдам фото» әдісі 2. «Өзіңді тексер» әдісі 3. «Білім ағашы» ойыны 4. «Досыңа көмектес» әдісі 5. «Сиқырлы конверт» әдісі 6. «Орнымды тап» әдісі 7. «Біз бірлесіп,табысқа жетеміз» әдісі |
арқылы, бағалау парағын тарату, «Бағдаршам» арқылы бағалау рефлексиясы «Білім ағашы» |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||
|
||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген